Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
II_blok.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
106 Кб
Скачать
☆
  1. Ө.Тұрманжанов, м.Әлімбаев, ә.Дүйсенбиевтің балаларға арнап жазған өлеңдері, танымдық, тәрбиелік сипаты, көркемдік ерекшеліктері.

Ө.Тұрманжанов.Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданына қарасты жерде, Бөген өзенінің бойында 1905 жылы өмірге келді. Ө.Тұрманжанов балалар тақырыбына 1929 жылдан бастап шындап жаза бастаған. Балаларға арналған алғашқы кітапшасы – «Қарлығаш». 1930 жылы басылып шықты. Кейін «Құрыш құс», «Карл» кітаптары шықты. Ө.Тұрманжанов балалар әдебиетімен үздіксіз шұғылданды. Алғашқыда көптеген өлең, поэма, проза жазған ол бертін келе бойдағы бар дарын қуатын, алтын уақытын осы салаға біржола бағыштады. Ө.Тұрманжанов балалар әдебиетінің кезеңдік проблемалары, жеке таланттары жайлы мақала да жазып отырды. Ақын өлеңдерінің тақырыптары сан тарапты. Ө.Тұрманжановтың бүлдіршіндерге арнаған өлең-жырларынан сәбиге тән бала тілін, оқушыға тән асқақ сезімді, романтизмді, лиризмді оңай аңғарамыз. «Ән салайық» айналып өлеңінде Балалар-ау, балалар!Бойларыңа қарап ал.Беттеріңді жуып ал, Белдеріңді буып ал.Бастарыңды құрап ал,Тізбектеліп тұра қал.Жұрт тыңдасын тамсанып,Би билейік, ән салып- деп балаларды көңіл көтеруге шақырады. Ө.Тұрманжановтың дидактикалық өлеңдері құрғақ ақыл айтумен шектелмейді. Ойын суретке жалғайды. Кейде белгілі бір оқиға, көріністі суреттей бастап, ойын ақылмен түйеді. Осының бәрі табиғи өріліп, өзара әдемі жымдасып жатыр. Ақынның ақыл айтқан қай өлеңі болсын, қимыл-қозғалысқа, бояуға толы динамикалы өлең болып келеді. Ө.Тұрманжанов шығармашылығындағы және бір ерекшелік - өлеңді бала мінезіне құратындығы. Ақынның «Шыбық тимес шыңқ етер» аталатын өлеңі: Шыбын қонса басына,«Ойбай, мені шақты» деп,Бала отырса қасына,«Құлағымды тартты» деп Бәле салып қыңқ етер, - деп келеді. Бұл өлең халық айтқан аталы сөзді негізге алған. Өлең бір жағынан, халықтық ұғымды тірілту болса, екінші жағынан, қиқар баланы сынау, мінеу болып табылады. Ақын мазақтамалары да көбіне тәрбиелік сипатпен ұштасып жатады. «Мынау кір-кір қай бала?» өлеңінде Тұрған деген баланың кір-қожалақ қалпын суреттей келе Айна ал да, қара айнаға!Айналып қара айнала!Дерсің сонда өзіңе:«Мынау кір-кір қай бала?» деп өзіне-өзін сынатады, өз үкімін өзіне айтқызады. Баланы шындыққа жүгіндіре сөйлеу – тәрбиешіл ақын мәнері. Демек ақын бала мінезін қызықтай отырып, бала сөзін өлеңге айналдыра отырып, баланың ұнамсыз мінезін әшкерелей отырып өлеңнің тәрбиелік мәніне ерекше назар аударады. Ө.Тұрманжановтың «Қарабай-ау, Қарабай», «Мынау кір-кір қай бала?», «Ол беске, мен үшке оқимын», «Құйын», «Шекесі қанап жүреді» секілді өлеңдері бала тіліне, бала мінезіне, іс-әрекетіне құрылған. Бұл өлеңдерінде ақын бірде бұзық баланың өзін сөйлетсе, бірде өз атынан баланы сипаттай отырып, бүлдіршіндер бойындағы ұнамсыз қылықты әшкерелейді.

М.Әлімбаев. 1923 жылы Павлодар облысының Шарбақты ауданындағы Маралды аулында туған.Қырық жыл бойы балалар басылымдарында қызметте болу – Мұзафар ақынды балаларға арнап шығарма жазуға итермеледі. «Балдырған» журналын 28 жылдан астам уақыт басқарған.Ақынның балаларға арнап жазған кітаптары «Менің ойыншықтарым», «Жұмбақтар», «Биікке - биікке», «Шынықсаң шымыр боларсың», «Орақ – олақ», «Балдәурен, шіркін, балалық», «Ақсерек те көксерек», «Аспандағы әпке» деп аталады.Шығармашылықтың тағы бір қайнар көзі – халық арасындағы аңыз-әңгімелер, әзіл-оспақтар, ертегі, хикаялар. Ақынның бірсыпыра шығармалары халықтық ертегі, аңыздардан алынған. Мысалы, «Мейман», «Жақсыбай батыр мен Елпекбай», «Аштың аңы жүрмейді», «Сараң», «Көк сиырды көтерген келіншек», «Бүркіт пен жапалақ» сияқты туындыларын атауға болады. Халық творчествосына еліктеп шығарған аңыздарының қатарына «Шөже мен Алшынбай», «Еріншектер елінің Ертеңбайы», «Қос керуен», «Күлдіргілер», «Кім ұтылды, кім ұтты» т.б. Автордың көптеген өлеңдері әдетте, 4-8 жолдан әрі аспайды. Оның есесіне өлеңдегі ой-идея салмақты, туындының бітімі айшықты. «Бал араның жыры» өлеңінде былай дейді:Баратыным – қыр,Қонатыным – гүл.Теретінім – нәр,Беретінім – бал.Мұзафардың поэзиясында жағымды юмор, әзіл-қалжың бар. «Піл мен құмырсқа» өлеңі - сондай өлеңдерінің бірі. «Өтірікшілердің айтысынан», «Қайда кеткен қарындаш», «Бас пен қол», «Ұмытшақ», «Әдет қой» сияқты өлеңдері қалжыңға суарылған.М.Әлімбаевтың өлең-жырлары халық өлеңдеріндей, мақал-мәтелдеріндей нығыз, ықшам, қысқа болып келеді. Мәселен, «Орманда» деп аталатын өлеңінің көлемі бас аяғы екі-ақ жол:Отын жардық жұмылып,Орман кетті жылынып.«Еңбек еткен адам тоңбайды, рахатқа батады, ешкімге емінбейді» деген идеяны еркін жеткізген.

Ә.Дүйсенбиев 1931 жылы 25 қазанда Алматы облысы Жамбыл ауданының Қарақыстақ ауылында дүниеге келген. Ә.Дүйсенбиевтің балалар өмірін арқау еткен өлеңдері баспасөзде 50-жылдардан бастап жарияланды. Тұңғыш кітабы «Парадта» 1955 жылы жары көрді. Кейін балаларды адамгершілікке, гуамнизмге тәрбиелейтн, Отан, ана, қоғам, бейбітшілік, достық, ізгілікті суреттетін «Сыйлық»(1956), «Не деу керек?»(1957), «Бәтеңке, шұжық,балқаймақ»(1959), «Ана жүрегі»(1961), «Гүлзар»(1962), «Ауыл әендері»(1965), «Аққулы айдын»(таңдамалы,1976), «Жаңбырлы жаз»(1982) т.б. өлеңдері мен поэмалары, «Ақ қозы»(1972, 1987) ертегі-повесі басылды. Шығармалары бірнеше тілдерге аударылды. Көптеген өлеңдеріне ән шығарылды. Ә.Дүйсенбиев - «Не деу керек?»,«Елка жыры», «Ақ мамам» т.б. балалар сүйіп оқитын өлеңдердің авторы. Ә.Дүйсенбиевтің «Шірік алма», «Автобуста», «Күшті болсам мен егер», «Не деу керек?», «Жалқау», «Білгіш», «Бәтеңке, Шұжық, Балқаймақ», «Менікі де, сенікі де, оныкі де - біздікі» туындылары да - бүгінгі талапқа толық жауап беретін дүниелер.Апаң сенің базардан,Алма сатып әкелді.Ең үлкенін, жақсысын,Саған таңдап әперді.Не деп барып жеу керек?-деп басталатын «Не деу керек?» өлеңі бүгін де, ертең де, арғы күні де сәбилерге әдеп әліппесін үйрете береді.Ақын өлеңдері балалар бойында гуманистік сезімді оятуға,оларды ізгі мінезге тәрбиелеуде пайдалы қызмет атқарып келеді.Ә.Дүйсенбиев өлеңдері жанрлық жағынан бай. Ертегі-поэма, санамақ, тақпақ т.б молынан ұшырасады.Ә,Дүйсенбиев әр өлеңінде баламен сырласудң қарапайым жолын тауып сөйлейді. Оның өлеңдерінің өміршең болатын себебі де осыдан. Ә.Дүйсенбиевтің туындыларынан жалаң үгіт, насихат байқалмайды. Ақын өз өлеңдеріне тәрбиелік сипат беріп, айтар ойын астарлап, ишаралап жеткізеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]