- •10 Мақал-мәтел жазып, мағынасын ашыңыз.
- •10 Жұмбақ жазыңыз, жұмбақты неге «Ойдың гимнастикасы» деп атайтынын түсіндіріңіз.
- •10 Жаңылтпаш жазып, мағынасын ашыңыз.
- •Өтірік өлеңдерді жатқа жазыңыз, мағынасын ашыңыз
- •Айтыс және оның түрлері, мысал келтіріп, талдау жасаңыз.
- •Бастауыш сынып Әдебиеттік оқулығындағы ертегілер мен аңыздарға талдау жүргізіңіз.
- •Бастауыш сынып Әдебиеттік оқулығындағы Қобыланды батыр, Алпамыс батыр жырларының мазмұнын талдаңыз.
- •Бұқар жыраудың бір өлеңін жатқа жазып, көркемдік ерекшілігін талдаңыз.
- •«Батыр бала Бөген» жырындағы Шұбар аттың шабысынан үзінді жазыңыз.
- •М.Өтемісұлының патриоттық өлеңдерін талдаңыз, «Қызғыш құс» өлеңін жатқа жазыңыз.
- •А.Байтұрсынов шығармашылығы, «Аққу, шортан һәм шаян» мысалын талдаңыз.
- •Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатқа жазыңыз, мағынасын ашыңыз
- •Қ.Әбдіқадыровтың «Қажымұқан» повесінің тақырыбы мен идеясы.
- •М.Әлімбаевтың балаларға арналған өлеңдерінің мағынасын ашыңыз.
- •Қадыр Мырза Әлі - балалар ақыны. «Бір жақсысы, бір жаманы» өлеңін жатқа жазыңыз, өлеңнің тіліне тілдік талдау жасаңыз.
- •С.Мұқановтың «Мәншүк» повесіндегі Мәншүк бейнесі.
- •С.Мұратбековтың «Жусан иісі» повесінің тәрбиелік мәні, жазушы тілінің пәрменділігі
- •Балалар әдебиетіндегі бейбітшілік тақырыбы, азаматтық лирика.Қ.Аманжоловтың, м.Мақатаевтың патриоттық жырларынан үзінді жазыңыз.
- •Балалар поэзиясының көрнекті өкілдері: б.Ысқақов, қ.Мұқышев, ә.Ахметов шығармашылығы.
Бастауыш сынып Әдебиеттік оқулығындағы Қобыланды батыр, Алпамыс батыр жырларының мазмұнын талдаңыз.
“Қобыланды батыр” — қазақ халқының мазмұны бай да салалы эпостық дастандарының бірі. Жыр көп замандар бойы өмір сүріп, ірі–ірі эпос айтушыларының қолынан өткен.“Қобыланды батырды” Марабай, Мергенбай, Біржан Толымбаев, Айса Байтабынов, Нүрпейіс Байғанин, Мұрын Сеңгірбаев, Көшелек Еламанов, Шапай Қалмағамбетов, Құлзақ Амангелдиев, Сыр бойының белгілі айтушысы Тұяқбайлар жырлаған. Айтушыларының осыншама көп болуы бұл сюжеттің халыққа кең тарағанын көрсетеді."Қобыланды батыр" жырының басында жыршының айтуымен сексенге жасы келген Тоқтарбай мен елудегі Аналық бәйбішенің баласыздықтан қайғымен қан жұтып, ақылынан адасқан, қабырғасы қайысқан кезде бір ұл,бір қыз көріп, қуанышқа кенелгенін көреміз.Ұлының аты-Қобыланды, қызының аты-Қарлығаш. Алты жасқа келгенде басында кәмшат бөркі, үстінде қамқа тон, астында тобылғы торы ат, қолында қаршыға, соңынан ерткен тазысы бар арыстан туған Қобыландыны Тоқтарбайдың тоқсан құлы бағатын жылқы қосында кездестіреміз.Алты жастағы Қобыландының қимылынан таулар күйіп, тас жанғанын, тоқсан құлдың бастығы Естеміс ердің тәрбиесінде болғанын, жауын жаулап, аңын аулап бір тауда қонып жатқанын білеміз.Осы оқиғалардың бәрі автор атынан, яғни жыршы атынан шығарманың негізгі оқиғасына сілтеме жасау болып табылады.Мұны авторлық кіріспе-пролог деп атайды.Мұнан әрі Қобыланды басынан өтетін оқиғаның басы басталады."Бұл не қылған дауыс? - деп сұраған балаға Естеміс бұл таудың арғы бетінде Қызылбастың елі барлығын, Көктім аймақ ханы барын, оның Құртқа деген қызы барын, ай астындағы бақанға қағылған алтын теңгені атып түсірген Құртқа сұлуды алатынын айтады.Барғысы келген бала Естеміс ерден батасын сұрап барса, атып түсіретінін білдірсе, Естеміс Құртқа сұлуды сырттай қорып жүрген қырық бес кез Қызыл ер бере қоймас деп қорқынышын айтып жібергісі келмейді.Қобыланды өз айтқанынан қайтпай Естемістің батасын алып, үстіне сауыт киіп, жанына болат семсер байлап, беліне садақ іліп, тобылғы меңді торы атты мініп, Көктім аймақ ханына келіп, кезегін бергенде, ай астындағы теңгені екі бөліп ұшырып түсіреді.Құртқа батырды көріп ұнатып, отыз күн ойын, қырық күн тойын өткізеді.Қырық бес кез Қызыл ер:"Меніменен күресіп, жықса алар, аты-тонын олжалап аман қайтса, жарар" деп Қобыландыны менсінбей сәлем айтады.Қобыланды "артында жау қалдырмаймын" деп, Қызыл ерге келсе, ол "аяғыммен күрес" деп, аяғын береді.Қобыланды батыр алпыс құлаш ала арқанмен бір аяғын іліп алып, торы атқа сүйретіп өлтіреді.Қобыланды жауын жеңіп, Құртқаға қосылып, батырлықтың алғашқы баспалдағынан өтеді.
«Алпамыс батыр» қазақ елінде ерте заманнан келе жатқан халықтың сүйіп, құмарлана тыңдайтын, әртүрлі вариант, версиялары көп эпостың бірі.Қазақ халқына көп тараған басқа эпостардан «Алпамыстың» бір ерекшелігі, бұл тек қазақта ғана емес, түрік тілдес елдердің көпшілігінде-ақ бар.Жиделі-Байсын деген жерде, елі Қоңырат Байбөрі деген бір бай адам болады. Оның Құлтай дейтін ағасында да, өзінде де бала болмайды. Сол Құлтайдың күңінен туған бір баланы асырап, өзіне бала етеді. Атын Ұлтан қояды. Ол өсе келе екеуіне де қорлық көрсете бастайды. Оған шыдай алмаған Байбөрі әйелі Аналық екеуі мал-мүлкінен безіп, тәңірден бала тілеп, әулиелердің моласына түнейді. Ақыры, олар Баба Түкті Шашты Әзиздің шапқатымен балалы болып, ұлының атын Алпамыс, қызының атын Қарлығаш қояды.Шекті еліндегі досы Сарыбайдың әйелі қыз тауып, атын Гүлбаршын қояды. Байбөрі Сарыбайға құда түседі. Бірақ кейін Сарыбайға «Алпамыс жалғыз, өле қалса әмеңгері Ұлтан құлға қызым қор болады-ау» деген ой келеді де, өзінің шектілерімен қалмақтың еліне көшіп кетеді. Алпамыс өскен соң бұл жайтты бір кемпірден естиді де, көп жылқысының ішінен Шұбар дөненді ұстап мініп, қалыңдығын алып келуге қалмаққа аттанады.Гүлбаршынды іздеп келе жатып, тастағы бір жазуға кез келіп, Сарыбайдың көшіп келген қалмақ елінде Қараман атты ханы Гүлбаршынды зорлап алмақ болып жатқанын біледі. Мұны жазған Гүлбаршын болады. Алпамыс қалмақтармен келе соғыс ашады. Оған шекті елінің адамдары көмектеседі. Бұл хабар Қараманға жетеді. Қараман Алпамыспен өзі соғысып, оның қолынан қаза табады. Басқаларын да Алпамыс жеңіп, Сарыбайдың ауылына келіп, дәстүр бойынша тойдан кейін Гүлбаршынға үйленеді. Атасы Сарыбайды қалмақ еліне хан қояды да, Баршынды алып, өз еліне қайтады.Алпамыс Гүлбаршынды алуға кеткенде, қалмақтың Тайшық ханы Байбөрінің жылқысын алып кеткен екен, әкесі Алпамыстың алдынан шығып, малының жау алғанын айтып, қатты ренжіс білдіреді. Алпамыс ел-жұртына ата, анасын, әйелін тапсырады да, Тайшық еліне жалғыз жол тартады. Оның аттанып шыққан түні Тайшық хан Алпамысты түсінде көріп, қалай ұстаудың амалын іздейді. Ол амалдарды табушы бір мыстан кемпір болады. Мыстан: «Балама қызың Қаракөзайымды берсең, Алпамысты ұстап беремін», - дейді. Хан қызын беретін болады. Кемпір батырды алдап қолға түсіру үшін 40 отау, 40 қыз алып, Алпамыстың жолын тосады. Кемпір Алпамысқа кездесіп: «Сенің жылқың үшін соғысып, 40 балам бірдей өлді, жеңгелерің жастай жесір қалды, түсіп, көңілін аула, қонақ бол», - деп алдап үйіне әкеледі де, мас етіп, қолға түсіреді. Байлап алып, өлтірмекші болады. Бірақ атса оқ, шапса қылыш өтпейді. Суға салса, батпайды, отқа салса, күймейді. Сондықтан оны терең зынданға салып, аштан өлтірмекші болады. Бірақ пірлерінің көмегімен ол өлмейді. Атын темір үйге қояды. Жоғарғы 40 қыздың ішінде болған ханның қызы Қаракөзайым Алпамысқа ғашық болып, оны зынданнан құтқарудың амалын ойлайды. Қаракөзайым әкесінен отау және жүз серке сұрап алып, өзінің күтуші қыздарымен қаладан шетірек бір далалықты мекендейді. Қаракөзайым қанша іздесе де, Алпамыстың қайда екенін біле алмайды. Қыздың серкесін бағушы Кейқуаттың бір серкесі Алпамыстың зынданына түсіп кетеді де, сол арқылы Алпамыс пен Кейқуат танысып, ол Алпамысқа күніне бір серке беріп тұрады. Серке таусылғанда, оған серкенің сүйегінен сырнай жасап беріп: «Қыздардың жолына барып тарт, кім жасағанын тек ханның қызына ғана айт», - дейді. Кейқуат Қаракөзайымды зындандағы Алпамысқа әкеледі. Алпамыс: «Мені зынданнан тек Байшұбар шығара алады, соны ал, менің терім сіңген киімімді ішіңнен киіп, диуана болып, жанынан өтсең, тұрған сарайы қандай болса да, Байшұбар бұзып шығады. Кімсің десе, диуанамын, жас күнінде емдеп едім, мені танып тұр де. Хан үйретіп бер дер. Сонда үйретейін, 40 құлаш арқан бер де, сонан кейін мені шығарасың», - деп ақыл береді. Кейқуат солай жасайды. Алпамыс зынданнан шыққасын, Тайшық ханның елін шабуыл жасап, бәрін де жеңеді. Тайшықты да, мыстанды да өлтіріп, Кейқуатты сол елге хан қояды. Өзі Қаракөзайымға үйленеді. Жүрметұз деген қызды Кейқуатқа қосады.Өстіп жүргенде жеті жыл өтеді. Бір күні түс көріп, Қаракөзайымға еліне кететінін білдіреді. Қыз амалсыз көнеді. Жылына екі рет келіп тұруға уәде беріп, Алпамыс еліне жүріп кетеді.Алпамыс ел шетіне келісімен, Құлтайдың баласы Тортайға кездесіп, үй ішінің хал-жайын сұрайды. Алпамыс кеткесін Ұлтан құл бар билікті өз қолына алып, қоңырат еліне сұлтан болып, Құлтайды қойға, Байбөріні түйеге, шешесін тезекке, Жәдігерді қозы бақтыруға, Тортайды жылқыға салып, бәріне де қатты азап көрсетеді. «Әйелің Гүлбаршынды алмақ болып, Ұлтан құл отыз күн ойын, қырық күн той жасап жатыр», - дейді. Алпамыс диуана болып киінеді де, бәрін өз көзімен көріп және кімнің дос, кімнің қас екендігін біліп, ақыры, Ұлтанды дарға асып, оны жақтаушыларды жазалайды. Ұлтаннан зәбір көрушілерді мүсіркеп, Ұлтан билеген кезде, тарап, тоз-тоз болып кеткен қоңырат елінің басын қосады.Алпамыс жеңілген қалмақ еліне Сарыбайды хан сайлап қалдырады да, Гүлбаршынды алып қайтады.
