- •Декоративті гүлді өсімдіктердің систематикалық, экологиялық және биолого- морфологиялық сипаттамасы
- •Декоративті гүлді өсімдіктердің шығу орталықтары
- •IV. Гүлтәжілер - Амарантовые (Щирицевые) – Amaranthaceae
- •6. Гүлтәжі - Амарант (Щирица) – Amaranthus
- •7. Целозия- Celosia
- •4. Хризантема - Chrysantehemum
- •5. Астра- Aster
- •Лекция № 10. Көп жылдық әсем гүлді өсімдіктердің морфологиялық сипаттамасы.
- •І.Күрделігүлдер тұқымдасы. Compositae Adans. Сложноцветные.
- •1.Нарғызгүл-Георгина-Dahlia.
- •3. Гайлардия- Gaillardia
- •II.Құлқайырлар тұқымдасы. Malvaceae Juss. Мальвовые.
- •1. Айдар шөп – Шток роза – Alcea
- •Ііі. Сарғалдақтар тұқымдасы. Ranunculaceae Juss. Лютиковые.
- •1. Таушымылдық–Пион–Paeonia.
- •IV. Шегіргүлдер тұқымдасы. Violaceae Juss. Фиалковые.
- •V.Лалагүлдер тұқымдасы. Lilaceae Hall. Лилейные.
- •1. Қызғалдақ – Тюльпан – Tulipa.
- •2. Лалагүл – Лилия – Lilium.
- •4. Лилейник - Heterocallis
- •VI. Қалампырлар тұқымдасы. Caryophyilaceae Juss Гвоздичные.
- •1. Қалампырлар – Гвоздика - Diathus
- •2. Отсабын-Лихнис-Lichnic.
- •VII.Көкшегүлдер тұқымдасы. Polemoniaceae Vent.
- •VIII. Раушангүлдер тұқымдасы. Rosaceae Juss. Розоцветные.
- •1. Раушан – Роза – Rosadea
- •IX. Құртқашаш тұқымдасы. Iridacea Lindl. Касатиковые.
- •1. Құртқашаш – Ирис - Iris
- •2. Баршынгүл – Гладиолус – Gladiolus
- •X.Канна тұқымдасы. Cannadea Juss. Канны.
- •6. Студенттердің оқытушымен өтетін өздік жұмыстарының (соөж) орындаудағы әдстемелік нұсқау.
- •Студенттердің өздік жұмыстарының (сөж) орындаудадғы әдістемелік нұсқау.
IV. Гүлтәжілер - Амарантовые (Щирицевые) – Amaranthaceae
6. Гүлтәжі - Амарант (Щирица) – Amaranthus
Шырынды әрі нәзік, тік сабақты бір жылдық декоративті гүлді өсімдік. Биіктігі 80-90 см аралығында. Жапырағы ірі, күлгін түсті, кері жұмыртқа пішінді. Гүлшоғыры- күрделі собық. Гүлдері өте ұсақ әрі көп, күлгін түсті. Жемісі- қорапша, тұқымы- ұсақ. Шілде- қыркүйек айлары аралығында гүлдейді.
7. Целозия- Celosia
Саңырауқұлаққа ұқсайтын гүлшоғырмен аяқталатын сабағының биіктігі 20- 40 см аралығында. Жапырағының түсі ашық жасыл. Гүлдері өте ұсақ, көп, қызыл, сарғыш, күлгін түсті болып келеді. Жемісі- шар пішінді. Тұқымы- ұсақ, қара, жылтыр.
Пирамида тәрізді сортының биіктігі 40- 100 см аралығында болады. Гүлшоғыры пирамидаға ұқсас өте әдемі, жапырақтары қызыл теңбілдері бар ашық жасыл түсті. Гүлдері өте ұсақ қызғылт. Маусым- қыркүйек айларында гүлдейді.
V. Зығырлар - Льновые- Linaceae
8. Зығыр - Лен- Linum
Сабағының биіктігі 50- 60 см аралығында,жуан болып келеді. Жапырағы ланцет пішінді, сабақта қарама- қарсы орналасқан. Гүлі қою қызғылт түсті, орташа. Гүлшоғыры жай. Жемісі- қорапша. Тұқымы- ұсақ. Маусым- қыркүйек айларында гүлдейді.
VI. Көкнәрлар- Маковые- Papaveraceae
9. Эшшольция- Eschscholzia
Биіктігі 15- 55 см болатын, тамыры тармақталмаған өсімдік. Сабағы жіңішке, тік, гүлдері ашық жасыл түсті. Гүлдері қос жынысты, диаметрі 5-8 см болатын қызғылт, қызыл, сары, сарғыш, ақ. Жемісі- көп тұқымды қорапша. Маусымнан күн суытқанға дейін гүлдеп тұрады.
VII. Крестгүлділер - Крестоцветные- Brassicaceae
10. Иберис (Стенник)- Iberis
Биіктігі 20- 50 см аралығында болатын тік немесе жартылай жатаған сабақты декоративті әсем өсімдік. тамыры- шашақ тамыр жүйесіне жатады. Жапырақтары ланцет пішінді, ұзындығы 9- 10 см. Гүлдерінің диаметрі 1 см болатын ұсақ гүлді өсімдік. Гүлшоғыры- шатырша. Жемісі- дәнек. Шілдеден суық түскенге дейін гүлдеп тұрады.
11. Левкой (Маттиола)- Matthiola
Тік сабақты, биіктігі 15- 50 см аралығында болатын әсем өсімдік. Жапырақтары ланцет пішінді немесе кері жұмыртқа тәрізді, сабақта кезектесіп орналасқан. Түсі- ашық немесе қою жасыл. Гүлдері- дұрыс гүл, түсі: ақ, сары, сарғыш, көкшіл, қызыл және күлгін. Жемісі- ұзынша келген дәнек. Маусым- тамыз айлары аралығында гүлдеп тұрады.
12. Лобулярия - Lobularia
Күрделі бұтақтанған, биіктігі 10- 40 см аралығында болатын бір жылдық декоративті әсем гүлді өсімдік. Жапырақтары ұсақ, ланцет тәрізді. Қос жынысты, аморфты гүлдері өте ұсақ, реңі де әр алуан. Тұқымы- сопақша, ұсақ, қара. Шілде- қазан айларында гүлдеп тұрады.
VI. Күрделігүлділер - Сложноцветные-Compositae
13. Астра- Aster
Басқа декоративті гүлді өсімдіктерден айырмашылығы- вегетациялық кезеңінің ұзақтылығында. Тік сабағы жақсы бұтақтанған. Гүлшоғыры- себет. Жапырағы ланцет тәрізді, төменгі жағының жапырақтары ромб пішінді. Гүлдерінің диаметрі 5 см- ден 10 см-ге дейін жетеді, әр алуан түсті. Өсімдіктің биіктігі 15 см-ден 80 см-ге дейін жетеді. Маусым- қазан айларында гүлдейді.
14. Арктотис- Arctotis
Тік сабақты, биіктігі 20 см- ден 120 см- ге дейін жететін әсем өсімдік. Тамыры тереңге бойламайды. Тілімденген жапырақтары сабақта кезектесіп орналасқан. Гүлшоғыры- себет. Гүлдерінің түсі алуан түрлі: ақ, қызғылт, сары, мыс түстес. Жемісі- тұқымша. Маусым- қазан айлары аралығында гүлдеп тұрады.
15. Барқытшөп - Бархатцы- Tagetes
Сабағы әдемі бұтақтанған, биіктігі 30- 60 см аралығындағы бір жылдық декоративті шөптесін өсімдік. Жапырақтары тақ қауырсынды тілімденген, ашық жасыл түсті. Гүлі сары, сарғыш, қызыл- қоңыр себет гүлшоғырына жинақталған. Маусым айынан күн суытқанға дейін гүлдейді.
Бархатцы тонколистные-Tagetes tenuifolia деп аталатын сортының Жапырағы тақ қауырсынды, ашық немесе қою жасыл түсті болып келеді. Гүлінің мөлшері басқа түрлерге қарағанда ірілеу болып келеді. Сонымен қатар тез өсетін өсімдік ретінде ерекшеленеді. Гүлінің түсі көп жағдайда сары болады. Маусым- қазан айларында гүлдейді.
16. Гацания- Gozania
Тамыр жүйесі тереңге кететін, биіктігі 15- 25 см болатын декоративті өсімдік. Жапырақтары ланцет пішінді, жиегі ара тісті болып келеді. Жапырақтарының үстінгі тақтасының түсі- қою жасыл, астыңғы тақтасынікі- қою сұр . Гүлдері себет гүлшоғырына жинақталған. Гүлдерінің түсі ашық түстер. Жемісі- тұқымша. Маусым- қазан айлары аралығында гүлдеп тұрады.
17. Гелиптерум (Акроклиниум)- Helipterum
Биіктігі 50 см болатын әсем гүлді өсімдік. Гүлшоғыры- себет. Түсі- ақ, қызғылт, қызыл, сары. Жапырағының түсі қою жасыл, ланцет пішінді. Шілде мен қыркүйек айлары аралығында гүлдеп тұрады.
18. Гүлкекіре - Василек- Centaurea
Ашық жасыл түсті қалың жапырақтанған бір жылдық декоративті гүлді өсімдік. Биіктігі- 20- 90 см аралығында болады. Гүлдері түтікшелі, ақ, қызыл, қызғылт, көк түсті болып келеді.Тамыр жүйесі жақсы жетілген. Маусым- қыркүйек айлары аралығында гүлдейді.
19. Календула (Ноготки)- Calendula
Тік, жуан сабақты, ерекше иіс шығаратын бір жылдық гүлді өсімдік. Ұзындығы 70- 80 см. Жапырағы тақ қауырсынды тілімденген ашық жасыл түсті, сабақта қарама- қарсы орналасқан. Гүлінің мөлшері орташа, сары, сарғыш түсті. Тұқымы- тырнақ тәріздес тұқымша. Маусымнан күн суытқанға дейін гүлдеп тұрады.
20. Кореопсис- Coreopsis
Тамыр жүйесі жақсы жетілген. Сабағы бұтақтанған, біктігі 20- 100 см. Жапырақтары сабақта қарама- қарсы орналасқан. Гүлшоғыры- себет. Гүлдері өте ұсақ, түсі- алқызыл. Жемісі- тұқымша. Шілде- қазан айлары аралығында гүлдеп тұрады.
21. Космос- Cosmos
Биіктігі 50- ден 150 см-ге дейін баратын бір жылдық декоративті гүлді өсімдік. Жапырағы екі ретті қауырсынды тілімшеленген. Гүлдері ірі, диаметрі 8 см-ге дейін барады, түсі әртүрлі, сабақтың ең жоғарғы жағында орналасқан. Маусым- қазан айлары аралығында гүлдеп тұрады.
22. Диморфотека- Dumorphotheca
Биіктігі 40- 45 см болатын бір жылдық декоративті гүлді өсімдік. Жапырақтары ланцет тәрізді, сабақта қарама- қарсы орналасқан, ашық жасыл түсті. Тамыр жүйесі жақсы жетілген, топыраққа берік орналасады. Гүлдері ұсақ, көбінесе ақ түсті болып келеді. Жемісі- 6-8 мм-лі жүрек пішінді. Маусым- шілде айларында гүлдейді.
23. Мақсыр - Сафлор- Carthamus
Бұл бір жылдық декоратиыті гүлді өсімдіктің биіктігі 20- 70 см аралығында. Жапырағы- тегіс жиекті, қою жасыл. Гүлінің мөлшері орташа, сары, сарғыш түсті. Гүлшоғыры- жай себет. Маусым- қазан айлары аралығында гүлдеп тұрады.
24. Нарғызгүл - Георгина- Dahlia
Басқа бір жылдық декоративті гүлді өсімдіктерге қарағанда ерекшелігі- сабағының ұзындығында, ұзындығы 200 см-ге дейін жетеді. Жапырағының үстіңгі тақтасы жылтыр, қою жасыл. Гүлі ірі, түсі жағынан әр алуан. Жемісі- қорапша. Маусым- қазан айларында гүлдейді.
25. Цинния- Zinnia
Тік сабақты, жақсы бұтақтанған декоративті гүлді өсімдік. Биіктігі- 30- 90 см аралығында болып келеді. Жұмыртқа пішінді, бүтін жиекті жапырақтары сабақта қарама- қарсы орналасқан. Гүлдері әртүрлі пішінді және әртүрлі реңді. Жемісі- тұқымша. Маусым- қазан айларында гүлдеп тұрады.
IX. Қараоттар- Портулаковые- Portulacaceae
26. Қараот- Портулак- Portulaca
Биіктігі 10- 15 см болатын ашық жасыл жапырақты әсем өсімдік. Жапырақтары цилиндр тәрізді, ұсақ, сабақта кезектесіп орналасқан. Гүлдерінің мөлшері- орташа, түсі- ақ, сары, сарғыш, қызғылт, қызыл. Жемісі- бір ұялы қорапша. Маусым- қазан айлары аралығында гүлдеп тұрады.
X. Қожакендірлер- Ворсянковые- Dipsacaceae
27. Қотырот- Скабиоза- Scabiosa
Тік сабақты, биіктігі 30- 100 см болатын декоративті гүлді өсімдік. Жапырақтары саусақ салалы тілімденген, гүлдері ұсақ, воронка пішінді. Түсі- ақ түстен күлгін түске дейін. Жемісі- тұқымша. Шілде- қазан айлары аралығында гүлдеп тұрады.
XI. Қоңыраугүлділер- Колокольчиковые- Campanulaceae
28. Лобелия- Lobelia
Биіктігі 10- 30 см болатын шөптесін әсем гүлді өсімдік. Ұсақ, бұрыс гүлдері жапырақ қолтығында орналасқан. Гүлінің түсі ақтан күлгін түске дейін өзгереді. Жемісі- қорапша. Шілде айынан қазан айына дейін гүлдеп тұрады.
XII. Құлқайырлар- Мальвовые- Malvaceae
29. Малопа (Дыравка)- Malope
Тамыр жүйесі тереңге бойлайтын, биіктігі 60- 100 см болатын әсем гүлді өсімдік. Жапырақтары ірі, доға тәріздес. Гүлдері орташа, қызыл, қызғылт түсті. Жемісі- өте ұсақ. Маусым айынан қазан айына дейін гүлдеп тұрады.
30. Құлқайыр-Мальва (Просвирник)- Malva
Биіктігі 30 см-ден 80 см-ге дейін баратын декоративті гүлді өсімдік. Жапырақтары тілімденген ақшыл жасыл түсті. Гүлінің мөлшері орташа, қою қызғылт түсті, жекелеп орналасқан. Маусымнан қазанға дейін гүлдеп тұрады.
XIII. Настурциялар- Настурцыевые- Tropaeolaceae
31. Настурция- Tropaeolum
Тамыры тереңге бойламайтын, биіктігі 25- 30 см болатын декоративті өсімдік. Ұзын сағақта орналасқан жапырақтары доға пішінді. Гүлдерінің диаметрі 5 см, ароматты, түсі қызыл, қызғылт. Жемісі- үш ұялы қорапша. Маусым айынан қазан айына дейін гүлдейді.
XIV. Никтагиндер - Никтагиновые- Nuctaginaceae
32. Ночная красавица (Мирабилис)- Mirabilis
Тік сабақты, биіктігі 30-60 см аралығында болатын бір жылдық декоративті гүлді өсімдік. Жапырағы сопақша, қою жасыл, сәнді. Гүлі түнде ашылады, ароматты, түтік тәрізді, ақ, қызғылт, сары реңде болады. Шілдеден күн суытқанға дейін гүлдеп тұрады.
XV. Сабынкөктер- Норичниковые- Scrophulariceae
33. Есінек- Львиный зев (Антиринум)- Antirinum
Жуан сабақты, биіктігі 15- 130 см аралығында болатын әсем өсімдік. Жапырақтары сабағының жоғарғы жағында кезектесе, ал төменгі жағында қарама- қарсы орналасқан, пішіні ланцет тәрізді. Гүлі қосжынысты, бұрыс. Жемісі- екі ұялы қорапша. Шілдеден қазанға дейін гүлдейді.
34. Немезия- Nemesia
Биіктігі 30- 60 см аралығында болатын әсем гүлді өсімдік. Жапырақтары ланцет пішінді. Гүлдері ұсақ, сары, қызыл, қызғылт түсті. Тамыры өте жақсы жетілген. Жемісі- қорапша. Шілдеден қыркүйекке дейін гүлдейді.
XVI. Шырмауықтар- Вьюнковые- Convolvulaceae
35. Шырмауық- Вьюнок (Конвольвулюс)- Convolvulus
Шырмалып өсетін, биіктігі 30 см- ге дейін жететін декоративті өсімдік. Қою жасыл жапырақтары ланцет пішінді. Гүлдері орташа, түнде және бұлтты күндері ашылмайды. Жемісі- екі ұялы, төрт тұқымды қорапша. Маусымнан қазанға дейін гүлдеп тұрады.
Бақылау сұрақтары: тест және ауызша сұрақтары берілген.
Қолданылатын әдебиеттер:
1. Алферова В.А., Зайцева Е.Н. «Декоративные однолетники». Москва, изд. АН СССР, 1963.
2. Артамонов В. «599 советов цветоводу- любителю». Алма- Ата, «Кайнар», 1986.
3. Ассорина С. «Экология декоративных растений». Москва, 1977.
4. Баканова К. «Эколого- биологические основы введения трав местной флоры в озеленение Джезказгана». Алма- Ата, 1977.
5. Байжанова О., Дашкевич Д., Рахимбаев К. Рассказы о диких цветах Казахстана. Алма- Ата, 1982.
6.Бессчетнова М.В., Исаева Б.К., Уварова Е.И., Ларионова Н.И., Малдыбекова К.С., Кокорев А.А. “Интродукция многолетних и однолетних цветочных растений”. Алма- Ата: “Наука”, 1989.
7. Киреев М.Ф. «Советы цветоводам». Воронеж, Центрально- Черноземное книжное издательство, 1984.
Лекция № 9. Көпжылдық әсем гүлді өсімдіктердін систематикалық биологиялық, экологиялық сипаттамасы.
Дәрістің мақсаты: Көпжылдық әсем гүлді өсімдіктердің систематикалық, биологиялық, экологиялық сипаттамасымен танысу.
Дәріс мазмұны:
Зерттеген көпжылдық әсем өсімдіктер ішінде канналар (канна-canna), лалагүлділер (лилиейные-lilaceae), жалғыз гүлді болып келсе, қалған тұқымдас өкілдерінде гүлшоғыры кездеседі. Жалғыз гүлді өсімдіктердің гүлдері өте ірі, реңді болып келеді: қызғалдақтар (тюльпан-tulipa), лалагүлдер (лилиейные-lilaceae), таушымылдықтар (пион-paeonia).
Гүлшоғырлы көпжылдық әсем өсімдіктер өзінің әсемділігіне байланысты когалдандыруда кеңінен пайдаланылады. Әдемі гүлшоғырлары бар канна(канна-canna), өсімдігінен, хризантемалардан (хризантема-chrysantehem), баршынгүлдерден (гладиолус-gladiolus), нарғызгүлдерден (георгина-dahlia) тұратын ірі композициялар көгалдандыруда пайдаланылады. Композицияларды құруда өсімдіктердің гүлдеу уақытына көніл бөлінген жөн. Ерте көктемде мамыр айында гүлдейтіндерге: қызғалдақ (тюльпан-tulipa), таушымылдық (пион-paeonia), құртқашаш (ирис-iris), лалагүлділер (лилиейные-lilaceae),шөмішгүл (водосбор-aguilegia) жатады. Көпжылдық әсем өсімдіктердің қалғаны жаз айларында канналар (канна-canna), лалагүлділер (лилиейные-lilaceae), қалампыр (гвоздика-diathus), шегіргүл (фиалка-viola), және күз айларында гүлдейді. Өте кеш гүлдейтін өсімдіктерге; баршынгүл (гладиолус-gladiolus), хризантема (хризантема-chrysantehem), нарғызгүл (георгина-dahlia) жатады. Олардың жаппай гүлдеуі тамыз айының аяғында, қыркүйектің басында гүлдеуі жүреді.
Көпжылдық әсем өсімдіктерді өсіру тұқыммен қатар, вегетативті жолмен жүзеге асырылады. Бұл өсімдіктердің ішінде қызғалдақтар (тюльпан-tulipa), таушымылдықтар (пион-paeonia), құртқашаш (ирис-iris), шөмішгүл (водосбор-aguilegia), лилейник (лилейник-heterocallis). Климаттық жағдайында қыстап өзінің жер астындағы вегетативті, әсем мүшелерін сақтайтын декоратвиті гүлдер бар, сондықтан оларды гүлзарларда қалдыруға болады. Қалған көпжылдық әсем өсімдіктерді (нарғызгүл-георгина-dahlia, канна-canna, хризантема-chrysantehem, баршынгүл-гладиолус-gladiolus) гүлзарлардан қазып алып, олардың түйнектерін немесе тамырсабақтарын төменгі температурада сақтайды. Ерте көктемде оларды қайтадан гүлзарларға отырғызады. Сондықтан бұл өсімдіктер гүлзарларды құруда егу, күтуге байланысты еңбекті қажет етеді.
Декоративті өсімдіктерді көгалдандыруда вегетативті жолмен көбейтеді:
1)Пиязшық арқылы (қызғалдақ(тюльпан-tulipa), лалагүлдер (лилиейные-lilaceae)
2)Түйнек арқылы (нарғызгүл-георгина-dahlia, баршынгүл (гладиолус-gladiolus)
3)Тамырсабақтар арқылы ландыш (ландыш-сonvallaria), құртқашаш(ирис-iris), канна (канна-canna) , хризантема (хризантема-chrysantehem)
4)Қалемше арқылы шөмішгүл (водосбор-aguilegia), сарыраушан (золотарник-solidago), лилейник (лилейник-heterocallis), шегіргүл (фиалка-viola) жатады.
Сонымен Семей қаласындағы гүлзарларда 21 көпжылдық әсем өсімдік түрлері интродукцияланған.
Семей қаласының әртүрлі гүлзарларында кездескен көпжылдық әсем өсімдіктерге таксономиялық, яғни систематикалық сараптама жасағанда, біз зерттеген 21 өсімдіктің 9 тұқымдасқа 18 туыстасқа жататындығы анықталды. Бұл тұқымдастарды өзара салыстыра келгенде көптүрлілігі жағынан алғашқы орында күрделігүлділер (7 түр, 31,8%), сарғалдақтылар (7 түр, 31,8%), лалагүлділер (4 түр, 13,6%), қалған тұқымдастар 1,2 туыстас өкілдерінен тұрады.
Осыған байланысты біз зерттеген гүлзарлардың көпшілігінде күрделігүлділер туқымдастарының өкілдерін кездестірдік. Олар орташа биіктігі 40-100см дейінгі, көрнекті әрі реңді себет гүлшоғырынан немесе олардың жиынтығынан туратын өте әсем өсімдіктер. Олар гүлзарларға ерекше рең, әсемдік қасиет береді.
Семей қаласындағы гүлзарларды өсімдіктердің биіктеріне байланысты 3 деңгейге бөлдік:
Биіктігі 60-100 см дейінгі өсімдіктер (баршынгүл (гладиолус-gladiolus), нарғызгүл (георгина-dahlia), гайлардия (гайлардия-gaillardia), хризантема(хризантема-chrysantehemum), раушангүл (роза-rosadea), таушымылдық (пион- paeonia), шөмішгүл (водосбор-aguilegia);
Биіктігі 20-60см (қызғалдақ-тюлпан-tulipa, құртқашаш- ирис-iris);
Биіктігі 20см төмен (шегіргүл-фиалка-viola), дельфиниум (дельфиниум-delphinium), ландыш (ландыш-convallaria).
Семей қаласының гүлзарларында көпжылдық әсем өсімдіктерді әсемділік қасиетіне байланысты бірнеше топтарға бөлуге болады солардың ішінде жапырағының түсінің, пішінің ерекшелігіне байланысты өте әсем болып келетін мынандай түрлерді ерекше атауға болады:шөмішгүл (водосбор-aguliega), таушымылдық (пион-paeonia), баршынгүл (гладиолус-gladiolus). Семей қаласында гүлзарларға ерекше әсемдік беретін ірі гүлді өсімдіктер түрлері де кездеседі, олар: қызғалдақ (тюльпан-tulipa), лалагүл (лилия-lilium), шөмішгүл (водосбор-aguilegia), шегіргүл (фиалка-viola). Бұл аталған жалғыз гүлді әсем өсімдіктер ерте көктемде гүлдейді, сондықтан гүлзарлардың көктемгі көрінісі осындай эфемеройдты түрлермен әсемделеді. Бұл аталған өсімдіктер Семей қаласының көшелерін көгалдандыруда аз пайдаланылуда. Бұл өсімдіктерді кейбір мектептердің гүлзарларында және Семей мемлекеттік педагогикалық институтының агробиостанциясында ғана кездестірдік.
ИНТРОДУКЦИЯЛАНҒАН КӨП ЖЫЛДЫҚ ӘСЕМ ӨСІМДІКТЕР |
|||||||
Тұқымдас |
І. Күрделігүлдер-Сложноцветные- Compositae Adans |
||||||
Өсімдік түрі |
1. Нарғызгүл Георгина Dahlia |
2. Сарыраушан Золотарник Solidago |
3.Гайлардия Gaillardia |
4. Ақ хризантема Хризантема белая Chrysantehemum |
5. Ірі Хризантема хризантема крупная Chrysantehemum |
6.Астра Aster |
|
Биіктігі, см |
25-200 |
40 |
50-60 |
60-70 |
80-90 |
50-60 |
|
Жапырақ формасы, түсі |
Шақпақты бөлінген, ашық және қою жасыл |
Ланцет тәрізді,ұсақ,қою жасыл |
Ұзынша және сопақша,қою жасыл |
Шақпақты бөлінген, жасыл |
Ірі жапырақты қоюжасыл |
Қою жасыл түсті |
|
Гүлінің Размері, түсі |
Пішіні мен көлемі де әр түрлі формада
|
Ірі және жай гүлді, сарғыш, қоңырқай |
Ірі және жай гүлді, сарғыш-қоңырқай түсті |
Ақ түсті |
Ақ түсті |
Гүлдері түтік тәрізді-сары түсті және тілше тірізді –ашық көк түсті |
|
Гүл шоғыры |
Тілше және түтік тәрізді |
Ұсақ гүлдері ірі гүлшоғырына жиналған |
Тілше және түтік тәрізді |
Гүлшоғыры себетке 1-3гүлден жинақталған,гүлдері тілше және түтіктәрізді |
Гүлшоғыры ірі, диаметрі 10 см, гүлдері жай. |
Диаметірі 3см |
|
Гүлдеу уақыты |
6-10 |
6-7 |
6-аязға дейін |
6-7 |
7-9 |
9 |
|
Қатынасы |
Ылғалға |
Ылғал сүйгіш |
Ылғал сүйгіш |
Құрғақшылықақа төзімді |
Ылғал сүйгіш |
Ылғал сүйгіш |
Ылғал сүйгіш |
Жарыққа |
Жарық сүйгіш |
Жарық сүйгіш |
Жарық сүйгіш |
Жарық сүйгіш |
Жарық сүйгіш |
Жартылай көленкелі жерлерге төзімді |
|
Темпера-тураға |
Аязға төзімсіз,жылу сүйгіш |
Суыққа төзімді |
Жылу сүйгіш |
Суыққа төзімді |
Жеткілікті аязға төзімді, қыста жабуды қажет етеді. |
Қыста жабуды қажет етпейді |
|
Вегетативті көбейту жолдары |
Түйнектерімен |
Қалемше, тұқымдары арқылы |
Грунтқа отырғызады |
Түптерін бөлу, тұқымдары арылы |
Түптерін бөлу, қалемше арқылы. |
Кесіп алуға қолданылады |
|
ИНТРОДУКЦИЯЛАНҒАН КӨП ЖЫЛДЫҚ ӘСЕМ ӨСІМДІКТЕР |
||||||
Тұқымдас |
ІІ.Сарғалдақтар Лютиковые Ranunculaceae |
|||||
Өсімдік түрі |
7. Таушымылдық Пион Paeonia |
8. Шөмішгүл Водосбор Aguilegіa |
9. Аконит Aconitum |
10. Василистник Thalistrum |
11.Дельфиниюм Delphinium |
|
Биіктігі см |
100-150 |
50-70 |
70-100 |
100-165 |
15 |
|
Жапырақ формасы, түсі |
Ірі жапырақты,ашық жасыл |
Оюланған,жасыл |
Салаланған, ұзынша, жасыл |
Үлкен бөлікті, жасыл |
Ұзынша, ланцет тәрізді, жасыл |
|
Гүлінің Размері, түсі |
Қызыл, ақ, қызғылт және әр түрлі түсті |
Жай гүлді, қою көк |
Қоңыраубас гүлді, көкшіл түсті |
Сарғыш, ақ түсті |
Көк, ақ, көкшіл, қызғылт |
|
Гүл шоғыры |
Ірі, үлкен диаметрі 25-30см |
Гүлдері түкті |
Пирамида тәрізді |
Тілше және түтік тәрізді |
Диаметрі 3-5см |
|
Гүлдеу уақыты |
6 |
5-6 |
6-10 |
6 |
6 |
|
Қатынасы |
Ылғалға |
Ылғал сүйгіш |
Ылғал сүйгіш |
Ылғал сүйгіш |
Ылғал сүйгіш |
Ылғал сүйгіш |
Жарыққа |
Жарық сүйгіш |
Жартылайлай көлеңкеге төзімді |
Жартылай көленкеге төзімді |
Жарық сүйгіш |
Жартылай көленкеге төзімді |
|
Темпера-тураға |
Қыста жабуды қажет етеді |
Қысқа төзімді |
Қысқа төзімді |
Қысқа төзімді |
Қыста жабуды қажет етпейді |
|
Вегетативті көбейту жолдары |
Түптерін бөлу,тұқымдары арқылы |
Түптерін бөлу, қалемше,тұқымдары арқылы |
Түптерін бөлу арқылы |
Топтастырып отырғызуға қолданылады |
Тұқымдары және бұталарының бөлінуі арқылы |
|
ИНТРОДУКЦИЯЛАНҒАН КӨП ЖЫЛДЫҚ ӘСЕМ ӨСІМДІКТЕР |
||||||
Тұқымдас |
ІІІ.Лалагүлдер Лилиные Lilaceae |
IV. Шегіргүлдер Фиалковые Violacea |
||||
Өсімдік түрі |
12.Лалагүл Лилия Lilium |
13.Қызғалдық Тюльпан Tulipa |
14.Лилейник Heterocallis |
15.Ландыш Convallaria |
16.Шегіргүл Фиалка Viola |
|
Биіктігі см |
100 |
60-80 |
100 |
12-15 |
20-25 |
|
Жапырақ формасы, түсі |
Ланцеттәрізді,жас ыл |
Ланцеттәрізді,жасылтым |
Ұзынша,ланцеттәрізді,жасыл |
Үлкен бөлікті,ашық жасыл |
Аратісті,ланцеттәрізді,жасыл |
|
Гүлінің Размері, түсі |
Қоңырқай,ақ,ірі гүлді |
Размері,түсі әртүрлі |
Гүлдері ірі,сарғыш, қою сары |
Аппақ,иісі жағымды |
Ірі,әртүрлі түсті |
|
Гүл шоғыры |
Гүлдері тостағанша тәрізді |
Жалғыз,ірі гүлді,гүлдері жапырақшасыз |
Бір бұтағында бірнеше гүлден |
Қоңыраубас гүлді |
Жай гүлді жалғыз |
|
Гүлдеу уақыты |
7 |
6 |
6-7 |
5-6 |
6-10 |
|
Қатынасы |
Ылғалға |
Жарық сүйгіш |
Ылғал сүйгіш |
Ылғал сүйгіш |
Ылғал сүйгіш |
Ылғал сүйгіш |
Жарыққа |
Аязға төзімді |
Жарық сүйгіш |
Жартылай көлеңкеге төзімді |
Көлеңкеге төзімді |
Жарық сүйгіш |
|
Темпера-тураға |
Аязға төзімді |
Қыста жабуды қажет етеді |
Аязға төзімді |
Қысқа төзімді |
Қыста жабуды қажет етеді |
|
Вегетативті көбейту жолдары |
Жуашық-тары арқылы |
Грунтқа отырғызады,қалемше арқылы |
Түптерін бөлу, тұқымдары арқылы |
Жапырақтарының бүршіктенуі арқылы |
Грунтқа отырғызады,қалемше арқылы |
|
ИНТРОДУКЦИЯЛАНҒАН КӨП ЖЫЛДЫҚ ӘСЕМ ӨСІМДІКТЕР |
||||
Тұқымдас |
V. Қалампырлар Гвоздичные Caryophyllaceae |
VІ. Құртқашаштар Касатиковые Lridаcea Lindl |
||
Өсімдік түрі |
17.Қалампыр Гвоздика Diathus |
18.Отсабын Лихнис Lychnis |
19.Баршынгүл Гладиолус Gladiolus |
|
Биіктігі см |
30 |
50-70 |
80, 100, 200 |
|
Жапырақ формасы, түсі |
Ұзынша, жалпақ, қою жасыл |
Қою жасыл |
Тікжапрақты, жасыл |
|
Гүлінің Размері, түсі |
Гүлдері ірі,жай,сары,сарғыш,қоңыр |
Гүлдері ашық қызыл, қызғылт диаметрі-2.3см. |
Сары, қызғылт, қызыл, ақ және әртүрлі түсті, ірі гүлді. |
|
Гүл шоғыры |
Гүлдері жалғыр,бір бұтағында 2-3 гүлден |
Диаметрі 6-9см |
Гүлдері биік бұтақта-рында, гүлшоғыры күшті масақты |
|
Гүлдеу уақыты |
7-10 |
5-6 |
7-8 |
|
Қатынасы |
Ылғалға |
Ылғал сүйгіш |
Ылғал сүйгіш |
Ылғал сүйгіш |
Жарыққа |
Жарық сүйгіш |
Жарық сүйгіш |
Жарық сүйгіш |
|
Темпера-тураға |
Жеткілікті, жылу сүйгіш |
Қыста жабуды қажет етпейді |
Жылу сүйгіш, жуашықтарын жер астында сақтайды. |
|
|
|
|
|
|
Вегетативті көбейту жолдары |
Грунтқа отырғызады |
Тұқымдары және бұталарының бөлінуі арқылы |
Жуашықтары арқылы |
|
Семей қаласының әртүрлі гүлзарларында ірі әрі әсем гүлшоғырлы көпжылдық өсімдіктер пайдалануда, оларға: канна (канна-canna) , раушан (роза-rosadea), гайлардияны (гайлардия-gaillardia), жатқызуға болады. бұл өсімдіктер арқылы қаламыздың әкімшілік алаңы безендірілген. Қаланың ортанғы алаңдарында ірі гүлшоғырлы: баршынгүл (гладиолус-gladiolus), флокс (флокс-floks), айдар шөп (шток роза-alcea), нарғызгүл (георгина–dahlia), сияқты көпжылдық әсем өсімдіктерді көбірек өсірілсе, қала көрінісі өте әдемі болар еді.
Біз зерттеген Семей қаласының гүлзарларындағы 21 түрдің гүлдеу ұзақтығы, уақыты біркелкі емес. Гүлзарларда ерте көктемде (мамыр айында), жаз айларында және күз айларында гүлдейтін түрлер кездеседі. Ерте көктемде гүлдейтін өсімдіктерге: ландыш (ландыш-convallaria), лалагүл (лилия-lilium), таушымылдық (пион-paeonia), қызғалдақ (тюльпан-tulipa), құртқашаш (ирис-iris) жатқызуға болады. Күз айларында нарғызгүл (георгина-dahlia), хризантема (хризантема-chrysantemum) сияқты түрлер гүлдейді. Қалған өсімдіктердің жаппай гүлдеуін жаз айларында байқадық.
Семей қаласының гүлзарларында кездестірілген көпжылдық әсем өсімдіктердің экологиялық сыртқы өсу ерекшеліктері бірдей емес. Біз зерттеген 21 өсімдіктің (6% астамы 15 түр) ылғал, жарық сүйгіш өсімдіктер. Олар ашық жерлердегі гүлзарларда егілсе жиі суаруды қажет етеді. Сонымен қатар Семей қаласында жиі суаруды қажет етпейтін ксерофитті түрлер де бар. Оларға құртқашаш (ирис-iris), қызғалдақ (тюльпан-tulipa), гайлардия (гайлардия-jaillardia), лалагүл (лилия-lilium).
Семей қаласы қатаң континентальді климаттық белдеуде жатқандықтан зерттеу жұмысының бір саласы өсімдіктердің суыққа, аязға төзімділігін анықтау болды. Біз зерттеген 21 өсімдіктің суыққа төзімді болғанымен аязға төзімсіз сондықтан, оларды күз кезінде гүлзарлардан қазып алып, қысқа үй астындағы бөлмеде сақтау керек. Оларға: нарғызгүлдің (георгина-dahlia) тұйнешөптері, хризантеманың (хризантема-chrysantehemum) тамыр сабақтары, раушангүлдің (роза-rosadea) тамырлары, каннаның (канна-canna) тамыр сабақтары жатады, Бұл өсімдіктердің вегетатативті мүшелері топырақта қалса, -35о, -40оС үсіп кетеді. Қалған көпжылдық өсімдіктерді қыс кезінде гүлзарларда тастайды, бірақ үстін топырақпен жабу қажет.
Көпжылдық әсем өсімдіктерді гүлзарларда өсіру үшін олардың тұқымдарымен қатар, вегетативті дене мүшелері пайдаланылады. Түйнек арқылы көбейтетін өсімдіктерге мыналар жатады:
Тамыр сабақтар арқылы: құртқашаш (ирис-iris), ландыш (ландыш-convallaria)
Қалған өсімдіктер түптамырын бөлу арқылы көбейтетін.
Сонымен Қазақстанның ірі қалаларында интродукцияланып жүрген 2 мың-нан астам көпжылдық, біржылдық әсем өсімдіктердің 21 түрі ғана Семей қаласын көгалдандаруда пайдаланып жүр. Бұл өте төменгі көрсеткіш сондықтан келешекте қаланы көгалдандыруда жаңа туқымдас, туыстас өкілдерін еңгізу қажет.
Осыған байланысты Семей қаласын келешекте көгалдандыруға қажетті деген, Қазақстанның басқа қалаларында көгалдандыруда кеңінен пайдаланылып жүрген. Көпжылдық әсем гүлді өсімдіктерді ұсынамыз.
Дельфиниум (дельфиниум-delphinium), бөрітарақ (гибискус-hibiscus), кестежусан (пиретрум-pyrethrum), лабазник (лабазник-filipendula), купена (купена-folygonatum).
Келесі бөлімде біз зерттеген 21 өсімдіктің морфологиялық сараптамасы беріліп отыр. Бұл сараптамада өсімдіктердің морфологиялық ерекшеліктерімен қатар биологиялық өсу ерекшеліктері де қаралған.
Бақылау сұрақтары: тест және ауызша сұрақтары берілген.
Қолданылатын әдебиеттер:
1. Алферова В.А., Зайцева Е.Н. «Декоративные однолетники». Москва, изд. АН СССР, 1963.
2. Артамонов В. «599 советов цветоводу- любителю». Алма- Ата, «Кайнар», 1986.
3. Ассорина С. «Экология декоративных растений». Москва, 1977.
4. Баканова К. «Эколого- биологические основы введения трав местной флоры в озеленение Джезказгана». Алма- Ата, 1977.
5. Байжанова О., Дашкевич Д., Рахимбаев К. Рассказы о диких цветах Казахстана. Алма- Ата, 1982.
6.Бессчетнова М.В., Исаева Б.К., Уварова Е.И., Ларионова Н.И., Малдыбекова К.С., Кокорев А.А. “Интродукция многолетних и однолетних цветочных растений”. Алма- Ата: “Наука”, 1989.
7. Киреев М.Ф. «Советы цветоводам». Воронеж, Центрально- Черноземное книжное издательство, 1984.
