- •Әлмерек абыз әулетіндегі ұрпақ тәрбиелеу дәстүрі
- •Сайлаубай ағыбаев, өлкетанушы.
- •Әлмерек ұрапақтары: Ұзақ батыр.
- •Ұзақ батыр.
- •Әлмерек ұрапақтары: Жәлел Айдарханұлы. Албан тарихы. Атамекен-Ай журналы. №7 – 2005 Жәлел Айдарханұлы
- •Албан тарихы
- •Әлмеректің әйгілі гауһар тасы
- •Домалақ ана
- •Бәйдібек Қарашаұлы
- •Деректердегі кездесулер
- •Бәйдібекпен Нұриланың ұрпағы
- •Бәйдібектің ерлігі
- •Бәйдібек бидің айтқан аталы сөздері
- •Мемлекет[өңдеу]
- •Күшейген кезі[өңдеу]
- •Тұжырымдар[өңдеу]
- •Абылай ханның басқару кезінде
- •Албан руы
- •Мазмұны
- •Толығырақ
- •Қараның сайы және Қараның шоқысы Шоқан Уәлихановтың сапар күнделігінен шыққан сыр
Деректердегі кездесулер
Мұхаммед Хайдар Дулати (1499 - 1551) “Тарих-и Рашиди” атты тарихнамасында өзінің он екінші атасы Майқы би (12 - 13 ғасырлар) Шыңғыс ханның орда биі болып, дүйім елді басқарғанын жазған. Ал осы елге бірінші болып билік жүргізген арғы бабасы Бәйдібек екен, одан бері қарай “...бұл ел атадан атаға, ғасырдан ғасырға, баладан балаға мирас болып”, елдің билігі өзінің аталарына өткеніне байланысты айғақтар Бәйдібек бидің ертеде өмір сүргендігін көрсетеді. Бәйдібек бидің әкесі Қараша (530-604) Қытай жылнамасында жазылып, билік жүргізген жылдары нақты көрсетілген. Осы деректер Бәйдібектің 6-7 ғасырларда өмір сүргенін дәлелдейді.
Бәйдібектің өмірі, заманы, өскен ортасы жайлы тарихи деректеме негізі Қазақ елінің шежіресі, ел ішінде сақталған аңыз әңгіме жөне әйгілі шығыс зерттеуші ғалым-этнографН.А. Аристов, Ш. Уәлиханов жазбалары арқылы баяндалады. Бүл деректемелер бойынша Бөйдібек — Қазақ елінің ел болып қүрылуында үлкен орын алатын ежелгі Үйсінбірлестігіне кіретін Албан, Суан, Дулат, Сарыүйсін, Шапырашты, Ысты, Ошақты ру тайпаларының түпкі атасы. Өз заманында көшпелі елдің басын біріктіріп, елді, жерді сыртқы жау шапқыншылығынан қорғауды ұйымдастырушы және бастаушы, ақылшықолбасшы ретінде көрінетін аса ірі тарихи түлға. Шежіре деректеріне сүйенсек, Бәйдібек қазақ елінің үш ұлы бірлестігін құраған Байшора, Жаншора, Қарашора (басқа бір деректерде Ақарыс, Бекарыс, Жанарыс деп аталады) болса, үш жүздің Байшорасынан, ұрпағы кең тараған Майқы, оның баласы Бақтиярдан, оның баласы Үйсіннен, оның баласы Ақсақалдан туған Қарашаның үлкен баласы. Оның үлкен әйелі Сары бәйбішеден Сарыүйсін, екінші әйелі Зеріптен Жалманбет, одан Шапырашты, Ошақты, Ысты тарағаны айтылады. Бәйдібек әулетінің ең көп тараған саласы — ол кіші әйелі бүл өлкелерге Домалақ ене дейтін лақап атымен мөлім Нүриләнің (бір деректерде Бибімәрия, Бибіажар деп те айтылады) жалғыз ұлы Жарықшақтың үш баласы Албан, Суан, Дулаттың ұрпақтары. Бәйдібек бидің осы немерелері 7-ғасырдан мемлекет басқарып, ел билеп, қазіргі өздері аттас тайпаларды қалыптастырды. Басқыншылармен бір шайқаста Бәйдібектің Сары бәйбішесінен туған 6 ұлы қаза тапқан Шығыс Қаратаудағы Қошқарата өзенінің бойында “Алты Сары бейіті” деген киелі жер қалды. Албан, Суан, ДулаттыңЖетісу өлкесін мекендеген көшпенді қазақ жүртында алатын үлкен орны жайында өткен ғасырдың екінші жартысында бүл өлкеге саяхат жасап, күрделі зерттеу жүргізген атақты ғалым, этнограф Николай Александрович Аристов пен қазақ халқының кемеңгер ұлы Шоқан Уәлихановтың ғылыми еңбектері мен жолжазбаларынан кездестіреміз.
Осылайша Бәйдібек Арыстан бидің еліне барады. Би елінің тайлы-таяғы жиылып, Сары қызды ұзату тойын жасайды. Ақындар айтысы,бәйге, қыз қуу, күрес, жамбы ату дейсің бе, барлық салт, дәстүр өтеді. Сөйтіп, Сары қыз жасау-жабдығы, бәсіре төлімен келін болып түседі. Шынтас бай да Арыстан биден қалмаймын деп барын салып той өткізеді. Беташар, жар-жар жырланады. Бәйге, көкпар беріледі. Елі-жұрты Бәйдібек пен Гүлжамалға ақ отау тігіп, енші береді. Бәйдібек өзінің ақылы, тапқырлығы арқасында жалшылықтан, жоқшылықтан құтылып, ел қатарына қосылады. Көп кешікпей елі оны би етіп сайлап алады.
Сәүкеледегі қыз
Гүлжамал Байтоқты деген ұл, Алтын деген қыз туады. Байтоқты он сегіз жасында Керейжұртының Ұшан деген қызына үйленеді. Келесі жылдың көктемінде таудың қуысында отырған бес-алты үйді мал-жанымен бір түнде таудың тасқын суы алып кетеді. Солармен бірге Байтоқты да үй-мүлікімен опат болады. Соның алдында ғана төркініне кеткен Ұшан аман қалады. Төркінінде жүріп Ұшан ұл табады. Оның атын Мырзақазы қояды. Еліне келген соң, Ұшан да қайтыс болып, бір жасқа толмаған баласы жетім қалады. Жас нәрестені Байтоқтының қарындасы Алтын ақ ешкінің сүтін беріп асырап алады. "Қүдайдың берген сыйлығы" деп оны "сыйлық сары" қояды. Келе-келе ел оны "Сары үйсін" атап кетеді. Сары Үйсіннен - Қалша, Жақып туады. Бір шежіреде Қалша, Жақыпты Сары бәйбішенің қызы Алтыннан туған деп көрсетілген. Ол дұрыс емес. Қазақ қыздан туған жиенді шежіреге қоспайды. Гүлжамал (Сары бәйбіше) Байтоқты мен Алтыннан кейін тоғыз ұл туыпты. Олардың барлығы әкесі Бәйдібекке ұқсап шетінен батыр, палуан болып өседі. Қалша, Жақыптан Танай, Жанай, Жаулан (Тоқаш Бокиннің арғы аталары), Есім, Малай, Баба, Сүргінкел, Көпсерке, Қайқы, Софы, Сұлтанқұл ұрпақтары тарайды. Қазіргі Бәйдібек бидің Сары бәйбішесінен өрбіген Сары үйсін әулетінің дені Алматы облысының Балқаш, Күрті,Жамбыл ауданында тұрады.
Екінші әйелі
Бәйдібек бидің екінші әйелі Зеріптен Жалмамбет туады. Ол да әкесі сияқты насаты батыр боп өседі. Жалмамбеттің бірінші әйелі қоңыратҚызыл бидің (шын аты Мелде би) қызы Жұпар еді. Ол да жасында еркекшора боп өскен ер мінезді екен. Жұпар жолбарыс мінезді, өзі белді, мықты келін боп өседі. Ел оны алапаш, жолбарысқа ұқсаған келін деп, кейін Мапрашты атап кетеді. Мапрашты Бәйдібек батыр үйіне келе сала еңсеріп игеріп кетеді, қысы-жазы малға да қарайды. Боранды күндері кәдімгі қарулы палуан жігіттермен бірдей қимылдап, атасының ойынан шығып жүреді. Кешікпей Мапрашты Досымбет деген ұл туады. Оның көзі бір-біріне атысып, шапыраштанып туған соң елШапырашты атап кетеді. Шапырашты да өсе келе әкесі Жалмамбет, атасы Бәйдібекке ұксап насаты батыр боп ер жетеді. Қазақ шежіресінде Шапыраштыдан Есқожа, Асыл, Айқым, Екей, Еміл, Шыбыл ұрпақтарын таратады. Жазушы Балғабек Қыдырбекұлы "Алатау" (1989) романында Шапыраштыдан Ыстық, Асыл; Ыстықтан Малды, Желді, Қалды; Малдыдан: Екей, Еміл; Екейдің бәйбішесінен Жәрімбет, Бейімбет; Тоқалынан Әнет, Жиет; Емілден Жайық, Алсай, Қойшыман; Жайықтан: Құл, Тайторы; Алсайдан: Көшек батыр. Қойшыманнан Есқожа, одан Қарасай батыр. Желдіден Шыбыл, Асылдан Әжіке, Орымбет, Төке, Төлеміс, Құттымбет, одан Наурызбай батыр боп келеді. Жалмамбет батырдың екінші әйелі Қарашаш сұлу Мапрашты ананың сіңілісі екен. Мапрашты қайтыс боларының алдында күйеуі Жалмамбетті шақырып алып айтыпты: - Мен өлген соң басқа бір елден келіншек аларсың. Ол менің артта қалған балаларымды түрткілеп өгейсітер. Сөйтіп, отбасының берекесін кетірер. Мені сыйлап тілімді алсаң, былай етерсің: Менің сіңлім Қарашаш та бойжетіп қалды. Сен соны ал. Ол біздің балаларымызды өгейсітпейді. Бауырына тартып, менен бетер бағып қағады. Келіннің бұл өсиетін атасы Бәйдібек те, оның әйелдері де кұптайды. Жалмамбет өзінің сүйікті жары Мапрапштының өсиетін бұлжытпай орындайды. 14 жасар Қарашашты айттырып алады. Қарашаш сұлу, әрі салдарлы, сабырлы, ақылды болыпты. Оның өзгелерден бір ерекшелігі үнемі өн бойын таза ұстап, иіс сабынмен жуынып-шайынып, қолы-бетіне иісті әтір жағып, сыланып-сипанып, үстіне қонымды таза асыл киімдер киіп, сән-салтанатпен кербез жүреді екен. Оның бұл әдет-дәстүрі келе-келе ауылдың қыз келіншектеріне үлгі-өнеге болып таралыпты. Қариялар, абысын-ажындар Қарашашты "Сыланды келін", "Иісті келін" деп атайды екен. Одан өсіп-өнген ұрпақтарды "Сыланды балалары", "Иісті балалары", кейін "Иісті", "Ысты" деп қысқаша атап кетеді. Бір шежіреде Ысты руының аталуын Сыланды ананың месті ыстап, баптап қымыз ашытуынан солай аталып кетіпті деп көрсетілген. Сол Қарашаш (Сыланды) анадан Ысты (шын аты Нұртай), Ошақты (шын аты Қырбай) балалары тарайды. Нұртай 16 жасында жауға қарсы ат қойып "Жауатарлап" шауып, жеңіп шыққан. Содан Жауатар батыр аталып кеткен. Жауатардан (Ыстыдан) Қосмағамбет, Досмағамбет, Сыдық тарайды. Бәйдібек атасы ол немерелеріне енші үлестіргенде Қосмағамбетке - ойық, Досмағамбетке - тілік, Сыдыққа - сызық ең салып береді. Содан олар Ойық, Тілік, Сызық аталып кетеді. Ойықтан (Қосмағамбет), Зорбай(Ауызүсіген), Қызылқұрт, Көкшекөз, Сәтек; Тіліктен (Досмағамбет) Мырза; ал, Ошақтыдан Байлы (Байназар), Аталық, Қоңыр, Тасжүрекұрпақтары шығады.
Күндестік.
Нұрилә (660-738 )Бәйдібек биге 679 жылы 19 жасында тұрмысқа шығады. Той бірнеше күнге созылады. Бұл жайлы сол кездегі қытайдағы Тан әулетінің тарихи Суйнама жылнамасының 74 ші бума 46 шы баянында жазылған. Нүрилә өуелі Сары бәйбішенің қолына түседі. Өзі адуын тік мінезді Сары бәйбіше алғашқы кезде жас келінді оған-бұған жұмсап, ынтымақ сақтап жүреді де, кейін түрткілеп күндей бастайды. Бәйдібек Ташкентке кеткен күннің ертеңіне жас келіншекті отынға жұмсайды. Қарулы Нұрила бір арқа жусанды көрші отыратын мүсәпір кемпірдің үйіне апарып тастайды да, қайта барып екінші арқа жусанды бәйбішенің үйіне әкеле жатса, Сары бәйбіше оны барыпты да, қамшымен сабай беріпті. Сондағысы: "бір арқа отынды неге ана үйге апарасың?" деп кінәлапты. Жас келіннің көйлегі жыртылып, басы жарылып қалады. Керегенің көзінен қарап, Зеріп ана дереу жүгірып барып екеуін ажыратады. Нұриләны үйіне әкеліп, өз көйлегін кигізеді. Қанын жерге тамызбай сүртіп алады. Ташкенттен оралған Бәйдібек бұл жанжалды естиді де, ертеңіне Нұриләға отау тігіп, бөлек ауыл етіп отырғызады. Айлар етеді. Бұлақ басында айы-күніне жетіп толғатып ұл табады. Ұлының атын Тілеуберді қояды. Ағайын-туыс, абысын-ажындар құтты болсынға жиналып, шілдехана өткізеді. Ел тарайды. Бәйдібек би Ақсақ Темірдің шақыруымен Ташкентке кетеді. Осындай оңаша кезді пайдаланып, Сары бәйбіше қасына ешкімді ертпей жалғыз өзі Нұриләның үйіне барады. Оның күндестік қастандығы әлі қалмаған екен.
- Бар, сен малыңды жайғап кел, балаға мен қарай тұрайын, - дейді. Нұрилә бәйбіше сөзін екі етпей сыртқа шығып кетеді. Қойшы, жылқышылармен бірге малды қора-қопсыға жайғастырып үйіне келсе, бесіктегі бала шырқырап жылап жатады. Сары бәйбіше Нұриләға:
- Балаң жылауық екен. Осындай шалажансар бала туасың ба, найсап! Бұл біздің отағасыдан емес, қойшы-қолаңнан ғой шамасы - дейді де, долданып үйіне қайтып кетеді. Нұрилә нәрестені бесіктен шешіп, емізгелі алдына ала бергенде, еңбегінің ойылып қалғанын көреді. Ол дереу Жантас деген аға жылқышыны шақырады. Жантастың тәуіпшілігі бар екен. Ол нөрестені ары-бері қарап:
- Баланың бас сүйегі жарақаттанған, жерге құлатып алдың ба, әлде үйде бөтен біреу болып па еді? - деп сүрайды. Нұрилә:
- Үйде үлкен енем калып еді, - дейді.
- Ә, қақпас, зәлім! - дейді Жантас, - мынау соның бармағының ізі ғой. Жас нәрестенің басын қолымен мыжып жіберіпті. Мен дереу оташы алып келейін. Жантас Шаян мешітінде тұратын оташыны алып жетеді. Оташы:
- Нәрестенің бас сүйегі опырылып кетіпті. Әйтеуір миы аман екен... Дереу бас жаңқаларын ептеп алып тастап үстінгі қабығын жапсырып, оны жаңа сойған тайдың ішегімен орап, таңып тастайды. Бірер айда сүйектер бірімен-бірі қабысып, жазылып кетеді. Содан Тілеуберді баланың аты Жарықшақ аталып кете барады.
Бұл күндестік, қастандықтың арты біраз сөз болып, Бәйдібек би сары бәйбішесін төркініне апарып тастамақ болады. Бәйбіше Нұрилә күндесіне барып, "Кешір мені" деп жалынады. Ақылды, сабырлы, қайырымды Нұрилә: "Бір жолға кештім" депті. Сөйтіп, ел аяғы тынышталыпты.
