Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ІІІ блок.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
104 Кб
Скачать
☆
  1. А.Байтұрсынов шығармашылығы, «Аққу, шортан һәм шаян» мысалын талдаңыз.

Ахмет Байтұрсынұлы (5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылы – 8 желтоқсан 1937, Алматы қаласы) — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері.[1] Қазақхалқының 20 ғасырдыңбасындағыұлт-азаттыққозғалысыжетекшілерініңбірі, мемлекетқайраткері,қазақтілбілімі мен әдебиеттануғылымдарыныңнегізінсалушығалым, ұлттықжазудың реформаторы, ағартушы,Алаш-Орда өкіметініңмүшесі.Байтұрсынұлышығармашылықжұмысынөлеңжазуданбастаған.Ондаолеңбекшіхалықтыңауырхалін, арман-тілегін, мұң-мұқтажынкөрсетіп, жұртшылықтыоқуға, білім-ғылымға, руханибиіктікке, адамгершілікке, мәдениеттікөтеруге, еңбекетугешақырады. Ақынныңалғашқыөлеңдері «Қырықмысал» аттыаудармажинағында 1909 ж. Санкт-Петербургте жарықкөрді. Бұлкітабыарқылықалыңұйқыдажатқанқараңғыелге жар салып, олардың ой-санасыноятуға бар жігер-қайратын, білімінжұмсайды. Ақынәрбіраудармасыныңсоңынаөзініңнегізгіойын, айтайындегентүйіндімәселесінхалқымыздыңсолкездегітұрмыс-тіршілігіне, мінезіне, психологиясынасәйкесқосыпотырған.Байтұрсынұлының екінші кітабы — «Маса» (1911). Бұл кітапқа енген өлеңдерінде ақын қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерді сынады. Қоршаған ортаға ойлана, сын көзімен қарайды, қоғам қалпына көңілі толмайды. «Қазақ салты», «Қазақ, қалпы», «Досыма хат», «Жиған-терген», «Тілек батам», «Жауға түскен жан сөзі», «Бақ» т.б. өлеңдерінің мазмұны осыны танытады. Кітаптың ішкі сазы мен ой өрнек, сөз орамы қазақ поэзиясына тән өзіндік жаңалық, ерекше өзгеріс әкелді

Жүк алды Шаян, Шортан, Аққу бір күн, Жегіліп, тартты үшеуі дүркін-дүркін. Тартады Аққу көкке, Шаян кейін, Жұлқиды суға қарай Шортан шіркін. Бұлардың машақаты аз болмады, Жұмысы орнына кеп мәз болмады. Тартса да бар күштерін аямай-ақ, Аслан жүк орнынан қозғалмады. Оншама ол жүк артық ауыр емес, Құр сырттан «пәлен» деу де тәуір емес. Жүк бірақ әлі күнге орнында тұр, Бырыңғай тартпаған соң бәрі тегіс. Жігіттер, мұнан ғибрат алмай болмас, Әуелі бірлік керек, болсаң жолдас. Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей, Істеген ынтымақсыз ісің оңбас. Шумақ- аяқталған синтаксис. Біртұтас ой біл. 4 тармақ- 16, бунақ-5,3,4, буын саны- 11,12, Ұйқас түрі- а,а,б,в

  1. Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатқа жазыңыз, мағынасын ашыңыз

Қазақ балалар әдебиетінде ұлы ақын Абайдың да көрнекті орны бар. Балаларға арнайы еңбек жазып, өзі педагогтік іспен шұғылданбаса да, Абай бала тәрбиесіне, оның келешек қоғам үшін пайдалы адам болып шығуына үлкен зер салған. Ұлы ақын 1845 жылы Бұрынғы Семей(қазіргі Шығыс Қазақстан) облысындағы Шыңғыс тауларында туған. Өзінің туған даласының ақындары мен әншілерінің толып жатқан бай шығармаларының бәрін – түрлі хикая-әңгімелерді, ертектерді, батырлар жырларын, тарихи өлеңдерді ауылында жүргенінде талай рет зейін сала тыңдап, жаттайды.

Ауылдағы молдадан хат танытқаннан кейін Құнанбай сегіз жасар Абайды Семей қаласына жіберіп, Ахмет-Риза имамның медресесінен оқытады. Осы медреседе оқыған үш жылдың ішінде дарынды, зирек бала көп нәрселерді үйренеді. Араб-иран және түрік ақындарының шығармаларын құмартып оқи бастайды. Абай жастайынан-ақ сөз тапқыш, өткір сөзді шешен деген атаққа ие болды. Абайдың ерте кезде жазған өлеңдері біздің заманымызға толығымен жеткен жоқ.Абайдың төңірегіне оның хат танитын шәкірттері Көкпай, Мұқа, Ақылбай, Кәкітай, Шәкәрім, Мағауия сияқты жас ақындар топталады. Абайдың өзі шығарған өлеңдерін ғана емес, оның шәкірттері шығарған өлеңдерді бүкіл жұртшылық аузынан тастамай айтып жүреді. 1897 жылы қара ниетті адамдар болыс-билердің, ру басы старшындардың атынан Абайды жамандап, қаладағы губернаторға, уез бастықтарына арыз жаудырады. Семей полициясының адамдары тінту жүргізеді. Патша өкіметінің жергілікті әкімдері Абайға қандай шара қолданса да, Абай аты бұрынғысынша шарықтап, ел аузында аңыз болды. Ұлы ақын алпыс жасында өзінің туып-өскен жерінде бұл дүниеден мәңгілікке сапар шекті.

Абай өлеңдері. Абайдың «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Ғылым таппай мақтанба», «Әсемпаз болма әрнеге», «Интернатта оқып жүр» т.б. өлеңдері қазақ балаларына арналған туындыларының бірі болып табылады. Ұлы аќын Абай «Жасымда ѓылым бар деп ескермедім» деген өлеңі оқу-білім, өнер тақырыбына жазылған өлеңдері ішіндегі ең алғашы.

«Ғылым таппай мақтанба»(1886). Көлемі 77 жол. Ақын жастар алдына міндет-талаптар қояды. Ең ардақты мақсатың – ғылымды меңгеру дейді. Бес нәрседен аулақ болып, бес асыл қасиетті бойға дарытпасаң ғылымнан опа жоқ дегенді айтады. Ақын ғалым болу мен адам болу мәселесін бір-бірінен бөлмейді. Ғалым болудың тағы бір шарты – ақыл сенген нәрсеге ғана сену. Жастарды артық сенгіштіктен сақтандырады. Кісіні ақылына, ойына қарай бағала деген пікір айтады. Ақылды, парасатты адамның идеал бейнесін ұсынады. Надан, керітартпа адамның жағымсыз бейнесін қарсы қояды. Өлең 6-8 буынды, екі бунақты, аралас ұйқас үлгісінде жазылған.

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге.

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз.

Тілеуің, өмірің алдыңда,

Оған қайғы жесеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек бекер мал шашпақ-

Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой-

Бес асыл іс көнсеңіз.

Ғалым болмай немене,

Балалықты қисаңыз?

Болмасаң да ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз.

Ондай болмақ қайда деп,

Айтпа ғылым сүйсеңіз,

Сізге ғылым кім берер,

Жанбай жатып сөнсеңіз?

Дүниеде өзі, мал да өзі,

Ғылымға көңіл бөлсеңіз.

  1. Ы.Алтынсарин әңгімерінің тәрбиелік мәніне талдау жүргізіңіз.Ыбырай Алтынсарин (шын аты

Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткеріЫбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының - белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В Григорьевпен жақын танысып алды. Ол өзінің бай кітапханасымен Ыбырай Алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат етті. Білімге құштар жас бос уақытының бәрін де сол кітапханада өткізді. Білген үстіне біле түссем деген құмарлық пен өз халқыма неғұрлым көбірек пайда келтірсем деген абзал арманға ұмтылыс жас Ыбырайдың өмірлік кредосына айналды. Өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп армандады. Алған білімін өз халқының пайдысына асыруға талпынды.

Ыбырай Алтынсарин есімі қазақ балалары үшін мектеп ашқан ұлы ағартушы, орыс әдебиеті классиктерінің балаларға арнап жазған шығармаларын қазақ тіліне аударған аудармашы ретінде ғана емес, қазақ жазба әдебиеті тарихында тұңғыш прозаик ретінде де белгілі.Олай дейтін себебіміз, Ыбырайға дейін шын мәнінде көркем проза қазақ жазба әдебиетінде қалыптаспаған еді. Мазмұны жағынан Ыбырай әңгімелері өз заманының келелі мәселелерін қамтиды. Оның шығармалары жас ұрпақты мейірімділікке, адалдыққа, ізеттілікке, ақылдылық пен білімділікке, т.б. ізгі қасиеттерді үйретуге шақырады. Ыбырай «Қазақ хрестоматиясына» Қара батыр, Байұлы, Жиренше шешен, Тазша бала туралы ертегі,Бай баласы мен жарлы баласы, Таза бұлақ, Әке мен бала т.б. тәлімдік мәні зор әңгімелерін енгізді.Қазақ хрестоматиясына енген Ыбырайдың көркем шығармалары өзінің ағартушылық идеясына бағындырылған. Ол әдебиетті бала санасына әсер ететін, сөйтіп, оны жақсы, өнегелі істерге үйрететін мықты құрал деп атап көрсетті. Ыбырайдың шығармаларын оқи отырып, ол өз заманының беталысын анық аңғарғанын, халық өмірін жаңа арнаға салуда білім мен тәрбие мәселесі қатар жүру керектігіне назар аударғанын көруге болады.Ыбырай әңгімелерінң негізгі қайнары халық тұрмысынан алынған. Өмірді, адам әрекеттерін ешқашан дағдыдан тыс әсірелеп суреттеп, шындықтан алшақтамаған. Кейіпкерлерді шынайы өмірге тән әректтері арқылы бейнелеуді мақсат тұтты.Оның әңгімелерін тақырып жағынан еңбек пен өнерге баулитын және адамгершілкке тәрбиелейтін шығармалар деп екі топқа бөліп қарастыруға болады. Ыбырай шығармаларының басты тақырыбы –еңбек. Ол еңбек адамның өмірі үшін ерекше маңызды рөл атқарады, еңбексіз өнер де, білім де қолға келмейді деп еңбекті бірінші орынға қойып, тәрбие негізі адал еңбекте деп тұжырым жасайды. Оның бұл тақырыпта жазған көптеген әңгімелері бар.Мысалы Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш, Бай баласы мен жарлы баласы, Қыпшақ Сейтқұл, т.б. Жазушының бір топ әңгімелері адамгершілік тәрбие мәселесіне жазылған. Адамзат баласы шыр етіп жерге түскеннен бастап ата-ананың аялы алақаны мен ыстық ықыласына бөленіп өсетіні белгілі. Ата-ана баласына небір асыл қасиеттерді үйретіп, жақсы азамат болуын тілейді және үміттенеді. Бұл тақырыпта да жазған Ыбырай шығармалары бар. Мысалы Асыл шөп, Бақша ағаштары, Таза бұлақ т.б. Әр әңгімесінде тәрбиенің ізі жатыр. Оны түсініп оқыған адам ғана ұлы ұстаздың шебер тәрбиеші екеніне көзі жетеді. Әңгіме –оқиғаны баяндауға негізделген қара сөзбен жазылған көркем шығарма. Әңгімеде бас-аяғы жинақы, тиянақты бір оқиға айтылады. Ыбырай шығармалары қысқа мазмұнды, балалардың түсінуіне жеңіл. Аз сөзге көп мағына сыйғызу, мақал-мәтел мен афоризмдерді орынды қолдану, әр әңгіменің тағылымдық мәніне ерекше көңіл аудару Ыбырай шығармаларының өзіндік ерекшеліктері. Шығармалары мазмұны жағынан да, түрі жағынан да балалар әдебиетіне қойылатын талаптарға сай келеді. Сондықтан да Ыбырай Алтынсаринді балалар әдебиетінің негізін салушы дейміз.Бүгінгі сабағымыздың нысанасы әңгімедегі тәрбие мәселесі. Тәрбие мәселесі бүгінгі өмірде де өз маңызын жойған жоқ, тіпті күн тәртібіндегі өзекті мәселе екенін де білеміз. Ана мейіріне қанып, әке өсиетін тыңдап өскен бала ғана түбінде жылы жүректі азамат болары сөзсіз,олай болса, Ыбырай әңгімелерінде жасынан отбасы тәрбиесін көрген бала үлкен азамат болғанда, өз мәнінде өмір сүруге бейім болады деген нақты тұжырымдар беріледі. Ыбырайдың шығармаларын оқи отырып, ол өз заманының беталысын анық аңғарғанын, халық өмірін жаңа арнаға салуда білім мен тәрбие мәселесі қатар жүру керектігіне назар аударғанын көруге болады.Ыбырай әңгімелерінң негізгі қайнары халық тұрмысынан алынған. Өмірді, адам әрекеттерін ешқашан дағдыдан тыс әсірелеп суреттеп, шындықтан алшақтамаған. Кейіпкерлерді шынайы өмірге тән әректтері арқылы бейнелеуді мақсат тұтты.Оның әңгімелерін тақырып жағынан еңбек пен өнерге баулитын және адамгершілкке тәрбиелейтін шығармалар деп екі топқа бөліп қарастыруға болады.Ыбырай шығармаларының басты тақырыбы –еңбек. Ол еңбек адамның өмірі үшін ерекше маңызды рөл атқарады, еңбексіз өнер де, білім де қолға келмейді деп еңбекті бірінші орынға қойып, тәрбие негізі адал еңбекте деп тұжырым жасайды. Оның бұл тақырыпта жазған көптеген әңгімелері бар.Мысалы Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш, Бай баласы мен жарлы баласы, Қыпшақ Сейтқұл, т.б. Жазушының бір топ әңгімелері адамгершілік тәрбие мәселесіне жазылған. Адамзат баласы шыр етіп жерге түскеннен бастап ата-ананың аялы алақаны мен ыстық ықыласына бөленіп өсетіні белгілі. Ата-ана баласына небір асыл қасиеттерді үйретіп, жақсы азамат болуын тілейді және үміттенеді. Бұл тақырыпта да жазған Ыбырай шығармалары бар. Мысалы Асыл шөп, Бақша ағаштары, Таза бұлақ т.б. Әр әңгімесінде тәрбиенің ізі жатыр. Оны түсініп оқыған адам ғана ұлы ұстаздың шебер тәрбиеші екеніне көзі жетеді. Әңгіме –оқиғаны баяндауға негізделген қара сөзбен жазылған көркем шығарма. Әңгімеде бас-аяғы жинақы, тиянақты бір оқиға айтылады. Ыбырай шығармалары қысқа мазмұнды, балалардың түсінуіне жеңіл. Аз сөзге көп мағына сыйғызу, мақал-мәтел мен афоризмдерді орынды қолдану, әр әңгіменің тағылымдық мәніне ерекше көңіл аудару Ыбырай шығармаларының өзіндік ерекшеліктері. Шығармалары мазмұны жағынан да, түрі жағынан да балалар әдебиетіне қойылатын талаптарға сай келеді. Сондықтан да Ыбырай Алтынсаринді балалар әдебиетінің негізін салушы дейміз.Бүгінгі сабағымыздың нысанасы әңгімедегі тәрбие мәселесі. Тәрбие мәселесі бүгінгі өмірде де өз маңызын жойған жоқ, тіпті күн тәртібіндегі өзекті мәселе екенін де білеміз. Ана мейіріне қанып, әке өсиетін тыңдап өскен бала ғана түбінде жылы жүректі азамат болары сөзсіз,олай болса, Ыбырай әңгімелерінде жасынан отбасы тәрбиесін көрген бала үлкен азамат болғанда, өз мәнінде өмір сүруге бейім болады деген нақты тұжырымдар беріледі.