- •1.1.1. Өндірістік тәжірибеден өту мақсатын анықтау және жоспар құру. Ұйымның құрылымымен танысу. Жұмыс орнында еңбекті қорғау және қауіп-сіздік техникасы бойынша нұсқау.
- •1.1.2. Кәсіпорынның негізгі басшылығымен және мамандарымен, еңбек жағдайы мен жұмыс тәртібінің жоспарымен танысу.
- •1.1.3. Ұйым құрылымымен танысу
- •1.3.1. Ұйымның мақсаты, тапсырмалары, міндеті және философиясы. Ұйымның даму стратегиясы, ұйымның даму жөніндегі жылдық жоспары, өтпелі бөлім кезең жоспары, жұмысшылардың күнтізбелік жоспары
- •1.3.2. Қызметкер. Ұйымның штаттық кестесімен, жеке құрамның есебін ұйымдастырумен танысу. Олардың жұмыстарының сапалы көрсеткіштерін анықтау
- •1.3.3. Өндірістегі төлем ақы беру жүйесі. Еңбекақыны төлеудің түрлерімен және формаларымен танысу
- •2.1.1. Нормативтік құжаттармен танысу, кәсіпорынның беделі және оның ішкі құ-рылысының басқармасы
- •2.1.2. Басқару шешімін қабылдау. Қателікке үйреніп, дұрыстай білу және ақпарат жинау.
- •2.1.3 Өкілеттің қарсы ішкі және сыртқы себебі. Өкілеттің негізгі заңы, ұсынысы.Алға қойған мақсаты орындайтын - ынталандыру тобы.
- •2.1.4. Топ мүшесімен қабылдаған шешімді – ортаға алу. Шешімнің міндеттері: уақытты үнемдеу, кедергілерден құтылу.
- •2.1.5.Жұмыс әдебі. Жұмыстағы имидж. Әдеттері мен жұмыс киімі. Кеңсе. Визит картасы.
- •2. Бизнес қатынасы. Техникалық дайындық және презентация жүргізу.
- •2.2.1. Іскерлік қарым қатынас жүйесі. Бірінші ойды іріктеу. Қарым – қатынастың тиімділігін орналастыру. Коммуникативті барьері.
- •2.2.2. Түсінік-сенім орнатудың ең керемет тәсілі, жеке және іскерлік байланыс серіктестер арасында күшті қатынас құру.
- •2.2.4. Презентация құруға дайындық. Ақпарат жинау.
- •2.2.5.Сараптаманы және ақпаратты өндеу, оған қосымша бағалалық беру.
- •2.3.2.Уақытты жоспарлау.Уақыт ұйымның басты ресурсы.. Уақыттың жетіспеу-шілігі: қатемен жұмыс.
- •2.3.3. Нәтиженің жоспарлану уақыты. Мақсаты тұрақтандыру. Жұмысты орын-дау уақытын белгілеу.
- •2.3.4.Құжаттармен жұмыс. Мақсат, минимум құжат. Нақтылық таланттың бір бөлігі. Жұмыстың жүйелілігі, топтық құралдардың жұмысы. Жиналыс және маслихат. Маслихатты ұйымдастыру.
- •3.4.1.Азықтың нарығын анықтау.
- •3.4.2. Нарықты сигменттеу. Сигменттің толықтай сипаттамасын жасау.
- •4.1. Тауарға сызбалар бойынша мінездеме беру. Параметрлік және экономикалық мінездеме. Бағасын көрсететін, формасын және жолдарына байланысты мінездеме.
- •5.1. Ұйым қызметкерлерінің іскерлік қарым-қатынас түрлері, этикалық қағидалары.
- •5.2. Ұйымдағы қызметтің шағын форматсыз топтарының әсер етуін анықтау. Ұйымның әлеуметтік, психологиялық мінезін анықтау
- •5.3. Кадрлік саясат ұғымы. Ашық және жабық кадрлік саясат. Мақсат. Кадрлік қызмет: оның ұйымы, қызметі, ұйымдағы орны
- •6.1. Әлеуметтік қолайлылықтарға бағытталған шешімдерді қабылдау, қаржылық және шаруагерлік нәтижесінің басқарма қайраткері.
- •9.1.Ұйым жұмысын анықтау арқылы оның басқару тиімділігін арттыру.
2.2.4. Презентация құруға дайындық. Ақпарат жинау.
Презентация (ағылш. presentation, лат. praesentatio; сөзбе-сөз - ұсыну) - бір туындыны, ұйым мен мекемені т.б. салтанатты жағдайда жұртшылық алдында ұсыну; ресми таныстыру.
Презентация ұғымы өзінің толық мағынасында өзін көрсету, баяндама, жобаны, есеп беруді қорғау, жұмыс жоспарын, дайын өнім мен қызмет, енгізу нәтижесін бақылауды, сұрауларды және басқа да көптеген дүниені ұсыну. Қорытып айтқаңда, ойды, адамдар мен өнімдерді, шикізат пен қызмет түрлерін ұсыну — бұл әрдайым презентация.
Біз презентация деген кезде оның техникалық жағын, яғни белгілі бір тақырыпка байланысты слайдтардың сатылы жиынтығын түсінеміз. Олар әдетте бір стильде және тиесілі қосақтаса жүретін материалдар — презентация жоспары, баяндамашы ескертулері, тындаушыларға тарататын материал.
Слайд деп көзге көрінетін күрделі объектіні айтамыз. Оның қүрамына тақырыптар, мәтін, кестелер, графикалык кескіндемелер, ұйымдастыру схемалары, дыбыс үзінділері, бейнеклиптер мен гиперсілтемелер кіреді. Әрбір слайд ескерту парағымен бірге келеді. Бұл параққа түсініктеме мәтінді оны жасау кезінде де, демонстрация кезінде де енгізуге болады. Бұл мәтін презентацияның басты, керекті сәттерін жөне оған катысты жағдайларды фиксациялау кезінде колданылады.
Ескерту, парақтарын слайдтардың әр түрлі саны үшін қалыптастыруға болады, және де, осы парақтарға презентациямен бірге жүретін сценарийді енгізуге болады. Презентацияны белгілі тақырыптағы слайд-фильм деп те атайды. Слайд-фильмдерді жасап шығаруға арналған арнайы құралдар — графикалық пакеттер де бар. Осы құралдардың бірі — МS Оffice құрамдасы windows-тың қосымшасы PowerPoint программасы. Презентациялар, компания өз өкілдерінің атынан өз аудиториясына тікелей қайырылса, міндетті түрде тұлғааралық байланыстан тұрады. Презентациялар бір-екі адам үшін де, яғни көзбе-көз өтеді, сондай-ақ, бір топ адам үшін де ұйымдастырылады.
Презентация - ақпаратты аудиторияға жеткізуге және ұйымдастырушыға қажетті белгілі бір әрекеттер жасауға сендіруге бағытталған сөз сөйлеу. Кейде көрнекі құралдармен қоса ұсынылады.Тиімді презентация, әдетте, алдын ала жоспарланады, жақсы ұйымдастырылады және белгілі бір аудиторияға арналады. Шағын презентациялар үшін тақта, көрнекі заттарды көрсетуге арналған қарапайым құралдар немесе материалдарды әшейін үлесті жеткілікті. Үлкен аудиториялар үшін роликтер мен шағын фильмдер көрсету, компьютерлерді және басқа да техника-лық тәсілдерді қолдану талап етіледі. Бүгінгі күні презентациялар—көптеген адамдардың басын қосатын, өте қарапай-ымнан бастап, ауқымдық шараларға дейінгі әр түрлі формада жүзеге асуы мүмкін интеграцияланған маркетингтік коммуникациялардың (ИМК) міндетті құрамдас бөлігі.
2.2.5.Сараптаманы және ақпаратты өндеу, оған қосымша бағалалық беру.
Сараптама — ғылым, техника, өнер салаларында арнайы таным, білім мен білік талап ететін қандай да бір мәселеге зерттеу жүргізу. Сараптаманың ғылыми зерттеу-ден айырмашылығы сол, ол құбылыстарды емес, болып кеткен жағдайды және оның себептерін анықтау мақсатында жүргізіледі. Көбіне экономикалық, бухгалтерлік, медициналық, соттық сараптамалар жүргізіледі.
Ақпараттар жинаудың негізгі төрт әдістері бар. Олар:
Сұрақ алу әдісі;
Бақылау әдісі;
Құжаттарды талдау әдісі;
Тәжірибе жүргізу әдісі.
Енді осы әдістерді жеке-жеке қарастырсақ.
Анкета - зерттеушінің жауапшымен (респондент) анкета арқылы контактыға негізделген эмпирикалық әлеуметтану зерттеуіндегі әлеуметтік өлшеуіштің бірден-бір кеңінен тараған тәсілі.
Анкетаны жасаудың,онымен жұмыс жүргізудің өзіндік ерекше әдістемелік тәсіл-дері мен сипаты бар. Кез-келген анкетаның үш құрамдас бөлігі: кіріспе, мазмұндық (негізгі бөлім) және қорытынды (төлқұжат) бөлімдері болады. Кіріспеде зерттеуді кімнің жүргізетіндігі, оның мақсаты мен міндеті, анкетаны толтыру тәсілі, оны толтырудың жасырын екендігі көрсетіледі. Анкетаны қалай толтыру керектігі жайлы нұсқау кіріспенің соңында беріледі.
Анкетаның негізгі бөлімін толтыруға айрықша назар аударылады, өйткені жүргізілетін зерттеудің табысқа жетуі осыған байланысты.
Анкетаның мазмұны (ұсынылатын сұрақтардың сипаты мен түрі, оларды орналастыру тәртібі, алынатын жауаптар) зерттеліп отырған объект жайлы неғұрлым нақтылы мағлұматтар алуға ұмтылу арқылы айқындалады. Бұл үшін анкетаның мазмұндық бөліміндегі сұрақтар жүйесін әбден саралап барып түзген жөн. Сұрақтар түзу анкета жасаудың ең күрделікезеңі: оның алдында зерттеудің негізгі ұғымдарын эмпириялық тұрғыдан анықтау, әрқайсысына анкета сұрақтарының бір, не бірнешеуі сәйкес келетін эмпириялық индикаторларды іріктеп алу процедурасы өтеді.
Төлқұжат (демографиялық) бөлімде ақпараттың сенімділігін тексеру мақсаты-мен сұралушы жайлы мағлұматтар толтырылады. Бұған респонденттің жынысы, жасы, білімі, тұратын жері, әлеуметтік жайы мен шығу тегі, жұмыс стажы сияқты деректер кіреді.
Анкета жасалған соң тексеріледі, сынақтан өткізіліп, кейбір өзгерістер енгізіледі. Анкетаның сапасын анықтау үшін пилотаждық зерттеу жүргізіледі. Оның барысында анкетаның мазмұны, сұрақтардың қойылуы мен кезектілігі, жауап нұсқалары т.б. тексеріледі.
Сұхбат - әлеуметтану зерттеуінің сауалдау тәсілі, әлеуметтанушының алдын ала әзірлеген жоспары бойынша қайсыбір адаммен немесе адамдар тобымен мақсатты әңгімелесу формасы, оларға қойылған сұрақтарға қайтарылған жауаптар әлеуметтік ақпараттың бастапқы қайнар көзі қызметін атқарады.
Сұхбат социологтың сұралушымен тікелей байланысына негізделіп, белгілі бір тақырып бойынша әңгіме өткізу арқылы социологиялық ақпараттар жинаудың барынша қолайлы әдісі.
2.2.6.Презентация дизайны. Техниканы пайдалану. Әртүрлі графиктер және сызбалар пайдалану. Олардың жасалауы және ақпарат теру түрлері. Аудиториямен жұмыс істеу қағидасы. Презентацияның негізгі ережелері және аудиториямен жұмыс.
Презентацияларды икемді тәсілі арқылы құрастыру.
Презентациияның мақсаты. Бәрінен бұрын, презентацияның мақсатын нақты айқындап алу қажет. Бұл, мысалы, жуырда басталуы тиіс жарнамалық науқанды күшейту мақсаты болуы мүмкін. Бұл жағдайда әлеуеттік нысана – науқан басталғанға дейін оқиғаның баспасөзде кеңінен насихатталуы, яғни қызығушылық тудыру: аудитория өнімнің жарнамасын әлі көрген жоқ, бірақ оған қызығушылық танытады. Мұндай жағдайда презентацияны ұйымдастырушының міндеті — баспасөзде мейілінше көбірек пікір айтылуына қол жеткізу. Осы арқылы бір мезетте бірнеше міндеттер ше-шілуі мүмкін: мысалы, серіктестер мен дистрибьюторларға компанияның нарықтағы сенімді әрі тұрақты жағдайын тағы бір рет көрсету немесе сонымен бір мезгілде, лицензия және т.б. беретін ел немесе қала билігіне өзінің адалдығын жария ету. Барлық қосымша міндеттер басты міндетпен бір мезгілде шешіледі. Презентацияның мақсаты оның насихатталуы өткізу күніне де ықпал етеді, бұл орайда ең оңтайлысы - сәрсенбі мен бейсенбі. Презентацияның мақсаттарына байланысты, оны өткізу орны, сонымен қатар, қонақтардың саны мен құрамы анықталады. Бұл екі мәселе бір-бірімен байланысты болғандықтан, бір мезгілде шешіледі.
Презентация орны. Тандау таныстырылатын өнімге және қонақтардың деңгейіне байланысты. Егер презентацияның мақсаты баспасөзге шығу болса, таңдалған орын айрықша болғаны жақсы. Залдың ыңғайлы және қонақтардың бәрі сиятындай болуы маңызды. Оған қоса, ғимарат қаладағы ыңғайлы орында, адамдардың келуіне қолайлы, қаланың кезкелген нүктесінен жолға көп уақыт кетпейтіндей, орталықта немесе негізгі даңғылда орналасқаны абзал.
Қонақтар. Ұйымдастырушылар үшін зор тәуекелдік — егер тым көп адам келсе, залдың таршылық етуі, және керісінше — егер тым аз адам келсе, залдың бос көрінуі. Екеуін де болдырмау керек. Мақсатты аудиторияны, әдеттегіше, презентацияға тапсырыс беруші анықтайды.
Стилистика. Бәрінен кейін, презентацияның идеясы мен стилистикасын ойластырады. Олар ғимарат іші түгел гүлмен безендірілген, классикалық музыка ойналып, байсалды киінген даяшыдар қымбат шампандар мен шараптар ұсынатын, қонақтардың кешкі костюмдер мен киімдер киюін талап ететін – жоғары талғампаздықтан бастап, бәрі джинси киетін, қабырғаларға түрлі жыртық плакаттар ілінетін, қонақтарға сыра мен хотдогтар ұсынатын авангардтыққа дейін, әр түрлі болуы мүмкін. Презентацияны спорттық үлгіде, ұлттық үлгіде, ретро үлгіде және т.б.безендіруге болады — бәрі ұйымдастырушылардың қиялына байланысты. Бірақ ең бастысы үлгі бастанаяқ сақталуы тиіс.
Шақыру қағазы. Шақыру қағазы презентация стилистикасына сай болуы тиіс: Мысалы, ол қымбат қағазда алтын әріптермен терілген немесе картон қағазға плакаттық шрифтімен басылған болуы мүмкін. Бірақ қандай болса да, ол біреудің атынан жазылғаны және онда компания жетекшісінің аты-жөні мен қолтаңбасы болғаны дұрыс.Тым болмаса, факсимиле қолдануға немесе шақыру қағазының макетіне көк түсті қаламмен қол қойып, оны шақыру қағазының мәтінінмен бірге типографиядан басып шығаруға болады. Шақыру қағазының мәтінінде де стилистика сақталуы тиіс.
Презентация орнын безендіру. Презентация орнының кіреберісі мерекедегідей безендірілсе, әрқашан жақсы. Соңғы жылдары шармен безендіру сәнге айналған,оған қоса, гүлдерді, жалаушаларды қолдануға болады. Кіреберісте оркестр ойнап тұрса немесе музыка естіліп тұрса да жағымды. Осылардың бәрі қонақтарды мерекелік көңіл-күйге бөлейді.
Презентацияның алтын ережелері:
Біріншіден түсіндіруші сөйлейтін сөздерің қайталап-қайталап практика жүзінде дайындалуы керек;
Аудиториядан сұрақтар қойылғанда аспай-саспай жауап беру;
Қойылған сұрақтардың мағынасын 100% түсінгеннен кейін жауап беру;
Берілген жауап қысқа әрі нұсқа болуы керек;
Сұраққа бірден жауап беруге қиналсаңыз, тайм-аут алудан қорықпаңыз;
Презентацияны 15 слайдтан артық жасамаңыз;
Тек маңызды мәселелерді қарастыру.
