Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Документ Microsoft Office Word.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
843 Кб
Скачать
☆

Бәйдібек Қарашаұлы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Қарашаұлы Бәйдібек

Бәйдібек баба

Туған күні:

6-7 ғ. (шамамен 609-695 ж)

Азаматтығы:

Қазақ елі

Ұлты:

Қазақ

Әкесі:

Қараша би (558-632 ж.)

Жұбайы:

Марау, Зеріп, Нүрила.

Балалары:

Мараудан Байтоқты(Сирықты), Зеріптен Жалманбет, Нүриладан Жарықшақ(Тілеуберді).

Қарашаұлы Бәйдібек (VІ-VІІ ғғ.) – Жетісу алабындағы көшпелі тайпалар көсемі. Ақыл-парасатымен, ерлік істерімен елге ұйытқы болған тарихи тұлға.

Ел ішіндегі қария сөздер – далалық ауызша тарихнама бойынша (ДАТ) Ұлы жүздің үйсін бірлестігінің құрамындағы албан, суан, сарыүйсін, шапырашты, ысты, ошақты тайпалары Бәйдібекті өздерінің түп атасы деп біледі. Бәйдібектің әкесі Қараша 604-678 ж. (қытай жылнамасында 530-604 ж деп көрсетілген) туралы, Бәйдібектің ұрпағы Майқы би туралы Қытай жылнамаларында, Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551 жж.) еңбегінде деректер кездеседі. Бәйдібек жалпақ жатқан Жетісуды, Арыс өзенінің шұрайлы алқаптарын, Қаратау мен Ташкент алабын қоныс етіп, ондағы ру-тайпалардың бас біріктіруіне, ел болып ұйысуына ықпал еткен. Бәйдібек үш некелі болыпты. Бірінші әйелі – Сары бәйбішеден Байтоқты есімді бала туып, одан Түргеш (Сарыүйсін) өрбіген. Екінші әйелі – Зеріптен Жаламбет туады. Одан – Шапырашты, Ошақты, Ысты өрбіген. Үшінші әйелі – есімі исі қазаққа мәшһүр әулие Домалақ ана. Бұл кісінің нағыз есімі Нұрилә. Домалақ анадан Тілеуберді туады. Тілеуберді ел аузында Жарықшақ (Жарықбас) атанып кеткен. Жарықшақтан – Албан, Суан, Дулат өрбиді. Бұл аталардың бәрі де ілгері ру-тайпаларға ұласып, қазақ халқының ел болып ұйысуына тікелей араласқан. Бәйдібектің Сары бәйбішесінен туған Байтоқтыдан басқа алты бірдей ұлы соғыста қаза тауып, Қаратаудың шығысындағы Қошқарата өзенінің бойына жерленген. Күні бүгінге дейін бұл жер «Алты сары басы» деп аталады. Бәйдібектің өзінің сүйегі Балабөген өзенінің жағасында жерлеген. Басына көрнекті кесене тұрғызған. Қазір Оңтүстік Қазақстан обылысындағы бір аудан Бәйдібек есімімен аталады. Бәйдібектің өмір сүрген заманы – Еуразияның Ұлы даласын (Л.Н. Гумилев) қоныс еткен желдей еркін көшпелі тайпалардың арасында этникалық тұстану үрдісі қызу қарқынмен жүріп, мемлекеттің іргетасы қаланып, тарих сахнасына әйгілі Түрік қағанатының шыққан кезі. Шығысында Сарыөзен (Хуанхе) мен батысында Темірқақпаға (Дербент) дейін қанат жайған алып қағанат өз кезегінде төңірегіндегі Қытай, Парсы ,Үнді, Рұм (Византия) сияқты империялар мен патшалықтарға ықпалын жүргізе бастаған. Ең бастысы, түркі жұртының шаруашылық-мәдени типі сараланып, өзіндік төлтума өркениеті қалыптасып, енді түркі тектес ұлттар өз қоныс-тұрағымен, өзіндік тіл-ділімен тұлға таныта бастаған. Міне, осындай аса күрделі тарихи кезеңде Бәйдібек ақыл-парсатымен де, ерлік істерімен де ұлттың ұйысуына, елдің бас біріктіруіне, сөйтіп қазақ даласындағы ру-тайпалардың этникалық тұтасуына мұрындық болған тарихи тұлға. Бәйдібек, Домалақ ана кешендерінде 2000-2001 жылдары жүргізген қазба жұмыстары тарихи тұлғалардың қоғамда алар орнына, өмір сүрген заманына қатысты толымды дерек-мағұлматтар беріп отыр. Солардың ішінде VІ-VІІ ғасырда шығарылған тиын теңгелер Бәйдібек пен оның жұбайы Домалақ ананың өмір сүрген заманына, олардың әлеуметтік статусына елеулі айғақ ретінде ден қойдырады. Халық жады арқылы атадан балаға жалғасып жеткен қария сөздер Бәйдібектің ел қамы, халық тағдырына қатысты істерге ұйытқы болып, көреген көсемдігімен жұртқа ықпал еткен тарихи тұлға екенін танытады Халық жүрегінде сақталған және жазба түрдегі шежірелердің деректеріне сүйенсек, Ұлы жүз құрамындағы Сіргелі,Жалайыр, Шақшам, Сарыүйсін, Шапырашты, Ысты, Ошақты, Албан, Суан, және Дулат тайпаларының түп атасы Майқы би болып келеді. Соған байланысты "Түгел сөздің түбі - бір, түп атамыз - Майқы би" деген нақыл сөз халық аузында сақталып қалды. Оның аяғы ақсақ болды, сондықтан да күймеге мініп жүрді. Майқы би көп жасаған кісі, жеті ханды қолынан өткеріп, бар ғұмырын халық тағдырын ойлауға жұмсады. Ол 120 жасқа келгенде, үш жүздің еншісін берді, таңбасын таратты. Ұлы жүзге ту ұстатты, Орта жүзге қауырсын қалам, Кіші жүзге найза берді. Осы бөлістен соң Майқы би туралы "Хан біткеннің қазығы - бұқара жұрттың азығы" деген мәтел кең тарап кетті.

Шежіре деректерінде би Кейкіден туған Төбей деп көрсетіледі. Төбейдің төрт баласы - Майқы, Қоғам, Мекіре, Қойылдыр. Ал, Майқыдан - Бақтияр , Бақадыр өрбиді. Бақадыр ұрпағы Ауған мен Иран жерінде жалғасады. Бақтияр батырдан - Үйсін, Ойсыл туады. Ойсыл ұрпағы - Сіргелі. Бұл жеке дара жіктейтін ірі тайпа. Ал, Үйсін ұрпағы Ұлы жүз халқының негізгі бөлігін құрайды. Өз заманында оның атақ-даңқы кең жайылды. Ертедегі қазақ мемлекетімен шет елдермен дипломатиялық қарым-қатынасы, мәдени байланысы, сауда ісі осы Үйсін есімімен тығыз байланысты болды. Үйсін ұрпағы - Жансақал, Ақсақал болып келеді. Жансақалдан жалайыр тайпасы тарайды. Ал, Ақсақалды шежіре деректерінде Абақ таңбалы деп көрсетеді. Сондықтанда кейде Ақсақалды "Абақ" деп те атайды. Ақсақалдан айдарлы сақалды туады. Шежіреде олардың егіз перзент екені айтылады. Екеуі де батыр ноян болып өседі. Елді сыртқы жаудан қорғау мақсатында Сақалды Орта жүзге кіретін Керей ұлысының ішіне барып, сол елдің қызын алып, сонда қалып қояды. Кейін одан тараған ұрпақ Абақ-Керей атанып кетті. Айдарлыдан - Асан, Қараша туды. Асан өз заманының ғылымын жан-жақты меңгерген, терең білімді, ақылға дарқан, өмірден көргені көп, ұққаны мол кісі болды. Ол дүниені жалған құбылыс деп түсініп, үйленбеген. Қазақ халқының тарихына, әдебиетіне Асан қайғы деген атпен енді. Халықтың қамын жеген қамқор қартты ел осылай атады. Жиһанкез саяхатшы болды. Қараша би, кейін хан болған кісі. Оның әкесі Айдарлы өжет мінезді, ержүрек батырлығымен көзге түскен екен. Қараша биден - Бәйдібек, Байдолла туады. Байдолладан шақшам тайпасы тарайды. Ол - Атым, Сары, Имам, Жәнібек, Қазақбай, Қара болып алты атаға бөлінеді. Бәйдібектен - Байтоқты, Жалмамбет, Жарықшақ, туады.

Ұлы Бәйдібек бабамыз 609-695 жылдары өмір сүрді. Байдібек баба Қара таудың етегінде дүниеге келген. Ел халқына жайлау таңдау мақсатымен Қаратаудың құйқалы күнгейі мен Боралдай ,Қазығұрт тауының шұрайлы жерлеріне көшіп жүрген. Жазы, қысы ел малы осы өңірде бағылады. Бәйдібек бабаның әкесі Қараша (604-678) жылдары өмір сүрген.