Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Адай көтерілісі.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
222 Кб
Скачать
☆

2. Кеңес үкіметінің Маңғыстауда жүргізген отарлау саясаты және оған қарсы халықтың наразылығы

2.1. Жергілікті билік органдарының мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы қызметі

Маңғыстау өңірінде 1917 және 1920 жылдар аралығында ешқандай ресми билік болмаған және тек 1920 жылы ғана Қырғыз өлкелік ревкомының бастамасымен жергілікті ревком құрылды, біртіндеп мәселе орнынан қозғала бастады. Оның басшылығына билік тарапынан кейін саяси жағынан да, техникалық жағынан да мүлде сауатсыз деп сипатталған атқамінер Т. Әлниязов төраға болып тағайындалды. Ол жеке дара билік жүргізіп, бұл істе өзіне көмекшілер ретінде Адай руынын шыққан беделді азаматтар мен ақсақалдарды тартты.

Сот билігін жүргізетін мемлекеттік институттар болмады, оның орнына, үкіметтің сот билігі туралы заңдары мен жарғыларына қарамастан, барлық даулы істерді Т.Әлниязовтың өзімен шариғат пен дәстүрлі құқық нормалары «Әдет» шеңберінде қарастырылды. Осыған байланысты ол халық арасында «хан» деген атаққа ие болды. Бұл уақытта құрамында бір топ жас коммунисттер бар Адай уезіндегі жергілікті комитет бұндай ахуалға көңілі толмай, қарсылық үнін білдіре бастады, әрі сәйкесінше қарсылық науқанын да қолға алды. Тек күш пен беделдің басымдылығы Әлниязов пен оны қолдаушылар жағында болды, өйткені қалың бұқара Әлниязовтың тұлғасынан халықтың дәстүр мен әдеттерін ұстанатын өңірдегі жалғыз «кеңестік қызметкер» ретінде көріп, оған деген сеніммен артынан ерді. Бұл жергілікті билік пен қызметкерлерге ұнамағаны анық, өйткені Тобанияз әлеуметтік шыққан тегі сенімсіз қызметкер болды. Солай оны түрлі амалдар қолдана партияға қарсы қылмыскер ретінде биліктен аластатуды көздеді. Ол үшін оны «халықты коммунисттер мен партияға қарсы қойды», «тұрғындардан жеке мүддесі үшін салық жинаған», «қалада аз болып, үнемі далада жүрді» деген сынды айыптармен айыптады. Соның нәтижесінде 1924 жылға қарай Тобанияздың атына жазылған арыз-шағымдар үйіліп қалғаны соншалық, ол сотталған және Орынбор қаласындағы Орынбор біріккен трибуналының сотына берілді. Сәйкесінше қызметінен аластатылып, барлық мүлкі тәркіленді[64,44].

Большевиктердің пікірінше, Маңғыстаудағы адай қазақтарының ескі, артта қалған өмірін жаңа, прогрессивті жолға түсіру, оның қалдықтары мен сарқыншақтарын жою жаңа биліктің бірінші кезектегі маңызды мұраты мен мүддесі болып табылды. Ескі тәртіптің адай қоғамына жіберген тамырларына балта шабу ендігі үкімет қызметкерлерінің шешуі тиіс басты мәселесіне айналды.

1925 және 1926 жылдары орталықтан келген басшылардың жиі ауысуымен сипатталды. Кейбір қызметкерлер ең көбі 2-3 ай жұмыс істесе, Жангелдин мен Темірбеков сынды азаматтар 10 күнде жұмыс атқарып үлгермей, орталыққа оралып жатты. Бұл жағдайда даланы шетке қойып, қаланың өзіндегі қандай да бір жүйелі жұмыс жайлы сөз қозғау артық еді. Жағдайды түзеу бағытында 1926 жылы орталықтан Адай уезіне партиялық жұмысқа - Холковскийды, ал кеңестік саяси қызметке Нахымжан деген азаматты іссапарға жіберді. Бұл уақытта партиялық ұйымның арасында ауызбірлік болмады, қызметкерлер топ-топқа бөліне талас-тартысқа түсті, бұндай жағдайда кеңестендіру жұмыстары жүргізілмеді. Адай жеріндегі жергілікті органдардың партияның тапсырмаларын орындауы туралы мәселені Голощекиннің өзі Өлкелік комитеттің 1927 жылғы пленумдарының бірінде көтеріп, баяндама жасаушы Холковскийды тікелей есепке алған. Оған толықтай негіз болды. Жергілікті кеңестік ұйымның жағдайы мен саяси жұмысы сын көтермеді. Партия іс жүзінде билікке ие емес еді және артылған сенімді ақтамады. Партия негізінен саяси қызметкерлердің есебінен сан жағынан көбейді (65%); ауыл жатақтары мен кедейлерін партия қатарына кіріктіру бойынша жұмыстың қарқыны әлсіз болды. Партия саяси тұрғыда дайын емес еді, коммунистік тәрбие шаралары жүргізілмеді, ауылдағы коммунистер техникалық сауатсыз болды, ал кеңестік ұйымдар мен органдардың аппараттары тек мемлекеттік қызметкерлерден тұрып, жергілікті бай-атқамінерлердің ықпалына жиі тәуелді болып, солай, жұмысшы бұқарамен байланыс орнатпай келді. Сондай-ақ, партияны іштен іріткен нәрсе патриархалды-рулық сарқыншақ болып табылған рулық жаулықтан көрінді. Бұл көрініс кейде партия мен комсомол өкілдері қатысатын басшылық арасындағы ашық өршіген топтық күрес формаларына енді [27,38-40].

Өңірдің Қазақстан бойынша барлық жағынан артта қалуына себепші болған оның орталықтан шалғай жатуына, сонымен бір мезетте оқшау қалуына қатысты қиындық сол бетінше қала берді, сондықтан жұмыстың қарқын алуы мүмкін болмады. Тек жоғарыдан шаруаны шындап қолға алу тапсырмасын алған Холковскийдың келуімен жұмыс жандана бастады. Мемлекеттік органдар, кеңестік, партиялық аппараттардың қызметі оңала бастады. Баяу болса да, шағын қадамдармен алға жылжушылық байқалды.

1926 жылы наурызда Өлкелік комитет ІХ партконференцияда Адай уезіндегі ахуалды арнайы талқылап, бірқатар нақты шешімдерді жүзеге асырды: басшылықтағы қызметкерлердің топтары жойылды және билік аппаратын оңалдыру үшін, оның құрамына жартылай жергілікті адамдардан, жартылай орталықтан алынаған адамдардан тұратын жаңа элементтер енгізілді.

1927 жылы Холковский мен Нахымжанның іссапарлары аяқталып, олар орталыққа қайта шақыртылды. Конференцияда бекітілген жұмыс жоспарларын орындауды жаңадан тағайындалған басшылық жалғастырды. Дерек бойынша, 1926 жылдың желтоқсанынан 1928 жылдың наурызына дейін уезде атқарылған жұмыстардың бастылары мыналар [10,30-40]:

1. Партиялық ұйымдардың алдында тұрған ең әуелгі қажетті және кезек күттірмейтін міндет қалың бұқараның ортасында жұмыспен айналысуға жағдай жасау болып табылды. Оған бай-атқамінерлердің араласуына және табиғи кедергілерге байланысты бұрын-соңды мұнда ұйымдастырылмаған, сайлау арқылы көпшіліктің сеніміне ие билік аппараттарын ұйымдастыру жатты.

1926 жылдың соңында сайлауды өткізу жоспары жасалып, жұмыстар басталған. Бұл жұмысты көшпелі өмір салты, сайлау ісінде тәжірибесі бар мамандардың тапшылығы, қарапайым халықтың мәдени деңгейінің төмендігі және қараңғылығы сынды табиғи, объективті жағдайлар біршама қиындатты.

Бұдан бөлек алдыңғы екі сайлау жүргізу әрекетінің сәтсіз тәжірибесі ұмытылмады. Олардың бірін орталықтан арнайы осы мақсатқа жұмылдырылған екі кеңестік қызметкер Хангереев пен Жангелдин басқарған. Бұдан кейін барлық дерлік белсенді әрі жауапкершіл қызметкерлерді шақырту арқылы сайлау ақыры өткізілді.

Уездегі алғашқы сайлау науқаны кейбір олқылықтарсыз өтпеді, себебі орасан зор территориға ие Адай уезінің орталықпен еш байланысы болмады. Ол кемшілік орталықтан алшақ жатқан жерлердегі сайлауларға атқамінер-байлардың қатысуынан көрінді. Бірақ жоғары үкімет оларды түзетудің шараларын қолға алған. Бұл сайлау науқаны өзінің оң нәтижесін берді. Ендігі жерде жергілікті биліктің құрамы халықтың атынан сайланған, сонымен бірге, Конституция талаптарына көбірек жауап беретін өкілдерден құралды. Сөйтіп, ауылдағы кеңестендіру жұмысын дұрыс жолға қоюдың алғышарттары жасалды. Науқан 1927 жылғы қыркүйектің соңына қарай мәресіне жетті[59,35 б.].

Үкімет табиғат қолайсыздықтарының, атап айтқанда, әуелі құрғақшылық, сосын жұттың кесірінен жергілікті мемлекеттік органдар мен ауылдық кеңестерге мамандар бөлуге қатысты іс-шараларға кең ауқым бере алмады және көктем келісімен бекітілген жоспарды жүзеге асыруды көздеді. Ол іс-шара жұмыс пен есеп жүргізудің бірізді жүйесін әзірлеу, саяси қызметкерлерге түрлі экономикалық-шаруашылық пен саяси мәселелер бойынша түсініктеме жұмыстарын жүргізу, партияға мүше емес бұқарадан тұратын конференция шақыруды қамтыды. Шараларды жүзеге асыратын және ол үрдісті қадағалайтын арнайы нұсқаушылар мен жауапты жұмысшылар да бөлінді.

2. Аудандастыру мәселесі де әзірленді, өйткені бұқара мен билікті бір-біріне жақындату қажет болды. Осы мәселеге байланысты аудандар арасындағы қатынас жайын қолға алу шарт. Бұл үшін мүмкін барлық аудандардың орталықтарын кесіп өтетін Форт-Александровск – Ойыл бағытындағы автокөлік қозғалысына арналған тым болмаса бір грунтты жолды салу керек болды. Соған байланысты 1928 жылдың 7 қаңтарында жол салу мен тірек пункттерді жасау туралы өтінішхат жазылды. Болашақта бұл бастаманың берері зор болды. Ол уездегі басшылықтың жұмысының жақсаруын және тұрғындардың мәдени-экономикалық деңгейінің көтерілуін қамтамасыз етуі тиіс болды.

3. Кезекті маңызды мәселе өңірдегі жалшы-батырақтардың жағдайын жақсарту жайында болды. Бұл мәселе әсіресе Адайлардың жағдайында таза саяси астарға ие, өйткені ауылдар мен болыстардағы батырақтар мен кедейлер халық арасында әртүрлі шараларды өткізу үшін қажет партияның тірегі болып табылды. Жергілікті орындарда жер және орман жұмысшыларының одағының ұяшықтарын құру және мәдени-экономикалық ахуалды көтеру егжей-тегжейлі дайындалды. Көктем келісімен аудандастырумен бірге жүзеге асыру жоспарланды. Ағымдағы уақытта одақтың мыңнан аса мүшелері біріктірілді.

4. Осы уақыт ішінде округтегі 8000 мыңнан аса мүшені: малшыларды, орташаларды, кедейлерді біріктіретін Қосшы одағы құрылды. Одақтың бөлімшелері басым көпшілік ауылдар мен болыстарда бар болды. Соңғы сайлау науқанында олар үлкен көмек көрсетті. Қосшы одағының көптеген мүшелері ауыл және болыстық кеңестердің құрамына кірді. Сонда да, одақ мүшелерінің арасында 1927 жылғы тәркілеуге жатқызылған ауқатты тап өкілдері мен атқамінерлердің әлі де аз еместігін айтқан жөн. 1927 жылдың соңында өлке тұрғындарын, соның ішінде негізінен кедейлерді, Қосшы және жер-орман жұмысшылары одағының мүшелерін, кооперациялау турасында бастама көтерілді. Ал бұған қаражаттың көзі ретінде байларды экспроприяциялау мен салық жинау қарастырылды.

ІХ және Х партконференцияларда партияның ішкі жұмыстары маңызды мәселе ретінде бірнеше рет қарастырылды. Конференцияның қаулылары негізінде басты жұмыс келесі бағыттарға барып тірелді: 1) партия мүшелері мен оған мүшелікке үміткерлер арасындағы саяси және техникалық сауатсыздықты жою; 2) олардың белсенділіктерін арттыру; 3) төменгі дәрежедегі қызметкерлерді кеңестік-партиялық және қоғамдық жұмыстарға ұсыну; 4) комсомол басшылығын күшейту[1,57 б.].

Х коференцияға дейін партияның өңірдегі жұмысы әлсіз және баяу жүрді, себебі бүкіл округта шағын аумақты қамтыған партияның екі ғана бөлімшесі (ұяшығы) болды. Бұл ретте ең әуелгі міндет халық арасында партия ықпалын күшейту есептелгендіктен, билік мүмкін болған жерлерде партия қатарына батырақтарды, кедей шаруаларды және өнеркәсіп орындарындағы жұмысшыларды тартуға және ол үшін партия бөлімшелері мен мектептерді ашуға үлкен көңіл аударды. Соның арқасында өлкеде үш бөлімше, Қарабұғаз тұз тресінде бір ұяшық құрылды. Бұдан бөлек онде профсоюздың ұяшығы ашылған.

Көрсетілген бағыттар бойынша жұмыс үзілмей жүргізіліп келді. Ол өз нәтижесін беріп, партия мүшелерінің көпшілігінің белсенділігі көтерілді, топтарға бөліну тоқтатылды және басшылық арасында ауызбірлік орнады. Бірақ келіспеушіліктер орын алмай қоймады. Сол Х партконференция барысында партияның бірнеше мүшелері айналасына саяси саналары әлі қалыптаса қоймаған комсомол мүшелерін жинай отырып, округтік комитеттің саяси бағытына қарсы шыққан, бірақ конференцияға қатысушы басым көпшілік оларды айыптап, іс-әрекетінен кейбір болыстарда өткен сайлаудың нәтижелеріне көңілі толмаған байлар мен атқамінерлердің ықпалын көрді, ал қарсы шыққандардың өзін кезінде партия сапына сытылып кіріп кеткен, кулактардың ортасынан шыққан жат элементтер деп тапты. Олардың басында болғанның бірі – азамат Ташқамбаев, ол 2-Адай болысында төраға етіп нағыз атқамінер Ахметов деген азаматты тағайындауды және бір ауылдағы кеңестің төрағасы етіп белгілі байдың баласын қоюды талап еткен. Әрине ол талаптарды партия басшылығы қабылдамады, сондықтан ол өз наразылықтарын ашық білдірген. Басшылықтың пікірінше, олардың қарсылықтары жала жабу ғана болған және ешқандай мардымды мәселені алға тарта алмады [10,30-40].

Конференцияның қорытындылары, сондай-ақ әлгі наразы тараптың әрекеті барлық деңгейдегі партиялық жиналыстарда талқыға салынған, партияның барлық мүшелері конференциядағы ұсыныстар мен көзқарастармен келісіп, аталғандардың әрекетіне буржуазиялық сипат берген және оларды жазаға тартуға шақырған.

Өлкедегі революциялық өзгерістерді барлық деңгейде толыққанды және ауқымды іске асыру 1920 жылдарда екі мәселеге келіп тірелді. Біріншісі, партиялық және кеңестік ұйымдардың, аппараттардың ұйымдасушылық тұрғыда әлсіздігінен талаптарды орындауға қабілетсіздігі, екіншісі, тұрғындардың тұрмыс жағдайының төмендігі. Партияның конференциялары мен жиналыстарында ерекше осы мәселелер, оған қоса, жалпы кеңестік құрылыс туралы сұрақтар бірнеше рет талқыланды.

Кеңес үкіметі жоғарыда айтылған барлық іс-шараларды ойдағыдай атқарудың көмегімен кедей-жарлы тұрғындарды бай-атқамінерлердің құрығынан құтқаруды, төменгі тап өкілдерінің белсенділігін арттырып, жағдайын жақсартуды мақсат тұтты. Бұны төменгі таптарды, кедей жұмысшылар мен шаруаларды ауылдағы өзінің ізгілікті миссиясында бірден-бір айнымас көмекші деп қабылдаған партияның көзқарасы мен қатынасынан жақсы түсіне аламыз. Ал өңірдегі нағыз әрі мықты билікті солардың қолына ұстату ауылдағы бұқаралық жұмыстарды, мемлекеттік шараларды күшейтуге әкелуі тиіс болды. Ол өз кезегінде байлар мен әлділердің ықпалынан босап, оларды тап ретінде жоюға негіз ретінде қарастырылды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]