Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gista_dengey.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
690 Кб
Скачать
☆

50 Балл

1 . 13 Цитоплазманың құрамдас бөліктері (цитозоль, қосындылар, органоидтар, цитоскелет) – қысқаша сипаттамасын беріңіз.

ЦИТОЗОЛЬ- гиалоплазмалоплазма, цитоплазмалық матрикс , жасушаның сөлі ,негізгі заты- жасушаның ішкі ортасын құрайтын шар пішінді ақуыздар , РНҚ, полисахаридтер, иондардың коллоидты ерітіндісі болып табылатын жүйе.Ол жасуша көлемінің 55 құрайды.

Қызметтері: 1.-Құрамындағы молекулалар мен иондарымен жасушаның ішкі ортасын қалыптастырып, физиологиялық процестердің тиімді өтуіне қажет оның айтулы көрсеткіштерінің гомеостазын қамтамасыз ету ; 2.-Энергия алмасу процесінің алғашқы кезеңі – глюкозаның анаэробты немесе оттексіз ыдырауын , - глюколизін өткізу;3-май қышқылдарының синтезін цитозольде және жасушаның өз мүддесіне қажет ақуыздардың,мысалы гемоглабин,протеинкиназаның синтезін осында орналасқан еркін рибосомаларда өткізу.

Қосындылар – жасуша метоболизмі өнімдерінің гранулдар түйіршіктер , тамшылар, кристалдар түрінде қалыптасқан тұрақсыз жиынтықтары. Олардың ұшырасуы және мөлшері жасуша метоболизмі жағдайына тәуелді.Қосындылардың трофикалық, секреторлық, экскреторлық, пигменттік түрлері болады.

Оргоноидтар – жасуша тіршілігіне маңызды қызметтерді атқаруға мамандандырылған және зат алмасуға белсенді қатысатын цитоплазманың тұрақты бөліктері.

Цитоскелет – жасуша қаңқасы деп талшықты фибрилді және түтікті микротүтікшелер структуралардан құралған цитозоль ішіндегі үш өлшемді цитоплазмалық торды атайды. Цитоскелет жасушаға белгілі пішін беріп, оның қимылын, заттардың жасуша ішінде ретті тасымалдануын қамтамасыз етеді.қосу керек.

2.22 Гликокаликс туралы түсінік, химиялық құрамы, атқаратын функцияларын сипаттап жазыңыз.

Гликокаликс (glycocalyx, грек, glykys — тәтті, calyx — тостағанша) — барлық жасушалар плазмолеммаларымен тығыз байланысып, олардың сыртқы жарғақұсті қабатын (орташа қалыңдығы 3-4 нм) құрайды. Гликокаликс — тарамдалған тым жіңішке күрделі көмірсулар - гликопротеидтер мен гликолипидтер жіпшелерінен тұрады. Гликокаликсте жасуша плазмолеммасының сыртындағы күрделі молекулалы протеиндерді, майларды, көмірсуларды қорытып, оларды өздерінің қарапайым мономерлеріне айналдыратын ферменттер болады. Гликокаликс – жұқа жарғақша қабаты. Плазмолемма жасуша жарғақшасының ең қалыңы (7,5-11 нм). Оның сыртында қалыңдығы 3-4 нм жуық жұқа жарғақша қабаты-гликокаликс (грек. «glуkоs» - тәттi, «саlух» - қабық) орналасады. Плазмолемма арнайы құрылымды–жасушааралық байланысты, өзара iс-қимыл жасау қосылыстарын құруға қатысады.Ол құрылымдардың бiрнеше түрлерi болады. Олар қарапайым, күрделi болып бөлiнедi.

3.23

4. 25

Аналық жыныс жасушасы – жыныстық жетілу мезгілінен, яғни 12-14 жастан бастап, ұзақтығы 24-28 күндік әрбір овариальді-менструальді цикл соңында әйелдердің аналық жыныс бездерінде , әдетте бір ғана жыныс жасушасы пісіп жетіледі. Әйелдің репродуктивтік қызмет кезеңі аяқталғанша, яғни 45-50 жаста басталатын климаксқа дейін, 400 ге жуық пісіп жетілген аналық жыныс жасушалар дамиды. Овуляция немесе кемелденген овоциті бар Грааф көбікшесінің жарылуы нәтижесінде аналық жыныс безінен құрсақ қуысына шыққан ІІ- ретті овоцитті жатыр түтігінің шашақтары қағып алып, құйғышы арқылы жатыр түтігінің қуысына түсіреді. Мұнда оның пісіп жетілуінің мейоздық екінші бөлінуі басталып,метафаза тоқталады.Бұл процес ұрықтану кезінде жалғасады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]