- •20 Балл
- •21. Жасужалық гистологиялық элементтер(Жасуша, симпласт, синцитий)
- •30 Балл
- •50 Балл
- •5. 26.Адам гаструляциясының екінші фазасы-иммиграция жайлы түсінік.Біріншілік жолақ,біріншілік түйіншек,біріншілік жүлге.Ұрық жапырақшаларының қалыптасуы.
- •6.27Адам ұрығының дамуының жалпы қауіп қатерлі кезеңдері:прогенез,имплантация,плацентация ,перинаталдық кезең .Олардың себептері және салдары:
5. 26.Адам гаструляциясының екінші фазасы-иммиграция жайлы түсінік.Біріншілік жолақ,біріншілік түйіншек,біріншілік жүлге.Ұрық жапырақшаларының қалыптасуы.
Гаструляцияның екінші фазасы-иммиграция құбылыстары(жасушалардың орын ауыстыруы,көшуі) дамудың 9 тәулігінде басталып,әсіресе,3-аптасында ұрықтық дискіде белсенді өтеді.Олардың ең маңызды нәтижесі-біріншілік жолақ,үш ұрықтық жапырақшалар,хорда және нерв түтікшесінің қалыптасуы.Осы кезге дейін екі қабатты ұрықтық дискінің дорсальді бетінің пішіні дөңгелек табақшаға ұқсап келсе,мұнан былай үш қабатты ұрықтың краниальді (бас ) бөлігі кеңейіп,каудальді (құйрық ) бөлігі тарылады да,тұтас алғанда,ұрық краниакаудальді бағытта ұзарады.Дамудың 14-тәулігінде ұрықтық дискінің алдыңғы және бүйір бөліктерінде орналасқан эпибласт жасушалары,белсенді пролиферацияға (көбею) ұшырағандықтан орнына сыйыспай,екі тасқын түрде ұрықтың алдыңғы ұшынан каудальді және де бүйірінен медиальді бағытта миграциялайды.Олар ұрықтық дискінің каудальді бөлігінің дорсальді бетінің ортасында қақтығысып қосылысады да,нәтижесінде,краниакаудальді бағытта созылып орналасқан эпибласттың ұзындық қалыңдану аймағы-біріншілік жолақты құрайды.Бұл құрылым-болашақ энтодерма,мезодерма және эктодерма жапырақшаларының даму көзі.Бас жағында біріншілік жолақ тығыз жинақталған жасушалардан тұратын кеңейген бөлігі-біріншілік түйіншекпен аяқталады.Ол ортасында пайда болған ойыс-біріншілік шұңқырды көтеріңкі аймақ түрінде қоршап тұрады.Инвагинация нәтижесінде,біріншілік жолақтың нақ ортасында қалыптасатын ұзына бойы ойыс-біріншілік жүлге және біріншілік шұңқыр арқылы біріншілік жолақтың жасушалық материалы эмпибластың астына қарай батып,гипобласпен оның арасында жайылып көшеді.Бірте-бірте бұл процес ұрықтық жапырақшалардың пайда болуына әкеледі.Нақтырақ айтсақ,алғашқы ретте біріншілік жолақтың алдыңғы бөлігінің жасушалары көшіп шығып,астындағы гипобласт жасушаларын латеральді және басына қарай ығыстырып,орын басады да,болашақ ұрықтық энтодерманы құрайды.Жоғарыда қарастырылғандай екі аптаның соңында біріншілік жүлгенің артқы бөлігі арқылы өтіп,ұрықтық дискінің бүйірлеріне және алдына қарай миграцияға ұшыраған эмпибласт жасушалары ұрықтан тыс энтодерманың сыртында орналасқан ұрықтан тыс мезодермаға айналады.Таралуын үшінші апта бойы жалғастырып,олар амниондық және сары уыз көопіршіктерін сыртынан қаптайтын ұрықтан тыс спланхникалық,мезодерманы,цитотрофопласты іш жағынан төсейтін хориальді табақшаны,жәнеде ұрықпен трофобласты байланыстыратын дәнекер сабақшаны қалыптастырады.Олардан кейін инвагинацияланған эпибластың көшкін жасушалары ұрықтың бос ұшына қарай және латеральді бағытқа ығысып,эктодерма мен эндодерма арасында орналасқан мезодерманы құрайды.Ұрықтың ортаңғы сызығында,біріншілік шұңқыр алдында орналасқан эпибластың бас бөлігінің жасушалық материалы белсенді пролиферацияға ұшырап,біріншілік түйіншекте жинақталады.Біріншілік шұңқыр арқылы эпибластың астына инвагинацияға ұшырағаннан кейін,олар мезодерманың бос орналасқан жасушалары арасында,ұрықтың краниалды бөлігіне қарай түтікше тәрізді бос өсіндісі түрінде бағыттап,болашақ біліктік склеттің материалы-хорданы қалыптастырады.
