- •20 Балл
- •21. Жасужалық гистологиялық элементтер(Жасуша, симпласт, синцитий)
- •30 Балл
- •50 Балл
- •5. 26.Адам гаструляциясының екінші фазасы-иммиграция жайлы түсінік.Біріншілік жолақ,біріншілік түйіншек,біріншілік жүлге.Ұрық жапырақшаларының қалыптасуы.
- •6.27Адам ұрығының дамуының жалпы қауіп қатерлі кезеңдері:прогенез,имплантация,плацентация ,перинаталдық кезең .Олардың себептері және салдары:
6.27Адам ұрығының дамуының жалпы қауіп қатерлі кезеңдері:прогенез,имплантация,плацентация ,перинаталдық кезең .Олардың себептері және салдары:
Онтогенезді және оның алғашқы кезеңі болып табылатын эмбриогенезді өте ойлы-қырлы жерде ағатын өзенге ұқсатуға болды.Бір кезеңдері терең алқапта аққан өзеннің арнасындай орнықты болса ,басқа кезеңдері тегіс немесе дөңес жерлерге жайылып ,бірнеше салаларға тасып аққан өзен сияқты құылмалы болады.
Қауіп-қатерлі кезеңдер туралы түсінік .Кризистік кезеңдер деп әртүрлі зақымдатқыш факторлар әсеріне ұрық дамуының ең сезімтал кезеңдерін айтады.Басқаша айтсақ бұл-сыртқы орта факторларының әсеріне ұрық ресистенттігінің ең төмен кезеңдері.Кризистік кезеңдерде,тіпті өте әлсіз әсерлер де дамудың бұдан былайғы барысында ықпалын тигізіп ,әртүрлі ауытқуларға ұшыраттады .Мысалы дамушы ұрық өттектің тапшылығына ,ыстық немее суыққа ,механикалық әсерлерге сезімтал болып келеді .Бірақ ұрық кез келген кезеңдерңд барлық зақымдағыш факторларға бірдей сезімтал емес.Бір кезеңдерде ол температуралық әсерлерге сезімтал болса,басқасында –химиялық заттарға сезімтал болады.Эмбрион қауіп қатерлі факторлардан өтіп жатқанда аналық организм зақымдатқыш факторлардың әсеріне ұшыраса ,олардың салдары залалды болуы даусыз .Бұл кезде жүкті әйелдің зат алмасуының бұзылуы ,витаминдер тапшылығы немесе артықтығы,жұқпалы және эндокриндік аурулармен науқастануы эмбриондық дамудың ауыр бұзулуларын тудырады.Ауытқулар мен кемтарлықтардың алдын алу үшін осы заңдылықтар жүкті әйелдер және олардың денсаулығын бақылайтын дәрігерлердің назарынан тыс қалмауы тиіс.
Ауытқулар мен кемтарлықтардың себебі –детерминация процестерінің бұзылуы.Қауіп-қатерлы кезеңдерде ұрықтардың метоболизмі қатты өзгеріске ұшырайды,тыныс алуы күшейеді,РНҚ мөлшері өседі,бұрын болмаған ақуыздар синтезделеді.Сонымен бірге ұрықтың өсу қарқыны болмаған ақуыздар синтезделеді.Сонымен бірге ұрықтың өсу қарқыны баяуланады,бірақ сапалық қайта құрылу ұлғаяды.Осы мәліметтерді талдап көрсек ,қауіп-қатерлі кезеңдер жеке мүшелердің немесе мүшелер жүйесінің детерминациясы ,морфологиялық дифференциялану кезеңдері басталуына тура келетінін байқаймыз.Нақтылы гендердің белсенділігі крисистік кезеңдергң тура келеді және осы кезде зақымдатқыш факторлар әсерінен пайда болған ауытқулар мен кемтарлықтар мутацияларға ұқсайды.
Адам ұрығы дамуының негізгі кауіп –қатерлі кезеңдері.Әйгілі орыс эмбриолыгы П:ГСветлоа адам ұрығы дамуында мына крисистік кезеңдердің маңызды екенігін көрсетті :Имплантанция жұрықтанудан кейінгі- 6-7 тәуліктер ,плацентация жүктіліктің екінші аптасының соңы ,және перинатальді кезең босану кезеңі.Өмір сүру ортасының өзгертітуліне бейімделу үшін ,ұрықта жаңа талаптарға сәйкес өзгерістер өтуі тиіс .Сондықтан ұрықтың қан айналым ,газ алмасу ,қоректену сипаттары өзгертілді.Осы кездерде әсерін тигізі пзақымдатқыш фаторлар эмбрион дамуын тоқтатып түсктерге ,өлі туылуға ұшыратады.Бұлорганизмге ортақ осныдай жалпы кризистік кезеңдерге қосымша ,адам эмбрионы дамуының әртүрлі мерзімдерінде жеке мүшелер дамуын әсіресе мидың орны бөлек .Себебі ,ол қоршаған тіндер мен мүше болып табылады.Кейін дамушы мида жасушалар бөлінуі өте қарқанды өтеді ,минутына 2000митоздар .Осы процестер қалыпты атқарылуы үшін ұрықтың трофикасы қолайлы жағдайда өтуі тиіс.Керісінше ,планценталық барьерден өткен зақымдатқыш фокторлар ,мысалы алькоголь,есірткі,никотин,дәрілер ,басқа д химиялық заттар нәрестенің тіндерінде тіндерінде жиналып ,мидың дамуын бұзады .Сол себепті ,дамудың тура біткен ақаулары арасында ең жиі ұшырасатын түрлері –нерв жүйесінің ақаулары арасында ең жиі ұшырасатын түрлері –нерв жүйесінің ақаулары анэнцефелия –мидың жоқтығы,микроцефелия мидың кішкентай болуы ,ми және жұлынның жарықтары.Сонымен жалпы қарастырңанда адам онтогенезінің бірнеше қауіп қатерлі кезеңдерін атап кетуге болады,.1Прогенез –жыныс жасуларының дамуы2 ұрықтану -3.имплантация дамудың -7-8 тәуліктері4. мүшелердің білік бастамаларының дамуы және плацента қалыптасуы дамудың 3-8 апталары 5.мидың қарқанды өсуі 6,организмнің негізгі функциялық жүйелердің қалыптасуы және жыныс аппаратының дифференциялануы 20-24 апталар 7.нәрестенің дүниеге келуі 8.нәрестелік кезең 1 жасқа дейін 9.жыныстық жетілу 11-16 жас .
7.29Бездік жасушалар-гландулоциттердің сипаттамасын беріңіз.
Бездік эпителий секреторлық немесе бездік жасушалардан-грандулоциттерден(лат.glandula-без;гр. cytus-жасуша)тұрады.Көп жасушалы бездерде олар секреторлық бөліктерін құрайды.Бұл жасушалар секретті синтездеуге,жинақтауға және шығаруға маманданған.Гландулоциттердің жоғары метаболизмдік белсенділігін оның құрылымынан байқауға болады.Бездік жасушаның базальді бөлігіне жақын орналасқан ядросы-ірі және ашық эухроматині көп,яғни генетикалық тұрғыдан белсенді,ішіндегі ядрошығы да ірі.Синтездік және секреторлық аппараттары цитоплазмасында жақсы дамыған.Жасушаның полярдығына байланысты олардың таралуы біркелкі емес.Органеллалардың жеке түрлерінің даму дәрежесі өндірілетін секреттің химиялық табиғатына байланысты.Мысалы: ақуызды сөл өндіретін жасушаларда грЭПТ жақсы дамыған , стероидты гормон өндіретін жасушалардан- грЭПТ.Секреторлық жасушаның жоғары мөлшердегі энергетикалық шығындары митохондриялардың көптігінен жабылады.
8. 30. Қанның негізгі функцияларын атап өтіңіз.
1.Транспорттық әр түрлі заттарды газдар гормондар, ақуыздар,иондарды, және тб тасымалдау. Қанның осы функциясының арқасында бір қатаржеке функциялар атқарылады:а)тыныс алу оттегіні өкпеден тіндерге және көмірқышқыл газын тіндерден өкпеге тасымалдау б)трофикалық қоректік заттарды жасушалар мен тіндерге тасымалдау в)эксреторлық тіндер метаболизмінің ақырғы өнімдерін, бөгде заттарды сыртқа шығару г)регуляциялық әр түрлі тіндер жасушаларының функцияларын реттейтін биологиялық активті заттарды тасымалдау д)термо-регуляциялық мүшелер арасында жылуды және оны сырқы ортаға шығару
2Қорғаныш организмді бөгде және өзгертілген өз антигендерінен қорғауды қамтамасыз ету,лейкоциттердің әрекеттері арқасында микроорганизмдерді жою, зақымдалғанда қан ұюы арқылы қансыраудың алдын алу
3 Гемеостаздық организмнің ішкі ортасының қатынасы динамикалық тұрақтылығын сүйемелдеу
Бұл функциялар плазманың химиялық құрамы мен қанның формалық элементтерінің әр түрлі ерекшеліктері арқасында жүзеге асырылады.
9. 32
10. 38.
11. 40.
12. 43.
Эритроциттердің функциялары: тыныс алу, транспорттық, регуляциялық және қорғаныштық түрлеріне қысқаша сипаттама беріңіз ?
Эритроциттер-(гр.erythros-қызыл,cytys-жасуша-құрамында гемоглобині бар қызыл түсті, ядросынан айырылған жасушалар (постжасушалық құрылымдар). Эритроциттердің құрылысы және мөлшер саны олардың басты функциясын-тыныс алуды қамтамасыз етеді. Бұған қоса эритроциттердің бұл сипаттамаларының кейбір патологиялық процестерді диагностикалауда маңызы зор. Эритроциттердің функциялары: 1)тыныс алу-құрамында темір молекуласы бар гемоглобин ақуызының көмегімен оттегі көмірқышқыл газын тасымалдау; 2)транспорттық-аминқышқылдар мен токсиндерді және бірсыпыра дәрі-дәрмектерді плазмолеммасының бетінде абсорбциялап,тасымалдау; 3)регуляциялық және қорғаныш-плазмолеммасының бетінде бірнеше биологиялық активті заттарды,иммуноглобулиндерді,комплемент жүйесінің ақуыздарын тасымалдау.
13. 51.
14. 52 .
15.54.
16.55.
17.56
18.57
19.58
20. 71. Остеобластар, остеоциттер, остеокластар сүйек тінінде орналасу ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз.
Остеобласттар мен остеоциттер сүйек тінінің негізін түзетін жасушалары.Остеобласттар сүйек қабы астында және сүйектің регенерацияланатын жерінен орын алады.
ОСТЕОБЛАСТТАР бөлініп көбейетін,осыған байланысты сүйек сынған жерінде көбейіп,сүйек балкасы болып табылатын құрылым түзеді. Бұлардың пішіні әр түрлі:куб тәрізді,пирамидальді,кейде көпбұрыш болып та келеді. Мөлшері 15-20 мкм. Ядросы дөңгелек,цитоплазмада эксцентрлі орналасқан,ядросы бірнешеу. Цитоплазмасында жақсы жетілген түйіршікті эндоплазмалық тор,миохондриялар және Гольджи комплексі болады.
ОСТЕОЦИТТЕР – сүйектің дефиниттифті (тұрақты) жасушасы,бөліну қабілетін жойған пішіні өсінділі,құрамында ірі ядросы мен әлсіз базофильді болған цитоплазмасы бар. Олар сүйектің қуысында(лакуналарында) орналасады.Мұндай қуыстардың ұз 22-25 мкм,ені 6-14 мкм іші сұйықтыққа толы. Сүйектегі зат алмасу процесі оның ішінде остеоциттер мен қантамырлар арасындағы осы тін сұйықтығы арқылы жүзеге асады.
ОСТЕОКЛАСТАР –гематогенді,известелінген шеміршек пен сүйекті бұзады. Диаметрі 90 мкм,құрамында көптеген ядрлары бар жасуша. Сүйектің патологияға ұшыраған беткейін қараған аймақта көптеген цитоплазмасынан шыққан қатпарлары болады.Осы жерден гидролитикалық ферменттер секрециясы өтіп,синтезделінеді.Ал,екінші аймағы остеокластардың бөлігі ашық түсті,органеллалары аз,бірақ актин микрофиламенттері бар.Остеокластардың қатпарланған аймағының шетінде көптеген майда көпіршіктер мен вакуолалар орналасқаны байқалады.
21. 72. Бұлшықет тіндерінің жалпы морфофункцилық бірлігіне анықтама беріңіз»,
Ет тіндерінің жіктелуіне негіз етіп морфофункционаьді және гистогенетикалық ерекшеліктері алынған.Морфофункциональді жағынан құрамындағы жиырылғыш органеллаларына байланысты екі топқа бөлінеді.
Бірінші-топқа көлденең жолақ бұлшықет тіндері,цитоплазмасында кезектесе орналасқан миозин мен актин филоменттері бар.
Екіншісіне-тегіс салалы ет тіні,полимерзациялану қасиеті кальций ионның қатысуы арқылы жүзеге асатын,бұлар да көлденең жолақтары жоқ ,бірыңғай орналасқан-миоциттері болады.
Шығу тегіне немесе гистогенетикалық ерекшеліктеріне байланысты ет тіндері бес топқа жіктеледі:а) мзенхимадан дамыған тіндері;б)эпидермалді (тері эндодермасы мен прехордиальді пластикасынан дамыған) в) нейральді (нерв ттігінен дамыған) г) целомды (сомиттің миоэпикариальді пластинкасының висцеральді жапырақшасынан),д)сомаикалық (миотомнан дамыған).Алғашқы үш тобы тегс салалы ет тіндеріне жатады.Ет жасушалары-миоциттер,ал ет талшақтары-симпасттар болып саналады.
22. 74. Нейрондардың функциялық классификациясы.
Функциялық қасиеттері бойынша немесе реффлекторлық доғада алатын орнына байланысты нерв жасушаларының 3 типін ажыратады: афференттік, эфференттік және ендірме.
Афференттік сезімтал немесе сенсорлық нейрондар. Олар сезімтал нерв ұштарымен аяқталатын дендриттерімен спецификалық тітіркендіргіштердің әсерін қабылдайтын нерв жасушалары. Олар соңғылардың энергиясын қозуға және нерв импульсіне айналдырып, оны аксондары мен ендірме нейрондарға немесе эфференттік нейрондарға өткізеді.
Ендірме немесе интернейрондар – рефлектолық доғада аралық орналасуына байланысты, нерв импульсін афференттік нейроннан эфференттікке айналдырып отырады. Нерв жүйесінің нерв жасушаларының көпшілігі ендірме нейрондар.
Эфференттік нейрондар – эффекторлық, яғни қимылдатқыш немесе секреторлық нерв ұштары арқылы нерв импульстерін жұмысшы ағзаларға (бұлшықеттер мен бездерге) жеткізіп, олардың әрекет етуіне түрткі болаты нейрондар.
23. 78. Гистологияның негізгі зерттеу әдістері
Гистологияның бірнеше атқаратын зерттеу міндеттері бар. Сол міндеттерді жүзеге асыру үшін гистологияда түрлі зерттеу әдістері қолданылады:цито- және гистохимиялық,иммуноцито- және иммуногистохимиялық,авторадиографиялық,in situ (орналасқан жерінде,өз орнында)гибридтеу әдісі, т.б.Алғашқыда бұл әдістер ғылыми зерттеуде теориялық мәселелрді шешуге қолданылса,бірте-бірте клиникалық практикада диагноз қою үшін де қолданыла басталды.
1.Цито- гистохимиялық әдістер арқылы жасушалар мен тіндердің құрылымдарындағы әртүрлі нақтылы химиялық қосылыстардың мысалы,(нуклейн қышқылдары,липидтер,көмірсулар,кальций,темір.)мөлшері және орналасуы айқындалады.Бұл спецификалық химиялық реакцияларға негізделеді.Гистологиялық реакция нәтижесінде айқындалушы зат боялынған немесе оптикалық тығыздығы жоғарылаған өнімге айналады.Мысалы,метилді жасыл және пиронин бояуларын қолданатын гистохимиялық Браше әдісімен бір мезетте ДНҚ мен РНҚ-ны айқындауға болады.Бқл жағдайда метилді жасыл хромосомдардың ДНҚ-сын жасыл түске ал пиронин ядрошық пен цитоплазманың РНҚ-сын қызыл түске бояйды.
2.Иммуноцито- және иммуногистохимиялық зерттеу әдістері жасуша мен тіндер құрамындағы антигендік қасиеті бар заттарды айрықша дәлдікпен айқындауды қамтамасыз етеді.Антиген деп организмге түскен жағдайда ,онда иммундық жауап туғызатын,яңни ол организмде антиденелердің түзілуіне түрткі салатын,бөгде заттарды атайды.Антиденелер өте ұсақ болып табылатын антигендерді,мысалы тек бір аминқышқылдан айырмашылығы бар екі ақуыздарды айқындай алады.Сонымен,егерде микроскопияға дайындалған препаратты алдын ала флуоресцентті бояумен байланыстырылған антиденемен өғдесек,онда ол жасуша құрамындағы өзіне сәйкес антигенмен молекулалық деңгейде өте жоғары дәлдікпен байланысады.Флуоресценциялық микроскоп арқылы мқндай антигеннің жасуша ішінде ораласуын көруге болады.Иммуноцито- және иммуноогистохимиялық әдістер арқылы морфолгиясы ұқсас,бірақ әр типтердегі жататын жасушаларды олардың антигенді белгілеріне негізделіп айырып тануға,синтездік және секреторлық процестерді зерттеуге,гормондар мен рецепторларды айқындауға болады.
3.Авторадиографиялық әдіс радио-активті изотоптармен таңбаланған заттардың тіндерде орналасуын,зат алмасуғу қатысуын айқындауға болады.Изотоптар ретінде 3Н,14С,32Р,35S,127J,131J қолданылады.Таңбаланған зат экспериментте жануар организміне немесе зерттелінуші жасушалар мен тіннің бөлшектері өсіп жатқан жасанды ортаға-дақылға егіледі.Ол алғашқы шикі зат ретінде жасушалардан өтіп жатқан зат алмасу процестеріне өатысып,түзіліп жатқан макромолекулалар құрамына енеді.Зерттелінуші материалдан жасалынған кесінділердің бетін қараңғыда фотоэмульсиямен қаптау қажет.Белгілі мезгілді экспозициядан ейін фотоэмульсияны шығарсақ,мұндда таңбалы заттың орналасуына сәйкес қара түйіршіктер көрінеді.
4.In situ(орналасқан жерінде,өз орнында)щерттеу әдісі ДНҚ немесе РНҚ нуклеотиттерінің бір ізділігін өз орнында.яғни гистологиялық препаратта айқындауға мүмкіндік туғызады.Соның арқасында нақтылы гендердің хромосома бойында орналасуын және олардан транскрипцияланған өнімдердің жасуша ішінде таралымын зерттеуге болады.
Бқл әдісті қолдану кезінде in situ қатты қыздыру арқылы жасушаның ДНҚ-сын денатурацияға ұшыратады.Нәтижесінде,екі тізбекті ДНҚ бір тізбекті түріне айналады.Өлшемі үлкен осы молекула бойында нуклеотидтер бір ізділігін анықтау үшін арнайы ДНҚ-немесе РНҚ –зондтар қолданылады.Олар нуклеотидтік бір ізділігі белгілі радиоктивті таңбаланған бір тізбекті ДНҚ немесе РНҚ-ның шағын фрагменттері.
Препаратта осындай ДНҚ зондты еккен жағдайда.олар жасушада ДНҚ-сының кез келген емес,тек қана өздеріне комплементарлы бөліктерімен байланысады.ДНҚ-ның мұндай бір ізділіктерін фотоэмульсиямен өңделген препаратта,хромосомдар бойында орналасқан ерекше қара нүктелер түрінде микроскоп арқылы көруге болады.
5.Жасушаларды,тіндерді және мүшелерді организмнен тыс зерттеу оларды жасанды жағдайда өсіруге ,яғни жасушалық және тіндік дақылдарды қолдануға негізделген.Бұл әдісті тұтас организмнен бөліп алныған тірі жасушалар,тіндер және мүшелердің қызметтерін,әртүрлі факторлардың олардың өсуіне,дифференциялануына,синтездік,секреторлық т.б. процестеріне әсерлерін зерттеу үшін қолданады.Соңғы жылдары тіндер мен жасушаларды өсіру медициналық практикада трансплантация үшін материал алуға қолданылады.Мысалы трансплантат ретінде-қан тамырларының қабырғасын құрайтын эндотелиоциттерді,лейкозды емдеу үшін қажет сүйектің қызыл кемігін және т.б. кіреді.
24. 80. Бездердің классификациясы
Барлық тіндер әр түрлі дәрежеде секрецияға қабілетті. Секреторлық функция әсіресе эпителий тіндерінде жақсы дамыған; олар дәнекер тіндерімен бірігіп, секрецияға маманданған мүшелерді – бездерді құрайды.
Бездердің классификациясы мына белгілеріне негізделіп жасалынған:
Безді құрайтын гландулоциттердің( бездік жасушалардың) санын қарай бездер дара жасушалы және көп жасушалы болып бөледі. Көп жасушалы бездер екі типті жасушалардан тұрады: секреторлық – сөл өндіретін және шығарушы түтіктің жасушалары – түтіктер жүйесін құрайтын.
Өндірілген секреттің шығарылатын жеріне қарай бездерді 3 негізгі типтерге бөлінеді: эндо-, экзо- және паракриндік. Экзокриндік бездер – секретті дененің бетіне немесе қуысты мүшелердің ішіне шығаратын шығарушы түтіктермен жабдықтлған тіндер. Эндокриндік бездер – шығарушы түтіктері жоқ, сондықтан гормондар деп аталатын секреторлық өнімдерін жасушалардың базальды полюсы арқылы ішкі ортаға шығаратын бездер. Олар да дара жасуша немесе көп жасуша түрінде болуы мүмкін. Паракриндік бездер – өз өнімдерін интерстицийге, яғни мүшенің стромасын құрайтын борпылдақ талшықты дәнекер тінге бөлінетін бездер.
Секретті бөліп шығару әдісіне қарай бездердің 3 типі ажыратылады: мерокриндік, апокриндік, голокриндік.
Мерокриндік бездер - плазмалемманы зақымдамай және жасуша құрылымдарын бұзбай секретті экзоцитоз немесе диффузия құбылыстарымен сыртқа шығару.
Апокриндік бездер – секретпен бірге цитоплазманың апикальді бөлігі немесе микробүрлерінің ұштары да бөлінеді.
Голокриндік бездер – дифференциялануы кезінде кариопикноз және цитоплазмасының түбегейлі өзгерілуі – дегенерациясы нәтижесінде гландулоциттер тоығымен бұзылады да секретке айналады.
Өндірілген секреттің химиялық құрамы бойынша: шырышты(мукоцин-гликопротейнді), серозды(ақуызды), аралас(ақуызды-шырышты), липидті(майлы) және басқа түрлерә ажыратылады.
25. 81.Нерв тінінің даму көздері(нейроэктодерма,плакодалар) жайлы түсінік беріңіз.
. Нерв тіні эктодерманың қалыңдаған дорсальды бетінен дамиды, бұл аймақ нерв пластинкасы (табақшасы) деп аталады. Пластинкалардың жиегі қалыңдап, нерв төмпешектері сияқты көтеріледі. Бұлардың арасында нерв байланысы пайда болады. Нерв пластинкасның көтерілген жиектері бірте-бірте жақындасып бірігіп кетеді. Біріккен нерв пластинкасы нерв түтігіне айналады және үстінде жатқан эпидермалды эктодермадан бөлектенеді. Нерв пластинкасындағы жасушалардың бір бөлігі эпидермалды эктодерманың де, нерв түтікшесінің де құрамына кірмей, олардың ортасында нерв жотасы ретінде жасушалары сирек түрде жинақталады. Жота жасушалары латералды және вентральді бағытта көше бастайды. Бас бөлігінде жота жасушалары ми сауыты нервтерінің ядроларының пайда болуына қатысады, бұлардың екінші даму көздері болып нейтралды плакодалар табылады. Көкірек бөлігіндегі жота жасушалары екі ағынға бөлінеді. Біріншісі, жоғары ағын жасушалары эктодермамен мезодерманың арасына орналасып, терінің пигментті жасушаларына бастама береді. Екіншісі, төменгі ағын жасушалары терең және вентральді бағытталып, сомитпен нерв түтікшесінің, сомиттен көшіп шыққан мезенхима жасушаларының арасынан өтеді. Бұл жасушалардан спиналдық (арқа жақ) ганглиі мен автономдық нерв жүйесінің ганглийлерінің нейрондары, нейроглия, леммоцит жасушалары қалыптасады. Нейтралды плакодалар мен қалыптасу кезіндегі бастың екі жанында орналасқан эктодерманың қалыңдауын айтады. Жоғары омыртқалыларда бұлар анық шектелмеген, бірақ экспериментте осы қалыңдаған жерлерден көшкен жасушалар V, VІІ, ІХ және Х бас ми сауыты нервтерінің дамуына қатысатындары дәлелденген. Эмбриогенздің алғашқы сатыларында нерв түтігі вентрикулярлы және нейроэпителиалды жасушалардан тұратын көп қатарлы нейроэпителий көрінісіне ие. Вентрикулярлы жасушалар цилиндр пішінді болады, олардың апикальді өсінділері нерв түтігінің ішкі қуысымен шектесіп саңылау сияқты байланыстармен байланысады. Базалды ұштары субпиальдік шектеуші мембранамен жанасады. Вентрикулярлы жасушалардың ядроларына уақтылы мерзімге байланысты қозғалып орнын өзгертіп тұру тән: премитотикалық жасушалардың ядролары терең орналасады, профаза кезінде ядролары жоғарғы бетіне қарай жақындап бөлінеді, жаңадан пайда болған апалы-сіңлілі жасушалардың ядролары тереңірек орналасуға батып кетеді. Эмбрионалдық даму кезінде вентрикулярлы жасушалардың көбею қабілеттері төмендейді, ал туылғаннан кейін тіпті байқалмайды. Морфологиясы бойынша ұқсас вентрикулярлы жасушалардың жетілген әғғндегі түрлі жасушаларға дифференциялану қабілеттері біркелкі емес. Бұлардың жартылары нейроциттерге бастама берсе, басқалары глиальді жасушаларға: эпендимоциттерге, астроциттерге және олигодендроглиоциттерге береді. Гистогенез мидың кейбір аймақтарында жылдам өтеді, сондықтан вентрикулярлы жасушалары цилиндр сияқты пішіндері мен жылжыту қабілеттерін жоғалтады бірақ көбею белсенділігі жоғары түрде сақталынады. Бұл жасушаларды субвентрикулярлық және экстравентрикулярлық пейрогерминативтік (камбиальді) жасушалар деп атайды. Келешекте олар нейроциттердің кейбір түрлері мен глиальді жасушаларға бастама береді. Туылғаннан кейін суб- және экстравентрикулярлы жасушалар біраз уақыт тіршілік етеді, мысалы адам мишығындағы экстравентрикулярлы камбиальді аймақ, постнаталдық онтогенездің 20-шы айында жойылады. Бас миындағы вентрикулярлы, суб- және экстравентрикулярлы көбеюші аймақтардан көшіп шыққан жас нейрондар бөліну қабілеттерін тез жояды, ал жетілмеген глиальді жасушалар (глибласттар) көшіп шыққаннан кейін де белсенді түрде қабілеттерін жоғары түрде сақтайды. Жетілген астроциттер мен олигодендроглиоциттер де осы қабілеттерін толық жоймайды. Нейробласттың дифференциялануына сәйкес ядросы мен цитоплазмасының құрылысы өзгереді. Ядросында түрлі электронды тығыздыққа ие, көріністері бойынша дәндер және жіпшелер сияқты аймақтар пайда болады. Цитоплазмасында көп мөлшерде эндоплазмалық тордың каналшалары мен цистерналары байқалады, еркін рибосомалар мен полисомалар саны азаяды. Гольджи комплексі жақсы дамиды. Маманданған нерв жасушаларының арнайы қасиеті болып, цитоплазмаларындағы жіңішке фибриллалардың пайда болуы саналады. Мамандану кезінде нейрофиламенттердің саны көбейе бастайды, нейробласт денесі бірте-бірте алмұрт пішінді болып келеді, ал оның бұрыш секілді соңғы ұшынан нейрит өсіндісі дамиды. Кешіректе басқа өсінділері дендриттер дифференцияланады. Нейробласттар жетілген нерв жасушаларына нейрондарға айналады. Нейрондар арасында синапс байланыстары түзіледі. Макроглия жасушалары эпендимоциттер, астроциттер және олигодендроциттер нейроэктодермадан дамиды, ал микрология туралы, сүйек кемігіндегі промоноциттерден дамиды деген көзқарас бар
26.85
27. 86. .Адам бластуласы-бластоцистаның құрылысы (трофобласт, эмбриобласт, бластоцель) анықтама беріңіз.
Зиготаның бірінші бөлінуі жатыр түтігінің ампуласында 1)ұрықтанудан )ұрықтанудан 30сағаттан кейін басталады.Пайда болған екі бластомерлердің өлшемдері әртүрлі.Олардың екінші бөлінулері асинхронды өтетіндіктен, 2және4 бластомерлі сатылары арасында 3бластомерлі ұрық сатысы пайда болады.А) Үшінші бөлінулер айналымы кезінде бөлшектенудің синхронды еместігі одан да қатты байқалады,ақырында 8 бластомерлі ұрық пайда .Б) Осы кезге дейін, арасында қуыстары бар,бос орналасқан бластомерлерден тұратын ұрық, бұдан былай тығыздала бастайды, яғни компактизацияға ұшырайды. Бластомерлер жақындасып,арасындағы қуыстар кішірейеді.В) Эмбриогенездің 3тәулігі бойы өтетін мұндай өзгерістер, бластомерлер арасында мамандандырылған жасушаарлық саңылаулы және тығыз контакттар қалыптасуына жағдай тудырады.
Дамудың 3тәулігі аяғында, бұрынғыдан жылдам өтетін бөлінулердің нәтижесінде, мөлдір қабаттың ішінде 12-16бластомерлер жинақталып, ерте кездік морула деп аталатын ұрық қалыптасады. Кейінгі даму кезінде олардан трофобласт қабаты пайда болады.Бейнеленген ерте кездік морула жатыр түтігінен оның қуысына шыға бастайды.4тәулікте 28-32бластомерлерден тұратын морула жатыр қуысына түседі.Мұндай трофобласт жасушалары арқылы өткен жатыр түтігінің сұйықтығы жинақталуы нәтижесінде жасушалардың аралары кеңейіп, бірте бірте ортақ қуыс –бластоцель қалыптасады. Оның көлемі үлкейгесін, ұрық көпіршік пішінге ие болады. Сондықтан дамудың 4,5-5 тәулігіне 58 ден астам жасушалардан тұратын адам ұрығы бластоциста деп аталады.
Бластоциста ішкі жасушалық масса мен бластоцельден және оларды қоршаған трофобласттан құрылған. Трофобласт тығыз контакттармен байланысқан ұсақ ақшыл жасушалардан тұратын ұрық кешенінің жамылғысы.Болашақта трофобласттан планцентаның құрамына кіретін ұрықтан тыс мүше харион дамиды. Болашақта ішкі жасушалық массадан өзіндік эмбрион дамиды. Сондықтан, оны эмбрибласт деп те атайды.Сонымен бірге ішкі жасушалық масса кейбір ұрықтан тыс қабықтардың даму көзі болып табылады. Бластоцель- сұйық затқа толы бластацистаның қуысы.
28. 88. Нейр уляция-процесі эктодерманың дорсальді бөлігі қалыңданып,нерв табақшасы қалыптасуынан басталады.Бұл процесс мұндағы жасушалардың ұзарып,пішіні өзгерілуіне байланысты.Нерв табақшасының шеттері көтеріліп,нерв буылтықтары пайда болады.Табақша ортасындағы жасушалардың апикальді ұштары тарылып,базальді ұшының ені кеңейеді.Бір-бірімен бүйір беттері байланысты болғандықтан,жасушалық пласт,тұтас алғанда,иіле бастайды.Нәтижесінде нерв табақшасының ортасында батыңқы-нерв науашығы пайда болады.Сонымен бірге,пласт ортаңғы сызығы бойынша бүктеліп,нерв буылтықтары жақындасып,,тұтасады да ақырында нере түтікшесі қалыптасады.Қалған эктодерманың ұштары оның үстіне бірігіп, терілік эктодерманы құрайды.Болашақ даму кезінде нерв түтікшесінің кеңейген алдыңғы бөлігінен мидың,көздің тор қабығының және иіс сезу мүшесінің нейрондары мен нейроглиясы дамиды.
29. 89. Дің ,жартылай дің және бастама жасушалар туралы түсінік.Камбиальды жасушалар . Дің жасушаны бейнелейтін кішкене шар алқаптың жоғарғы шетінен тармақталған алқаптар жүйесімен төмен қарай жылжиды .Тармақтың әрбір нүктесінде жасуша бір морфогенездік шешім қабылдауы ,яғни детерминацияға ұшырауы тиіс .Шешім қабылдау нүктелелері –алқаптың айырымдары –микроортаның мысалы горманалды стимулдардың немесе индукцияның әсерлеріне шалдыққыш келеді .Қазіргі кезде генетикалық ұғымдар бойынша бұл факторлар гендерді дифференцалды активтілікке ұшыратады..Бірнеше бізізді шешеімдер қабылдану нәтижесінде жасушалардың бастапқы морфогенездік потенцияларында бірте –бірте шек қойылады.Жасушалардың потенцияларынан айырылуы гендердің жойылун емес олардың өшірілуіне байланысты.Ланфшадттың жоғары шетінде орналасқан күйінде дің жасуша ,теориялық тұрғцыдан алғанда ерекше А,В,С және т.б ақырғы нүктелердің кез келгеніне дейін жете алады,яғни ол сан алуан бағыттарда дифференциялануы ықтимал,ол полипотентті .Бірақ жасуша өзінің бірінші және кейінгі шешеімдерін қабылдағаннан соң ол үшін қол жетерлік болып көптеген ақырғы нүктелерден аз ғана бөлігі қалады.Бір қатар детеминациялар нәтижесінде жасуша унипотентті күйіне айналып нақтылы мамандан жасуша түрінен дамиды. Дің жасушалар –бұл осы гистогенездік қатардың басқа жасушаларының даму көзі болып табылатын ең аз дифференцияланған жасушалар.Олар барлық тіндердің эмбриондық бастамаларыың құрамында бар .Кейбір дифинитивті тіндердің эмбриондық дифферондарында дің жасушалар болмайды.Себебі олар эмбриондық гистогенез барысында толығымен дифферонның орта немесе аралық жасушалық түріне айналған.Дің жасушалар бір қатар морфофункциялдық ерекщіліктерімен сипатталады 1.өз пулын өз бетімен қолдауға қабілітті жасушалар популияциялар құрайды.2.бөлінуі сирек 3.резистентті 4.полипотентті ,яғни бірнеше дифферондардың даму көзі болуға қабілетті. Жартылай дің жасушалар –дің жасушаларының дифференциялануы нәтижесінде пайда болған және бұл кезде даму потенцияларының бір бөлігінен айырылған жасушалар.Олар белсенді түрде пролиферацияға ұшырап нақтылы тіннің пісіп жетілген жасушаларына айналатын ізашар жасушаларына дифференцияланады.Камбиалды жасушалар нақтыылы тіннің дің ,жартылай дің жасушаларының немесе ізашар жасушаларының жиындығы.Осылардың пролиферациясы есебінен тін асушаларының саны сақталып ,кемелденген жасушалар популяциясың шығыны толықтырылып отырады .Дефинивтивтік тіндерде мысалы жүрек бұлшық ет және нерв тіндерінде, камбий болмайды ,сондықтан кардиомилциттер мен нейрондар жаңармайды,яғни бұл тіндерде жасушалық регенерация өтпейді
30. 90.Магрофаг (гр.makros-үлкен;fagos-жалмауыз,қомағай)немесе дәнекер тіннің гистоциттері борпылдақ дәнекер тіннің фагоцитозға қәбілетті ерекше жасушалары Макрофагтардың функциялары:қорғаныш,антигендерді ұстап алу процессингке ұшырату ,цитокиндерді синдездеу және секрециялау арқылы басқа жасушалардың қызметтерін реттеу,жара жазылуына жанама жолдармен қатысу.
