- •10 Мақал-мәтел жазып, мағынасын ашыңыз.
- •10 Жұмбақ жазыңыз, жұмбақты неге «Ойдың гимнастикасы» деп атайтынын түсіндіріңіз.
- •10 Жаңылтпаш жазып, мағынасын ашыңыз.
- •Өтірік өлеңдерді жатқа жазыңыз, мағынасын ашыңыз
- •Айтыс және оның түрлері, мысал келтіріп, талдау жасаңыз.
- •Бастауыш сынып Әдебиеттік оқулығындағы ертегілер мен аңыздарға талдау жүргізіңіз.
- •Бастауыш сынып Әдебиеттік оқулығындағы Қобыланды батыр, Алпамыс батыр жырларының мазмұнын талдаңыз.
- •Бұқар жыраудың бір өлеңін жатқа жазып, көркемдік ерекшілігін талдаңыз.
- •«Батыр бала Бөген» жырындағы Шұбар аттың шабысынан үзінді жазыңыз.
- •М.Өтемісұлының патриоттық өлеңдерін талдаңыз, «Қызғыш құс» өлеңін жатқа жазыңыз.
- •А.Байтұрсынов шығармашылығы, «Аққу, шортан һәм шаян» мысалын талдаңыз.
- •Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатқа жазыңыз, мағынасын ашыңыз
- •Қ.Әбдіқадыровтың «Қажымұқан» повесінің тақырыбы мен идеясы.
- •М.Әлімбаевтың балаларға арналған өлеңдерінің мағынасын ашыңыз.
- •Қадыр Мырза Әлі - балалар ақыны. «Бір жақсысы, бір жаманы» өлеңін жатқа жазыңыз, өлеңнің тіліне тілдік талдау жасаңыз.
- •С.Мұқановтың «Мәншүк» повесіндегі Мәншүк бейнесі.
- •С.Мұратбековтың «Жусан иісі» повесінің тәрбиелік мәні, жазушы тілінің пәрменділігі
- •Балалар әдебиетіндегі бейбітшілік тақырыбы, азаматтық лирика.Қ.Аманжоловтың, м.Мақатаевтың патриоттық жырларынан үзінді жазыңыз.
- •Балалар поэзиясының көрнекті өкілдері: б.Ысқақов, қ.Мұқышев, ә.Ахметов шығармашылығы.
Қ.Әбдіқадыровтың «Қажымұқан» повесінің тақырыбы мен идеясы.
Қалмақан Әбдіқадыров (15.4.1901, қазіргі Қызылорда облысы Шиелі ауданы Шиелі кенті — 30.4.1964, сонда) — ақын, жазушы, аудармашы.Алғашқы “Сырдария” деген өлеңі “Еңбекші қазақ” газетінде жарияланған (1925). Тұңғыш өлеңдер жинағы “Жалшы” деген атпен 1928 ж. жарық көрді[1]. 30-жылдарда өлеңді өндірте жазып, “Екпін”, “Шахтер”, “өлеңдер” жинағын баспадан шығарды.[2] Ақынның 1935 — 51 ж. аралығында жазған “Май”, “Батыр”, “Сәтбаев”, “Еділ-Дон”, “Келес қызы” поэмалары нақты өмір шындығынан алынып, қазақ азаматтарының ерлігі мен өнегелі істерін бейнелеуге арналған. Әбдіқадыровтың “Қажымұқан” повесі 1954, 1956, 1959 ж. қайта басылды, 1970 ж. орыс тілінде жарық көрді. “Алатаудың бауыры” (1935), “Амантай” (1936), “Тапқыш” (1937), “Тәтті қауын” кітаптары республикада балалар әдебиетін дамытуға айтарлықтай үлес қосты. “Серт” жинағына 1941 — 45 ж. Ұлы Отан соғысы жылдарында майданда жүріп жазған өлеңдері топтастырылған.Әбдіқадыров аударма саласында да жемісті еңбек етті. Ол Шығыс әдебиетінің классиктері Әбілқасым Фердоуси, Әлішер Науаи өлеңдерін (1948), қырғыз А. Тоқомбаев, орыс жазушысы В.М. Кожевников шығармаларын аударған. Ол тікелей парсы тілінен тәржімалаған “Мың бір түннің” 4 кітабы үш рет —1949, 1955, 1962 ж. қайта басылды. Әбдіқадыров аудармасы әлемдік әдебиеттің алтын қазынасына жататын осы шығарманың ең үздік нұсқаларының бірі болып табылады. Қалмақанның Қызылордада жазылып, алғашқы баспа бетін көрген өлеңі «Сырдария» деп аталады (1925 ж). Осыдан кейін Қалмақанның есімі «Еңбекші қазақта» жиі көріне бастайды. Көп жазып, оқиғаларға шапшаң үн қосып отырады. Сөйтіп, газетпен байланысты болу Қалмақан поэзиясының актуалдығын арттырып, өлеңдерінің өткірлене түсуіне игі ықпалын тигізеді.1926 жылы жас ақын ҚазАПП-қа мүшелікке қабылданады. Келесі жылы ол кәсіподақ қызметкерлерінің бес айлық курсын тамамдап, «Еңбекші қазақ» газеті жергілікті комитетінің төрағасы болып қайта келеді.1927 жылы Қалмақанның «Жалшы» атты тұңғыш өлеңдер жинағы баспадан шығады. Жинаққа енген 25 өлеңнің тақырыбы – ауылдағы кедей-жалшылар өмірі, олардың әлеуметтік өмірге араласуы, табиғат пен адам арасындағы байланыс, еңбекшілердің колхозға ұйымдасуы, жаңа өмір жасауға құлшынған қазақ шаруаларының қарқынды еңбегі болып келеді.
"Қажымұқан"повесі.
Шығарма тақырыбы: Мұқанның өмірі. Үлкен белестерді бағындырып, әлемге әйгілі болған қазақ палуанының өмірі.
Шығарма идеясы: Автор жастарды ерлікке, намысшылдыққа, ерлікке үйретеді. Шығарманы оқу арқылы оқушыларды шыдамды болып, үлкен жетістіктерге тек қана ерең еңбектің арқасында жетуге болатынын тұспалдайды. Адам бойындағы ерекше қасиеттің қандай жағдайда болмасын жарыққа шығып, үлкен белеске жол ашатынын жеткізу. Қысқаша мазмұны.Қажымұқан Мұңайтпасұлы — қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген. Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы! Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 28 мемлекетте күреске түсіп, 56 медаль олжалаған Қажымұқандай мықты ХХ ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды.Дүние жүзінің чемпиондары Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Поль Понс сынды жампоздармен қатар жүру, боз кілемдегі айқастарда осы балуандарды шетінен жығып, бәйге алу — сол заманда нағыз ерлік еді. Қажымұқан кедей шаруаның баласы болғандықтан, орыс байларына және дәулетті адамдарға жалданған. Сөйте жүріп, күреске түсіп, той томалақтарда елге көрініп, бала балуан деген атқа ие болған Қажымұқанның тұңғыш рет әлемдік деңгейде көрінген шағы — 1906 жыл. Алманияда өткен дүниежүзілік сайыста ол әлем чемпионы атанады. Бірақ орыс әкімшілігіне бұратана халықтың атын шығарған палуан онша ұнай қоймайды. Сол үшін де Қажымұқан орыс палуандарының атымен күресуге мәжбүр болды. Қажымұқанға неше түрлі лақап аттар беріледі. Қажымұқанды «Ямагата Мухунури» деген лақап атпен күрестіреді. Сонымен қатар, Мухан, «Иван Чёрный» сияқты лақап есімдері болған. 1909 жылғы халықаралық палуандар жарысына ол «Қара Мұстафа» деген атпен шыққан. Сөйтіп бүкіл дүние жүзіне Мұқанның неше түрлі лақап аттары тарай бастайды. 1910 жылы Мұқан тұңғыш рет Оңтүстік Америка құрлығына табан тірейді. Аргентинаның астанасы Буэнос-Айрес қаласында өткен еркін күрестен болған біріншілікте чемпион атанады. 1911 жылы Мұқан Мұңайтпасов Ыстамбулға барады. Сол кезеңде әлемде түрік палуандарынан мықты палуандар жоқ сияқты көрінетіндігі соншалық , ол жаққа орыс палуандары аяқ баспайтын-ды. Осы ретте намысқой Қажымұқан өзі түркі халқының өкілі ретінде Түркияға баруға бел буады. Ұлы Отан соғысы басталған кезде Қажымұқан ҚКСР Жоғарғы кеңестің төрағасы Қазақбаевқа жолығып, оған «Ел аралап, цирк өнерін көрсетсем, сол арқылы ақша тауып, майданға көмектессем» — деген ұсыныс айтады. Бұл ұсынысты үкімет қолдап, екі жылға жуық жүріп цирк өнерін көрсетіп, 100 мың сомдай ақша тауып майданға жолдайды. Ол 1948 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданында қайтыс болды. Темірлан деген ауылда, қабырының басына ескерткіш орнатылған. Егер ол өз заманында тәуелсіз елдің азаматы болса, оның Мұқан Мұңайтпасұлы деген шын есімі әлемдік спорт тарихында алтын әріптермен жазылар еді. Өмірінің 55 жылын күрес пен цирк өнеріне арнап, жеңіс тұғырынан түспеген дара тұлға — қазақтың нағыз хас батыры. 1910 жылы Америкаға, Еуропаға орыс балуандарының үлкен бір тобы аттанады. Сөз арасында айта кететін бір жайт, — бұл сапарда Қажымұқанға еріп, әйелі Надежда Николаевна Чепковская да бармақ болған. Бірақ аяғы ауыр болуына байланысты Португалия порты Лиссабонда кемеге көтерілуіне рұқсат етілмейді. Жергілікті тәртіп бойынша, екіқабат әйелдерді мұхит кемелеріне мінгізбейді екен. Қажымұқанның өзі Бәтима деп атап кеткен Чепковская цирк актрисасы болған, әрі ерінің кәсіби күрестегі талай тамаша жеңістерін өз көзімен көрген. Осы сапарда Америкаға барған балуандар бірнеше шағын топтарға бөлініп, әр жерде күреседі. Оңтүстік Американың ірі-ірі қалаларында күш сынасады. Олардың әсіресе Аргентина астанасы Буэнос-Айреске барған сапары сәтті болады. Қажымұқан бұл сапардан үлкен алтын медальмен оралады. Бірақ Қажымұқанның Америкада күрестің қай түрінен өнер көрсеткенін анықтаудың әзірше сәті түскен жоқ. Оның Американың еркін күрес түрі бойынша сайысқа түсу әбден ықтимал деген пікір бар. Себебі олай деуге негіз бар. Қажымұқан өзін әрқашан да еркін күрестен мықты сезінген де, франсузша күрестің техникасына шорқақтау болыпты. Қажымұқан Оңтүстік Америкадан 1910 жылдың аяғына таман оралған сияқты. Олай дейтін себебіміз: ол 1910 жылдың желтоқсанында, 1911 жылдың қаңтарында Мәскеуде өткен Халықаралық чем¬пионатқа қатысады. Бұл жолы Қажымұқан Разумовтың, Шнейдердің, Иогансанның, Винтердің, Апполинның жауырындарын қысқа уақытта кілемге тигізген. Осы чемпионатта сол заманда аты дүрілдеп тұрған Циклоппен ұзақ алысады. Айқас 20 минутқа созылып, тең аяқталған. Чемпионаттың жетінші күні Қажымұқан Әлем чемпионы Лурихпен кездеседі. 20 минутқа созылған бұл қиын белдесу еш нәтиже бермей, тең аяқталады. Ертеңіне Лурих қазақ балуанын тағы да кілемге шақырады. Белгіленген уақытта Лурих тағы да жеңіске жете алмайды. Әккі Лурих қулыққа көшеді, ақыры ақшаға сатылған төрешілер Лурих жеңді деп хабарлайды. Күресті тамашалауға жиналған көпшілік бұл шешімге келіспейтіндіктерін білдіріп, үлкен шу шығарады. Жарысты ұйымдастырушылар кілемді тастай қашады. Төрешілердің Қажымұқанға қарсы ойлап тапқаны — ол «жарыс ережесін бұзды» деген сылтау. 1911 жылдың сәуірінде Петербургте күреске қатысады. Бұл жолы чемпионатқа қатысушылар арасында Рауль де Раун мен Георг Лурих та болады. Әділетсіздік бұл жолы да Қажекеңнің алдынан шығады. Чемпионаттың жарты жолында баяғы әуен қайталанып, «жарыс ережесін бұзды» деп тағы да жарыстан шығарып тастайды. Петербург чемпионаты аяқталар-аяқталмастан, оны Польшаның астанасы Варшавада өтуге тиісті Халықаралық жарысқа шақырады.мұнда ол кіші күміс медальмен марапатталады. Шығарма соңында Қажымұқан ең атақты палуанды жеңеді.
