- •20 Балл
- •21. Жасужалық гистологиялық элементтер(Жасуша, симпласт, синцитий)
- •30 Балл
- •50 Балл
- •5. 26.Адам гаструляциясының екінші фазасы-иммиграция жайлы түсінік.Біріншілік жолақ,біріншілік түйіншек,біріншілік жүлге.Ұрық жапырақшаларының қалыптасуы.
- •6.27Адам ұрығының дамуының жалпы қауіп қатерлі кезеңдері:прогенез,имплантация,плацентация ,перинаталдық кезең .Олардың себептері және салдары:
21. Жасужалық гистологиялық элементтер(Жасуша, симпласт, синцитий)
Жасуша -
тірі организмдердің (вирустардан басқа)
құрылымының ең қарапайым бөлігі, құрылысы
мен тіршілігінің негізі; жеке тіршілік
ете алатын қарапайым тірі жүйе. Жасуша
өз алдына жеке организм ретінде
(бактерияда, қарапайымдарда,
кейбір балдырлар мен саңырауқұлақтарда)
немесе көп жасушалы
жануарлар, өсімдіктер және саңырауқұлақтардың тіндері
мен ұлпаларының құрамында кездеседі.
Тек вирустардың тіршілігі
жасушасыз формада өтеді.
13.
24. Жасушалық цикл-аналық жасушаның бөлінуі арқылы екі дара жасушалар пайда болуынан бастап, олардың әр бірінің бөлінуіне немесе өлуіне дейінгі кезеңді айтады.
Митоздық цикл- бір бөлінуден келесі бөлінуге дейін жасушада өтетін процестердің жиынтығы. Митоздық цикл екі кезеңнен тұрады: 1)интерфаза 2)митоз
интерфаза — жасушаның митоздық бөлінуге дайындық кезеңі
Митоздық беліну кезінде бір диплоидті жасушадан (2п) генетикалық материалы теңдей бөлінген екі диплоидті жасуша түзіледі. Митоз төрт фазадан тұрады: 1. Профаза. 2. Метафаза. 3. Анафаза. 4. Телофаза.
Профазада ядро көлемі үлкейіп, хромосомалар ширатыла бастайды, екі центриоль жасуша орталығы жасушаның полюстеріне ажырайды. Хромосомалар ширатылып, жіпшеге айналып, ядрошық бұзылады. Ядро кабықшасы ыдырайды. Жасуша орталығының центриольдері жасуша полюсіне тартылып, олардың арасындағы микротүтікшелері бөліну ұршығын түзеді. Профаза соңында ядро қабықшасы жеке фрагменттерге бөлініп, олардың шеткі ұштары қабысады. Нәтижесінде эндоплазмалық торға ұқсас ұсақ көпіршіктер түзіледі. Профаза кезеңінде хромосоманың ширатылуы тоқтамайды. Соңында қысқа әрі қалың хромосомаларға айналады. Ядро қабықшасы жойылғаннан кейін, хромосомалар цитоплазмада еркін әрі ретсіз орналасады. Бұл — метафазаның басталғанын білдіреді.
Метафазада хромосомалардың ширатылуы күшті жүреді және полюстерден бірдей қашықтықта орналасқан қыскарған хромосомалар жасуша экваторына бағытталады. Бөліну ұршығының түзілуі аяқталады. Хромосомалардың центромерлі бөліктері белгілі тәртіппен бір жазықтық бойына орналасады. Метафазада пентромер аймағында ғана байланыскан екі хроматидтен тұратын хромосома анық көрінеді. Әр хромосома екі хроматидтен тұрады. Экватор жазықтығына жинақталған хромосомалардың әрқайсысы ахроматин (бөліну жіпшесі) жіпшелеріне жабысады. Ахроматин жіпшесі бекінген хроматидтер жасушаның екі жақ полюсіне жылжиды. Бұл процесс анафазаның басталғанының белгісі.
Анафазада центромерлер бөлінелі де, осы кезеңнен бастап ахроматин жіпшелеріне бекінген хроматидтер бір-бірінея ажырап, жеке хромосомаларға айналады. Центромерлерге бекітілген жіпшелер хромосомаларды жасуша полюстеріне тартады, ал хромосома иықтары центромерлерге қарай енжар түрде ілеседі. Сонымен интерфаза кезеңінде екі еселенген хромосомалар анафазада хроматидтерге айналып, жасушаның полюстеріне ажырайды. Жасушаның әр полюсінде бір хроматидтен тұратын хромосома, яғни бүл кезеңде жасушада екі диплоидті хромосома жиынтығы пайда болады. Анафазаның соңында хромосоманың шиыршығы жазылады, хромосомалар біртіндеп жіңішкеріп ұзарады. Бұл — телефазаның бастамасы.
Жасушаның митоздық бөлінуін телофаза аяқтайды. Хромосомалар полюстерге жиналып, шиыршығы жазылып, нашар көрінеді. Цитоплазманың мембраналық құрылымынан ядро қабықшасы түзіледі. Жануарлар жасушасында цитоплазма екі кішкене мөлшерлі жасуша денешіктеріне тартылу арқылы бөлінеді. Оны цитокинез деп атайды. Олардың әрбіреуінде бір диплоидті хромосома жиынтығы пайда болады. Хромосомалар екі жас жасушаға тең бөлінеді. Ядрошық түзіледі. Бөліну ұршығы бұзылады. Аналық жасуша екі жаңа ұрпақ жасушаларына бөлінеді.
14. 28 Эпителий тіндерінің морфологиялық ерекшеліктерін атап оларға қысқаша сипаттама беріңіз.
Адам ағзасында ең көп тараған тіндердің бірі – эпителиалды тіндер немесе эпителий (грек. epi - над және thele - емізікше, жұқа тері). Ол дененің сыртқы бетін, ішкі мүшелердің шырышты және сірлі қабықтарын қаптайды, сондай - ақ көптеген безді эпителилер түзеді. Эпителидің үш түрін ажыратады: 1) жамылғы эпителилер; 2) безді эпителилер; 3) сенсорлы эпителилер (рецепторлы қызмет атқарады, сезу мүшелерінің құрамына кіреді).Эпителилерді жіктеуде алатын негізгі принциптер: олардың шығу тегі, орналасуы, құрылысы, қызметі. Сондықтан эпителийлердің бірнеше классификациясы бар: морфологиялық, функционалдық, генетикалық. Оның ішінде ең көп тарағаны морфологиялық жіктеу.Морфологиялық жіктеуде жасушалардың базальді мембранаға қатынасы мен олардың пішіндері көрінеді. Осыған байланысты эпителилер бір қабаттыжәнекөп қабатты болып екіге бөлінеді. Бір қабатты эпителиде барлық жасушалар базальді мембранамен байланысады, ал көп қабаттыда тек төменгі қабаттағы жасушалар ғана байланысқан..
Бір қабатты эпителилер бір қатарлы немесекөп қатарлыболуы мүмкін. Бір қатарлы эпителилерде барлық жасушалардың пішіндері бірдей - жазық, куб, призма тәрізді және олардың ядролары бір қатарға орналасады. Көп қатарлы эпителилердің жасушаларының пішіндері әртүрлі, ядролары бірнеше қатар болып орналасқан.
Көп қабатты эпителилер мүйізделген, мүйізделмеген және ауыспалы болып жіктелінеді. Жасушалардың үстіңгі қабаты мүйізделген қабыршаққа айналып, мүйіздену процесі жүреді. Мұндай эпителиді көп қабатты мүйізделген эпителий дейміз. Эпителиде мүйіздену процессі жүрмесе, онда көп қабатты мүйізделмеген эпителий дейміз.
Ауыспалы эпителийнесеп шығару жолдарын - қатты созылатын мүшелерді астарлайды.. Мүшелердің пішіндері өзгерген сайын, эпителидің қалыңдығы мен құрылысыда өзгереді.
15. 33.Бөлшектенудің анықтамасы,нәтижесіне анықтама беріңіз.
Бөлшектену-көп жасушалы бір қабатты ұрық бластула қалыптасуымен аяқталатын,зиготаның және одан пайда болған бластомерлердің,бірізді митоздық бөлінулер қатары.Эмбриогенездің осы бірінші сатысы барысында бір жасушалы организм-зигота көп жасушалы түріне –бластулаға айналады.
Ұрықтану нәтижесінде пайда болған зигота митоздың анафазасы мен телофазасынан өтіп,хромосомдық жиынтығын екіге бөледі.Одан кейін қалыптасатын бөлшектену жүлгесі цитоплазмасын бөліп, екі жаңа жасушалар –бластомерлер пайда болады.Митоздар аралығындағы интерфазалардың ұзақтығы қысқа болғандықтан,бластомерлер өсіп үлгермейді.
Бөлшектену сипаты цитоплазмадағы сары уыз мөлшеріне және оның көлемінде таралуына тәуелді .Адамның жұмыртқа жасушасы олигоцитальді және изолецитальді типіне жатады.Осыған орай.адам зиготасының бөлшектенуі толық-бөлшектену жүлгелері бластомерлерді толық ажыратады,біркелкі емес пайда болатын бластомерлерінің мөлшері тең емес,асинхронды-синхронды емес , яғни уақыт жағынан үйлесімсіз өтеді:2бластомерлер сатысынан кейін бластомерлердің бірі ерте,ал екіншісі кештеу бөлінеді.
16. 35.Тіндердің анықтамасын қысқаша сипаттап жазыңыз. Тін- құрылысы мен функцияларының ұқсастығы және кейде даму көзінің ортақтығы негізінде біріккен ерекше дифференцияланған жасушалар мен жасушалық емес құрылымдардың морфофункциялық жүйесі.Тіршіліктің құрылым ұйымының жеке деңгейі ретінде тін 3 белгімен сипатталады: 1.тіндік элементтерден; 2. Тіндердің бұл құрылымдық-функциялық элементтері өзара тәуелді болады және өзара тығыз әрекеттеседі;3.тін сыртқы және ішкі факторлардың әсерінен өз қасиеттерін болжмға сәйкес өзгертуге қабілетті, яғни ішкі анықтыққа ие. Тіндерді құрайтын басты элементтер- жасушалар. Тіндер арасындағы айырмашылықтар пайды болуының, яғни дифференциялануының, ең алғашқы себебі-нақтылы бір тіннің құрылымыбелгілі бір қызметтерді атқаруға маманданған жасушаларының басқа тіннің жасушаларына өзгеше болуы.
17. 36.Жабынды эпителийдің анықтамасы,орналасуын сипаттаңыз. Жабынды эпителийі-бұл шектеушілік тіндер.Дененің сыртын (жабынды), ішкі мүшелердің (асқазан,ішек,қуық т.б) кілегейлі қабықтарын және екіншілік қуыстарды тыстайды.Эпителий ағзаны, ондағы мүшелердің өзін қоршаған ортадан бөліп,зат алмасуға,соруға және сіңіруге қатысып,қалдық өнімдерді сыртқа шығарады(экскреця).
18. 37.Бездік эпителийдің анықтамасын жазыңыз. Барлық дерлік тіндер әр түрлі дәрежеде секрецияға, яғни өнімді- секретті өндіріп, бөліп щығаруға қабілетті.Секреторлық функция, әсіресе әсіресе эпителий тіндерінде жақсы дамыған; Секреторлық функция, әсіресе, эпителий тіндерінде жақсы дамыған; олар дәнекер тінмен бірігіп, секрецияға маманданған мүшелерді- бездерді құрайды. Безді эпителий, функциялық тұрғыдан – жетекші тін, яғни мүшенің паренхимасын құрайды. Бездік эпителийдің арқасында сүт,сілекей,асқазан және ішек сөлдері, өт,тер,тері майы өндіріледі, гормондық реттелу және т.б. атқарылады.
19. 39.Ішкі орта тіндердің сипатты белгілеріне(ортақ эмбриондық даму көзі-мезенхимадан дамуы, жасушааралық затының көп болуы,ортақ гомеостаздық функциясы)қысқаша сипаттама беріңіз.
Құрылысының ұсақ-түйек белгілері,физика-химиялық қасиеттерімен жеке функциялары бойынша өзгеше тіндерді бір кіші орта тіндер тобына біріктірудің себебі олардың мына маңызды ортақ белгілерге ие болуында:
1)ішкі орта тіндері онтогенезде ортақ эмбриондық бастамадан –мезодерма мен басқа эмбриондық көздерден пайда болатын аз дифференцияланған жасушалардың жиынтығы-мезенхимадан дамиды.Мезенхиманың өсінділі жасушалары әр түрлі бағыттарда дифференцияланып,қанның талшықты арнайы дәнекер тіндерінің ,тегіс бұлшықет,шеміршек және сүйек тіндерінің тегіс бұлшық ет шеміршек және сүйек тіндерінің даму көзі болуына қабілетті;
2)ішкі орта тіндерінің құрамында жасушаларын бір-біріне бөліп тұратын жасушааралық затының көп мөлшерде болуы.Бұл белгі оларды эпителий тіндерінен оңай ажыратуға мүмкіндік туғызады
3)олардың барлық түрлеріне ортақ гомеостаздық функция тән,яғни организмнің ішкі ортасының салыстырмалы динамикалық тұрақтылығын және организмнің негізгі орнықты функцияларын қолдау.
20. 41.Қанның құрамы(плазма,формалық элементтер-лейкоциттер,эритроциттер,тромбоциттер) анықтама беріңіз.
Қан екі құрамдастардан:а)сұйық жасушалардан б)онда қалқып жүретін формалық элементтерден-лейкоциттер,эритроциттер және тромбоциттерден тұрады.В)Қан көлемінің формалық элементтерге тиісті бөлігін гематокрит деп атайды және қалыпты жағдайда ол 40-45% құрайды.Гематокрит эритроциттердің жалпы көлемі жайлы мәлімет береді.Дәлірек айтқанда,ол формалық элементтерге қатысты қанда су мөлшерінің дәрежесін сипаттайды.Гематокрит қансырау,бүйрек жетіспеушілігі кезінде су-тұз алмасуының бұзылғандығын көрсетеді.
Қанды сапалық және сандық зерттеу нәтижелерінің жиынтығын гемограмма деп атайды.
Қан- күрделі қан жүйесінің бөлігі.Оған қоса лимфа,қан түзетін және қан ыдырататын мүшелер,дәнекер және эпителий тіндеріне миграцияға ұшыраған қанжасушалары,қан түзбейтін мүшелерде шоғырланған лимфоидтық тіндер жатады.
Қанның негізгі функциялары:
1.Транспорттық-әр түрлі заттарды тасымалдау.
2.Қорғаныштық-организмді бөгде және өзгертілген өз антигендерінен қорғауды қамтамасыз ету,лейкоциттердің әрекеттері арқасында микроорганизмдерді жою,зақымданғанда қан ұюы арқылы қансыраудың алдын алу.
3.Гомеостаздық-организмнің ішкі ортасының қатынасты динамикалық тұрақтылығын сүйемелдеу.
Қан плазмасы
Плазма-қанның формалық элементтерін шығарып тастағаннан кейін қалатын қанның сұйық жасушааралық заты.Ол қанның бірқатар функцияларын орындауға қатысатын судан(90-93%),ақуыздардан (6,0-6,5%),басқа органикалық қосылыстардан (0,5-2,5%) және бейорганикалық заттардан (1%) тұрады.
Қанның формалық элементтері нағыз жасушалардан-лейкоциттерден және постжасушалық құрылымдардан-тромбоциттер мен эритроциттерден тұрады.Формалық элементтер пісіп жетілген сайын қан ортасына түсіп отырады,мұнда тек эритроциттер мен тромбоциттер ғана тұрақты мекендеп,өз функцияларын атқарады.Ал лейкоциттер қанда уақытша ұшырасады.Капиллярлардың қабырғасы арқылы олар қан айналымынан дәнекер тінге миграциялап,мұнда әр түрлі функцияларды атқарады.
Эритроциттер-құрамында гемоглабині бар қызыл түсті,ядросынан айырылған жасушалар.Эритроциттердің құрылысы мен мөлшер саны олардың басты функцииясын-тыныс алуды қамтамасыз етеді.Эритроциттердің функциялары:1)тыныс алу-оттегі мен көмір қышқыл газын тасымалдау:2)транспорттық-аминқышқылдар мен токсиндерді және бірсыпыра дәрі-дәрмектерді плазмолеммасының бетінде адсорбциялап,тасымалдау.
Формалық элементтер арасында Эритроциттер-саны ең көбі.Сондықтан оларды микроскоппен анықтау оңайға түседі.Эритроциттер орталық қан түзуші ағзада-сүйектің қызыл кемігінде дамиды.Пішіні иен өлшемі бойынша эритроциттердің популяциясы біркелкі емес.Эритроциттердің орталық және шеткі аймақтарының қалыңдығы әр түрлі болу себебінен олардың 80-90% екі жағы ойыңқы диск пішінге ие болып,дискоциттер деп аталады. Эритроциттердің цитоплазмасында ядросы мен органеллалары жоқ.Көлемінің 66%-су,33%-гемоглабин ақуызы және 1%-басқа заттар.Олар бірігіп,ұсақ түйіршікті коллоидтық жүйе құрайды.
Тромбоциттер-қан табақшалары-сүйектің қызыл кемігінің мегакариоцит деп аталатын алып жасуша цитоплазмасының ядросыз фрагменттері.Өлшемі бойынша олар эритроциттерден бірнеше рет шағындау,перифериялық қанда тромбоциттер саны, қанның 1мм3 шаққанда 200-300мың құрайды.Тромбоцттердің негізгі функциясы-қансырауды тоқтату процестеріне тромб қалыптастыру мен қан ұюын белсендіру арқылы қатысу.Романовский-Гимза бойынша боялған қан жағындысында тромбоциттердің түсі ашық-көк.Әрбір қан табақшасы екі аймақтан тұрады.1)ашық-көк түске боялатын перифериялық бөлігі-гиаломерден және 2)түсі күңгірттеу,түйіршікті орталық бөлігі-грануломерден.
Лейкоциттер-қанның ақ жасушалары-ядросы,органеллалары және қосындылары бар қанның нағыз жасушалары.Морфологиялық және функциялық тұрғыдан алғанда бұл-ең көп түрлі жасушалар тобы.Олар сүйектің қызыл кемігінде дамып,пісіп жетілген сайын қан арнасына түсіп отырады.Қанда қысқа мезгіл ғана пассивті айналымда болып,лейкоциттер тамырдан белсенді түрде шығады да,тұрақты мекендеп,қызметтерін атқаратын және өмірін табиғи жағдайда аяқтайтын жеріне-тіндерге миграциялайды.Лейкоцитттердің саны перифериялық қанда эритроциттерден 1000 есе аз және 1мкл-3800-9000.Бұл көрсеткіш мөлшер саны қалыпты жағдайда жасқа,тәулік мезгіліне,физикалық жүктемеге және тағам қабылдауға байланысты өзгеріп тұруы мүмкін.Перифериялық қанда лейкоциттердің саны жоғары болуын лейкоцитоз деп атайды.Ал төмен болуын лейкопения деп атайды.
21. 62) Борпылдақ дәнекер ұлпаның (textus connectivus laxus) жасуша аралық заттегінде талшықтары аз, негiзгi түрсiз заттар көлемi үлкен, жасуша құрамы өте көп және әр түрлi болады. Олар барлық iшкi ағзалар құрамында кездеседi (ағзалар негiзiн (стромасын) құрады), қан, сөл тамырлары және жүйкелермен қоса жүредi, терi, кiлегейлi қабықтар құрамына кiредi. Борпылдақ дәнекер ұлпада жасушалардың екi түрi болады. Егер де онда жасушалар тұрақты қатысса - отырықшы (бекiтiлген), көшiп қонушы болса-кезеген деп, бөледi. Отырықшыларға-бiрiгу (адвентициялық), фибробластар (fibroblastus), фиброциттер (fibrocytus), май жасушалары (адипоциттер) жатады. Кезеген жасушалар өте жылжымалы, дәнекер ұлпаға қаннан келедi. Бұл топқа барлық лейкоциттер (түйiршiктi, түйiршiксiз) жатып, құрамы дәнекер ұлпаның кейбiр бөлiмдерiнде әртүрлi иммундық реакция, қабынуда өзгерiп тұрады.
БТДТ Организмдегi негiзгi коллаген түрлерiнiң таралуы
Ұлпалар және ағзалар |
|
I |
Терi, сiңiрлер, сүйектер, қасаң қабық, қағанақ, қызыл тамыр, бауыр, қатерлi iсiктер, дентин |
II |
Шемiршектер, омыртқа аралық дискiлер, шыны тәрiздi зат, қасаң қабық |
III |
Хориоамнион, ұрық терiсi, өкпе, қызыл тамыр, жатыр, ретикулин талшығы |
IV |
Негiзгi жарғақтар |
V |
Хориоамнион, қағанақ, терi |
VI |
Қан тамырлары, байламдар, терi, жатыр, өкпе, бүйректер |
VII |
Амнион, терi, өңеш, қасаң қабық |
VIII |
Эндотелийдiң себiндi ортасы, астроцитотомы |
IX |
Шемiршектер, омыртқа аралық дискiлер, шыны тәрiздi зат |
X |
Шемiршектер |
XI |
Шемiршектер, омыртқа аралық дискiлер, шыны тәрiздi зат |
22. 63) Тығыз дәнекер ұлпа (textus connectivus compactus) ерекшелiгiне, оның жасуша аралық заттегінде талшықтар (әсiресе, коллаген) басымдығы, негiзгi түрсiз заттар көлемiнiң шамалығы, жасуша құрамының шағындығы мен бiркелкiлiгi жатады. Бұл ұлпа қалыптасқан және қалыптаспаған болып бөлiнедi. Қалыптасқан тығыз дәнекер ұлпада коллагендi талшықтардың шоғырлары бiр-бiрiне параллель (салмақ ықпалы бағытына орай) орналасады. Олар негiзгi түрсiз затпен байланысады (45 сурет). Арнайы бояғышта олардың арасында жiңiшке эластин талшықтар торы байқалады. Фибриоциттерден басқа жасушалар аз кездеседi. Бұл ұлпаны тарамыс, байлам, шандыр, сiңiр, тығыз дәнекер ұлпадан тұратын бұлшық ет қабы, көк еттен көруге болады.
Тығызталшықты дәнекер ұлпасының жасушалары бірімен-бірі тығыз тор тәрізді жанасқан. Жасушааралық заттар аз, талшықтары көп болады. Теріде, сіңірдеі артериялық қантамырлардың қабырғасында орналасқан. Жасушалары бірімен-бірі тығыз орналасып, ұлпаның біркелкі беріктігін қамтамассыз етеді.
23.
87Адам гаструляциясының бірінші фазасы-деламинация туралы түсінік.Эпибласт пен гипобласттың анықтамасы,олардың туындамаларын атап,анықтама беріңіз.
Эмбрион дамуының 7-тәулігінде бейнеленген өзгерістермен бір мезгілде гаструляция процестері де басталады.Ұрықтық қалқаншаның бластоцельге таяу ұшының аласалау жасушалар мен олардың үстінде орналасқан биік жасушалары арасындағы адгезиялық әрекеттесуі әлсірейді.Нәтижесінде,алғашқыда біртұтас болған ішкі жасушалық масса немесе эмбриопласт екі қабатқа -эпибласт және гипобластқа ажырайды.Бұл құбылысты деламинация деп атайды.
Эпибласт- ішкі жасушалық массаның трофобластқа жанасқан биік призмалық сыртқы жасушалар қабаты.Гаструляцияның екінші фазасында эпибласттың жасушалық материалынан барлық үш ұрықтық жапырақшалар –эктодерма,мезодерма,энтодерма қалыптасады және ұрықтан тыс мезодерманың жасушалары пайда болады.
Гипобласт-эпибласттың астын төсейтін ұсақ куб пішінді жасушалардан құрылған жұқа қабат. Гипобласт жасушалары ұрық құрылымдарының қалыптасуына қатыспайды,олардың ұрпақтары тек қана провизорлық мүшелер құрамына кіреді.
