Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6f72d7b6-60ed-11e5-8cc8-f6d299da70eeорынгул.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
145 Кб
Скачать
☆

VI. Қалампырлар тұқымдасы. Caryophyilaceae Juss Гвоздичные.

1. Қалампырлар – Гвоздика - Diathus

Өсімдіктің биіктігі 30 – 40 см. Гүлдері қызғылт және ақ, диаметрі 3- 4 см. Гүлдеуі 14 – 26 маусымда 100 – 110 күн ішінде, 60 – 65 күннен кейін. Тұқымдары тамыз - қыркүйек айларында піседі. Көбеюі тұқымы арқылы. Қ ыста жабуды қажет етеді. Ашық және жартылай көлеңкелі жерлерде топтастыруға, кесіп алуға қолданылады.

2. Отсабын-Лихнис-Lichnic.

Отаны – Европа, Сібір, Орталық Азия, Монғолия. Гүлдері ашық қызыл, қызғылт, диаметр-2,3 см. Гүлшоғыры диаметрі 6-8см. Гүлдеуі 30 мамырдан – 8 маусымға дейін 70-80 күн ішінде. Көбеюі туқымдары және бұталарының бөлінуі арқылы көбейеді. Ашық және жартылай көлеңкелі жерлерге отырғызады. Қыста жабуды қажет етпейді.

VII.Көкшегүлдер тұқымдасы. Polemoniaceae Vent.

Синюховые. 1. Флокс-Phlox.

Отаны – Америка, Техас. Биіктігі 60 -70 см. Гүлдерінің түсі әр алуан, пирамидалы сыпыртқыға жиналған, мөлшері 15-10. Гүлдеуі 13- 28 шілдеде басталады, гүлдеу ұзақтығы 40-50 күн. Тұқымдары қыркүйек – қазанда піседі. Түптерін бөлу, қалемше, тұқымы арқылы көбейеді. Жартылай көлеңкелі жерлерге кесуге топтастырып отырғызады.

VIII. Раушангүлдер тұқымдасы. Rosaceae Juss. Розоцветные.

1. Раушан – Роза – Rosadea

Отаны – Европ, Азия, Жерорта теңізі, Солтүстік Америка. Сәуірдің 2 – 3-ші онкүндігінен бастап бүрі ашылады. Гүлдеуі 1 -20 маусымнан бастап, үсік жүргенге дейін жалғасады. Гүлдердің түсі әр түрлі (ақ, сары, қызғылт, қызыл), диаметрі 8 -14см, жеке және бір гүл тұғырында бірнеше гүлі бар формалары болады. Әдемі жапырақты, түптерінің биіктігі 50 -80см. Қалемшелері арқылы көбейеді. Жеке және топтастырып, ашық және жартылай көлеңкелі жерлерге отырғызылады. Қыста жабуды қажет етеді.

IX. Құртқашаш тұқымдасы. Iridacea Lindl. Касатиковые.

1. Құртқашаш – Ирис - Iris

Отаны – Қиыр Шығыс, Жапония, Корея. Бақта өсіріледі. Сәуірде көктеп, мамырдың ортасы мен маусымның үшінші онкүндігі аралығында гүлдейді. Гүлдеу ұзақтығы 30-35 күн. (ерте пісетіндер 15-20 мамыр, кеш пісетіндер 1-50маусым). Гүлдерінің түсі алуан түрлі: бір немесе екі түсті болады – ақ, ақшылқоңыр, сары, көгілдір, көк, күлгінкөк, кейде күтелерінің жиегі басқа түспен көмкерілуі мүмкін. Өсімдік мөлшері сортына сәйкес 8 – 14 см аралығында өзгеріп отырады. Гүлшоғырының биіктігі 34 – 45 см. Барлық сорттары жеміс бере бермейді. Тамыр сабақтарын бөлу арқылы көбейтеді. 4 – 5 жылдар түптері қосылады, 7 - 8 жылдан кейін сәндік сапалылығы төмендеп қайда отырғызуды қажет етеді. Жарық сүйгіш өсімдік болғанымен көлеңкелі жерлерде өсе береді. Қыста жабуды қажет етеді. Жол жиегі мен газондарда отырғызуға, көпжылдық және сәндік бұталы өсімдіктермен аралас отырғызуға болады.