- •10 Мақал-мәтел жазып, мағынасын ашыңыз.
- •10 Жұмбақ жазыңыз, жұмбақты неге «Ойдың гимнастикасы» деп атайтынын түсіндіріңіз.
- •10 Жаңылтпаш жазып, мағынасын ашыңыз.
- •Өтірік өлеңдерді жатқа жазыңыз, мағынасын ашыңыз
- •Айтыс және оның түрлері, мысал келтіріп, талдау жасаңыз.
- •Бастауыш сынып Әдебиеттік оқулығындағы ертегілер мен аңыздарға талдау жүргізіңіз.
- •Бастауыш сынып Әдебиеттік оқулығындағы Қобыланды батыр, Алпамыс батыр жырларының мазмұнын талдаңыз.
- •Бұқар жыраудың бір өлеңін жатқа жазып, көркемдік ерекшілігін талдаңыз.
- •«Батыр бала Бөген» жырындағы Шұбар аттың шабысынан үзінді жазыңыз.
- •М.Өтемісұлының патриоттық өлеңдерін талдаңыз, «Қызғыш құс» өлеңін жатқа жазыңыз.
- •А.Байтұрсынов шығармашылығы, «Аққу, шортан һәм шаян» мысалын талдаңыз.
- •Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатқа жазыңыз, мағынасын ашыңыз
- •Қ.Әбдіқадыровтың «Қажымұқан» повесінің тақырыбы мен идеясы.
- •М.Әлімбаевтың балаларға арналған өлеңдерінің мағынасын ашыңыз.
- •Қадыр Мырза Әлі - балалар ақыны. «Бір жақсысы, бір жаманы» өлеңін жатқа жазыңыз, өлеңнің тіліне тілдік талдау жасаңыз.
- •С.Мұқановтың «Мәншүк» повесіндегі Мәншүк бейнесі.
- •С.Мұратбековтың «Жусан иісі» повесінің тәрбиелік мәні, жазушы тілінің пәрменділігі
- •Балалар әдебиетіндегі бейбітшілік тақырыбы, азаматтық лирика.Қ.Аманжоловтың, м.Мақатаевтың патриоттық жырларынан үзінді жазыңыз.
- •Балалар поэзиясының көрнекті өкілдері: б.Ысқақов, қ.Мұқышев, ә.Ахметов шығармашылығы.
Бұқар жыраудың бір өлеңін жатқа жазып, көркемдік ерекшілігін талдаңыз.
Тілек
Бірінші тілек тілеңіз
Бір Аллаға жазбасқа.
Екінші тілек тілеңіз
Бір шұғыл пасық залымның
Тіліне еріп азбасқа.
Үшінші тілек тілеңіз,
Бес уақытты бес намаз
Біреуі қаза қалмасқа.
Алтыншы тілек тілеңіз,
Алпыс басты Ақ Орда,
Ардақтағаң аяулың
Күнінде біреуге
Тегінен тегін олжа болмасқа.
Жетінші тілек тілеңіз,
Желкілдеген ту келіп,
Жер қайысқан қол келіп,
Сонан сасып тұрмасқа.
Тоғызыншы тілек тілеңіз
Төріңіз тақтан таймасқа.
Тоқсандағы қарт бабаң
Топқа жаяу бармасқа.
Оныншы тілек тілеңіз
Он ай сені көтерген
Омыртқасы үзілген,
Аязды күнде айналған,
Бұлтты күнде толғанған,
Тар құрсағын кеңіткен,
Тас емшегін жібіткен,
Анаң бір аңырап қалмасқа.
Он бірінші тілек тілеңіз
Омырауы жұпарлы,
Иісі жұпар аңқыған,
Назыменен күйдірген,
Қылығымен сүйдірген,
Ардақтап жүрген бикешің
Жылай да жесір қалмасқа.
«Батыр бала Бөген» жырындағы Шұбар аттың шабысынан үзінді жазыңыз.
Жырды І.Нұрмағамбетов 1930 жылы ел ауызынан жазып алып, 1935 жылы қазіргі Әдебиет және институтына тапсырған. Жырдың негізгі идеясы-халық арасынан шыққан Бөген мен оның ұлы Тұрғын батырларды ел қамқоры, қорғаны етіп көрсету. Жыр екі томдық «Батырлар жырының» 2-томына енген/1951/. Жыр нұсқасы Орталық ғылыми кітапхананың қолжазбалар қорында сақтаулы.
а -Шуу,/ жануар,/ шуу-деді, 2бунақ 9б
а Шуу десе, /Шұбар/ гуледі. 2бунақ 9б
б Табаны /тасқа/ тақылдап, 2бунақ 8б
б Ауызда /тісі/ сақылдап, 2бунақ 7б
в Қаздарменен/ жарысты. 2бунақ 7б
г Сол уақыттар/ болғанда, 2бунақ 7б
д Үстіндегі/ жас/ бала 3бунақ 7б
в Басыменен /алысты. 2бунақ 7б
в Ауызддығы /қарысты, 2бунақ 7б
д Өлмей/ қолдан/ жас бала. 3бунақ 7б
в Беретін емес/ намысты . 2бунақ 8б
ж Көк/ ойын /болып/ көпірді, 3бунақ 8б
ж Өз /өзінен/ есірді, 2бунақ 7б
ж Ор/ киіктей/ секірді. 3бунақ 7б
з Шаңды/ шаңға/ қостырып, 3бунақ 7б
ж Келе/ жатқан/ секілді. 2бунақ 7б
и Қырқадан/ қырқа /асады. 2бунақ 8б
к Асқан/ сайын /Шұбарға 3бунақ 7б
и Көкей/ қамшы /басады. 2бунақ 7б
л Жері /келмей /жануар, 3бунақ 7б
и Арандай /аузын/ ашады. 3бунақ 8б
м Арандап/ шапқан/ уақытта, 3бунақ 8б
н Шұбар/ аттың/ бауыры 3бунақ 7б
ң Қырық /кездей/ созылды. 3бунақ 7б
р Шапқан /жерін /қарасаң, 3бунақ 7б
с Жер ошақ /болып/ қалыпты. 3бунақ 8б
т Әр /төбеден/ қылтылдап, 3бунақ 7б
т Найзаның /ұшы/ жылтылдап, 3бунақ 7б
у Келе/ жатқан/ секілді 3бунақ 7б
х Астындағы/ Шұбар/ ат, 3бунақ 7б
х Қолтығында /қос/ қанат 3бунақ 7б
қ Шұбар/ атқа /көз/ салсаң, 3бунақ 7б
қ Сауырына/ қарасаң, 2бунақ 7б
ш Төңкерген/ қара/ қазандай. 3бунақ 8б
қ Ту/ сыртына/ қарасаң, 3бунақ 7б
ш Суда/ жүзген/ сазандай. 3бунақ 7б
қ Құлағына/ қарасаң, 2бунақ 7б
ш Қиып/ қойған/ оюдай. 3бунақ 7б
қ Екі/ көзге /қарасаң, 3бунақ 7б
ш Парлап /жанған/ шырақтай. 3бунақ 7б
қ Танауына /қарасаң, 2бунақ 7б
ш Түбі /түскен/ шелектей. 3бунақ 7б
қ Бауыр/ етіне/ қарасаң, 3бунақ 8б
ш Мал/ жайлауы/ даладай. 3бунақ 7б
ч Омыраудың /екі/ арасы 3бунақ 9б
ш Салып/ қойған /көпірдей. 3бунақ 7б
Жанр түрі: өлең
Тақырыбы: Жануардың шабысы. Жануарды суреттеу.
Шумақ саны: 11 шумақ
Тармақ саны: 46 тарма
Бунақ саны: 2-3 бунақ
Буын саны: 7-8-9 буын
Ұйқас түрі: аралас ұйқас
