Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
mikrobiologia_2017_1.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
352 Кб
Скачать
☆

20.Бактериялардың тинкториалды қасиеттері.

Тинкториальды қасиеті – бояуларды сіңіру және ұстап тұру қабілеті, ол бактерия клеткасының құрылым ерекшеліктеріне және химиялық құрамына байланысты. Күрделі бояу әдістері осы көрсеткіштер бойынша бактерияларды салыстыруға мүмкіндік береді және диагностикалық маңызы бар. Жағындыны Грамм бойынша бояу Грамм бойынша бояу дегеніміз — бактериялардың бар не жоғын, оларды граммы оң немесе теріс екенін анықтау үлін қолданылатын негізгі әдістердің бірі. Бактерия қабырғасының биохимиялық қасиетіне негізделген. Бекітілген жағындыға сүзгі қағаз арқылы генциан фиолеттің карбол – спирттік ертіндісін тамызамыз. 1-2 мин кейін оны алып тастап, бояуды төгеміз. 1-2 мин-қа Люголь ерітіндісін тамызамыз; Этиль спиртімен 30-60 с бояудың күлгін түсі кеткенге дейін түссіздендіреміз. Сумен шаямыз 1-2 мин фуксиннің сулы ертіндісімен бояп,сумен шаямыз, кептіріп, микроскоптаймыз. Грам оң бактериялар қою-күлгін түске, грам теріс бактериялар – қызыл түске боялады. Бұл әдістің негізінде таңдамалы түссіздендіру жатыр – генциан фиолеттің йодпен кешенін спирт әсерінен жою. Грам әдісі бойынша бояу нәтижесінде бактерияның клетка қабырғасының химиялық құрамы мен құрылыс ерекшеліктері анықталады және бояу процесі нәтижесінде түзілген генциан фиолеттің йодпен кешенін ұстап қалу қабілетіне байланысты. Грамм әдісімен бояу көрінісі Фирмикутты бактериялар грам оң боялады, себебі тейхой қышқылымен байланысты көп қабатты пептидогликаны бар. Ол бояудың тығыз бекуіне және спиртпен түссіздендіруге резистентті болады. Грам он бактерияларда — жасуша қабырғасы жуан, пептидогликаны 90%, липополисахаридтер 10%, тейхой қышқылы бар. Грациликутты бактериялар грам теріс боялады. Грам теріс бактерияларда пептидогликаны жінішке 10%, липополисахаридтер 90%, тейхой кышқылы жоқ. Жағындыны қарапайым әдіспен бояу. Қарапайым әдіспен бояуда бекітілген жағындыны қандайда бір бояумен бояу: фуксинмен, метилен көгімен немесе генциан фиолетпен бояу. 2 мин өткенен соң сумен жуу, сорғыш қағазбен сордыру және микроскопиялау.

21.Споралардың бактериальды клеткада орналасуы.

Споралар - жасуша қабырғасының құрылымы грам-оғ бактериялар сияқты, тыныштық жағдайдағы бактериялардың өзгеше формасы.

Споралар бактерияның тiршiлiк етуіне қолайсыз жағдайлар (кұрғату, қоректік заттар жетiспеушiлiгi және т.б.) туған кезде түзiледi. Бактерия жасушасының iшiнде бiр спора (эндоспора) түзiледi. Спораның түзiлуi санырауқұлақтардағыдай кебею тәсілі емес, бұл - түрдiң сақталуына ғана кемектеседi. Спора тузушi Bacillus туыстастънынын бактерияларында спора диаметрi жасуша мелшерiнен аспайды, оларды бациллалар деп атайды. Спора көлемi жасуша мөлшерiнен үлкен болып келетiн бактериялардың пiшiнi ұршыққа ұқcac болып келедi, оларды клостридиялар деп атайды, мысалы, Clostridium туыстастығына жататын бактериялар. Споралар қышқылға төзiмдi, сондықган Ауеско (Ожешко) немесе Циль-Нильсен әдісімен қызыл түске, ал вегетативтi жасуша көк түске боялады. Бактериялардың спора түзуi, пiшiнi мен жасушада (вегетативтi) орналасуы түрлiк қасиет бола отырып, оларды бiр-бiрiнен ажыратуға мүмкiндiк бередi. Спора пiшiнi овальды, шар тәрізді болуы мүмкін; жасушада орналасуы - териминальды, ЯFНИ таяқшаның бiр шетiнде (сiреспе қоздырғышында), субтерминальды - таяқша шетiне жақын (ботулизм, газды гангрена қоздырғыштарында) және ортасында болады (күйдiргi бацилласында). Спора тузу процесi (споруляция) біркатар кезеңдерде етедi. Бiрiншi кезеңде про спора, содан кейiн нағыз спора болады. Кейбiр бактерияларда қосымша қабат - экзоспориум болады. соның: арқасында өткiзгiштiк мүмкiндiгi төмен, көп қабатты қабық түзiледi. Спораның термотөзімділігі кальций дипиколинатының болуымен байланыстырылады. Спора көпқабаттылығына, кальций дипиколинатына, судың аз мөлшерде болуына, зат алмасу процесiнiң баяу өтуіне байланысты ұзақ сақталына алады. Мысалы, күйдiргi мен сiреспе қоздырғыштары топырақта ондаған жылдарқа дейiн сақталына алады. Қолайлы жағдай туған кезде споралар ретімен үш кезеңнен өтiп, өсе бастайды: белсендiлену, инициациялану, өсiп шығу, Бұл кезде бiр спорадан бiр бактерия өсiп шығады. Белсендiлену кезiнде өсiп шығуға дайындық өтедi. 60-800С температурада спора өсiп шығуға белсенденедi. өсiп шығудың инициациясы бiрнеше минутка созылады. өсiп шығу кезеңi қабықшасын бұзып, өсiндiнiң тез өсiп шығуымен сипатталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]