Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Практика доделанный.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
105 Кб
Скачать
☆

9.1.Ұйым жұмысын анықтау арқылы оның басқару тиімділігін арттыру.

Кез келген қызметте адам бағалауға ұмтылатын, анықталған нәтижені бөліп қарауға болады. Өндірістің дамуға ұмтылуы “аз беріп, көп алуға, немесе кем дегенде сонша алуға” деген қағидасы менеджменттің жеке және байсалды құрамы ретінде пайда болуына себепші болды. Бізге “эффект және эффективность” деген түсініктер-дің айырмашылығын түсінуіміз керек. Эффект (әсер) – бұл қандай да бір іс әрекет немесе қызмет нәтижесінің абсолюттік көрсеткіші. Оның бар болуы да жоққа шығуы да мүмкін. Тиімділік (эффективность) – бұл нәтижеліктің салыстырмалы көрсеткіші және ол тек қана бар болады. Экономикалық тиімділіктің есебін, нәтиженің ақшалай көрсеткіші мен экономикалық эффектінің шығынын салыстыру арқылы шығару ұсынылады. Қазіргі уақытта түрлі терминдер пайдалануында нәтижесімен анықталып, орныққан мақсатының қатынасы өзінше сипатталады былай нәтижелік мақсатқа лайықты үнемділік, өндірушілік әрекеттілік т.б. Тиімділік – процесстер сипаттамасы мен таза басқару сипаттамасының іс әрекеті болып табылады, ол алға қойған мақсатқа жету дәрежесінің көрсеткіші де. Сондықтан тиімділік мақсатқа жету бағытындағы іс әрекетке ие. Менеджмент тиімділігінің астарында оның сапасы түсіндіріледі, бірлестікке алға қойған мақсатына жетуді қамтамасыз етеді. Менедж-менттің сандық тиімділігін нәтижесінің аса қажет шығындарға деген қатынасы анықтайды. Ішкі және сыртқы тиімділікті ажыратады.

Ішкі тиімділік – бұл үнемділік яғни ең дұрыс және пайдалы түрде қолдағы бар ресурстарды тарату және пайдалану амалы. Сыртқы тиімділік менеджменттің нәтижелілігі; мақсатқа жету көрсеткішін сипаттайды.

Тиімділіктің ортақ түсінігі менеджмент ұтымдылығының көрсеткіші болып табылады. Менеджмент тиімділігінің белгісі.

Менеджмент тиімділігінің белгісі – бұл нәтижелік пен үнемділігін сипаттайтын оның сандық көрсеткіші.Тиімділіктің белгісі ретінде мынадай көрсеткіштер таңдалуы тиіс және ол мынадай мүмкіндік беруі керек:

  • Күткен нәтижені болжай білу; бірлестіктің мақсатына жетуі;

  • Мақсатқа жетудің дұрыс дәрежесін бағалай білу;

  • Мақсатқа жетудің түрлі амалдарын өзара салыстыру. Бұл үшін тиімділік белгісі бірлестіктің шешетін істерінің маңызын ашуы керек, басты шешуші байланыстырады және менеджментті жақсарту жолдарын анықтау керек.

Менеджмент тиімділігі белгісінің мысалдары ретінде кіріс, табыс, ұстанымдар рентабельдік, өтімділік, тұрақтылық, өсу болуы мүмкін. Менеджмент тиімділігінің белгісі мынадай талаптарға жауап беруі тиіс:

1. Компанияның алға қойған мақсатына сәйкес болуы тиіс. Егер коммерциялық бірлестік мақсаты пайда табу болса, онда оның жетістігінің көрсеткіші есебінде пайданы алу керек, ол егер коммерциялық емес бірлестіктің мақсаты қандай да бір әлеуметтік мәселені шешу болса (мысалы, жұмыссыздық дәрежесін төмендету болса) онда жетістік көрсеткіші болып сол мәселенің шешуінің себебі болуы тиіс. (бұл белгілі бір күнделігі жұмыссыздар саны болуы мүмкін).

2. Компания өзінің мәселелерін шешетін, ішкі және сыртқы жағдайларымен байла-ныста болу. Егер компания дағдарыс жағдайында болса, тиімділік белгісі есебінде тұрақтылық өтімділік, белгілері пайдалану орынды. Ал егерде компания гүлдене өссе, бірінші кезекке рентабельділік және табыскерлік т.с.с көрсеткіштер шығады.

3. Пайдалануға жарамды болу яғни қарапайым түсінікті және сандық формада айқындаған болу “жоғарғы сапа”, “үлкен сұраныс” сияқты сапалы сипаттамаларды тиімділіктің толыққанды белгісіне жатқызуға болмайды.

4. Алу үшін лайықты, қол жетерліктей болу. Статистикалық маңызға ие, кейбір нәтижеліктің белгілері (мысалы қандай да бір мақсатқа жетудің сенімділігі), теория жүзінде мінсіз, бірақ ол ұзақ әрі қымбатқа түсетін тәжәрибелерді және қиын есеп қисапты талап ететіедіктен іс жүзінде пайдасы аз.

Нәтижеліктің белгісін таңдаудағы басты принціпті 1945 жылы академик А.Н.Колмогоров бастап ашып берді, ол іс әркет нәтижесінде банк жете алатын мақсатпен қабылданған жетістік көрсеткішінің арасындағы қатаң сәйкестіктің орнатылуында. Бұл мәнде жетістік көрсеткішін (тиімділіктің белгісі) мақсатты қызмет дейді.

Қорытынды

Жамбыл ауданы бойынша мемлкеттік кірістер басқармасы ел экономикасы үшін үлкен септігін тигізіп жатқан ұйым.

Басқарма өз алдына жеке мақсаты бар, міндеті бар бір орталыққа бағынатын ұйым болып табылады. Ұйым орталық басқармасына бағына отырып қызмет көрсетеді. Бұл кәсіпорында менеджмент талаптарына, Қазақстан Республикасының барлық заңнамаларына сәйкес, сай орындалуын байқадым.

Жалпы, бүгінде басқармада тұрақты – 25 адам жұмыс істейді. Әрбір қызметкерлер өз істерінің мамандары. Жыл сайын экономикалық талаптардың өсуіне байланысты мамандардыңда жалақы көлемі нарық бағасы бойынша анықталады.

Теориялық негіздегі білімімді тәжірибе жүзінде сынай келіп мен өз ісімнің білікті маманы болу үшін келесі ережелерді қатаң сақтау керек екендігін түсіндім:

  • Қоғам белгілеген этикалық және эстетикалық тәртіптерге толығымен бағыну;

  • Жұмыс орнында еңбек келісімшартында, жарғыларда, бұйрықтарда белгіленген ережелерді қатаң сақтау;

  • Өзіңе белгіленген құқықтар мен міндеттерді толығымен білу және оларға бағыну;

  • Берілген жұмыстарды уақтылы әрі ұқыптылықпен орындау және оның қорытындыларына жауап беру;

  • Белгілеген қызмет бабының толық зерттеу, жаңартуларын игеру.

Бұл өндірістік практикада кәсіпорынның құрамы,құрылымымен таныса отырып,қаржылық жағдайын талдау жолдарын қарастырдым.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау нәтижелері бойынша кәсіпорында қалыптасқан жағымды және жағымсыз құбылыстар туралы, кәсіпорын қызметінің мықты және әлсіз жақтары туралы, сонымен қатар олардың туындауына себеп болған факторлар жөнінде қорытынды жасай алдым.

Қорытындылай келсек өндірістік тәжірибе ойдағыдай өтті. Тәжірибе барысында өзімді білікті маман ретінде сезіндім және өзіме жүктелген жауапкершілік пен оқу орнының сенімін толық сезіндім. Болашақта өз ісімнің білікті маманы болатыныма сенімдімін.