Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6f72d7b6-60ed-11e5-8cc8-f6d299da70eeорынгул.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
145 Кб
Скачать
☆

Декоративті гүлді өсімдіктердің шығу орталықтары

Өсімдік атауы

Шығу орталықтары

Азия

Африка

Солт. Амер.

Оңт. Амер.

Орт. Амер.

Евро-па

Жерорта

теңізі маңы

Арктотис

Arctotis

+

Астра

Aster

+

Барқытшөп

Бархатцы

Tagetes

+

Гацания

Gozania

+

Гелиптерум

(Акроклиниум)

Helipterum

+

Гүлкекіре

Василек

Centaurea

+

Гүлтәжі

Амарант

(Щирица)

Amaranthus

+

Диморфотека

Dumorphotheca

+

Есінек

Львиный зев

Antirrinum

+

Зығыр

Лен

Linum

+

Иберис

(Стенник)

Iberis

+

Календула

(Ногатки)

Calendula

+

Кореопсис

Coreopsis

+

Космос

Cosmos

+

Қараот

Портулак

Portulaca

+

Қотырот

Скабиоза

Scabiosa

+

Құлқайыр

Мальва

(Просвирник)

Malva

+

Левкой

(Маттиола)

Matthiola

+

Лобелия

Lobelia

+

Лобулярия

Лобулярия

Lobularia

+

Мақсыр

Сафлор

Carthamus

+

Малопа

(Дыравка)

Malope

+

Нарқайсар

Вербена

Verbena

+

Нарғызгүл

Георгина

Dahlia

+

Настурция

Tropaeolum

+

Немезия

Nemesia

+

Никандра

Nicandra

+

Ночная красавица

(Мирабилис)

Mirabilis

+

Петуния

Petunia

+

Схизантус

(Щизантус)

Schisanthus

+

Целозия

Celosia

+

Цинния

Zinnia

+

Шырмауық

Вьюнок

(Конвольвулюс)

Convolvulus

+

Шытырлақ

Бальзамин (Недотрога)

Impatiens

+

Эшшольция

Eschschoetzia

+

Декоративті әсем гүлді өсімдіктердің Азияда, Африкада, Солтүстік Америкада, Оңтүстік Америкада, Орталық Америкада, Европада, Жерорта теңізі маңында таралған.

Бір жылдық декоративті өсімдіктердің көпжылдық декоративті өсімдіктерге қарағанда кеңінен пайдаланылады көрсетті

Бақылау сұрақтары: тест және ауызша сұрақтары берілген.

Қолданылатын әдебиеттер:

1. Алферова В.А., Зайцева Е.Н. «Декоративные однолетники». Москва, изд. АН СССР, 1963.

2. Артамонов В. «599 советов цветоводу- любителю». Алма- Ата, «Кайнар», 1986.

3. Ассорина С. «Экология декоративных растений». Москва, 1977.

4. Баканова К. «Эколого- биологические основы введения трав местной флоры в озеленение Джезказгана». Алма- Ата, 1977.

5. Байжанова О., Дашкевич Д., Рахимбаев К. Рассказы о диких цветах Казахстана. Алма- Ата, 1982.

6.Бессчетнова М.В., Исаева Б.К., Уварова Е.И., Ларионова Н.И., Малдыбекова К.С., Кокорев А.А. “Интродукция многолетних и однолетних цветочных растений”. Алма- Ата: “Наука”, 1989.

7. Киреев М.Ф. «Советы цветоводам». Воронеж, Центрально- Черноземное книжное издательство, 1984.

Лекция №7,8. Декоративті өсімдіктердің ботаникалық сипаттамасы

Дәрістің мақсаты: Декоративті өсімдіктердің түрлерімен танысу.

Дәріс мазмұны:

I. Алқалар- Solanaceae- Пасленовые

1. Никандра - Nicandra

Алқалар тұқымдасының бір түрі. Сабағының биіктігі 20-70 см болатын, ірі, декоративті- әсем қою жасыл жапырақты бір жылдық декоративті гүлді өсімдік. Гүлі ірі, көкшіл, ақ түсті, сабағының ең жоғарғы жағында бір- бірден орналасады. Гүлдеуі шілде- қазан айларында жүреді.

2. Петуния- Petunia

Биіктігі 20- 50 см аралығында болатын декоративті гүлді өсімдік. Сабағы тік өседі. Жапырағы тегіс жиекті, сопақша, қою жасыл түсті. Гүлдерінің түсі ақ, қызғылт, көкшіл болып келеді, жай гүлшоғыр. Жемісі- екі жақтаулы қорапша. Тұқымы өте ұсақ әрі көп. Маусым айынан күн суытқанға дейін гүлдейді.

3. Схизантус (Щизантус)- Schisanthus

Биіктігі 20- 60 см болатын, сабағы тік өсетін, тамыр жүйесі жақсы дамыған бір жылдық әсем өсімдік. Жапырақтары терең тілімденген әдемі. Гүлдері орхидея гүліне ұқсас, күлте жапырақтары әр түрлі түсті дақтармен ерекшеленген. Жемісі- қоңыр немесе сұр түсті қорапша, ұсақ тұқым. Маусым айынан күн суытқанға дейін гүлдеп тұрады.

II. Бальзаминдер - Бальзаминовые- Balsaminaceae

4. Шытырлақ - Бальзамин (Недотрога) - Impatiens

Тік сабақты, биіктігі 40- 60 см аралығындағы декоративті гүлді өсімдік. Сабағы жуан, шырынды. Ірі, бұрыс гүлдерінің түсі әр алуан. Жапырақтары ланцет пішінді, тегіс, қою жасыл түсті. Жемісі- қорапша. Тұқымы- шар пішіндес, қоңыр түсті. Шілде айынан күн суытқанға дейін гүлдейді.

III. Вербеналар- Вербеновые- Verbenaceae

5. Нарқайсар- Вербена- Verbena

Төрт қырлы, қалың бұтақтанған сабақты, биіктігі 40- 45 см болатын әсем гүлді өсімдік. Тамыры- шашақ тамыр, 20 см тереңдікке дейін жетеді. Тамырының топырақпен жанасқан жерінде жанама тамырлары бар. Жапырағы сабақта қарама- қарсы орналасқан, пішіні сопақша. Гүлшоғыры- 30-50 гүлден тұратын собық, түсі әр алуан. Жемісі- ашық қоңыр түсті, таяқша тәрізді жаңғақ. Маусым- қазан айлары аралығында гүлдейді.