- •Әлмерек абыз әулетіндегі ұрпақ тәрбиелеу дәстүрі
- •Сайлаубай ағыбаев, өлкетанушы.
- •Әлмерек ұрапақтары: Ұзақ батыр.
- •Ұзақ батыр.
- •Әлмерек ұрапақтары: Жәлел Айдарханұлы. Албан тарихы. Атамекен-Ай журналы. №7 – 2005 Жәлел Айдарханұлы
- •Албан тарихы
- •Әлмеректің әйгілі гауһар тасы
- •Домалақ ана
- •Бәйдібек Қарашаұлы
- •Деректердегі кездесулер
- •Бәйдібекпен Нұриланың ұрпағы
- •Бәйдібектің ерлігі
- •Бәйдібек бидің айтқан аталы сөздері
- •Мемлекет[өңдеу]
- •Күшейген кезі[өңдеу]
- •Тұжырымдар[өңдеу]
- •Абылай ханның басқару кезінде
- •Албан руы
- •Мазмұны
- •Толығырақ
- •Қараның сайы және Қараның шоқысы Шоқан Уәлихановтың сапар күнделігінен шыққан сыр
Бәйдібекпен Нұриланың ұрпағы
Бәйдібек және оның ұрпақтары жөнінде мұндай дерегі мол басылымдар көп емес. Оны зерттеп толықтырудың сәті енді түсіп отыр. Соңғы кезде Бәйдібек би жөнінде осы жолдардың иесі ел аузындағы әңгіме аңыз, нақыл, мақал-мәтелдерді жинастырып жүрген-ді. Алдағы уақытта осылайша бірлесе іздестіре беру ата-баба әруағы үшін кімге де болса парыз деп ойлаймыз. Бәйдібек би баласы Жарықшаққа (680-761ж) ерекше мейірім, қамқорлық көрсетеді. Оның болашағын ойлап, Нұриланы баласымен Ташкентке көшіріп апарады. Әкесі Қараша биден қалған әулі-жайға иелік еткізеді. Нұрила жалғыз баласын қала дәстүрімен тәрбиелейді. Оқуға береді. Жарықшақ оқуға аса ықыласты, зерек болады. 7-8 жасында кітаптарды, аңыз, хиссаларды мүдірмей оқитын болады. Нұрила Жарықшақтан кейін Қызайым деген қыз, онан соңТәңірберді, Ақберді деген екі ұл, Күләйім және бір қыз туады. (Бір дерек Күнбибі (Қызай), Ақбибі (Мұрын) және Сыбан деген үш қыз туыпты деп көрсетілген. Бұл перзенттерінін Қызайымнан басқасы жастай өліп кетеді. Ал Қызайым Нұриланың өзіне айнымай тартқан ақылды, шымыр боп ер жетеді. Қызайым бойжеткен соң Найман Аталық дегеннің үлкен баласы Шағыр батырға ұзатылады. Қызайымнан Дербіс,Бегімбет, Ителмен, Меңі туады. Олар кейін 19 болыс ел боп кетеді, бәрін "Қызай найман" деп атайды. Қызай, Меңіс, Тәңірберді, Құдайназар бәрі де шетінен бабасы Бәйдібекке ұқсап елін, жерін қорғап өткен батырлар екен. Солардың ішінде әсіресе, Қызай қыз бен Құдайназардың асқан батырлығы ел аузында аңызға айналып, осы кезге дейін айтылып келеді. Қызай аспанға лақтырған тақияны, көз ұшында ұшып бара жатқан торғайды атып түсіре беретін мерген бопты. Бір соғыста Қызай шапқыншылардың құз басына бекінген он шақты мергенін атып түсіріп, өздеріне жол ашады. Аякөз, Матай аралығындағы тауларды жайлаған ауылдарды мал-жанымен жаудан құтқарып алады. Сол таулардағы қырғын шайқаста өзі де ерлікпен мерт болған. Кейін елі-жұрты сол тауды "Қызай тауы" деп атап кетеді. Жарықшақтың бірінші әйелі Тәукел бибіден: Албан, Суан, екінші әйелі Бибіфатимадан Дулат (723-816) туады. Албан мен Суан жау жүрек батыр, ал Дулат ақылды, сабырлы боп ер жетеді. Нұрила кіші келіні Бибіфатиманы еркелетіп "Бипаш" дейді екен. Кейбіреулер қазақ шежіре тарихында екі Дулаттың болғанын ажырата бермейді. Бірі - ежелгі Дулу тайпасындағы, екіншісі - одан мың жылдай кейін сол Дулудың есімімен аталып кеткен Бәйдібек бабадан тарайтын Дулат руының болғандығы. Б.з. дейінгі II ғасырда өмір сүрген ежелгі үйсін Мемлекетінің бір тармағы Дулу, Дуғлу тайпасы деп аталғаны рас. Үйсін елінің Күнби ханы балаларына енші үлестірерде өзінің батыр баласы Дулуға іле өзенінің бойын бөліп берді. Сол Дулу бастаған тайпа Үйсін Мемлекетінің одан кейін Түрік қағанатының айбынды жауынгер оң қанаты болады. Ак. Л. Н. Гумилев өзінің көне түріктер туралы кітабында (137 б.) былай жазады: "Ат үстінде шебер соғысатын ежелгі хундердің жауынгерлік машығын мұралаған дулулар қағанатта беделі зор үстем тайпа одағы болды". Міне, Бәйдібек баба мен Домалақ ана сол ежелгі Дулу тайпасының атымен Дулат деп койған. Демек, Дулу - б.з.д. II ғасырда ғұмыр кешкен тайпа болса, Дулат 723 -816 жылдары өмір сүрген батыр әрі би болып шығады. 734-736 жылдары Жарықшақ анасы Нұриламен ақылдаса отырып, үш баласына Жетісуды өрлей мекендеп, ен жайлауға қоныс тебуді тапсырады. Содан Албан мен Суаннан өрбіген ұрпақтары, казіргы қытаймен шектес Нарынқол, Кеген, жаркентжерін, одан қалса алматы облысы маңын мекендеп кетеді. халық ауызында:
Аспан таудың етегі,
Албан ата мекені.
деген сөз бар, бұл Аспан тау казіргі тян-шан тауы, оны кезінде үйсіндер Тәңір тауы деп атаған, себебі ол кезде бабаларымыз көк Тәңірыне сиынған, не тілеседе көкке қарап тілеп, сол көк аспанмен таласқан биік тауды, Тәңір тауы деп атаған екен.Ал Дулаттан өсіп-өнген Ботбай,Шымыр, Сыйқым, Жаныс рулары қазіргі Алматы, Шымкент облыстарын мекен етіп, тіршілік етеді. Дулаттың сол төрт баласынын өскелеңдігі жөнінде халық арасында:
Жаныс көп пе, қамыс көп пе,
Сыйқым көп пе, қыйқым көп пе,
Шымыр көп пе, шыбын көп пе,
Ботбай көп пе, бота көп пе?
деген мақал-мәтел таралып кеткен.
