- •6М011400 «Тарих» мамандығы
- •6М011400 «Тарих» мамандығы
- •Алматы, 2017 Мазмұны
- •1. XX ғасырдың 30 жылдарындағы Адай көтерілісінің тарихи алғышарттары....................................................................................................12-29
- •2. Кеңес үкіметінің Маңғыстауда жүргізген отарлау саясаты және оған қарсы халықтың наразылығы........................................................................30-61
- •3. Маңғыстау өңіріндегі Кеңес өкіметінің тоталитарлық саясатына қарсы халықтың қарсылығы.....................................................................................62-79
- •Белгілеулер мен қысқартулар
- •1. XX ғасырдың 30 жылдарындағы Адай көтерілісінің тарихи алғышарттары
- •1.1. Көтеріліс қарсаңындағы Маңғыстау өңірінің қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық жағдайы
- •1.2.Маңғыстау өңіріндегі 1920-1930 жылдардағы жұт және оның салдары.
- •2. Кеңес үкіметінің Маңғыстауда жүргізген отарлау саясаты және оған қарсы халықтың наразылығы
- •2.1. Жергілікті билік органдарының мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы қызметі
- •2.2. Кеңестік отарлауға қарсы халықтың наразылығы
- •3. Маңғыстау өңіріндегі Кеңес өкіметінің тоталитарлық
- •3.1. 1920 Жылдардың аяғындағы Маңғыстаудағы бас көтерулер
- •3.2. 1930 Жылдардағы Адай көтерілісі.
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиет тізімі
3. Маңғыстау өңіріндегі Кеңес өкіметінің тоталитарлық
саясатына қарсы халықтың қарсылығы
3.1. 1920 Жылдардың аяғындағы Маңғыстаудағы бас көтерулер
Батыс Қазақстанда, қала берді республика көлемінде Кеңес өкіметінің жалпы әлеуметтік-экономикалық шараларымен келіспей, қаулы қарсылық жасаған халық қозғалысының ішіндегі ұзаққа созылған ірі бойкөтерудің қатарына Маңғыстау тұрғындарының 1928-1931 жылдардағы қанды кешу оқиғалар тізбегі жатады.
Қазақстанда, 1929 ж. ОГПУ-дың мәліметі бойынша, құрамында 350 адамы бар 31 «банды құрамасы» әрекет етіпті. 1930 ж. 1925 кісіден тұратын 82 құрама, 1931 жылы – 3192 адамнан тұратын 80 қарулы топ болған. Бұдан басқа ауылдар мен селоларда жалпы саны 9906 адамнан тұратын 2001 топ, 10396- жеке-дара «бүлдірушілер» анықталған. Қазақстанның VII партия конференциясында Ф.Голощекин «көпшілік қатысқан антисоветтік толқулар бізде де болды» деп мойындауға мәжбүр болды. ОГПУ құжаттарында Қазақстандағы көтерілістер тікелей 80 мыңға жуық адам қатысқаны айтылады[80]. Бұл көтерілістердің көлемі бүкіл Қазақстанды шарпып, Алтайдан Маңғыстауға дейінгі үлкен аймақты қамтыған: а/ Қазақстан Халық Комиссарлары Кеңеснің төрағасы О.Исаевтың өзі де 1932 ж. тамызда И.Сталинге жазған хатында тоқталған еді[81].
Кең көлемдегі халық қозғалысының ішіндегі үкімет басшыларының ерекше назарын аударған Маңғыстау өңіріндегі бойкөтерулер болды. Ф.Голощекин мен оның қанды жендеті ОГПУ-дың іс-әрекеттеріне талдау жасасақ, бұл өлке сонау 20-жылдардың екінші жартысынан дәстүрлі қазақ қоғамын қиратудың тәжірибе лабораториясы ретінде таңдап алынған сияқты. Осы мақсатта Голощекин, ОГПУ басшылары бұл жердегі ру аралық қатынастарды өз мүддесіне пайдаланды, дәстүрлі қоғамның беделді өкілдерін қуғындады, адайлардың «сыйымсыздығы» жөнінде қауесеттер таратты, «контрреволюциялық ұйымдар» құрылды деген жалған мәліметтер дайындады, Адай округін жойып, оның тұрғындарының біразын Гурьев округіне, Жылойға, Қарақалпақстанға қосып, көші-қон жолдарға қарулы әскерлер шығарып, көшпенділік өмір салтына бірден бұғау салуға тырысты. Озбырлық пен қысымның әсерінен 1927-1928 жылдардағы жұттан есін жиып үлгермеген елді қорқыныш пен үрей жайлады[26,7].
Қазіргі қалыптасып келе жатқан тарихи дәстүрлі «Адай көтерілісіне» 1931 ж. Маңғыстауда орын алған бірнеше көтеріліс ошақтарын ғана жатқызады. Т.Омарбеков «бұқаралық көтеріліс басталмас бұрын да бұл өлкенің мазасыз күй кешіп, мұнда Қосжанов Құрмаш, Өмірбаев Айзақ, Оразбаев Естұрған деген кісілер ұйымдастырған, ұзын саны 50-ге тарта қарулы топ 1922 жылдан бері қарай барымтамен айналысып, кеңес өкіметінің жаңа тәртібін орнықтыруға орасан зор кедергі келтіріп келді»[3,215], - дейді. Белгілі ғалымның бұл тұжырымдамасына орай Адай өңірінде атышулы Тоқабай Құрмаш /дұрысы: Қосжанов, архив деректерінде «Қошанов» деп бұрмалаған/ туралы бірер ауыз айта кеткенді жөн кордік.
Ақиқатқа жүгінсек, Қ.Қосжанов 1928 жылға дейін үкіметке қарсы болудан аулақ, өз шаруасын күйттеп қана жүрген орта дәулетті шаруа. Қазақстан Республика Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің архивіндегі кейбір агентуралық материалдар [3,216] ОГПУ-дың Альшанский және тағы да басқа басшыларының Маңғыстауда жаппай жазалау саясатына көшуді ақтауға тырысқан «бұл өңірде контрреволюциялық ұйым бар және оның құрылуы 20-жылдардың бас кезінде саяды» деген жобасына қатысты болуы керек. Олай болатын болса, бұл «доностар» - қолдан жасалған, үкіметті сендіру үшін жергілікті жерлерден түсірілген жалған деректер. Біздің бұлай деуімізге Атырау облыстық Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінде «Құрмаш Қосжановтың ісі» деп аталатын жалпы көлемі 5 томдық материалдар толық дәлел бола алады. Сонымен қатар Құрмаш «хикаясын» арнайы зерттеген Ә.Спанов, Қ.Қосжанов әрекеттерін бір сөзбен «барымташылық» деп бағалаудың біржақтылығына да назар аударады[82,17].
«Тоқабай Құрмаш бүлігі» атанған бұл оқиға Құрмаш Қосжанов және оның көжетамыр танысы Қойлыбаев дегеннің арасындағы пендешіліктен басталғанымен, кейін өрби келе Кеңес өкіметінің әділетсіздік саясатына қарсы бағытталған, көптеген адамдардың тағдырына ықпал еткен қозғалысқа айналды. Мұндағы Ж.Қойлыбаев жергілікті /ауылдық/ кеңестің төрағасы болғандықтан, бұл екі адам арасындағы тартыс бірден саяси сипат алды. Қ.Қосжановтың 1928 жылы 10 қаңтарда Адай округтік атқару комитетіне өз қолымен жазған арызында бұл жөнінде: 1927 жылдың қысында Маңғыстаудағы қыс қыстауына көше алмай қалып, қазіргі Ембі ауданының Қарашағыл жерін мекендеп қалуға мәжбүр болғанын, сол жерде Қойлыбаев Жұмағали бастаған 14 қарулы адамның кешке шабуыл жасап винтовкадан оқ жаудырғанын, сол атыста 3 жасар баласының өлгенін, Қосымбаев Мұңалбай, Мұқасбаев Тасболат деген ағайындарының атыстан бас сауғалап жүріп үсіп өлгенін жазады [82,26]. Алайда тергеу органдары Қ.Қосжановтың арызына мән бермей, оның әрекеттеріне Кеңес өкіметінің өкілі ретінде Ж.Қойлыбаевтың мүддесі тұрғысынан баға береді. Қала берді «бұл – ру аралық тартыс» деген /Құрмаш-Адай, Жұмағали-Шеркеш/ тұжырым жасауға да тырысады. Бұл Қосжановқа жергілікті биліктің әрекетіне наразы адамдар келе бастайды, олар өмірге деген көзқарас пен әлеуметтік тәртіпті таңдауда ерікті болғысы келеді. Солардың бірі Қазақстанның батыс аудандары қазақтарының есінде қалған, әділеттік үшін күрескен Құныскерей Қожахметов болатын.
20-30 жылдары Қазақстан өңірінде, Құрмаш сияқты, Жайық бойында, Нарын құмында, Тайсойған өңірінде үкіметтен оқшауланып, «қызылға» да, «аққа» да қосылмай, «үшінші жол» іздеген, басқаша айтқанда тәуелсіздікті, еркіндікті аңсаған ел азаматтары аз болған жоқ. Солардың бірі бір кезде Құрмашпен тізе қосып қимылдаған Құныскерей Қожахметов болды. 1927 жылдың 31 желтоқсанында Жылой ауданынан Гурьев ОГПУ-іне Орталық Атқару Комитетінің хатшысы Келімбетов төмендегідей жеделхат жолдады: «Кеше кешкісін бандит Құрмаш пен Құныскерей Қожахметовтың қастарында 10 адамы бар Жылой маңындағы 7 шақырым жерде болғандығы туралы дәл мәлімет алдық. Мұздай қаруланған олар 10-ауыл қыстауына тоқтап, біздің Ақжол, Ембі-Атырау, Ембі болыстарына барар жолдарымызды кесіп тастады. Сөйтіп сайлау науқанын болдырмау қаупін туғызып түр. Ембі болыстық атқару комитетінде төрт винтовка болуы себепті қарулы көмекті тез жіберуіңізді сұраймын [83,120]
1929 жылдың көктемінен бастап Қ.Қосжанов тобын жою жөнінде арнайы шаралар қабылданып, құрама жазалаушы отряд жасақталады. Оған Дағыстаннан аударылған құрамында 20 қызыл әскері бар дивизион, Ойылда және Форт-Александровскіде жасақталған коммунистік отряд кірді. Операцияны Қазақстан ПП ОГПУ-ының жетекші қызметкерлері Кручинин, Рязанцев және Байбосынов деген кісілер басқарды. Сол жылдың 16 сәуірінде жазалаушылар Үстірт-Сам ауданының Қара деген жерінде Қ.Қосжанов жасағымен кездесіп, арада ұрыс болады. Осы шайқаста Құрмаштың екі тобы талқандалып, 6 адамы қаза табады, 30 ересек/әйел-еркегі бар/, 19 бала қолға түседі[83,120].
Қосжанов тобын түгел талқандау туралы тапсырма алған жазалаушылар қатары мамыр айында Қоңыраттан келген милиция отрядымен және ОГПУ-дің 62 және 48 дивизиондарымен толықтырылады[6,62]. Әбден қаруланған жазалаушылар 7 маусым күні /1929ж./ Нақышбай-Жылқыбек құдығының маңында Құрмаштың ауылына шабуыл жасайды. Екі сағаттан астам уақытқа созылған осы ұрыста Қосжановтың екі адамы қаза болып, 2 адам жараланды, 46 адам қолға түсті[84,45].
Екі ұрыстың нәтижесінде жазалаушылар отбасынан басқа 78 адамды тұтқынға алады. Бұлардың тағдырын шешумен айналысқан Яковлев, Белоногов сияқты ОГПУ және т.б. органдардың қызметкерлері 19 баланы тұтқынға түскен ата-аналарынан айырып, Қазақстаннан тыс аймақтардағы балалар үйлеріне аттандырады. Сөйтіп түгел отбасылары жоғалып кетті. Күйеулерінен бір, балаларынан екі айырылған 19 баланың аналары және басқа да тұрғындар этаппен Алматыға айдалады [82,28]. Бұлар негізінен Құрмаштың отбасы – 83 жастағы шешесі Қарақыз, әйелі Жұпар, қызы Мыңша, ұлдары Сембай мен Омар және Қаражубай Қосжанов пен Отарбай Бекмағамбетовтың жанұялары еді[82,31].
Алматыға жеткізілгеннен кейін оларға Ж.Байбосынов деген тергеу жүргізіп, 1929 ж. 3 тамызда мынадай қаулы шығаралы:
Қаулы
Мен, КРО ПП ОГПУ-дың КССР-дағы өкілі Ж.Байбосынов осы күні Құрмаш Қосжанов бандысының қылмысты әрекеттеріне қатысқан жанұя мүшелері:
1. Құрмашева Жұпардың, 35 жаста;
2. Құрмашева Мыңшаның, 18 жаста;
3.Отарбаева Бәлкеннің, 40 жаста;
4. Отарбаева Сәбираның, 16 жаста;
5. Отарбаева Сәнуді, 15 жаста, тергеу материалдарымен таныса келіп, таптым:
Қолда бар мәліметтер бойынша аталған Қосжанов бандысының тікелей жана жанама қатысушылары Адай, Гурьев, Орал округтерінің бейбіт тұрғындарына үнемі басқыншылық шабуыл жасады деп айыпталады. Қысқаша айтқанда, қияли тергеушінің пікірінше кәмелеттік жасқа да жетпеген Сәбира мен Сәну үш округке бірдей қатер туғызған болса, онда қолына қару алған Құрмаш сияқты азаматтар Кеңес өкіметіне шын мәнінде «дүниежүзілік империализмнен» кем соқпағанына сенгендей боласың.
Қазақ республикасы ХКК жанындағы ПП ОГПУ «үштігінің» 1929 жылғы 17 желтоқсандағы қаулысымен 42 адамды сотап, 20 адамды ату жазасына кеседі, қалғандарына әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыруға үкім шығарады. Мұндағы жендеттер Русинов, Топорнин 20 адамды 1930 ж. 12 ақпанда атуға 60 патрон жұмсағанына дейін тәптіштеп, Мәскеуге хабарлады[82,35].
Т.Омарбеков «Құрмаш ісі» бойынша, отбасыларын есептемегенде, 78 адам тұтқындалады дейді[85,52]. Ә.Спанов жапа шеккендер саны одан да көп, себебі жазалау жаппай сипат алды, жалғыз ғана Қосжанов Озғанбай әулетінен 9 адам ұсталды деп жазады[82,36].
Жазалаушы отрядтар дамылсыз ізіне түсіп жүріп, Құрмаш Қосжановты 1930 жылдың 5 маусымында Маңғыстаудың оңтүстігіндегі Шұқырой деген жерде атып өлтіреді.
ОГПУ өзінің айыптау қорытындысында, ұсталғандардың руларын да көрсете отырып, бұл көп рулардың басын біріктіріп Кеңес өкіметіне, оның саясатына ұйымдасқан түрде қарсылық екендігін мойындады. Көтерілісшілер арасында орташа да, кедей де, комсомол, Қосшы одағының мүшелері де болды.
Сонымен «Тоқабай Құрмаш бүлігі» жеке-дара адамдардың ел шауып, барымтамен күн көрген кісі ме, әлде «Адай көтерілісі» деген атпен белгілі Маңғыстау түбегіндегі кең көлемді халық қозғалысының алғашқы дүбірі ме? Жоғарыда баяндалған материалдардан Қ.Қосжанов және оның серіктестері «барымташы» да, «қарақшы» да емес екендігі анық. Мүмкін «Тоқабай Құрмаштың бүлігі» жеке оқиға ретінде көрінгенімен, кейбір зерттеушілер оны кәдімгі «барымтаға» жатқызады, алайда ол олай емес. Ол Адай көтерілісінің алғашқы жаршысы болды және қазақтардың дәстүрлі қоғамын күшпен қайта құруға қарсы наразылық қозғалысының ауқымымен тығыз байланысты.[83,120]
«Тоқабай Құрмаш бүлігі» автономды, жергілікті сипаттағы көтеріліс ошағы сияқты болып көрінгенімен, ол сол 20-жылдары бастау алып, 1931 ж. шырқау шегіне жеткен бұл өңірдегі оқиғалармен тығыз байланысты.
1928-1931 жылдар аралығында Батыс Қазақстанның басқа өңірлерінде де ірілі ұсақты көтерілістер мен толқулар орын алды. Соның бірі Маңғыстаудағы Құрмаш Қосжановтың әрекеттеріне ұқсас Аманғали Кенжеахметовтың «бүлігі». Бұл оқиға да «Құрмаш бүлігі» сияқты Аманғали мен Қайыр деген байдың арасындағы кикілжіңнен басталып, жергілікті ауылдық кеңес және басқа да жаңа өкімет органдары өкілдерінің әділетсіздігі нәтижесінде әлеуметтік шиелініске, қантөгіске ұласады. Аманғали 4-5 жыл бойы /1923-1927жж./ «банды» атанғаннан соң, қазіргі Атырау облысы Индер ауданына қарасты Тума, Орпа, Бегайдар деген жерлерде отбасымен, туыстарымен ГПУ отрядтарынан бас сауғалап жүреді. Тұтқынға алынып, Орал қаласының түрмесінен қашып та шығады.
Аманғалидың азғана тобын қолына түсіре алмаған Орал губерниясының ГПУ бастығы Шалимов Гурьевке келіп, 1927 жылы қыста 55 адамнан отряд құрады. Бұл отряд Аманғалиды 1928 жылы ақпан айында Айбас ауылында /Орал, Астрахань, Гурьев жерлерінің түйісетін тұсы Үштағанда/ күтпеген жерде кездесіп атып өлтіреді. Одан кейін оның бала-шаға, туыстарының соңына түседі.
Қазақстанда отаршылық сеңі сөгіле бастаған кезде Аманғали жөнінде Атырау облыстық газетінде, «Қазақ әдебиетінде» мақалалар басылды[86]. Ал 1994 ж. деректі фильм /режиссері Латифолла Қапашұлы/ түсірілді. Біз де өз тарапымызда Аманғалидың Атырауда тұратын Рахила, Рахима деген екі қызынан қосымша біраз мәліметтер жинадық [87]. Оның бәрін бұл жерде әңгіме етуге диссертация көлемі көтермейтін болды.
Аманғали Кенжеахметов құралайды көзінен атқан мерген, ақын, сері, намысты азамат ретінде ел есінде сақталған. Өзімен бірге болып, жаумен жағаласып, бірнеше жыл сергелдеңге түсіп, ақыры абақтыға қамалған Мұхсина деген әйелі жөнінде де ел арасында аңыз-әңгіме баршылық.
Сондай аңызға бергісіз әңгіменің бірі Қазақ Орталық Атқару Комитетінің мүшесі Ш.Ералиевтің 1928 жылы қараша айында Маңғыстауда партия жиналысын өткізіп, округтік партия конференциясына сайланған 27 делегатпен моторлы қайықпен Гурьевке келе жатқан кезінде суға кетіп, қазаға ұшырауы. Гурьев пристанына түскен бойда 27 делегат түгелдей тұтқынға алынып, жауапқа тартылады. Конференция жұмысы біткен соң оларды әуелі Ойыл түрмесіне әкетеді, одан Қызылордаға апарып жауаптайды. Ақыр аяғында Мәскеуге жөнелтеді [3,216]. Одардан аман қайтқандар болмады.
Ш.Ералиевтың өміріне қастандық жасалғаны туралы ешқандай дәлел де, куә де болмауына қарамастан, ОГПУ бұл оқиғаны Маңғыстауда кең көлемде жазалау шараларын ұйымдастыруға пайдаланып қалуға тырысты. Көп ұзамай-ақ «Ералиев ісі» бітпей жатып, Адай уезінің алғашқы ревкомы болған Тобанияз Әлниязовқа қарсы ОГПУ қабырғасында дайындалған арандатушылық әрекеттер басталды. Тобаниязов есімі Голощекинге біраздан танымал болған сияқты.
1927 жылы Қызылордада болып өткен VI Бүкілқазақ партия конференциясында Ф.Голощекин: «Әзірше бізде Адай округінде онсыз атком ештеңе істей алмайтын Адай князі Әлниязов барда, әзір иеліктерінде сан мыңдаған малы бар, қалың бұқараны тұншықтырып, округтің іс жүзіндегі қожайыны болып табылатындар өмір сүріп отырғанда, жарлы-жақынбайды көтеру мен оны езгіден азат ету туралы сөз болуы да мүмкін емес[63,63] - дейді.
Кезінде Халел Досмұхамедов, Жанша Досмұхамедовпен де таныс, пікірлес болған, Ә.Жангелдин экспедициясының Маңғыстау арқылы Ақтөбеге жетуіне қол ұшын берген, Маңғыстау округінде балаларды оқытуға көңіл бөліп, мектептер ашуға ұйытқы болған, халқын Кеңес өкіметінің зорлық-зомбылығынан қорғауға әрекеттеніп, республика басшыларына ел жағдайын түсіндіріп бірнеше рет хат жазған Т.Әлниязов туралы Т.Омарбеков, Ә.Спанов және басқа да ғалымдар мен өлкетанушылар тарапынан біраз ізденістер жасалды[59,23]. Архив деректеріне сүйене отырып, олар 1962 жылы ғана Қазақ КСР-ы Жоғарғы Сотының Қылмыстық Істер бойынша сот алқасының шешімімен ақталған Т.Әлниязовтың елге сіңірген еңбегіне, Голощекиннің бұл адамның соңына от салып түсуінің әлеуметтік-саяси астарларына объективтік тұрғыдан баға берді.
Аталмыш партия конференциясындағы Ф.Голощекиннің сөзі ОГПУ-де халық алдында беделді Тобанияз және сол сияқты азаматтарды қуғындау жөніндегі нұсқау ретінде қабылданды. Бұл қандыбалақ ұйымның қабырғасында тез арада сонау 20-жылдардың бас кезінен Маңғыстауда «Адайды құтқару ұйымы», «Ақбота» және басқа да контрреволюциялық ұйымдар құрылып, оларды Т.Әлниязов басқарып келді деген материалдар дайындалды[59,24].
Бұл істің дем берушісі ПП ОГПУ төрағасының орынбасары, Ф.Голощекиннің Сібірден алдырған қандасы Альшанский деген жендет болады.
1929 жылы көктемде Өлкелік партия комитеті Маңғыстау ауданының партия ұйымының жұмысын жұмысын тексеру үшін Н.Сырғабеков бастаған комиссия жібереді.Сол жылы 27 наурызда Сырғабековтың баяндамасы Орталық партия комитетінің мәжілісінде тыңдалады. Тексерудің қорытындысында комиссия шешімін аудандағы 540 коммунистен 118-1 ғана /мүшелікке кандидаттарды да қоса есептегенде/ қолдады. Сол мәжілісте Голощекин сөз сойлеп: «Адай халқы ақтөбеліктермен де, оралдықтармен де, түрікмендермен де төбелесіп келеді, ондай жерде Кеңес өкіметін құруға болмайды»,[82,36] - дейді.
Маңғыстау аудандық партия ұйымының «жаппай тазалауға ұшырап, талқандалуы да, Голощекиннің адайлардың «бұзақылығы» туралы тұжырымы да, біріншіден, Голощекиннің қазақ ауылында Кеңес өкіметінің әлі орнықпағандығы туралы концепциясының дұрыстығын, екіншіден Маңғыстаудың кең көлемде репрессияға көшу қажеттілігін «дәлелдеуге» бағытталғаны анық. Себебі ол «Адайдағы партиядан шығарылып, орнынан босатылғандарды ол жерде қалдыруға болмайтынын, болған күнде де дұрыс баға берудің керектігін» айта келіп, осы мәжілісте Адай округін ыдыратып, екіге бөлуді ұсынады.
Ф.Голощекиннің нұсқауын басшылыққа ала отырып, ОГПУ Маңғыстаудағы жазалау шараларының ауқымын кеңейде түсуге тырысады. ОГПУ-дің Қазақстандағы өкілетті өкілдігінің бастығы Волленберг 1929 жылы 22 қазанда Қазақстан өлкелік партия комитетіне жіберген №4011 хабарламасында былай деп жазған: Кеңеске қарсы элементтердің партия және кеңес ұйымдарының арасында іріткі салу ықпалы қарсы жүргізілген тазалау шаралары тек партия мүшелерімен және кеңес қызметкерлерімен ғана шектеледі.
Бұл шара Адай округіндегі көпшілікті құрайтын байлар мен шенеуніктер контингентіне қолданылмады. Мұны жергілікті шара деп есептеуге болмайды... Округтегі жағдайды біржола сауықтыру үшін... Кеңес өкіметіне қарсыласу қозғалысының басшыларын кең мөлшерде және дер кезінде қатаң жазалау қажет. Партия, кеңес органдарында жұмыс істейтін 25 көрнекті ірі байлардың өкілдерін жазалау үшін қажетті тиісті мәліметтер қазірдің өзінде жеткілікті.
Осыған қарағанда жазалауға тиісті адмадардың тізімі ОГПУ қабырғасында жасалып, олардың қатары бірте-бірте өсе түскенге ұқсайды. Ақыры ОГПУ шешімі бойынша 1929 жылы қыркүйек айының аяғында Маңғыстау, Табын, Жылой, Ойыл аудандарының тұрғындары Әлниязұлы Тобанияз, Тұрниязұлы Закария, Сарғожаұлы Қойсары, Жұбанұлы Талпақ барлығы бір мезгілде тұтқынға алынып, Форт-Александровск, Ойыл түрмелеріне қамалады[4,56]. Кейін Гурьев түрмесіне ауыстырылып, сонда жауап алынады. Олардың барлығына да «байлардың, саудагерлердің патша үкіметінің және Адай округінің бұрынғы қызметкерлерінің контрреволюциялық ұйымына қатысушылар» деген Қылмыстық кодекстің 58-бабы 2 тармағымен айып тағылады. Олардың ішінде 2 адам-бұрынғы партия мүшелері.
Тергеу кезінде Т.Әлниязовтың және оның серіктерінің Кеңес өкіметіне қарсы қандай да болсын ұйымдасқан әрекет жасағаны анықталмайды. Әлниязов: «Мен контрреволюциялық топта болғаным жоқ...өзімді кеңес адамы деп есептеймін»[82,37], - деп жауап береді. Осыдан кейін 1930 жылдың 8 сәуірінде алынған жауапта тергеуші Каримов деген Қарақалпақстанда болған көтеріліс басшыларының бірі Ілияс ишан туралы сұрап, сол арқылы Тобанияз бен оның серіктерін Иран және Ауғанстанмен байланысты бар панисламист, пантюркист деген де айып тағуға тырысады.
1930 ж. 10 қыркүйекте айыптау қорытындысы бітеді: Онда: «Гурьев аудандық прокуроры Денисов бұрынғы Адай округіндегі төңкеріске қарсы ұйымның ісі бойынша мыналар анықталды: Айыпталғандардың әрекеті ерекше қауіпті қылмысқа жатады; 10 жылға тарта уақыт басқа аудандардың тап осындай төңкеріске қарсы топтарымен байланыс жасап отырған; бұл төңкеріске қарсы ұйымның байланысы Ауғанстаннан шыққан басмашы отрядтар арқылы КСРО-дан тысқары жерге таралып жатты деп есептеуге толық негіз бар.
Осының негізінде тергеушінің айыптау қорытындысымен келісемін». Осыдан екі күннен кейін, не себептермен екені белгісіз, Т.Әлниязов Алматыдағы ПП ОГПУ-дың қарамағына жіберіледі[4,58]. Ату жазасы туралы үкім Тобаниязға осында орындалған сияқты.
1930 жылдың 9 қазанында Қазақстандағы ОГПУ өкілдігі «үштігінің» ұйғаруымен Тобанияз бастаған 21 адамды атуға, қалғандарын дүние-мүлкін тәркілеп, 3 жылдан 10 жылға дейін концлагерьге айдауға үкім шығарды[59,31].
Үкім шығарардың алдында /1930 жылдың қазан айының бас кезінде/ партия- кеңес органдарының да аузын алып қою мақсатында Альшанский Ф.Голощекин мен І.Құрамысовқа Форт-Александровскіде ашылған Ә.Тобаниязовтың контрреволюциялық тобының алдына қойған мақсаты және іс-әрекеттері туралы хабарлады. ОГПУ-дың бұл құжатына сенетін болсақ, бұл ұйым он жылдан бері қарулы көтеріліс дайындап, Кеңес өкіметін құлатуды көздепті-мыс. Альшинский «Қосжанов бүлігінің» де көп уақытқа дейін басылмауына да, Қазақ Орталық Атқару Комитетінің Ш.Ералиевтің өліміне де осы «ұйым» кінәлі деп тұжырымдайды. Хат соңында Альшинский ПП ОГПУ үштігінің ату жазасына кесілгендер туралы шешімін мақұлдауды сұрайды.
ОГПУ мәліметтеріне толықтай сенім білдірген Голощекин 1930 жылы 26 қазанда өлкелік партия комитетінің бюро мәжілісінде «Әлниязовтың контрреволюциялық ұйымы туралы» деген мәселені күн тәртібіне қойып, жергілікті жерде ұйым мүшелерінің «дүние-мүліктерін кәмпескелеуді толық жүзеге асыруды» ұсынды[4,251].
ОГПУ-дың жандайшаптарының Адай жеріндегі қайдағы бір Алланиязов деген біреу басқаратын контрреволюциялық ұйым туралы негізсіз аңызы Голощекинге қатты ұнады. Тағы да контрреволюционерсің, байдың құйыршығысың деп, біраз ел сыйлайтын адал адамдарды тұтқынға алып, халық арасында үрей туғызып, оны ықтырып қоюға, мүлкі кәмпескеленген байға кедейді айдап салуға, зорлықпен құрылған серіктестіктерді нығайта түсуге жаңа мүмкіндік туғызды[4, 252]
Осыдан кейін-ақ Маңғыстау өңірінде жаппай қудалаушылық басталды. Ауданнан келген уәкіл де, салық жинаушыларда қит етсе халықты «Әлниязовтың жақтаушысың, атыласың, айдаласың» деп қорқытты. Осыдан кейін жаппай ауа көшушілік басталды.
Альшинский аталмыш хатында: «Адай округіндегі контрреволюциялық ұйымды жою бұқараны ұйымдастыруға неғұрлым жемісті жұмыстардың болашағына жол ашып отыр», - деген жолдары бар. Бұл ОГПУ-дың Маңғыстауда және басқа да жерлерде тіміскі әрекеттерінің ауқымын кеңейте түсуге сұралған карт-бланш еді.
Халықтың қуғын-сүргінге түсіп, ашаршылыққа ұшырап, ауа көшуі кейбір жергілікті кеңес органдары басшыларын да ойландырмай қоймайды.
Маңғыстау аудандық атқару комитетінің төрағасы Смағұл Өтегенов 1929 жылы қыркүйектің 2-де өткен аудандық кеңес мәжілісінде: «Мен партия мен Кеңес үкіметінің саясатына, оның астық дайындау науқанына риза емеспін, себебі халық ашаршылықтың алдында тұр»[4,253], - деп, өз пікірін анық айтады. Көп ұзамай Өтегенов те, оның сөзіне «тойтарыс бермеді» деген айыппен аудандық кеңес төрағасы Шадман Үсембайұлы да қамауға алынды.
Сол жылдың қыркүйек айының аяғында С.Өтегеновтың абақтыдан халыққа тастаған үндеуі ел арасына тез тарап қолдау табады. Үндеуде былай делінген:
«Қорлық көріп, азап шеккен халқым менің!
Сен дәрменің кетіп, тентіреудің алдында тұрсың, отбасыңды жоқшылыққа тіреп, тұйыққа қамадың. Астық дайындау науқаны сенің 5-6 пұт астығыңды алады, сонымен бірге 5-10 бас малың да құриды.
Үкімет сені осымен ашаршылыққа ұшыратып, жаныңды алады. Оның басты мақсаты – қаныңды сорып, мал өсірушіні құрту.
Елді ашаршылық жайлады, ал үкімет не беріп жатыр? Ол ажал береді. Бізге мұндай үкімет керек пе? Бізге елдің қамын ойламайтын, халықты қыспаққа алатын мұндай үкімет керек емес, ондай үкіметті жою керек.
Маңдай термен тапқан мал-мүліктеріңді мемлекетке тапсырудан бас тартуға шақырамын. Көтеріліңдер. Мен өз басым бұған дайынмын[4,258].
1930 жылдың 9 қазанында С.Өтегенов ОГПУ «үштігінің» шешімімен 10 жылға концлагерьге айдалып кетті.
Осы сарындас тағы бір үндеу хат 1929 жылы 29 қыркүйекте Ойыл аудандық партия комитетінің бірінші хатшысының жазу столы үстінде табылған. Бұл хатты біз архив қорларында кездестіре алмағандықтан жергілікті өлке танушылардың «Берекелі Бейнеу» деген еңбегінде[58,32] сілтеме жасаумен шектелдік. Осы еңбекте үндеудің соңына қол қойған азамат /кейін бұл азаматта 10 жылға сотталған/ - Жұбанов Зәкәрия; бірақ тергеушілер хаттың авторы Тұрниязов Зәкәрия деп тапқан, екеуі де бір адам делінеді.
Екінші үндеу хаттың Ойылдан табылуына қарамастан Форт-Александровскі түрмесінде жазылғаны күмән тудырмайды, себебі Т.Әлниязов тобының ішінде З.Тұрниязов 1929 ж. қыркүйекте осы жердегі абақтыға қамалған-ды. Екі үндеу хаттың мазмұндарының бір-біріне өте ұқсастығына қарағанда қамауға алынған Тобанияз және оның серіктері С.Өтегеновтың үндеуін оқыған, не болмаса олар абақтыда өздерінің бұрынғы аудан басшысымен бір камерада болған сияқты.
Бұл екі үндеу Кеңес өкіметінің Қазақстанның батыс өңірінде әлеуметтік тірегінің әлсіздігін анық көрсетті және халықты үкіметке қарсы көтеріліске жұмылдыруға үлкен рөл атқарды. Ауыл-ауылда қарулы жасақтар құрыла бастады. Маңғыстау, Ақтөбе мен Гурьевтің біраз аудандарында Кеңес өкіметінің жергілікті жерлердегі түрлі ұйымдарына, астық, ет дайындау пункттеріне шабуыл жасаушылық жиілей түсті. Ашыққан халық Маңғыстауда 1930 жылдың мамыр айынан бастап құрыла бастаған «Живсоюздың» 20 мың бастан астам қойын айдап кетті. Осының бәрі жағдайды ушықтырып жіберді. 1930 жылдың күзіне қарай көтеріліс округтің 5 ауданын қамтыды.1930-1931 жылдың көктеміндегі аштықтың өршуі мен мал өткізу науқанының жазалау, зорлау әдісімен жүргізілуі жекелеген топтардың бірігіп, халықтың Түркіменстанға қарай көшуін бастауға мәжбүр етті. Сонымен қатар, көтерілісшілер шолақ белсенділер мен өкімет өкілдерін қуып, ал кей жағдайда олардың көзін жойып, дайындау пункттеріндегі мал мен мүліктерді тартып алған. Жылойқосы ауданында Нұрғали Күттігенов осындай бүлік бастап, 1931 жылы наурыз айында «Байзұл», «Ұшқын» деген жерлерде кезекті тұтқындағы шаруаларды босатып, өз аулын Түрікменстанға қарай алып кеткен. Оларға У.Ершораев бастаған Доссор ауданына қарасты ауылдардың да тұрғындары қосылады.
Көтерілістің ірі ошақтары округтің теріскей жағында болды. Қайнар, одан әрі Боздақ деген жерде 1931 жылдың наурызында Боқмаш Шоланұлының қарауындағы 600-700-дей отбасы және сол маңдағы Доссор ауданының №19,34,43,45 ауылдары, №42 Жылыой ауданының, №22 Ойыл ауданының, №9 Қызылқоға ауданының Адай руы, Мұңал тайпасының Жарысынан, Майлан, Тастемір бөлімшелерінен, Бәйімбет тайпасының Абыз, Байпақ бөлімдерінен және Түрікмен Адай тұқымдарынан құрылған ауылдардың басы қосылып, шоғырланады.
Осы жылы көктемде Боқмаш Шоланұлы Маңғыстау округінің терістік бетіндегі Адай руының арасына барып, үкіметтің жөнсіз озбырлығынан қалай құтылу жөнінде ел ақсақалдарымен ақылдасады. Онда Түрікменстанға көшу керектігі талқыланады. Егер Түрікменстанға қоныс аудармаған күнде Маңғыстау түбегінде тәуелсіз, дербес Адай хандығын құру туралы да ұсыныс жасайды. Қалай болғанда да Түбектегі халықтың басын қосып, көшуді тездету керектігі шешіледі. Бірақ жазғытұрғы Жем өзенінің тасып кетуіне байланысты түстікке қарай жылдам көшу жоспары кейінге қалдырылады[27,39].
Боқмаш Шоланұлының ұсынысымен 20 наурызда Топырақшашты деген жерде отырған бұрынғы бай Баянқұл Көптілеуұлының үйінде ауыл ақсақалдарының мәжілісі болды. Осы мәжілісте қарулы қарсы тұрудың негізгі мақсаты Түрікменстанға көшу немесе дербес Адай хандығын құру деген шешімге келеді. Көшерде кеңес мекемелерін талқандап, коммунистерден, кеңес қызметкерлерінен, уәкілдерден өш алу керектігі де айтылып, мұны орындамағандарға қатаң шара қолданылатыны да ескертілді.
1931 жылы сәуір айында Қайнар деген жерде «Майлан-Адай», «Абыз-Адай», «Мамыр-Адай», «Түрікмен-Адай» руларының ақсақалдары Боқмаш Шоланұлын хан сайлап, көтеріліске басшылық етуді тапсырады. Төрт кісіден тұратын хан кеңесінің мүшелері де осы мәжілісте тағайындалды. Көшкен елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасақ тобы құрылып, оларға басшылық жасау бұрынғы Жылой ауданының №43 ауыл кеңесінің төрағасы, Түрікмен-Адай болыстық кеңестің атқару комитетінің төрағасы, бұрынғы кедей шаруа Мамай Салғараұлына, Қызылқоға ауданынан Құныскерей Қожахметұлына, Өзбек Ертөреұлына, Қазақ Шиенұлына, Асан Шынғалиұлына тапсырылды. Осы аталған кісілер және Сатыбалдиев Ермағамбет, Бердібек Бегендік, т.б. жоғарыда аталған аудандардағы халықты Түрікменстанға көшуге үгіттеді.[86] Оның үстіне1931 ж. 12 сәуірде Форт-Александровск түрмесінен 200 адам күзетшілерді қарусыздандырып, қашып шықты да, үкіметке наразы топтарға барып қосылды. Арада апта өтпей жатып-ақ көтеріліс Маңғыстауды, Үстіртті қамтиды. Істің насырға шауып бара жатқанын «түсінген» Қазақ өлкелік партия комитеті Маңғыстаудағы «бандитизмді жоюға байланысты» мемлекеттік комиссия құрады. Оның төрағасы Ұ.Құлымбетов, ал мүшелері Рагозин мен А.Асылбеков болды. Комиссия негізінен көтерілісті басуға келген қарулы күштердің іс-қимылына басшылық жасады, үгіт-насихат жұмыстарымен де айналысты.
