Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6f72d7b6-60ed-11e5-8cc8-f6d299da70eeорынгул.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
145 Кб
Скачать
☆

2. Баршынгүл – Гладиолус – Gladiolus

Бақта өсетін гибридінің сәйкес түрлерінің отаны Солтүстік және Оңтүстік Африка, Еуропа және Батыс Азия. Көпжылдық өсімдік, топырақта қыстамайды. Олардың барлық түрлерінің жалпы гүлдеу ұзақтығы 75 – 80 күн. Сорттары гүлдеу мерзіміне қарай үш топқа бөлінеді; ерте (отырғызғаннан соң 60 – 70 күннен соң), орташа (71 –80 күннен соң) және кеш (81-100 күннен соң) гүлдейтін. Әр түрлі сорттарында бір гүлшоғырының гүлдеу ұзақтығы 7 – 8 күннен 21 күнге дейін, ал бір гүлінікі – 2 – 5 күн. Гүлдерінің диаметрі 7 – 21 см, ұзындығы 30 – 65 см, масақ тәрізді гүлшоғырына 10 – 23 дейін орналасқан. Баршынгүл сорттарының гүлдері түсіне қарай әр алуан: ақ пен ақшыл қызғылт түстен күңгірт қызылға дейін, ақшыл сарыдан сарғыш түске дейін, ақшыыл сия көктен қою сиякөкке дейін. Өсімдіктің биіктігі 70 – 153 см. Жапырақтарының ұзындығы 50 – 100 см, ені 1,5 – 6 см.

Баршынгүл тұқымдары отырғызғаннан кейін 80 – 140 күннен кейін пісе бастайды. Кеш гүлдейтін түрлері, піскен тұқым бермейді. Баршынгүлдің әр түрлі сорттарының түйнекпиязшықтары мөлшеріне, салмағына және түсіне қарай әр түрлі. Максималды диометрі 3,5 – 8,1 см дейн кездеседі. Түйнек пиязшықтарының биіктігі 1,7 – 3,8 см, салмағы 13 - 118 г дейін. Гүлдерінің түсі мен түйнекпиязшықтарының түстері сәйкес келе бермейді, бірақ ақшыл түсті гүлдері бар сорттарының түйнекпиязшықтары күңгірт түсті болмайды. Түйнекпиязшықтарының біздің климаттық жағдайдағы өмір сүру мерзімі 6 – 7 жыл. Сондықтан түйнекпиязшықтарын үнемі жас түйнекпиязшықтарымен толықтырып отыруы қажет.

Әр түрлі сорттарындағы гүлдерінің мөлшері ұсақ 7–8 см, орташа 10 – 12 см, ірі 13 – 14 см өте ірі 14 см-ден жоғары.

X.Канна тұқымдасы. Cannadea Juss. Канны.

1. Канна – Canna.

Бақтағы гибридінің отаны – Орталық және Оңтүстік Америка. Бұл тамырсабақты көпжылдық өсімдік, мезгілдік безендіру үшін қолданылады. Топтастырып отырғызуға жарайды. Бұл өсімдіктің биіктігі 140- 150см . Гүл шоғырының ұзындығы 15 – 20см . Гүлдері қызғылт түсті. 28 шілде -5 – тамыздан бастап 55 – 60 күн аралығында гүлдейді.

Орталық Қазақстанның климаттық жағдайларында өсіруге қолайлы.

Бақылау сұрақтары: тест және ауызша сұрақтары берілген.

Қолданылатын әдебиеттер:

1. Алферова В.А., Зайцева Е.Н. «Декоративные однолетники». Москва, изд. АН СССР, 1963.

2. Артамонов В. «599 советов цветоводу- любителю». Алма- Ата, «Кайнар», 1986.

3. Ассорина С. «Экология декоративных растений». Москва, 1977.

4. Баканова К. «Эколого- биологические основы введения трав местной флоры в озеленение Джезказгана». Алма- Ата, 1977.

5. Байжанова О., Дашкевич Д., Рахимбаев К. Рассказы о диких цветах Казахстана. Алма- Ата, 1982.

6.Бессчетнова М.В., Исаева Б.К., Уварова Е.И., Ларионова Н.И., Малдыбекова К.С., Кокорев А.А. “Интродукция многолетних и однолетних цветочных растений”. Алма- Ата: “Наука”, 1989.

7. Киреев М.Ф. «Советы цветоводам». Воронеж, Центрально- Черноземное книжное издательство, 1984.

Лекция №11. Бөлме өсімдіктері туралы ұғым, олардың маңызы

Дәрістің мақсаты: Бөлме және декоративті өсімдіктер туралы мағлұмат алу.

Дәріс мазмұны:

Бақылау сұрақтары: тест және ауызша сұрақтары берілген.

Қолданылатын әдебиеттер:

1. Алферова В.А., Зайцева Е.Н. «Декоративные однолетники». Москва, изд. АН СССР, 1963.

2. Артамонов В. «599 советов цветоводу- любителю». Алма- Ата, «Кайнар», 1986.

3. Ассорина С. «Экология декоративных растений». Москва, 1977.

4. Баканова К. «Эколого- биологические основы введения трав местной флоры в озеленение Джезказгана». Алма- Ата, 1977.

5. Байжанова О., Дашкевич Д., Рахимбаев К. Рассказы о диких цветах Казахстана. Алма- Ата, 1982.

6.Бессчетнова М.В., Исаева Б.К., Уварова Е.И., Ларионова Н.И., Малдыбекова К.С., Кокорев А.А. “Интродукция многолетних и однолетних цветочных растений”. Алма- Ата: “Наука”, 1989.

7. Киреев М.Ф. «Советы цветоводам». Воронеж, Центрально- Черноземное книжное издательство, 1984.

Лекция № 12. Бөлме өсімдіктерінің систeматикалық, географиялық, экологиялық сипаттамасы.

Дәрістің мақсаты: Бөлме өсімдіктерінің систeматикалық, географиялық, экологиялық сипаттамасымен танысу

Дәріс мазмұны: Үй өсімдіктерін өсіру жер шарын мекендейтін барлық елге кең тараған. Қазір мақпалдай құлпырып, гүл жайнап, шешек атып сағат сайын құбылып тұрған үй өсімдіктерінің алуан түрлерін бөлме терезелері алдынан, магазин витриналарынан, қысқы бақша сарайларынан, мектептерден, балалар үйлерінен, асханалардан, кинотеатр залдарынан, ауруханалардан, санаторийлардан, завод – фабрика цехтарынан, басқа да қоғамдық орындардан күнде кездестіреміз. Үйде өсімдік өсіру адамзатқа, біріншіден, өсімдіктің тіршілік ерекшеліктерін білу және сыртқы табиғаттың оларға тигізетін әсерін байқау үшін қажет болса, екіншіден, жасыл әлемнің өсу, көбейю зандарын үйрену, әсіресе мектеп оқушылары үшін өте қажетті де көрнекті құрал.

Бөлме өсімдіктері бір-бірінен өте әдемі гүлрендерімен немесе жапырағының түсімен пішінімен немесе жалпы кеңістікте орналасу және адам өміріндегі кейбір маңызы мен ерекшеленеді. Осыған байланысты бөлме өсімдіктерін бірнеше топтарға бөледі: әдемі гүлдейтін декоративті бөлме өсімдіктері, декоративті жапырақты бөлме өсімдіктері, лианалы бөлме өсімдіктері, ампельді бөлме өсімдіктері, суккуленті бөлме өсімдіктері.

Бөлме өсімдіктерінің маңызды ерекшеліктерінің бірі – олардың фитонцидтілігі. Көптеген декоративті бөлме өсімдіктері гүлдеу кезінде немесе олардың сабағымен жапырақтары химиялық активті заттарды бөледі: Алкалоидтарды, глукозиттерді, эфир майларын т.б. Алкалоидтар өзінің химиялық құрамына байланысты азотты қосылыстар олардың медициналық маңызы зор (Орехов, 1965). Эфир майлары хош иісті болып келеді. Олар ауада тез таралады. Осындай фитонцидті химиялық активті заттар адам өміріне микроорганизмдердің тіршілігіне әсер етіп, оларды жояды.

Фитонцидті бөлме өсімдіктерін биология пәнін оқытуда оқу материалы ретінде мектепте зор маңызы бар. Сондықтан, оқушылардың жұмысы мектеп сыныптарын бөлме өсімдіктерімен көгалдандырудан және мектеп теплициаларын ұйымдастырудан бастауға тиісті. Бұл жұмысты орындау, оқушылардан бөлме өсімдіктерінің түрлеріне байланысты, олардың географиялық таралуына және олардың өсу ерекшеліктеріне байланысты терең білімнің болуын қажет етеді.

Фитонцидті бөлме өсімдіктері табиғи материал ретінде өсімдіктердің құрылыс ерекшеліктерін оқытуда кеңінен пайдаланылады. Осы ерекшелігіне байланысты, биология пәнін оқыту үшін, жыл маусымының барлық кезеңінде өте қолайлы оқыту материалы болып есептеледі. өсімдіктану пәнін оқытуда, өсімдіктердің анатомиялық, морфологиялық құрылысын және әр түрлі тұқымдастардың систематикалық ерекшеліктерін оқытуда пайдаланады. Бөлме өсімдіктерін биология пәнінде кеңінен пайдалану, оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу қабілетін қадағалап, бақылау ерекшелігін арттырады, сөйтіп оқушылардың ойлау қабілетін, яғни логикасын дамытады. Үйде өсірілетін өсімдіктің пайдалылығы олардың көркемдігі мен азын –аулақ жемісінде ғана емес, олар тұрғын үйдін ауасына тазартады. Өсімдіктер ауадағы көмір қышқыл газын бойына сіңіріп, оттегін өзінен бөліп шығарады. Демек, өсімдік тұрғын үйдің зиянды газдарын азайтып, адамға керекті оттегінің мөлшерін үнемі толықтырып отырады.

Ауада жай көзге көрінбейтін алуан түрлі микробтар тобы болады. Олар көпшілігі адамның денсаулығына зиян келтіреді. Ал үйде өсірілетін өсімдіктер осы микробтардың тіршілігіне кері әсер ететін әр түрлі заттар бөліп шығарады. Оны ғылыми тілінде фитонцидтер деп атайды.

Үйде өсірілетін өсімдіктерін басым көпшілік тропиктік және субтропиктік Азия, Африка, Америка, Австралия елдерінің орманды, далалы, шөлді аймақтарынан тараған өсімдіктер. Олардың тіршілік әрекеті, сыртқы пішіні осы бастапқы шыққан орындарының жағдайына бейімделіп қалыптасқан. Сондықтан үйде өсірілетін әр өсімдіктін ерекшелігін, оның тіршілігіне қажетті шарттарды білу үшін олардың әрқайсысының қайдан тарағаны, ондағы сыртқы ортаның жағдайлары жөнінде хабардар болу керек. (Тұрдиев, Беспаева, 1968)

Экватордың екі жағы ылғалды тропикалық орман болып келеді. Мұнда жылына 12000 мм дейін, орта есеппен 3600 мм жаңбыр жауады. Жылдық орташа температура +25 -28 жылылықтың төңірегінде болады. Сондықтан да бұл жерлерде иін тірескен мәңгі жасыл ну орман өседі. Ағаштың түбі қара көлеңке болып тұрады.Күн сәулесі жетіспейді. (Туленцев, 1954)

Үйде өсірілетін фикус, монстера, фуксия, банан, пальма, бегония, папоротниктер, ландар т. т. осы ылғалды тропик ормандардан тараған. (Карнеев, 1967)

Тропиктік аймақтарда жауын - шашып онан да кем түсетін жазық далалық аудандар да бар. Бұл аудандарда биіктігі 3 - 5 м - ге жетеді шөптесін жуашық өсімдіктер өседі. Ағаш пен бұта өсімдіктері мұнда сирек кездеседі. Көптеген әдемі гүлдер кринум, гиппеаструм амариллис сияқты жуашықты өсімдіктер осы аудандардан таралған. Бұл өсімдіктер ауаның қуаңшылығын көтергенімен, жарықты, жылуды көп тілейді. (Родина,1962)

Тропиктік өңірлерде шөлді аймақтар көп. Мұнда жылына орта есеппен 200 мм – ден артық жаңбыр жаумайды. Бұлтты күндер жоқтың қасы. Жазы өте ыстық, ауасы құрғақ, салқын түспейді, қыс болмайды. Сондықтан да мұнда өсетін өсімдіктер тапшы судың өзін үнемді пайдалануға бейімделген. Олардың тамырлары өте тереңге кетеді. Кактустар, сүттігендер, агавалар, алоэ сияқты өсімдіктердің жапырақтары мен сабақтары осы жағдайларға бейімделіп ұлпалық -тікенді болып өзгерген. Олардың үстін балауыз, кутикула басқан. Осындай өзгерістердің салдарынан кейбір агавалар, кактустар өздерінің ұлпа жапырақтары мен сабақтарында 200 – 300 л - ге дейін су сақтай алады. (Дьяконов, 1953)

Үй жағдайында өсіргенде мұндай өсімдіктер жарықты, жылуды қажет етеді. Қысқы уақытта олар тұрған бөлменің температурасы +20 -12 шамасында болу керек, өсетін топырағы қышқыл болмауы қажет. (Карнеев, 1957)

Үй жағдайында әдемі жапырақты және әсем гүлді абутилон, трахикарпус, лавр, самшит, аукуба, олеандр, камелия, рододендрон, азалия, магнолия, қылқан жапырақты секвоя, тисс, туя, араукария, кипарис, тағы басқалар өседі, бұлардың барлығы да субтропиктік елдерден таралған. ( Киселев, 1964 )

Субтропиктік елдерге Шығыс Азия, Жапония, Бирма, Индия, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Австралия, Африка, Оңтүстік Европа жағалаулары жатады. ( Ветлина, 1952 )

Бақылау сұрақтары: тест және ауызша сұрақтары берілген.

Қолданылатын әдебиеттер:

1. Алферова В.А., Зайцева Е.Н. «Декоративные однолетники». Москва, изд. АН СССР, 1963.

2. Артамонов В. «599 советов цветоводу- любителю». Алма- Ата, «Кайнар», 1986.

3. Ассорина С. «Экология декоративных растений». Москва, 1977.

4. Баканова К. «Эколого- биологические основы введения трав местной флоры в озеленение Джезказгана». Алма- Ата, 1977.

5. Байжанова О., Дашкевич Д., Рахимбаев К. Рассказы о диких цветах Казахстана. Алма- Ата, 1982.

6.Бессчетнова М.В., Исаева Б.К., Уварова Е.И., Ларионова Н.И., Малдыбекова К.С., Кокорев А.А. “Интродукция многолетних и однолетних цветочных растений”. Алма- Ата: “Наука”, 1989.

7. Киреев М.Ф. «Советы цветоводам». Воронеж, Центрально- Черноземное книжное издательство, 1984.

Лекция № 13. Бөлме өсімдіктердің түрлері.

Дәрістің мақсаты: Бөлме өсімдіктерінің түрлерімен танысу.

Дәріс мазмұны:Бегония. (Begoniaceae) Сыртқы көрінісі, биологиялық ерекшелігі мейлінше алуан түрлі болып келетін бегония өсімдігінің 400 түрі бар. Бұл өсімдік түрлері Африка, Америка және Малая Архипелагындағы тропиктік ормандарда табиғи түрде таралған. Бегониялар сабағы түкті, жапырағы түрлі – түсті көп жылдық шөптесін өсімдік. Гүлінің пішіне де, түсі де әр алуан.

Үйде өсірілетін бегониялар үш топқа бөлінеді. Олар әдемі гүлдері үшін өсірілетін, ылғи көгеріп тұратын және жақсы түптенетін бегония.

Бұтақты бегониялардың ішінен аса көп тараған әдемі түрін үздіксіз гүлдейтін бегония деп атайды. Бұлардың жапырағы шынайы жасыл да жылтыр, жиегі ара тісті. Сабағы бұтақтанған, ал оның төменгі жағы сүректі келеді. Оның гүлдері жиі орналасады. Күлте жапырағы қызыл болып келеді.

Түйін тамырлы бегония гүлдерінің диаметрі 11 – 12 см, кейде тіпті 30 см-ге жетеді, сабағы аласа, шырынды және сыңғақ келеді. Жапырақтарының түсі күнгірт жасыл, көлемі ірі, күлтесі ақ, қызыл, сары.

Монстера (Monstera ), аройд өсімдік тұқымдасына жатады.

Бұл –Орталық Американың тропик ормандарында мәңгі көгеріп тұратын өсімдік.

Монстера өсімдігін әшекейлі тілімденген, үлкен жылтыр жапырақтары үшін өсіреді. әрине, үйде өсірілген монстера оның табиғи жағдайда өсетіндей гүлдеп, жеміс бере алмайды.

Монстераны көктем сайын көшіріп қайтадан отырғызады. Қайтадан отырғызылатын ыдыс кең болуы керек. Топырақтың құрамы мынадай болады: 1 бөлегі шым топырақ, 1 бөлегі жапырақ топырақ, ½ бөлегі құм. Оның үстіне топыраққа аздап мүк араластырылады. Осыдан кейін күн сайын суарып және су бүркіледі, ауық- ауық тауық саңырығымен үстеп қоректендіріледі. Күзге қарай суару сиретіледі. Қыста өте сирек суарылады. Бұл кезде өсімдік тұрғын үйдің температурасы +12-15º болуы керек.

Монстераны вегетативті жолмен көбейтудің бірнеше тәсілдері бар. Солардың ішінде көп қолданылатыны атпа бұтақтарын пайдалану және қалемшелеу. Атпа бұтақтар өсімдіктің сабағының төменгі жағында пайда болады. Көктемде өсімдікті қайта отырғызарда осы атпа бұтақтарды бөліп алып жеке ыдысқа отырғызады.

Монстера делизиоза ауаның жылы болғанын жақсы көреді. Сондықтан оны әрқашан жылы бөлмеден ұстаған дұрыс.

Зефирантес (Zephyrantes),амариллис тұқымдасына жатады.

Орталық Америкада кездесетін мәңгі жасыл өсімдік. Оның жіңішке қайыс сияқты қою жасыл жапырақтарының ұзындығы 25-30см жетеді. Зефирантестің гүл бояулары түрлі түсті өте ашық келеді. Сондықтан оларды өнеркәсіптік гүл тшаруашылығында қыстап өсіретін өсімдіктер ретінде қолданады.

Біздің жағдайымызда зефирантес көктемнен күзге дейін гүлдейді. Бідзің зерттеуімізге қарағанда, зефирантестен бөлінетін заттардың құрамында ауадағы зиянды микробтардың санын кемітетін заттар болады. Бұл өсімдікке пайдалы.

Бөлмеде өсірілетін зефирантестердің ішінен аса әдемі гүлді бес түрін атап өтуге болады. Солардың бірі: зефирантес кандидасы. Гүлі ақ түсті. Гүл күлтелерінің пішіні бәйшешектің гүл күлтелеріне ұқсайды. Таспа жапырақты. Тұқымымен де кішкене өркенмен де көбейеді.

Жылтыр молочай ( Euphorbia splendens bojer),молочай тұқымдасына жатады.

180см дейін өсетін бұтақ тектес өсімдік. Сабақтары сұрғылт тікенекті, бұтақты болады. Жас тікенектер жапырақтың түр өзгерісі, күңгірт көгілдір түсті, өсе келе қара түске өзгереді. Жапырақтары кезектесіп орналасқан сағақсыз, қысқарған өркенге жақын орналасады. Гүлдері ұсақ сарғылт түсті, күрделі шатырша тәріздес, жапырақтың қолтығынан шығады. Гүлдерін әдемілендіріп тұратын үшкір 1,5см қосарланған гүлдері қызғылт түс беріп тұрады. Олардың отаны- Мадагаскар аралы. өсімдік қыста 18-20ºС, ал жазда күнді және желдетуді талап етеді. Жазғы кезде жиі суару және сумен бүрку қажет. Қыстынгүні гүлдеп болғаннан кейін 6 аптадай сирек суару керек. Көктемде өсімдікті кесіп қайталап отырғызады. Сағақ арқылы көбейеді. Гүлді өсімдік ретінде қолданылады.

Кислица (Oxalis )өреншөп тұқымдасына жатады.

30см биіктіктегі шөптесін тамыр сабақты өсімдік. Сабағы жай сабақ. Гүлдері шатыр тәріздес, 5-10 дейін сары, күңгірт, жүйкеленген, диаметрі 1-2см гүл шоғырынан тұрады. Отаны- Перу; Анды тауының теңіз деңгейінен 900метрлік биіктіктегі жаңбырлы орманында өседі. Өреншөп ашық жерде жиі суарып, жиі сумен бүрку арқылы өсіреді, күзде суармайды. Қысқы температура 16-18º болуы керек. Топырағының құрамы: қиршықты топырақ, жапырақты топырақ, қара шірік, торф құм (1:1:1:1:1). Сағақ арқылы көбейеді.

Ұлпа гүл ( Hydrangea),ұлпа гүлдер тұқымдасына жатады.

Гортензияның өзіне тән ерекшелігі- гүл шоғы шатыр тәріздес болып өте жиі бітеді. Гүлдерінің түсі қызғылт, ақ, көгілдір, көк және қызыл болып келеді. Үйде өсірілетін гортензияның диаметрі 30см үш немесе бес шатыр гүлі болады. Жақсылап күтілсе ұлпа гүл көктемнің басынан қысқа дейін гүлдейді. Ұлпа гүлдің шыққан жері- Қытай.

Ұлпа гүлді көбейтудің негізгі әдісі- қалемшелеу. Қалемшелеуді қаңтар айынан сәуірге дейін жүргізуге болады. Қалемшені өсіп тұрған өсімдіктің жіңішке немесе өгей бұтақтарынан әзірлейді.

Қалемшені отырғызар алдында ғана кесіп алады. әрбір қалемшенің 2-4 буыны (бүршігі немесе жапырағы) болуын ескеру керек. Ол үшін топырақты орташа ылғалдап, оған күніне 2-3 рет су бүркіп тұрады. Бастапқы кезде жас өсімдікті көлеңкелеуге тура келеді. Әбден өсіп жетілгеннен кейін, оларды бөліп жеке құмыраға отырғызады. Көктемде күн жылынғаннан кейін жас өсімдікті далаға шығарып, жерге отырғызады. Одан кейін оған су бүркіп, суарып және арам шөбін атап отырады. Осындай күтімдегі жас өсімдік жаздай гүлдеп тұрады. Ал күзге дейін гүлдемеген өсімдіктерді үйге кіргізіп, бір қалыпты күтеді. Мұндай өсімдік үй жағдайында гүлдейді. Гүлдеп болғансын өсімдікті қыста салқын подвалда сақтайды. Ал жазға қарсы ыдысымен тағы да далаға шығарып жерге көмеді. Далаға шығарылып, топыраққа көмілгенсін, өсімдік бір-екі айдан кейін гүлдей бастайды.

Үйде ұлпа гүлді көлеңкелеу жерге қояды. Гүлдеп болғаннан кейін өсімдікті солған гүлдерінен тазартып, артық ұзын бұтақтарын кесіп тастайды.

Глоксиния.(Cloxinia)Геснер тұқымдасына жататын көп жылдық түйнек тамырлы өсімдік. Отаны – Бразилия. Жапырағы ұсақ, жұмсақ, қоңыржасыл болады. Әр алуан реңді, қоңырау пішіндес, ірі, әдемі гүл жарады. Глоксинияның күтімі қиын емес. Көктемнен күзге дейін гүлдейді. Қыркүйек айының аяғында (жапырағы солған кезде) түйнегі бар құмыраны қараңғы қоңырсалқын жерге қойып, кеуіп қалмас үшін мезгіл – мезгіл суарып отырады.

Лавр ( Laurus ).

Хош иісті жапырақтары үнемі көгеріп тұратын лавр ағашы немесе бұтасы табиғи жағдайда Европаның Оңтүстігінде өседі. Бұл өзі қыста бірнеше градус аязға төзеді. Кавказда, Сухуми мен Батуми төңірегінде мәдени түрде өсіріледі.

Мәдени түрде қолдан өсірілетін лаврды асыл лавр деп атайды. Оның камфара лавры (камфара ағашы) деп аталатын түрі де бар. Оның бұлай аталуының себебі оның жапырақтарын уқалаған кезде камфара иісі аңқып мұрынды жарады.

Қыс айларында лаврды салқын жерге орналастырып, сирек суарады. Көктемнің аяқ шегінде оны сыртқа шығарады да ауа райына қарай күніне бір рет, не екі рет суарады. Кешке қарай салқын сумен өсімдікті жуады. Бұл әрекет өсімдік зиянкестеріне қарсы шара болып табылады.

Ыдыста өсірілген лаврды біраз уақыт өткеннен кейін ғана басқа орынға көшіреді.

Лавр отырғызылатын ыдыстың түбіне дренаж жасайды да, оған құм араласқан шым топырақ толтырады.

Лавр пирамида сияқты немесе шар тәрізденіп бұтақтанады. Оның пішінін қалауымызша өзгерту үшін жаздың аяқ шенінде (лаврдың өсуі баяулай бастаған кезде) оны күзеп, тиісті пішін береді. пішіні түзелген өсімдік балконды, баспалдақты безендіріп, көркейту үшін онан әрі өсіріледі.

Фикус (Ficus elastica Roxb),тутовалар тұқымдасына жатады. Отаны- Солтүстік- шығыс Индия, Непала және Бирма территориялары. Үйде және көпшілік орындарда өте көп тараған өсімдік. Мұны каучук ағашы деп те атайды.

Шығыс Азияның тропик ормандарында биіктігі 30 м шамасына жететін мәңгі жасыл ағаш. Жарақаттанған жерінен ақ шырын шығады. Оның 15 проценті каучук болады. Сондықтан жылы жақта фикус өсімдігін өндіріс қажеті үшін өсіреді.

Фикус өсімдігін қалемше арқылы көбейтеді. Көктемде не жазда ептеп топырақ араласқан құмға екі жапырағы бар қалемше отырғызып, оны жылы жерге қояды да, үнемі ылғалды болуын қамтамасыз етеді. Немесе қалемшені шөлмектегі, не жарты литрлік шыны құмырадағы суға батырып қояды. Бір айдай уақыт өткен соң қалемшеден тамыр пайда болады. Осыдан кейін өнген қалемшені құммен топырақ аралас салынған ыдысқа отырғызады. Сәні кеткен кәрі өсімдіктердің жас бұтақтарын, сабаққа өсіп шыққан көк бұтақтарды қалемше үшін пайдаланады.

Жарық үнемі бір жағынан ғана түсетін өсімдік қисайып өседі. Сондықтан оның жан- жағын жарыққа кезек қаратып отыру керек.

Үйде көбірек өсірілетін фикустың тағы бір түрі австралиялық фикус деп аталады.

Фуксия ( Fuchsia),кипрейлер тұқымдасына жатады.

Өсімдіктің негізгі отаны Орталық- оңтүстік Американың тропикалық және субтрапикалық аудандары, Жана Зеландия территориялары болып табылады.

Көбірек тараған үй өсімдігі. Алувн түске боялған гүлдері бағалы. Фуксияның тараған жері Оңтүстік Америка. Ол жақта бұта түрінде болады. Жапырақтары сопақтанып, жұмыртқа пішіндес болады.

Бұл өсімдіктің үйде өсірілетін мынадай түрлері кездеседі: Ағаш фуксиясы. Гүлі күрең қызыл. Боливия фуксиясы. Гүлі ашық киноварға ұқсас. Жатаған фуксия. Гүлі раушанға ұқсас, өркендері салбырама. Сондықтан бұл балконды, терезе алдын, вазаларды безендіруге лайықты. Сары алтын фуксия. Жапырақтарының түсі сап- сары. Қалың өскен жерінде құбылып әсем көрінеді.

Фуксиялардың ішінде ең көп тарағаны - әсем фуксия. Бұл өсімдіктің гүлі жіңішке де салбыраңқы.

Фуксия тұқымнан да, қалемшесінен де көбейе береді. отырғызылған қалемше 7- 10 күннің ішінде тамырланып өседі. Тамырланған өсімдікті жекелеп шағын құмыраға отырғызады. Қыста фуксия өспей, тыныштық сақтайды, сондықтан оны салқын да құрғақ, температурасы +6- 8º шамасындай болатын жарық жерде сақтау керек. Оны сирек суарып тұрады. Ақпанның аяғында- наурыз айында сабақтарын қырқып, жаңа топыраққа отырғызады. Осыдан кейін жас өскендер қаптап өсіп шығады. өсімдік маусым- шілде айларында гүлдейді. Жазда фуксияны үйден гөрі сыртта ұстаған жақсы.

Фуксияны күзде немесе қыста гүлдету үшін оларды подвалда сақтайды және онда көбірек ұстайды. Оларды балконға немесе баққа шығарғаннан кейін де бірнеше рет қырқып, жазда гүлдуіне мүмкіндік бермеу керек.

Сансевиерия (Sanseviera ),агавалар тұқымдасына жатады.

Отаны – Африка мен Азияның тропикалық аймағы. Мәңгі жасыл өсімдік, өрмелегіш тамыр сабағы бар, жапырағы қанжар тәріздес. Ұзындығы 1 метр, ені 7 см. Жапырақтарының түсі әдемі: күңгірт жасыл түсте, ақшыл көлденең сызықтары бар. Ол жас жапырақтарда тіпті әдемі көрінеді. Сансевьере өте төзімді, әр түрлі жағдайда өсе алады: температураның өзгеруіне, жарықтың төмендеуіне, ауаның құрғақтығына. Топырақтың құрамында: қара шірік, құм. Көбеюі тамыр сабақтың бөлінуінен және жапырақ арқылы. Қыста сирек, жазда жиі суарылады. Оранжереяға өте бағалы декоративті жапырақты өсімдік. Бөлмені көгалдандыруға қысқы бақ жасауға, компазицияға қолданылады.

Алоэ ( Aloe ), лала гүлділер тұқымдасына жатады.

Алоэ Оңтүстік Африканың шөлдерінд өсетін қуаншылыққа төзімді өсімдік. Ол үйде көп өсіріледі, бірақ тым сирек гүлдейді. Жапырағы етті, шырынды түсі күңгірт жасыл таспаға ұқсас. Сабағы кейде сүректі болады. Гүл өсіруші әуесқойлар бұл өсімдікті әсіресе дәрілік қасиеті үшін көбірек өсіреді. Алоэ өсімдігінің шырыны қазіргі уақытта көптеген ауруларды емдеуге қолданылады.

Көктем айларындағы ылғалдың көптігі алоэға зиян келтіре қоймайды. Мұның есесіне қыс айларында аздаған артық судың өзі өсімдік тамырына зиянды әсер етеді. Сондықтан қыстыгүні өсімдікті жылылығы 8- 12º жерге орнатып апиасына, не он күн сайын суарып тұрған дұрыс.

Өсімдікті көбейтудің ең тиімді де жеңіл тәсілі- жас өркен алоэны бөліп алып өсіру. Бұл- ерекше күтімді керек етпейтін тәсіл. Егер өсімдікті тұқымнан өсіру керек болса, онда оның тұқымын ақпан айының орта шенінде себеді. өсіп шыққан көкті жайлап суарып өсіреді.көктем айларында алоэны қатемшелеуге болады. Ол үшін өсімдіктің жас жапырағын алып, оны ұзындығын 10- 15см етіп бөледі де, жарақаттанған жеріне көмір ұнтағын себеді. Осыдан кейін қалемшені бір күндей сусыз, топырақсыз жерде қалдырады. Сонан соң қалемшені тереңдігін 1-1,5см етіп құмға отырғызады. Бастапқы 3-5 күндей, яки тамыр өсіп шыққанша, оны суармайды. Қалемшеден тамыр, жапырақ шыққаннан кейінгі күтімі ересек өсімдіктердің күтіміндей болады.

Калла. (Zantedescia)Ароит тұқымдасына жататын шөптесін өсімдік. Отаны – Африка. Қысқарған сабақты, тамыры пиязшықты. Жапырағы стрелка тәрізді. Наурыз – сәуір айларында гүлдейді. Калла жазда тыныштық кезеңінде суғаруды сиретеді. Қыста салқын бөлмеде +8 -10 С ұстайды. Қаңтар, ақпан айларында тышыштық кезеңі аяқталады, бұл кезде өсімдікті құнарлы жерге отырғызу қажет.

Драцена ( Dracaena deremensis),агавалар тұқымдасына жатады.

Драценаның сыртқы көрінісі кардилина өсімдігіне ұқсайды. Мұның да жасыл түсті немесе басқаша боялған жапырақтары таспа тәрізді болып келеді. Шағын гүлдері шашаққа ұқсайды.

Драценалар жарық мол түсетін орында жақсы өседі. Бұларды қалемшелерінен, тұқымынан көбейтеді. Вегетативтік жолмен көбейткен кезде сабақтың жоғарғы жағынан діңін жартысына дейін кертеді. Кертілген аралық жанаспау үшін ол жерге шырпы қояды. Бұл жерден тамыр өсіп шығуы үшін ылғалды мүкпен орап, байлайды. Егер бұл аралыққа ішінде қоректік заты бар жарылған құмыраны орналастырса ол бәрінен де қолайлы болады. Кертілген жерден көп ұзамай, тамыр өсіп шығады. Тамыр пайда болғаннан кейін өсімдіктің бұл бөлігін кесіп алып, құмыраға отырғызады. Сабақтың қалған бөлігін 6-8см бөліп алып, топыраққа қисайта отырғызады да, тамырландырып өсіреді.

Плющ ( Hedera helix Z.), аралие тұқымдасына жатады.

Қоңыржай, көлеңкелі жерде жақсы өсетін өсімдік. Жеткілікті суарса және су бүркіп тұрса, сабағында тамыр пайда болады.

Плющтің жапырағы бес салалы, түсі көк жасыл, жүйкелері ақ, сабағы өрмелеп шырмалып өседі. Жабайы түрде Жерорта теңізінің маңайында және Америкада тастардың арасында өседі. Қырым және Кавказда далада өсе береді. ұзын сабақтары тасты шырмап жатады. Алыстан құлпырып көрінеді.

Үйдегі өсімдік ұзарып өсу үшін астынан тіреу қояды. Жыл сайын көктемде көшіріп қайтадан отырғызады. Ол үшін 1 үлесі жапырақ топырақ, 1 үлесі шірінді топырақ, 1 үлесі құм қоспасы пайдаланылады. Жазда жиі суарып, жиі-жиі су бүркіп тұру керек. Қыста оның тазалығына ерекше көңіл бөлінеді. Жұмсақ шүберекпен жиі сүртіп тұрады. Ол үшін үйдің температурасы тым жоғары болмауы керек. Үй тым жылы болса оны өсімдік биті басып кетеді.

Қалемшеден өсірілген өсімдік бір жылдың ішінде 1,5м жетеді. Құмға отырғызылған қалемшенің беті әйнекпен жаппай-ақ жиі суарып отырса жақсы көгеріп өсе береді.

Традесканция ( Tradescantia Z.),каммелилер тұқымдасына жатады.

Традесканцияның 30-ға жуық түрі бар. Бұлардың кейбіреулері Оңтүстік Қазақстан жерінде жақсы өсіп гүлдейді. Традесканция түрлерінің барлығы да шөптесін өсімдіктер. Олар салқын үйде (5º), жылы үйде де (20-22º), жарық және көлеңкеде де өсе береді. тіпті оларды суда өсіруге де болады.

Традесканция түрлері қалемшелеу және бөлу жолымен жақсы көбейеді. Көбейту үшін ұзындығы 5-7см сабақтарды дайындалған құнарлы топыраққа отырғызу қажет. Сонда 7-8 күннің ішінде тамырланады. Тұқымы арқылы көбейтуге де болады, бірақ бұл әдіс селекция жұмыстары үшін қолданылады. Традесканция түрлерін жылдың кез-келген мерзімінде көбейтуге болады. Алматы жағдайында традесканция жаз айларында жақсы жетіледі, мамыр-тамыз айларында гүлдейді. Бұл уақытта өсімдікке күн сайын су құйып тұру қажет.

Каланхое ( Kalanchoe daigremontiana ),жасақ тұқымдасына жатады.

Шыққан жері Мадагаскар аралдары мен Оңтүстік Африка. Оның оранжерея мен бөлмеде өсірілетін 5- ке жуық түрі бар. Көбейтілуге арналған биофиллиумның жапырағы кеуекті, етті келеді және оның жапырағының шеттерінде кішкене қосылған бұтақшалары болады. Кейіннен бұл бұтақшалар үйкеліп жетіледі де, топыраққа түсіп қайтадан жаңа өркен береді. ол вегетативті жолмен де жапырақ және сабақ қалемшелерімен де, тұқыммен де көбейеді.

Бриофиллиум жарық сүйгіш өсімдік. Сондықтан оны күн сәулесі мол түсетін жерде ұстау қажет. Олар құнарлы топырақтарда өседі, салқындау бөлмеде (10-12º жылыда) қыстап шығады. Оның бірнеше түрлі кактусжәне басқа да сол сияқты суккуленттік өсімдіктермен бірге әсемдік үшін пайдаланылады. Осымен бірге мұны тұрғын және қызмет орындағы бөлмелерде сәндік өсімдік ретінде өсіреді. Диагремонтианум бриофиллиум халық арасында емдік дәрі-дәрмек ретінде қолданылады, оның жапырақтарынан гастрит, уықты жара және басқа да ауруларды емдеу үшін қоспа дәрі даярланады. Бөлме жағдайында өсіргенде бриофиллиум күй таңдамайды. Оны барлық жерде өсіруге болады.

Күмісті пеперомия ( Peperomia argentea Morr), перечных тұқымдасына жатады.

Оңтүстік Америка және Оңтүстік Шығыс Азияның тропик аймақтарында пеперомияның 600-ге тарта түрі кездеседі. Олардың көпшілігі жеміс беретін, жемісі дәмді, өзі сінді өсімдіктер.

Үйде өсірілетін өсімдіктерін құм араласқан жапырақ топырақ пен компоста өсіреді. Кейде оларға орман топырақтарында пайдаланады. өсімдікті күтуде қыстыгүні температура 16º төмен болмауы керек, ал жазда аса жарықты қажет етеді. Жазда өсімдікті жиі суарады, қыста-сирек. Жапырақ және сабақ қалемшелері арқылы көбейтіледі.

Зигокактус ( Zygocactus K. Sch),кактус тұқымдасына жатады.

Отаны- Бразилияның ылғалды тропикалық орманы. Эпифиттік өсімдік. Сабағы жапырақ тәріздес, жабысқан бөлімдерден тұрады. Бөлімдердің ұзындығы 5см, ені 2см. Жиегінде -4 ке дейін өткір тікенектері болады. Гүлдері алқызыл, ұзындығы 8см, күзде және қыста өседі. Оны «жаңа жыл кактусы» немесе «декабрист» деп атайды. Жазғы уақыт кезінде өте көп суаруды қажет етеді. Гүлдеген кезде суармайды. Жарықты жақсы көреді, бірақ ашық күн сәулесін, құрғақшылықты, төменгі температураға төзе алмайды. Топырағы: жапырақты қара шірікке құм және ағаштың күлін қосады. Сабақ арқылы көбейіді. Бөлме жабдығына және қысқы бақ композициясына әсемдік береді.

Сұлтан бальзамині ( Zmpatiens sultani Hook),бальзаминдер тұқымдасына жатады. Отаны – Шығыс Африка. Көп жылдық шөптесін, түссіз, бұтақталған, сабағы бар. Жапырағы үлкен емес, күңгірт жасыл, бүтін қызғылт гүлдері бар. Гүлдеріне байланысты әртүрлі болады: алқызыл, ақшыл қызыл, ашық қызғылт, қызыл, ақ, лала гүлі тәріздес. Ашық жылы бөлмеде бальзамин көп және ұзақ уақыт гүлдейді. әсіресе жазғы уақытта жақсы өседі. Бұл уақытта күнделікті суарып және сумен бүркіп отыруы керек. Бальзамин тұқым және сабақ арқылы көбейеді. Тұқымды көктемде отырғызады. Көп жылдық бальзамин сабақты сағақ арқылы көбейеді. Ол үшін көктемде сағақты тамырландырып алып борпылдақ топыраққа отырғызады.

Нефролепис (Nephrokepis exaltata),даваллилер тұқымдасына жататын табиғи жағдайда тропикада өседі. Онда мұның 30 түрі өсіріледі. Оның үйде көп тараған түрі – нефролепис. Бұл өсімдіктің жапырағы қауырсынды тізімделген формасын «рузвельта», күрделі қауырсынды тізімделген формасын «тұтас пиорсини» деп атайды. Аталған екі форманың қайсысын болса да тұрғын, қызмет үйлерін, витриналарды безендіруге, декорациялық композициялар жасауға, гүл шоғын түзуге қолдануға болады.

Басқа папоротниктер тектестеріне қарағанда, нефролепистер жарықты жақсы көреді. Жақсы өсу үшін 18-22º жылылық талап етеді. Көбейту үшін түптерін бөлу, көген тамырларын бөліп орналастыруәдістерін қолданады. Споралар арқылы көбейту әдісін өнімсіз болғандықтан қолданбайды.

Көктем уақытында өсімдікті қайтадан отырғызады. Ол үшін құм араластырылған орман, көгал топырақтарын қолданады.

Пеларгониясы ( Pelargonium ),қазтамақ тұқымдасына жатады.

Үй жағдайында көп өсіріледі, күтімді көп керек етпейді. Гераньнің барлық түрлерін қалемшелеу арқылы көбейтеді. Қалемшені 5-6 ай ішінде топырақ араластырған құмы бар құмыраның жиегіне отырғызып, үстін әйнекпен жабады. Анда-санда суарып тұрады. Тамыр жайып орныққан әр қалемшені жеке ыдысқа отырғызады.

Жыл сайын көктемде қыстан шыққан өсімдікті басқа ыдысқа көшіріп отырғызады. Керекті топырақтың қосындысы мынадай: шым топырақ- 2 үлес, жапырақ топырақ- 2 үлес, құм ½ үлес. Герань өсетін топыраққа көң араластыруға болмайды. Көшіріліп отырғызғаннан кейін сабағын биіктігі 10см етіп кеседі. Алғашқы кезде онша жиі сиармайды және су бүрікпейді.

Лимон ( Citrus limon),рутовалар тұқымдасына жатады. Отаны Оңтүстік-Шығыс Азияның территориялары, Жерорта теңізі.

өсімдіктің жақсы өсіп, мол өнім беруінің шешуші шарты-жарықтың, жылудың, ылғалдың және қоректік заттардың жеткілікті болуы. Көп жағдайда өсімдік жақсы гүлдегенімен беретін жемісі шамалы болады. Бұл өсімдіктің жеткілікті тозаңдана алмауына байланысты. Сондықтан өсімдікті көбінесе қолдан тозаңдандырған дұрыс.

Лимонды тұқымы, қалемшесі және балақ бұтақтары арқылы көбейтеді. Әрине, қалемше арқылы көбейту бұдан гөрі әлдеқайда оңай да, тиімді де. Қалемшеден өсірілген өсімдік 3-4 жылдың ішінде-ақ гүлдеп жеміс береді. Лимонды сұлатпа шыбықтары арқылы көбейтуге болады.

Сингониум ( Syngonium),ароид тұқымдасына жатады. Отаны Орталық Америка Флоридадан Венесуэлаға дейін.

Көп жылдық мәңгі жасыл шөптесін өсімдік. Оның жапырақтары жебе тәрізді, жылтыр және өте әдемі. Өсе келе жапырақтарының формасы өзгере бастайды, олар табан тәріздес бола бастайды. Сингониум өсімдігінің арасында өте жиі кездесетін түрі аяқжапырақты (С. ножколистый) түрі. Оның жапырақтарының формасы филодендронды еске түсіреді.

Сингониумды көбіне көктемде көшіріп отырғызады, жас өсімдіктерді жыл сайын, ал ересек өсімдіктерді бірнеше жылдан соң көшіріп отырғызады. Көбеюі қалемше және сабақтары арқылы. әрбір қалемше екі-үш жапырақ шығаруы керек. Қалемшені жоғары ылғалдылықта, температурасы 20-22º құм мен мха қоспасында тамырландырып алады. Сонда өсімдік жақсы өседі.

Фиалкасы ( Saintpaulia ionantha),геснериялар тұқымдасына жатады. Бұл өсімдікті Африканың Узамбар тауынан Европаға әкелген.

Семполия аса биік емес (15-20см), шөптесін өсімдік. Жапырақтары дөңгелек, ұзындығы 8см дейін. Мәдени тұрғыда фиалканың бір түрі, яғни узамбар фиалкасы кең тараған. өсімдіктің өсуіне ең қолайлы жағдай жылу және жарық. Жазда

Сенполияны 2 жылда бір көшіріп отырғызады. Көбеюі жапырақ қалемшесі арқылы және тұқымы арқылы. Ұзындығы 3-4см жанама кесілген қалемшені тамырлану үшін суға немесе тереңдігі 1,5-2см топыраққа отырғызады. Жылы сумен суарады, бетін полиэтилен пакетпен жабады. Тамырланудағы температура 20-21º болуы керек.

Хлорофитум (Chlorophytum),лала гүлділер тұқымдасына жатады.

Отаны – Оңтүстік Африка. Хлорофитум - әдемі көпжылдық шөптесін ампельдік өсімдік. Оның жапырақтарының ұзындығы 30-40см, ені 1-2,5см. Жапырақтарының бетінде ақ және сары жолақтары бар. Бөлме жағдайында жақсы өседі. өсімдік жарықты талап етеді, бірақ аса жарықта жапырақтары дақтанып кетеді. Хлорофитумға ең қолайлы температура 10-18º. өсімдік суық ауаны және желді сүймейді. өсу кезеңінде өсімдік жиі суаруды талап етеді, қыста сиретеді бірақ тоқтатпайды. Хлорофитумды жылына бірнеше рет көшіріп отырғызады. Атпа сабақ арқылы көбейтеді. Гүлдеу мерзімі көктемде немесе жазда басталады.

Бақылау сұрақтары: тест және ауызша сұрақтары берілген.

Қолданылатын әдебиеттер:

1. Алферова В.А., Зайцева Е.Н. «Декоративные однолетники». Москва, изд. АН СССР, 1963.

2. Артамонов В. «599 советов цветоводу- любителю». Алма- Ата, «Кайнар», 1986.

3. Ассорина С. «Экология декоративных растений». Москва, 1977.

4. Баканова К. «Эколого- биологические основы введения трав местной флоры в озеленение Джезказгана». Алма- Ата, 1977.

5. Байжанова О., Дашкевич Д., Рахимбаев К. Рассказы о диких цветах Казахстана. Алма- Ата, 1982.

6.Бессчетнова М.В., Исаева Б.К., Уварова Е.И., Ларионова Н.И., Малдыбекова К.С., Кокорев А.А. “Интродукция многолетних и однолетних цветочных растений”. Алма- Ата: “Наука”, 1989.

7. Киреев М.Ф. «Советы цветоводам». Воронеж, Центрально- Черноземное книжное издательство, 1984.

Лекция № 14. Кактустар және суккуленті бөлме өсімдіктері

Дәрістің мақсаты:Кактустар мен суккулентті бөлме өсімдіктері туралы мағлұмат алу.

Дәріс мазмұны:

Кактустың 3500-ге жуық түрлері бар.Олар негізіне экватор бойындағы (Оңтүстік және Солтүстік Америкада) шөлді құмдарда,тасты жолдарда,биік құздардың,жартастардың жарықтарында,құнарсыз әк тастары бар топырақтарда өседі.

Орталық Америкада жауын-шашы тым аз болады. Бұл жерде құрғақ ауалы мерзім тамыздан (кейде мамыр айынан) қазанға дейін созылады.Қазаннан мамыр айына дейін жауған жауын-шашынның жалпы мөлшері жылына 200-250 мл-ден аспайды.Кейбір қуаншылық жылдары жауын-шашы тек қана 100 мл болады.

Кактус өсімдіктері тек құмды,тасты жерлерде ғана емес,сонымен бірге Бразилия, Колумбия, Перу, Боливия сияқты елдердің мәңгі жасыл тропика ормандарында да кездеседі.

Оның осы жерлерде,ағаштың бұтақтарында,жартастардың күн жақ ашық жерлерінде өсетін түрлерін ботаника тілінде эпифитті кактустар деп атайды.

Кактустар әдемі гүлді өсімдіктер қатарына жатады.Гүлдерінің көз тартарлықтай әдемілігін ескермегенде де,оның алуан түрлі сүйкімді (ваниль, алма, магнолия,жидек т.б) иістері болады.Бұл ғажап иістер кактустың тікен басқан сыртқы көрінісімен үйлесе қоймайды.Жергілікті халық кактустердің жемісін пайдаланады.Оның үлкендігі бұршақтай және тауықтың жұмыртқасындай жемістерін шикідей де, пісіріп те, кептірген күйде де жей береді.Олардың кейбіреулерінен, яғни опунцияның балғын сабағынан салат жасайды.Селиницереустерден жүрек ауруларына қарсы дәрі әзірлейді.

Кактустердің осындай қасиетіне және күтімді көп керек етпейтініне байланысты көптеген жерлерде өсіреді.

Кактустердің жуан да етті сабақтары алуан түрлі болады.Олардың ішінен биіктігі бірнеше сантиметрден,бір жарым метрге жететін бағана, шар тәрізді түрлерін, немесе бұтақталған бұтақты түрлерін кездестіруге болады.Ал цереустың кейбір түрлерінің биіктігі 25 метрге жетеді.Олар тегіс те, қырлы да, бұрышты да, шұқырлы да бола береді.Кактус сабағының жапыраққа ұқсаған жалпақ түрлері де бар.Оның орнына түсі және ұзындығы әр түрлі тікендер мен қылтанақ бітеді.Ондай қылтанақтардың ұзындығы кейде 15 сантиметрге дейін жетеді.Бұлар өсімдікте ылғал мен жылудың сақталуына жәрдемдеседі және өсімдікке көрік беріп тұрады.Ал пейреския деп аталатын кактустер әдетте жапырақты болады.Ондай жапырақтардың пішіні лимон өсімдігінің жапырағына ұқсайды.Гүл әуесқойлары көбірек өсіретін кактустерді үш топқа бөледі.Олар: пейреския, опунция,цереус топтары деп аталады.Пейреския тобына сабағы дөнгелек, жапырағы жалпақ ағаш тектес формалары жатады.Бұлар үйде көп өсіріле бермейді.Опунция тобына етті де жуан, кейде жалпақ не дөнгелек, бұтақталған сабағы бар бұта тектес формалары жатады.Олардың жапырақтары ерте түсіп қалады.Үйде өсіргенде гүлдемейді.Өздері тікенекті келеді,суыққа төзімді болады.Сондықтан еліміздің оңтүстігінде Қырымда, Кавказда, Түркменстанда опунция кактусын ашық ауада өсіреді.Ұсақ түкті және ақ түкті опунцияның екі түрі ғана үйде өсіріледі.

Кактус өсімдігіне әуестенген, гүл әуесқойлары опунцияның түтік сабақты, көп тікенді, жұлдыз тікенді өте көрікті түрлерін өсіруге талпынады.

Суккулентті оның ішінде кактустерді өсіретін гүл әуесқойлардың коллекциясында, кактустердің цереустар, эхинокактустар,хелокактустар көбірек кездеседі.

Кактустардың жабайы түрлері Европаға әкелініп, олар жеке коллекцияларда өсіріле басталды.Бөлме өсімдігі ретінде европалықтарға белгілі болған алғашқы кактустар,мелокактус(Melocactus), цереус (Cereus) және опунция (Opuntia) ,бұл кактустардың ірі коллекцияларын 14 ғасырда Лондон аптекарі Морган құрды (Турдиев,Беспаев,1964).Бөлме кактустары туралы алғашқы ресми мағлұматтар Ресейде 18 ғасырдың басында пайда болды.Ол Ленинградта бұрынғы аптекарь бағының орнында ботаникалық бақтың ашылуымен байланысты болды.

1714 жылы Петр І-дің бұйрығы бойынша Санкт-Петербург аптекарь бақшасы ашылған.1749ж осы аптекарь бағында кактустардың 35 түрі өсіріледі.Бұл кактустар цереус тобына жатты, олардың түрлері Ресейге Европадан әкелінген.

1830 жылы Бразилияның Ресейдегі консулы,ғылым-этнограф Г.Лангсдорф Бразилиядан кактустың жаңа түрлерін жеткізді.1889ж Санкт-Петербург ботаника бағында кактустар мен басқа суккуленттердің 1026 түрі өсірілді.

19-20 ғасырларда Европада және Ресейде кактустың ірі коллекциялары пайда болып,кактустарды өсіру тарату жұмыстары революциядан кейін дұрыс жолға,жүйеге келтірілді.Кактустарды өсіретін,коллекцияларды құратын кактусистер, яғни ғылыми түрде зерттеуші адамдардың тобы пайда болды.Кактустарды өсіретің қоғамдар 1950-1960 жылда Москвада, Ленинградта, Краснодарда, Минскіде тағы басқа қалаларда құрылды.

Қазақстан Республикасы бойынша алғашқы кактусистер клубы («Астрофитум») клубы 1964 жылы Алматыда құрылды.1972 жылы Алматыда кактусистердің алғашқы съезі өткізілді қазіргі кезде ТМД-елдерінде,Евразия көлемінде 70 астам кактустер коғамы белгілі.

Кактустер(Cactaceae) жоғары сатыдағы өсімдіктердің ішінде, өте жоғары деңгейде маманданған өсімдіктердің бірі болып саналады.Тарихи эвалюциялық дамуда кактустар ылғалды аз жұмсайтын және су қорын жинайтын,шөлді-шөлейтті жерде кездесетін өсімдіктер болып саналады.

Кактустардың денесі 3 дене мүшелерінен тұрады: тамырдан,сабақтан және тікенекті метаморфозданған жапырақтан.

Кактустердің негізгі тамыры жақсы жетілген,оларда жанама тамырлар пайда болған.Тамырдың негізгі атқаратың қызметі кактус денесін субстратқа бекіту және топырақта ылғал көп болған жағдайда суды, минералды заттарды сіңіру. Кактус тамырларының бір ерекшелігі 5-6см топырақ терендігінде, ылғалдың аз мөлшерін сезіне алады. Кактус тамырлары өте тереңге кетеді, мысалы: Мексикада кездесетін мелокактус тамыры 7 м тереңдікке кетеді.Эпифитті кактустер(Epiphillym) қосалқы тамырлар пайда болады, бұл кактус тропикалық ормандарда кездеседі.Оның тамырлары ауадағы ылғалды сіңіре алады.(Талызин ,1967)

Кактус сабағында су қорын жинайтын паренхималық ұлпалардың жетілуіне байланысты 80-90% дейін су қоры жиналады.Мысалы: 20 жылдық цереуста ылғалдың 90% сабақта жиналады.(Турдиев 1982).Кактус сабақтың тағы бір ерекшелігі гиподерма-қабықтың болуына байланысты,жапырақтың болмауына суды аз буландырады.Ф.Пахоут және басқалар 1963 жылғы дерегі бойынша опунция сабағы қуаншылықта ылғалдың 5-6% ғана жоғалтады.Кактус сабағының пішіні әр түрлі болып келеді: бағана тәрізді (карнегия туысында –Carnegica), лемероцереуста (Lemaireocereus), шар тектес маммилярияда (Mammillaria),көп қырлы пішінде эхинофосулокактус (Ehinofossulocactus).Кактус сабақтары бұтақтанған және бұтақтанбаған болып бөлінеді.Кактус сабағының тағы бір ерекшеліктерінің бірі ареолдарының болуы.Ареол латын «ареола»-площадка,аудан деген мағынаны білдіреді.Ареол-кактус сабағының үстіндегі гүлі пайда болатын немесе жас кактус бұтақтары(детки) пайда болатын сабақтың ең жоғарғы бөлімі (Киселев,1973).

Кактустарда жапырақ болмайды,эвалюциялық дамуда жапырақ редукцияға ұшыраған.Метаморфозданған яғни түрлене өзгерген,жапырақ орнына кішігірім бүрлер,қабыршақтар немесе тікенектер пайда болады.Тікенектердің ұзындығы кактус түрлеріне байланысты бірнеше мм-ден-1см жетеді.Олар қорғаныш қызмет атқарады.

Кактустердің гүлдері жеке немесе шашақ гүлшоғырынан тұрады.Көптеген кактустарда гүлдері қондырмалы қос жынысты.Кактустердің ішінде тек қана мамиллярия ғана екі үйлі кактус түрлері кездеседі(мамиллярия двудомная)(Mammillaria dioica).Кактус гүлдері әр түрлі болып келеді,ірі гүлді,гүлдерінің ұзындығы 20-25см(селеницереус және гилоцереус)-(Selenicereus Hylocereus).Ұсақ гүлді кактустарда эпителант кактустар жатады.Кактус гүлдерінің рені ақ,қызыл сары, қызыл-сары,қоңыр болып келеді. Гүлдеу уақыты бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін созылады. Табиғи ортада кактус тозандануы насекомдар құстар арқылы жүреді, сонымен қатар өздігімен тозанданатын кактустар бар.

Кактустердің жемісі жидек тәріздес шырынды және тікенекті жіпшелі тұқым өкілдері бар,құрғақ жемістерден тұрады,табиғи жағдайда кактустер құстар, жануарлар арқылы таралады.

Кактус тұқымы өте жұқа жамылғысы болады.Кактустердің бір жемісінде 1-1000 тұқымы болады,көптеген түрлеріне байланысты.Бөлме және теплица жағдайында кактус тұқымы 7-10 күнде өсе бастайды. Тұқымның өсу ұзақтығы 7-10жыл.Кактустердің негізгі шыққан ортасы Оңтүстік Америка, Мексиканың, Перудың, Чилидің, Аргентина және Боливияның шөлейтті жерлерде кең таралған (Левданская,1978).

Бұл шөлейтті далаларда опунцияның көптеген түрлері кездеседі.Бөлме өсімдіктері ретінде ең алғашқы өсірілген кактус түрлері опунцияға жатады. Қазіргі кезде опунцияның кейбір түрлері Оңтүстік Қырымда ашық грунттарда өсірілуде.Олар -10С тағы дейінгі қысқа уақытқа созылған суықты көтере алады. (Левданская,1978)

Оңтүстік Американың таулы аудандарында,700-3000 мың биіктікте кактустар тұқымының эспостоя және мелокактус сияқты тұқымдастары ірі таулы ландшафты құрайды.Бұлар аласа бойлы жатаған түрлер. (Левданская,1979). Бұл таулы аудандарда ауаның температурасының өзгеруі 20 С. Күндіз 38 С болса,түнде 7-қа төмендейді.Кей жағдайларда кактус ландшафтының үстінде қор жамылғысы болады.Бұл кактустар 7-5С температураға төзімді.(Масюкова,1972).

Кактустар Американың Амазонка өзенінің бассейінінде орналасқан тропикалық мәңгі жасыл ормандарда кездеседі.Бұл кактустардың сабағы жапырақ пішіндес болып келеді,тікенектері аз немесе болмайды көп жағдайда эпифитті түрлері кездеседі,яғни ағаштардың дінің субстрат ретінде пайдаланады.ХVІІІ ғасырдың аяғында кактустарды систематикалық жүйелеу жұмысы басталды.Кактустарды дұрыс жүйелеуде олардың климат,рельефтік жағдайы тез өзгеріске түсуі көп кедергі келтірді. Сондықтан да ең алғашқы жасаған кактустардың систематикалық жүйесінде (Буксбаун 1958.,Бухгейм,1967) көптеген қарама-қарсы деректері болды.Бүл авторларда кактустардың түр саны 800-2000 дейін берілген. (Сааков,1983).

Қазіргі уақытта системалар кактус тұқымдасын 3 трибаға бөледі:

1) Пейрескиялар (Pereskiodea)

2) Опунциялар(Oputiaidea)

3) Кактустар (Cactaidea). (Талызин,1967)

Пейрескиялы-кактустарға бұталы,жартылай бұталы,жатаған формадағы кактустар жатады.Олар суккулентті сабақты және суккулентті жапырақты болады.Гүлдері шашақты гүл шоғырларда орналасқан немесе гүлді болады.Гүл реңі ақ,қызыл,қызғылт,сары,жатыны төменде орналасқан.Тұқымының сыртында қара түсті қабығы болады.Бұл трибаға 2 туыс жатады: пейреския мен майуния.Кактус тұқымдасының бұл трибасындағы түрлер және туыстар Вест.Индияның,Мексикалық,және оңтүстік Саванада кездеседі.(Кесилев,1964)

Опунция трибасындағы кактустар-тік немесе жатаған бұталы және жартылай бұталы өсімдіктер.Олардың жатаған формалы түрлерін тефракактустар деп атайды.Опунцияның сабағы цилиндр,диск,шар тәрізді формалары болады,бұтақталған.Гүлдері жеке,қондырмалы,реңі сары,кейде ақ, жатыны төменгі,тұқымының сыртында өте қатты ақ түсті қабықшасы болады.Опунциялар 10 туыстарға жатады,350 түрден тұрады (Корнеев,1954). Опунциялардың сабағының пішініне байланысты 3 топқа бөлінеді.(Жизнь растений,Т.5).Бразелопунция (Лэм,1954).Бұл опунциялардың сабағы жалпақ, екінші топта птерокактус-сабағы цилиндр тектес, үшінші топта сабағы шар тектес кактустар.(Залатаева,1972)

Кактустер трибасына жататын түрлері ағаш тектес,бұталы және көп жылдық шөптесін болып келеді.Бұл трибадағы кейбір кактус түрлері эпифитті-тропикалық ормандарда кездеседі.Гүлдері жеке,қондырмалы,жатыны төменгі, тұқымының сыртын өте жұқа қабықша қаптап жатады.Бұл трибадағы кактустар орталық Америкада және Оңтүстік Америкада кездеседі.Кактустар трибасындағы туыстары өте көп.(Левданская,1979)

Кактустар табиғатта және адам өмірінде маңыз атқарады. Оңтүстік Америкадағы үндістер кактустарды медицина саласында пайдаланған. Ацтеки –мал азығы ретінде,тағам ретінде пайдаланған. Ацтеки-опунцияның кейбір түрлерінің жемісінен шырын, сироп, желе алған оны тағам ретінде пайдаланған. Мексиканың шөлді далаларында кактустардың кейбір түрлерінен сусын алады.(Дьяконов,1953)

Бөлме өсімдігі ретіндегі өсірілетін кактустар эстетикалық,санитарлық гигиеналық маңыз атқарады.(Пажоут,1963)

Бақылау сұрақтары: тест және ауызша сұрақтары берілген.

Қолданылатын әдебиеттер:

1. Алферова В.А., Зайцева Е.Н. «Декоративные однолетники». Москва, изд. АН СССР, 1963.

2. Артамонов В. «599 советов цветоводу- любителю». Алма- Ата, «Кайнар», 1986.

3. Ассорина С. «Экология декоративных растений». Москва, 1977.

4. Баканова К. «Эколого- биологические основы введения трав местной флоры в озеленение Джезказгана». Алма- Ата, 1977.

5. Байжанова О., Дашкевич Д., Рахимбаев К. Рассказы о диких цветах Казахстана. Алма- Ата, 1982.

6.Бессчетнова М.В., Исаева Б.К., Уварова Е.И., Ларионова Н.И., Малдыбекова К.С., Кокорев А.А. “Интродукция многолетних и однолетних цветочных растений”. Алма- Ата: “Наука”, 1989.

7. Киреев М.Ф. «Советы цветоводам». Воронеж, Центрально- Черноземное книжное издательство, 1984.

Лекция №15. Бөлме өсімдіктердің көбейту, өсіру, күту.

Дәрістің мақсаты: Бөлме өсімдіктерін көбейті, өсіру және күту туралы мағлумат беру.

Дәріс мазмұны: Қарапайым үй жағдайында өсімдіктерді өсіру үшін олардың өсуіне қажетті жағдайларды (жарық, температура, ауаның ылғалдылығы) жақсы білу керек. Өсімдіктердің жайқалып өсуі үшін оны қалай суаруды да білген жөн. Әдетте үй өсімдіктерін өсірушілер оған суды көп құяды, соның салдарынан тамыры шіриді. Өсімдікке құятын судың температурасы бөлме температурасына шамалас немесе одан 5-7 градус жоғары болуы керек. Ол үшін өзен, жаңбыр, қар, тоған немесе құбыр суын пайдалануға болады. Құбыр суын хлорынан тазартып алу үшін алдын ала ыдысқа құйып, тұндырып қояды. Өсімдікке су құйғанда топырақтың түйіршіктері жібіп, су ыдыстың түбіне ағуы тиіс.

Тығыз топыраққа отырғызылған өсімдіктің аққан суы сол бойда, ал жеңіл топырақтың артық суын 30 минуттан немесе 1 сағаттан кейін төгіп тастайды. Кейбір ылғал сүйетін өсімдіктердің табандығында үнемі су жатқаны жөн. Егер топырақ өте қурап, кеуіп кетсе, онда топырағы жібіп, судың бетіне шыққан көбік басылғанша ыдысымен суға салып қояды. Гүлге су құйғанда су құйғыштың шүмегі гүл тостағанының ернеуіне тиіп тұруы қажет. Пиязға, бүлдіргенге су құйғанда оларға су тимеуін қадағалау керек. Өсімдіктерді әсіресе күн ыстықта бүркіп суару қажет. Өсімдіктердің аптасына бір рет жапырақтарын жұмсақ матамен немесе мақтамен жуып отырады, өйткені жапырақтың көздерін шаң басып, ауруға тез шалдығады.

Үй өсімдіктері үшін ең қолайлы ыдыс кәдімгі жайпақ тәрелке мен қыш тостақ болып табылады. Олардың қабырғалары кеуекті болғандықтан өсімдіктің тамырына оттегі оңай жетеді. Металл не сырланған ыдыстарды пайдалануға болмайды. Кактустар мен басқа сукуленттерді өсіру үшін пластмассадан жасалған ыдыстарды пайдалануға болады. Өсімдіктің ауруға шалдығуын болдырмау үшін алдымен ыдысты ыстық сумен мұқият жуады, содан кейін дезинфекциялайды.

Өсімдіктер қоректік тұздары бар суды тамыры арқылы бойына сіңіріп, біртіндеп топырақты құнарсыздандырады, сондықтан оларды әлсін-әлсін алмастырып, жаңа топыраққа отырғызу керек. Өсімдік дұрыс өсіп-өнбей, жапырағы солғанда не тамырлары топырақтың барлық кесек түйірлерін шырмап алғанда ғана көшеттеп отырғызады. Отырғызар алдында кесек топырақ жібігенше, су құю керек. Топырағын алмастырып отырғызуды өсімдік гүл ашқан кезде қолға алу керек, өйткені бұл кезде өсімдіктің өніп, жетілуіне зиян келмейді.

Көшеттеп отырғызу жұмысын әдетте наурыз, сәуір айларында жүргізеді. Өсімдікті көшеттеп немесе топырағын алмастырып отырғызғаннан кейін, сабағының айналасындағы топырақты таяқшамен, не саусақпен нығыздап су құятын орын қалдырады. Одан кейін өсімдікке су құяды да, жел өтінен аулақ, күн сәулесі тура түспейтін жерге (үйде) қояды. Шикі етті жуған су өсімдікке жақсы тыңайтқыш болып табылады.

Бақылау сұрақтары: тест және ауызша сұрақтары берілген.

Қолданылатын әдебиеттер:

1. Алферова В.А., Зайцева Е.Н. «Декоративные однолетники». Москва, изд. АН СССР, 1963.

2. Артамонов В. «599 советов цветоводу- любителю». Алма- Ата, «Кайнар», 1986.

3. Ассорина С. «Экология декоративных растений». Москва, 1977.

4. Баканова К. «Эколого- биологические основы введения трав местной флоры в озеленение Джезказгана». Алма- Ата, 1977.

5. Байжанова О., Дашкевич Д., Рахимбаев К. Рассказы о диких цветах Казахстана. Алма- Ата, 1982.

6.Бессчетнова М.В., Исаева Б.К., Уварова Е.И., Ларионова Н.И., Малдыбекова К.С., Кокорев А.А. “Интродукция многолетних и однолетних цветочных растений”. Алма- Ата: “Наука”, 1989.

7. Киреев М.Ф. «Советы цветоводам». Воронеж, Центрально- Черноземное книжное издательство, 1984.

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ.

№1 зертханалық жұмыс. Тақырып: Декоративті гүлді өсімдіктердің негізгі топтары

Сабақтың мақсаты: Студенттерді бөлме және декоративті өсімдіктер негізгі топтарымен таныстыру.

Тапсырмалар: анықтағыштар арқылы өсімдіктерді анықтау.

Методикалық жоба: декоративті гүлді өсімдіктердің негізгі топтарымен

Бақылау сұрақтары: ауызша сұрақтары берілген.

Қолданылатын әдебиеттер:

1. Алферова В.А., Зайцева Е.Н. «Декоративные однолетники». Москва, изд. АН СССР, 1963.

2. Артамонов В. «599 советов цветоводу- любителю». Алма- Ата, «Кайнар», 1986.

№2 зертханалық жұмыс. Тақырып:

Тапсырмалар:

Методикалық жоба:

Бақылау сұрақтары: ауызша сұрақтары берілген

Қолданылатын әдебиеттер:

1. Алферова В.А., Зайцева Е.Н. «Декоративные однолетники». Москва, изд. АН СССР, 1963.

2. Артамонов В. «599 советов цветоводу- любителю». Алма- Ата, «Кайнар», 1986.

№3 - 4 зертханалық жұмыс. Тақырып:

Сабақтың мақсаты:

Тапсырмалар:

Методикалық жоба:

Бақылау сұрақтары: ауызша сұрақтары берілген.

Қолданылатын әдебиеттер:

1. Алферова В.А., Зайцева Е.Н. «Декоративные однолетники». Москва, изд. АН СССР, 1963.

2. Артамонов В. «599 советов цветоводу- любителю». Алма- Ата, «Кайнар», 1986.

№ 5 - 6 зертханалық жұмыс. Тақырып:

Сабақтың мақсаты:

Тапсырмалар:

Методикалық жоба:

Бақылау сұрақтары: ауызша сұрақтары берілген.

Қолданылатын әдебиеттер:

1. Алферова В.А., Зайцева Е.Н. «Декоративные однолетники». Москва, изд. АН СССР, 1963.

2. Артамонов В. «599 советов цветоводу- любителю». Алма- Ата, «Кайнар», 1986.

№ 7 зертханалық жұмыс. Тақырып:

Сабақтың мақсаты:

Тапсырмалар:

Методикалық жоба:

Бақылау сұрақтары: ауызша сұрақтары берілген.

Қолданылатын әдебиеттер:

1. Алферова В.А., Зайцева Е.Н. «Декоративные однолетники». Москва, изд. АН СССР, 1963.

2. Артамонов В. «599 советов цветоводу- любителю». Алма- Ата, «Кайнар», 1986.