Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
II_blok.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
106 Кб
Скачать
☆
  1. М.Иманжановтың балалар әдебиетінде алатын орны.

Иманжанов Мұқан 1916 жылы Қарағанды облысының қазіргі Ұлытау ауданында туған. Ауыл мектебінде, Қарсақпайдағы Фзо мектебінде және Алматыдағы Есеп-санақ техникумында оқыған. Жоғарғы білімді Қазақтың Еңбек Қызыл Ту Орденді С.М. Киров атындағы Мемлекеттік университетінде алды. 1938 жылдан бастап Иманжанов журналистік қызметпен шұғылданады. Ол республика баспалары редакцияларында, Қазақ радио комитетін.де жауапты қызмет атқара жүріп, әдебиетіміздің проза және драмматургия салаларында аса жемісті еңбек етті.

Мұқан Иманжанов қазақтың үздік публицистерінің бірінен саналады. Ұлы Отан соғысы кезіндегі совет адамдарының күнделікті еңбегі мен ерліктері туралы оның мақалалары өткірлігі, мақсаттылығы, айқындылығы және тілінің қарапайым, көркемдігімен көзге түседі. Өзінің айнасында не болып жатқанына көзін жұма қарайтын парықсыз, тоғышар балалар емес, өмірге шөліркей аңсап қарайтын, өмір қозғаласына сай қимыл жасайтын оптимист балалар болып суреттеледі. Басты кейіпкерлердің бәрінде совет балаларының еркіндік дүниесіндегі еркін өмір бар. Олар өздерін үлкенм өмірдің кішкентай кірпішіндей сезінеді. « Жас шебер » деген очерктегі 7- класты жаңа бітіріп, тігінші даярлайтын қолөнер училищесіне түскен Фарузаның коллектив арасына келгенде, өзін мүлде басқаша сезінгені суреттелген.

Фаруза сияқтылар – сана, жңа ой, жаңа мақсат иелері. Бұлар – коммунизм құрылысының жаңа қайраткерлері, жалынды жастық өмірдің мұрагерлері. Жас өспірімдер де жасқануды білмейтін қандай күш, қандай жігер болса, Мұқан соны табиғи қалпында көз алдына келтіреді. Мұқан әңгімелеріндегі кішкентай кейіпкерлердің іс-әрекеті.

1948 жылы оның « Жастық » деген әңгімелерінің бірінші жинғы жарыққа шықты , жасөспірімдер театрында « Жас өспірім» деген пьесасы қойылды. 1950 жылы « Алғашқы ойлар» повесін жазды.

1955 жылы тың игеріп жатқан аудандарға барып, әдебиетімізде ең алғаш тың жайында

« Тыңдағылар» деген атпен әңгімелер жинағын жазып шығарды.

1958 жылы Москвада өткізілген онкүндікте М. Иманжановтың әңгімелер жинағы орыс тілінде шығарылды. Мұнда « Кондуктор», « Таныс қыз», « Кішкентай көрші»,

« Есеновтың тағдыры» т.б. бар.Балаларға арналған шығармаларын М. Иманжанов пионер журналында істеп жүрген жылдарында жазған.Мұқанның « Талап», « Ораз бен Боря», « Жол үстінде» т.б. әңгімелері , 1952 жылы шыққан « Таныс қыз» атты жинаққұа енгізілген .Мұқанның кейіпкерлер күресе де еңбектене де біледі « Адам туралы аңыз» әңгімесіндегі Петя мен оның қарт әкесінің және « Жыртық дәптер» әңгімесіндегі фашистер қоолынан қаза тапқан қазақ жігітінің ерлік істерін келтірсек те жетерлік.М. Иманжановтың « Алғшқы ойлар» повесі – үлкен дайындық, мол ізденіс, зерделі зерттеудің жемісі, повесте мектеп жұмысын өндірістік оқумен байланыстыра жүргізу мәселесін көтереді де, соны ең бірінші болып әдебиетін аренаға шығарады. Бұл балалар әдебиетіндегі жазушының жаңашылдығы.Балаларға арналған шығармаларын Мұқан Иманжанов пионер журналында істеп жүрген жылдарында жазған. Мұқанның «Талап» (1951), «Кебек» (1951), «Ораз бен Боря» (1948), «Жол үстінде», «Жас шебер» (1950), «Кішкентай көрші (1951) деген әнгімелері 1952 жылы шыққан «Таныс қыз» деген жинағына енгізілген. «Қорқақ» (1954), «Бес» (1954), «Сапардың тәжірибесі» деген әңгімелері 1956 жылы шықкан «Тындағылар» жинағьша енгізілді. Мұканның Отан соғысы тақырыбына жазған «Адам туралы аңыз» (1947), «Жыртық дәптер» (1945), «Шал» (1942), «Ақша» (1942), «Бала қаны» (1942), «Даладағы от» (1942) деген әңгімелері 1948 жылы шыққан «Жастық» деген жинағына енген. Бұдан соң «Алғашқы айлар» повесін ұсынды. Бұл Москвада орыс тілінде басылды.Мұқан Иманжанов балаларға арнап жазған алғашқы шығармаларын Ұлы Отан соғысы тақырыбынан бастады. Оның «Шал», «Ақша», «Бала қаны», «Даладағы от», «Адам туралы аңыз», «Жыртық дәптер» деген әңгімелері 1942—1945 жылдары жазылған.«Адам туралы аныз», «Жыртық дәптер», «Даладағы от», «Бала қаны» деген әңгімелерде Мұқан Отан соғысы жылдарындағы ата-ана мен бала басына түскен әр алуан қиын кезеңдерді адамның ішкі дүниесіне әсер етерліктей суреттейді.Мұқан «Жыртық дәптер» әңгімесін өте қызык бастаған: «...Ана бізбен солғын ғана амандасты. Сұрағымызға келте жауап кайырып, шешіле сөйлей қоймады. Көкірек керіп, ауыр күрсіяді де: — Мен бір шерлі жанмын, шырақтарым. Әңгіме сұрап не қыласыңдар,— деді мұнды пішінмен.Ол нендей кайғы, анажан.— Жоқ-жоқ, шырақтарым, сұрамаңдар оны. Баласы көрген ауыр азапты айтдеп анасына қолқа салмас болар. Айта алмайды сұмдықты ана».Адамның жан жүйесін күйзелтерлік ананың осы бір сөздерінің ар жағында терең сыр бар. Оқушы соны білуге ынталанып, соны қашан естігенше дегбірі кетіп отырады. Мұқан — әңгіме желісін жақсы құра білетін жазушы.Бұл әңгімелердегі басты кейіпкерлер — салқын қанды, өз жұмысына берілген және Отан тағдыры үшін қасық қаны қалғанша арпалыса беретін өжет жандар. Мұқанның кейіпкерлері күресе де, еңбектене де біледі, сонымен қатар қайғысы да, қасіреті де бар. Олар сондықтан да сүйкімді, аяулы. «Адам туралы аңыз» әңгімесіндегі Петя мен оның қарт әкесінің және «Жыртық дәптер» әңгімесіндегі неміс фашистері қолынан каза тапқан қазақ жігітінің ерлік істерін келтірсек те жетерлік.Тіпті жау қолынан қаза тапқанның өзінде де: «Олар менен өлердей қорқады, қорыққандықтан да мені өлтіреді. Ал жігітке бұдан артық не керек... Жау зәресін аларлық қырғи болып тисе, өлсе де жастығын ала жатса, ел-жұртының намысын ақтық минутыіна дейін адал сақтаса, одан артық не керек ер жігітке. Ендеше женгенің емес пе?!»-—деп ерлік ісін, Отанын сүйе білетін адал сезімін медеу етеді. Мұқанның бұл кейіпкерлері кейде қаталасып қапаланып та жүреді, бірақ олар өздерінің көздеген айқым мақсаттарын ешқашан да жадынан шығармайды. Ертеңгі жарқын болашақтық коммунизм құрылысының нұр шұғыласына бөленуді ақсап, алға ылғи і\а алға қарай үмтылады. Олардың әрқашан жеңіске жеңіп отыратыны алдарында осындай айқын мақсат барлығын жақсы түсінетіндеріне байланысты. Мұқан Иманжанов «...өз шығармалары арқылы бізге мәңгілік өмір сүру идеясын қалдырды».Мұқан әңгімелерінде автордың сөзімен айтқанда... салынып жатқан зәулім үйлер де, күні-түні тынымсыз жүмыс істеген алып заводтар да, ұзақ танды ұйқысыз өткізіп, сарғая отырудан туған ғылым жаңалықтары да, ұзақ жылдар күткен роман, поэмалар да — бәрі де бүгінгі бөбектің ертеңгі түлектік қамы дейтіндей, солар үшін істелген, істеліп жатқан игіліктер сөз болады, жабығу, қамығу яки жатырқау дегендерді білмейтін, жүрегін тек қуаныш кана жайлаған бөбектердің өмірі суреттеледі. Бұған 1948 жылдан 1952 жылға дейін жазылған «Коммунизм мүйісі», «Кондуктор», «Талап», «Бөбек», «Кішкентай көрші», «Ораз бен Боря», «Жол үстінде», «Жас шебер» деген әңғімелері дәлел.Мұқан бұл әңгімелерінде балалардың ішкі дүниесіне кіріп, олардың бойындағы ерекшеліктер мен ойындағы мақсат-міндеттерді толық игеріп, кейіпкерлерімен еркін пікір алысып отырады. Бір-біріне ойындағыларын ашық айтуға тырысады. Мұқанның «Жол үстінде» әңгімесінде кішкентай Сағиттың балалық шағы мен коллектив қуанышының дәмін қаршадайынан татқан жас ұланның тәтті қылығы суреттеледі. Сезімтал, ойлы, аңғарғыш баланың бейнесі көз алдыңда тұрады. Автор Сағиттың ақ пейілді мінезі мен зор талабына, болашағына сүнсінеді: «Мен оған күлімсірей қараймын. Ал ол өзінің келешегіне күлімсірей қарайды. Мен одан бүгінгі өміріміздін ертеңін көремін, ал ол болашақ өмірдің келешегіне кез тігеді».

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]