- •Әлмерек абыз әулетіндегі ұрпақ тәрбиелеу дәстүрі
- •Сайлаубай ағыбаев, өлкетанушы.
- •Әлмерек ұрапақтары: Ұзақ батыр.
- •Ұзақ батыр.
- •Әлмерек ұрапақтары: Жәлел Айдарханұлы. Албан тарихы. Атамекен-Ай журналы. №7 – 2005 Жәлел Айдарханұлы
- •Албан тарихы
- •Әлмеректің әйгілі гауһар тасы
- •Домалақ ана
- •Бәйдібек Қарашаұлы
- •Деректердегі кездесулер
- •Бәйдібекпен Нұриланың ұрпағы
- •Бәйдібектің ерлігі
- •Бәйдібек бидің айтқан аталы сөздері
- •Мемлекет[өңдеу]
- •Күшейген кезі[өңдеу]
- •Тұжырымдар[өңдеу]
- •Абылай ханның басқару кезінде
- •Албан руы
- •Мазмұны
- •Толығырақ
- •Қараның сайы және Қараның шоқысы Шоқан Уәлихановтың сапар күнделігінен шыққан сыр
Қараның сайы және Қараның шоқысы Шоқан Уәлихановтың сапар күнделігінен шыққан сыр
Артына ұлан-ғайыр ғылыми мұра қалдырған қазақ халқының біртуар ғалымы Шоқан Уәлиханов өзінің Ыстықкөл, Құлжа сапарларында күнделік жазып отырғандығының және сапар зерттеулерінің сол кездің өзінде-ақ үлкен бағаға ие болып, ғылыми айналымға түскенінің арқасында қазақ тарихының ұланғайыр шындығы тасқа түсіп, ұрпақтан ұрпаққа танымдық әрі тағылымдық нұрын шашып келеді. Ғалымның «Ыстықкөл сапарлары» еңбегіндегі Далашелек сипаттамасында ғалымның үш күнгі көрген-білгені, естігендері бүгінге дейін өміршеңдігін жоғалтқан жоқ.
жалғасы....
Жаңалықтар
20.05.2017 ж.
«Мәңгілік ел» оқу кабинеті ашылды
25.05.2017 ж.
Түлектер кездесуінен кейін туған бір үзік ой
25.05.2017 ж.
Аталар жолымен, ағалар ізімен
27.04.2017 ж.-28.04.2017ж.
Киелі Сарыбастауда ауылында Алланың үйі бой көтерді
25.05.2017 ж.
Сыңғырла, соңғы қоңырау!
Ғалым 1856 жылы 15 мамырда Аягөз уезінің Ақсу өзенінен өтіп, Жетісудың Шелек өзенінің аңғарына келеді. Ел тарихын және сол жерде тұратын халықтың әдет-ғұрпын, тарихын, мәдениетін, тұрмыс-салтын жақсы білетін жергілікті білермендердің де мәліметтеріне сүйене отырып, өңір табиғатын суреттей келе, Шелек өзенінің жоғарғы ағысында Албан тайпасының ұрпақтарының қыстаулары болғанын, көктеу, күздеулерінің де осы өңірден алыс емес екенін баяндайды. Жергілікті тұрғындардың мал шаруашылығынан бөлек, егін шаруашылығымен де айналысқанын өз көзімен көреді.
Таулы өлкенің бұл аумағы қарсауыт жер емес екендігін, мал қыстауға қолайлылығын сөзге тиек ете отырып, бұл өңірде жұт болмағандығын айтады.
Қаратұрықтан Шелекке дейінгі үлкен жолдың оң жақ жиегіндегі Қорам батырдың бейітінің тұрғандығын суреттейді. (Қорам батыр Сармырза ұлы – әйгілі Әлмерек абыздың шөбересі). Жоңғар басқыншыларына қарсы күресте қайтыс болған батырдың бейіті ХХ ғасырдың басында құлап қалады. Қорам батырды ұрпақтарының, жергілікті жұрттың жақсы білетіндігі тарихын жоғалтқысы келмеген халықтың ізгі істері еді.
Шелек елді мекенінің қасындағы Бау-Ағашқа жақын жердегі сақ-үйсін дәуірінен қалған қорғанның болғандығын айта келе оның оналғандығын жазады. Тоналған қорғаннан кейін Орман батыр ұрпақтарының әртүрлі қымбат тастар мен заттарды тауып алғандығын тілге тиек етеді. Ғалымның өзі де сол қорғаннан әшекейлік әбзелдер тауып алған еді.
Бау-Ағаштың Шелек өзені жанындағы Бабатоған (қазіргі Милянфан) Әлмеректің баласы – Бабаның қыздырған тоғаны, Малыбай, Жәнібек тоғандарының күні кешеге дейін іс қатып келгендігі белгілі. Жергілікті тұрғындар көбінде қос шаруашылықпен тең араласып, өмір сүру жоспарын өздері реттеп отырғандығын байқаймыз.
16-мамыр күні саяхатшы ғалым Сөгеті тауының күнгейіндегі Қарабұлаққа жетеді. Оған басқа жолдың өткел бермеуі себеп болады. Темірлік асуының лайсаң болып тасуы ғалымға осындай шешім қабылдатады. Сөгетінің ыңғайлы да төте жолы Қараның сайы болады. Қараның сайының оң жағында Құрман сай және Киікбай сайы (Киікбай – Құрманның немересі) орналасқанын П.П. Румянцев өз еңбегінде көрсетеді.
Етектегі жылғаның Құрманбайбұлақ атануы сол жердегі тағы бір судың Қараның атымен аталуының сырын ашып тұр деуге болады. Өйткені Қара – Құрманның бір баласы.
Жетісу өңірінің көшпенділер және қоныс аударушылар статистикалық бөлімінің меңгерушісі, орыс зерттеушісі П.П. Румянцев 1908 жылы Петербургте шыққан еңбегінде Қаратұрықтан Қорам мекенінің ортасы 10 шақырым, Қаратұрық пен Киікбай сайының аралығы 15 шақырым Тескенсудан Сөгеті тауына шығатын Қараның сайы 5 шақырым, қасында Құрман сайы бар екенін айтады.
Қорам болысындағы Құрманбайбұлақтың ең шұрайлы жер екенін де айтып өтеді. (П.П. Румянцев. «Жетісу уезі» Алматы, «Жалын» баспасы 215, 218, 248, 253-беттер.)
Шоқанның ғылыми экспедициясы 16 мамырда Сөгеті тауының күнгей жағындағы Қарабұлақта түнейді. Осы Қарабұлақтың жанындағы Көкпек жазығын алақанына салған Қараның шоқысын бүгінде ел «Әулие шоқы» деп те атайды. Дәл сол жерде Үйтас бастауының барын да айтып өтеді. Шоқының ұшар басында үш бастаудың орны болған соң әрі Қараның атын ұмыта бастағаннан кейін ел табиғат тылсымына таңданып «Әулие шоқы» атап кеткен көрінеді. Қара батыр осы шоқының басына шатырын тігіп бүкіл Көкпек жазығын бақылап отырған. Сол себептен де жергілікті жұр бұл шоқыны «Қараның шоқысы» деп те атаған. Осы Қараның шоқысының ұшар басында отырып айналасы алақандағыдай көрінген соң Күнгей Алатау сілемдерінің биіктен көрінісін, тау бедерінің типтік бейнесін қағазға түсірген секілді Шоқан (жоғарғы суретке қараңыз).
Несі бар, ғасырлар өз ізін салған шығар, сондай әдемі шоқының басында, үш бұлақтың қасында отырып қиялға ерік беру де бір ғанибет секілді.
- Бүгінде Қараның шоқысындағы үш бұлақтың суы тартылған, егерде көзін ашып тазаласа, судың қайта шығуы мүмкін, - дейді 2009 жылғы «Жер тарихы – ел тарихы» атты тарихи археологиялық-этнографиялық экспедиция мүшесі ғалым Сағатбек Медеубекұлы «Баба Құрман – ол кім?» атты мақаласында. («Алмат ақшамы» 3 маусым, 2010 жыл)
Үйтас пен Ойрантөбенің ортасында желдің өтінде, ғасырларды артқа тастап бізге жеткен бір бейіт тұр. «Тарихты оқимын десең, маған қара» деп Көкпек жазығына жол сілтеп тұрғандай. Сөгетінің күнгейіндегі Қараның шоқысы мен Торайғырдың күнгейіндегі Сұлу Қара шоқының ортасында мәңгілік көз жұмған батырдың аты Қара батыр екенін бейітке жазылған белгіден көрдік.
Сан мыңдаған боздаққа мәңгілік пана болған Көкпек жазығын шығыстан Сұлу Қара шоқы бақылап тұр. Айырлының асуы арқылы келе жатқан Шоқандай ғалым ұлын Сұлу Қара шоқы 1856 жылы 18 мамырда күтіп алған болатын. Саяхат керуені Сұлу Қара шоқының етегіндегі Қараның текшесіне қостарын тіккен еді. Шоқанның Далашелектегі үш күнге созылған сапары өз мәресіне жеткендей алда тарихы ашылмаған Қулық тауы тұрды.
Қарап отырсаңыз Шоқан күнделігіндегі елді мекен, жер-су атаулары ел тарихынан сыр шертеді. Шелек өңірінде болған үш күн ішінде ғалым 60-70 шақырымдай жерді жүріп өтіпті. Бұл өңірдің жер тарихын толық зерттеуге тым аз уақыт әрине. Ғасырлар тарихын ондаған жылдар бойы зерттеуді қажет етсе, ғалым бабамыздың осы еңбегінің өзін дұрыс талдап, бағалауымыз қажет. Шоқанның 1856 жылы мамырдың 15-і мен 18-і аралығында үш күндік саяхат жазбасындағы мына атауларды саралайық:
а) Қарбұлақ, Қаратұрық, Қарқара және Сұлу Қара шоқы.
Енді П. П. Румянцевтың 1909 жылғы еңбегіндегі атауларды алайық.
ә) Қарасай, Қара, Қарасу, Қарасаз, Қаратал, Қартұрық, Қарбұлақ және Терең Қарасу.
Жазба деректерге қоса бүгінгі таңда ел-жұрт қолданып жүрген өңірдегі атаулар: Қарның текшесі, Қар жота, Қаратоған, Қараның шоқысы, т.б. Қара деген атаудың осыншама қайталана беруінде нендей сыр бар? Жетіспей тұрғаны Қара жер, Қара тау ғана.
Ат қоюдың шебері атанған халқымыз себеп-салдарсыз мынадай аттарды бере салды деу әрине көңілге сиымсыздау. Мүмкін түріне қарап, Қара деп өоюы да мүмкін. Ол да мүмкін, десек те айналасы 60 шақырым жерде осыншама Қара атты мекендер болғаны таңғаларлық.
Қара батырдың ұрпағы ретінде, пенделігіміз үстем болып, осының бәрі батыр ерліктерімен байланысты қойылған деп те топшылауға болар еді. Алайда шындық алдында дәрменсіз болу деген қағиданы да есте ұстағанымыз абзал.
Құрман, Байсейіт, Қорам, Лавар, Киікбай, Малыбай жөнінде де осындай сараптамалар жасауға болады.
Олардың Қара батырмен дәуірлестігі, туыстық қатынасына ешқандай да шек келтіруге болмайды.
Құрман – Қара батырдың әкесі. Малыбай баласы, Киікбай немересі, Қорам, Лавар, Жәнібек, Бәйсейіттер туыстары бір Әлмерек абыздан тараған бірлестік мүшелері екенін ұрпақтары да, шежіре мағлұматтары да дәлелдеп отыр.
Әлмерек абыз ұрпақтарының XVII ғасырдың 2-ші жартысында Шелек жазығына орналасуы тікелей Жоңғар шапқыншылығын жеңумен байланысты екені тарихи оқиға.
«Ақтабан шұбырынды – алқакөл сұламадан» кейін есін жиған қазақ халқы жоңғар басқыншыларына қарсы тегеурінді күш әзірлеп, азаттықтың күресін жаңа белеңге қойған болатын.
Басқыншылардан азат етілген өңірге оның байырғы тұрғындарымен бірге Әлмерек абыз ұрпақтары да алғашқылардың бірі болып қоныстанды. Сол тұста жоңғарша аталған жер-су атауларының кейбірі (Кеген, Нарынқол, Байынқол, Алтын емел, т.б.) әлә күнге сақталып келеді. Шелек өңірінде Әлмерек ұрпақтарына байланысты да жер-су атаулары баршылық.
Құрман ұлы Қара Қазақтың хас батырының бірі Райымбек Хангелді немересімен замандас та қарулас ержүрек сарбаздардың бірі болған.
Жолсейіт Молдасанов ағамыз Қара батыр және жер-су аттарының аталуын сұрағанымызда:
- Қара батыр атамыз Қарабұлақта қалмақтарды тосып алып, жойып отырыпты, сөйтіп іргеміздің аман сақталуына үлесін қосқан, - дейді.
Бейбіт кезде әділ басшы, ел ішінде беделі ығым халық азаматы бола білген. Елінің бақуатты өмір сүруі үшін, әділ билігімен ел есінде сақталған. Қара батырдың ерлігі мен өмірі жөнінде Ораз Қауғабайдың «Әлмеректің бес баласы және Еділ, Жайық» атты кітабында жазды.
Бейітінің Қарабұлақ пен Сұлу Қара Шоқының ортасында Көкпек жазығында болуы, заман шындығымен қабысып жатыр және бейітті салуы, формасы барлығы да албандардың әдет-ғұрпымен сабақтасып жатыр.
Тарихшы, шежіреші Д. Сығай «Қасиетті Қара батыр» деген еңбегінде бейіттің табылуы және батыр бабаның ерліктерін біршама ашып кетеді.
Қара батырдың ерлігін, өмір жолын әр қырынан зерттеп халыққа жеткізудің де уақыты келген сияқты.
Ғалым күнделігіндегі сипаттамалар, әңгімелер, жер-су атаулары сол кездегі өмір шындығымен қабысып жатыр.
Ұрпақтың парызы сол ақиқаттардың үзілмеуі, бүгінге дейінгі ұрпақтарының ұмытпай ата-бабасына келіп тәу етіп, құран бағыштауы да біздің ұлтқа берілген ерекше бір көз жеткізу.
Сайлау Толықбайұлы,
өлкетанушы.
