Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дріс.docx менеджмент.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
92 Кб
Скачать
☆

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Білім беру модернизациясы бағдарламасын анализдеу мақсатымен білім беру көрсеткішін көтеруге қажетті мектептің потенциалды мүмкіндіктерін анықтау.

  2. Білім беру процесінде мүмкіндік кезеңдеріне және оларды енгізу амалдарына қажетті өзгертулерді анықтау.

  3. Оқушылардың демократиялық ортада құндылықтарын қалыптастыру үшін шешуші роль атқаратын мектеп өміріне төселуі.

  4. Қажетті ресурстармен инновациялық процесті қамтамасыз ету.

  5. Білім берудің ресурстар жүйесін және мұғалімдердің біліктілікті ұйғарудың кезеңдері мен жолдарын анықтауы.

  6. Мектеп бағдарламасында білңм беру сапасын басқаруды талдау.

  7. Білім беру модернизациясы бағдарламасын анализдеу мақсатымен білім беру көрсеткішін көтеруге қажетті мектептің потенциалды мүмкіндіктерін анықтау.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. 1.О.Е.Лебедева «Заман талабына сай мектептерді тиімді басқару»

  2. 2.М.М.Поташыника «Білім саласын басқару»

  3. 3.Д.А.Иванов «Білім беру жүйесінің сапасын басқару»

  4. С.Е.Шишов «Мектеп білім сапасының көрсеткіші»

  5. М.Горемыко «Сапалы білім, жоспарлы әдістемені басқару саласында»

9- лекция. Мектептебілім беру сапасын басқаруды құрастырудың әдістемесі.

Жоспары 1.Әдістеменің негізгі жағдайы

2.Білім беру сапасын басқарудың бағдарламасын құрастыру кезеңдері.

Мектептегі әдістемелік жұмыс – педагогикалық мәдениетті көтерудің шарты. Мұғалімнің кәсіптік даярлығы оның педагогикалық жоғары оқу орнын бітіруімен аяқталмайды, ол мұғалімнің кәсіптік қызметінің бүкіл кезеңін қамтиды. Сонымен бірге, мұғалімнің кәсіптік білімін үздіксіз көтеріп отыруы, оның шығармашылық қабілетін дамытуды және дербес педагогикалық тәжірибесін үнемі дамытудың шарты болып табылады. Егер мұғалім қоғамдық ортада белсенді позиция ұстанып, оның дербес тәжірибесі әлеуметтік және педагогикалық тәжірибемен кірігіп, педагогикалық ұжымның қолдануға ие болып, кәсіптік шығармашылық ізденісі көтермеленіп отырса, мұғалімнің кәсіптік шеберлігі мен педагогикалық мәдениетінің артуы барынша жемісті болады. Мұғалімнің біліктілігін жетілдіру жоспарына сәйкес олар бес жылда бір рет мұғалімдер біліктілігін көтеру институттарында немесе педагогикалық жоғары оқу орындарының арнаулы факультеттерінде арнайы дайындықтан өтуі тиіс. Біліктілік көтеру немесе педагогикалық жоғары оқу орындары базасында мұғалімдердің алған арнайы білімдерді практикалық тұрғыдан қорытындылап, мектепте сыннан өткізуді қажет ететіндігі аңғарылады. Бұндай жағдайда мектепте арнайы ұйымдастырылған әдістемелік жұмыстардың жүйесі мұғалім үшін баға жетпес көмек бола алады.

Әдістемелік жұмыстар дербес және жеке ерекшеліктер ескерілген жағдайда мұғалімдердің ғылыми-әдістемелік дайындығын жетілдіруге деген сұранысына жауап бере алады. Ал, әдістемелік жұмысты жеке ерекшеліктерді ескеріп жүргізу, бірқатар субъективті, объективті алғы шарттарға байланысты. Ең бастысы мұғалімнің ғылыми-әдістемелік дайындығын жетілдірудегі өмірлік және кәсіптік бағдары, кәсіптік деңгейі мен тәжірибесі ескерілуі тиіс. Мектептің әдістемелік қызметінің озық тәжірибелері мен дәстүрлерін сақтау және дамытудың да маңызы зор. Осы жұмыстардың бәрі де мектеп директорының оқу-тәрбие ісі бойынша орынбасарының құзырында болады.

Мектептегі әдістемелік жұмысты басқару оның міндеттері, мазмұны мен ұйымдық негіздің директоры, оның орынбасары ғана емес, мұғалімдер де анық та нақты ұғына алғанда барынша тиімді болады. Ал, мектептегі әдістемелік жұмыстардың жалпы міндеттерін былайша тұжырымдауға болады: мектептік педагогикалық ұжымның педагогикалық тәжірибесін жүйелі түрде зерттеу, жинақтау және тарату, педагогика ғылымының жетістіктерін жұмысқа қолдану қызметінде инновациялық бағыттылықты қалыптастыру; мұғалімдердің теориялық (пәндік) және психологиялық-педагогикалық дайындық деңгейін көтеру; жаңа оқу бағдарламаларын, жоспарларын, мемлекеттік білім стандарттарын оқып-үйренуді ұйымдастыру; оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологиясы, түрлері мен әдістерін байыту; жаңа нормативтік құжаттар, нұсқау-әдістемелік материалдармен танысуды ұйымдастыру; ғылыми-әдістемелік көмекті дербес және жеке ерекшеліктерді ескеріп ұйымдастыру – жас мұғалімдерге, пән мұғалімдеріне, сынып жетекшілері мен тәрбиешілерге; педагогикалық жұмыста белгілі бір қиындыққа кезіккен мұғалімдерге; педагогикалық білімі жоқ мұғалімдерге және т.б.; мұғалімдердің өздігінен педагогикалық білім көтеруіне кеңес беру; жалпы кәсіптік-педагогикалық мәдениет деңгейін көтеру.

Мұғалімнің әдістемелік жұмыстарының мазмұнын кәсіптік-педагогикалық мәдениетінің құрамды бөліктерін ескере отырып айқындаған дұрыс деп білеміз. Олар – мұғалімнің жалпы мәдени дайындығы; әдістемелік, тәрбиешілік, зерттеушілік, кәсіптік-адамгершілік, басқара білу мәдениеті. Әдістемелік жұмыстың мазмұны кәсіптік-педагогикалық мәдениеттің әрбір бағыты бойынша нақтыланып, бірнеше ұзақ мерзімдік зерттеудің нысанына айналуы мүмкін.

Мұғалімнің әдістемелік, инновациялық жұмысқа қатысуы соңғы нәтижеде оның жеке педагогикалық жүйесінің, дербес педагогикалық жұмыс стилінің қалыптасуына ұласады.

Әдістемелік жұмысты ұйымдастыру мектептің типі, оның орналас қан жері және т.б. жағдайларға байланысты түбірінен ерекшеленуі мүмкін. Бұндай жағдайда 50-ден 100-ге дейін оқушысы, 10-12 мұғалімі бар шағын комплектілі орта мектептерде едәуір қиындық кездеседі. Ауыл мектептерінің тәжірибесі осындай бірнеше мектепті ірі ауыл мектебінің базасында құрылған әдістемелік бірлестікке топтастырудың тиімділігін көрсетіп отыр.

Мектептегі әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі түрлері.

Мектептегі әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырудың түрлері өзгермелі болып келеді. Олар мынадай негізгі факторларға байланысты өзгеріп, жаңарып отырады.

Мұғалімдердің педагогикалық мәдениетінің деңгейі, олардың жеке кәсіптік өлшемдері болжамдау процесінде анықталған әдістемелік сауаттылығы.

Мұғалім әдістемелік жұмыстың қандай түрін таңдаса да соңғы нәтижеде оның тиімділігі мұғалімнің өз бетінше өз білімін көтеруге байланысты болмақ. Сондықтан да, үздіксіз білім беру процесін жоғары оқу орны – мұғалімнің білімін жетілдіру институты – семинар, курс, практикум және т.б. оқу түрлерімен шектеуге болмайды, оған осы оқу түрлерінің арасындағы тынымсыз ой еңбегін де жеткізу керек. Ересек адамның өз білімін көтеруі барынша даралығымен ерекшелінеді, содан да мұғалімнің өз білімін көтеру жұмысына тәжірибелі әріптесі, беделді мектеп басшысы тарапынан тиянақты көмек қажет.

Мұғалімнің өзінің педагогикалық білімін көтеру оның өз бетінше педагогикалық құндылықтар, технология, шығармашылық тәжірибелерді игеруі қарастырылады. Оның мазмұны психологиялық-педагогикалық және арнайы білімдердің, педагогикалық жұмысты ғылыми ұйымдастырудың негіздерін, жалпы педагогикалық мәдениетті қамтиды.

Мұғалімге өз білімін көтеру жұмыстарын ұйымдастыруға көмек көрсетілгенде ғана оның кәсіптік қызметіндегі қажеттілігі, жеке қызығушылығы ескерілуі тиіс. Мектепте арнайы ұйымдастырылған әдістемелік жұмыс мұғалімдердің жеке қажеттілігін ескеріп жоспарластырылғанда мұғалім ұжымдық оқу түріне тартыла отырып, өзін қызықтырған сұрақтарға жауап таба алады.

Мектеп директоры және оқу ісінің меңгерушісі әдістемелік жұмысты ұйымдастырғанда өз мектебі педагогтарының алдындағы қиындықтарға баса көңіл бөледі. Әркімге қатысты мәселелерді бірлесе талқылау мұғалімнің білімін көтеру әрекетіне ықпал жасайды.

Сондықтан да директордың, оқу ісінің меңгерушісінің өз білімін көт еруді ынталандыруы және оған басшылық жасауы негізінен жанама сипат алады. Өздігінен білім көтеру ауқымды мәселелерді қамтиды. Әйтсе де педагогикалық өз білімін көтеру мұғалімнің педагогикалық оқу орнында оқымаған, бірақ қазіргі уақытта мектеп үшін өзекті мәселелерге бағытталуы тиіс. Осындай мәселелердің қатарында педагогикалық қатынас, оқуды дербестендіру және жіктеу, дамыта оқыту, лицей, гимназия, колледж сияқты жаңа типті оқу орнында оқыту ерекшеліктерін атауға болады. Мәселелер топтамасының арасында оқушылардың ғылыми көзқарасын, оның рухани мәдениетін, азаматтық тәрбиесін қалыптастыруды атауға болады.

Әрбір мұғалімнің өздігінен білімін көтеруі ой еңбегінің техникасын білу, ақыл-ой әркетінің дербес ерекшеліктерін ескеру негізінде құрылады. Мұғалімнің өздігінен білімін көтеруі оның бос уақытын дұрыс ұйымдастыру, дербес жұмыс жоспар түзіп, оны іске асыра алуына тікелей байланысты.

Мектептің педагог қызметкерлерін аттестациялау бұрынғы Кеңес Одағында 1972 жылы енгізілді. Алғашқы аттестациядан кейінгі кезеңде аттестациялау туралы құжаттар білім беру жүйесіндегі өзгерістерге сай бірнеше рет өзгертіліп толықтырылды.

Аттестацияның негізгі мақсаты педагог қызметкерлердің кәсіптік біліктілігін көтеру, шығармашылық белсенділігін дамыту, әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету. Ынталандырудың негізгі құралы ретінде мұғалім еңбегіне ақы төлеуді жіктеу болмақ. Ал, аттестация өткізудің негізгі принциптері еріктілік, алқалық оның объективті, әділ өтуін қамтамасыз етеді. Бұл принциптер аттестациялық комиссия жасақтауда қатаң сақталады.

Қазіргі ереже бойынша үш түрлі комиссия құрылады. Бас аттестациялық комиссия республикалық, облыстық деңгейде, ал аудандық, қалалық комиссия тиісті білім мекемелерінің деңгейінде құрылады. Ал, білім беру мекемесінің аттестациялық комиссиясын құру педагогикалық кеңестің құзырында болады.

Әр комиссия өз құзырлығына сәйкес мәселелерді қарастырады. Ал, аттестациялау комиссиясының негізгі шешімі – біліктілік санат беру. Қазір үш біліктілік санат берілген, жоғарғы санатты республикалық, облыстық, бірінші санатты аудандық, қалалық, екінші санатты – мектеп аттестациялау комиссиясы береді.

Мұғалімнің немесе мектеп басшысының қызметі екі кешенді көрсеткіштермен бағаланады. Біріншісі – қызмет қорытындысын жинақтау, екіншісі – практикалық қызметті эксперттік бағалау. Бірінші көрсеткіш бойынша мұғалім шығармашылық есеп, ғылыми-әдістемелік немесе – тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарды ұсына алады. Екінші көрсеткіш бойынша ол бірнеше нұсқада психолог-педагогикалық сараптаудан өтуі тиіс. Кейбір мектептерде, аудандық, облыстық технология, тестілеу, эксперттік бағалау тәсілдері қолданылады. Дегенмен, педагогикалық қызметті болжамдау және жинақтауды аттестациялау комиссия нақтылап, түзету енгізіп отырады.

Мұғалімдерді аттестациялау педагогтың біліктілік санат сұраған арызы арқылы бес жылда бір рет өткізіледі. Кейде аттестация мұғалімнің педагогикалық біліктілігін айқындау үшін педагогикалық кеңестің шешімімен, басқару әкімшілігінің бастамасымен де жүргізілуі мүмкін.

Шағын комплектілі мектептерде аттестация өткізуді ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері бар. Ондай мектеп мұғалімнің аттестациялауды аудандық білімінің немесе ірі мектеп базасында құрылған комиссия атқарады.

Тәжірибесі көрсетіп отырғандай аттестациялаудың табысты болуы оны ұйымдастыруға, қорғау мен бағалаудың дұрыс жолға қойылуына, ұжымда іскер тілеулестік көңіл-күйдің қалыптасуына тәуелді. Жалпы айтқанда, мұғалімдерді аттестациялау мектептің ғылыми-әдістемелік жұмыстарының стратегиясы мен тактикасын анықтаудың негізі болып табылады.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Ұжымда жинақталаған себептерге дайындық болу керек.

  2. Бағдарламаның мәселесін шешуге байланысты ұжымда жағдаят туғызу.

  3. Мәселені шешуде дөңгелек үстел, семинар, әңгіме ұйымдастыруға болады.

  4. Тақырыпқа байланысты әңгімелер білім беру сапасын көтеруге бағытталып, жағдайларды талқылау.

  5. Мектептің қоғамдық, мәдени дамуы , білім беру ортасын жинақтау.

  6. Білм беру сапаның көтерілуіне әсер етеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. О.Е.Лебедева «Заман талабына сай мектептерді тиімді басқару»

  2. М.М.Поташыника «Білім саласын басқару»

  3. .Д.А.Иванов «Білім беру жүйесінің сапасын басқару»

  4. С.Е.Шишов «Мектеп білім сапасының көрсеткіші»

  5. М.Горемыко «Сапалы білім, жоспарлы әдістемені басқару саласында»

10-лекция. Қызметкер еңбегінің мотивациясы

Жоспары:

1 Ұйымды дамыту мен көтермелеу

2.Еңбек сапасын көтермелеу әдістері

Мамандардыдаярлау дәрежесін анықтаудың көрсеткіштері және өлшемдік жүйесі Кәсіби білім беру саласының ең басты мәселесінің бірі – кадр мәселесі. Өйткені кез-келген саланың деңгейін білікті маман ғана көтеретіні анық. Сондықтан да, білім деңгейі мен педагогтік шеберлігі жалпы білім беру мекемелерінің табыстарын айқындайды.

Кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелі болуы мұғалімнің біліктілігін қажет ететіндігі сөзсіз. Біліктілік, жалпы алғанда, маманның жеке мүмкіндіктері, оның білімі мен тәжірибесі, соның арқасында ол өзінің көздеген мақсаттарына қол жеткізеді. Педагогтың кәсіби біліктілігінің мазмұны мұғалімнің педагогикалық міндеттерді өз бетінше тиімді шешуге жағдай туғызатын жеке мүмкіндіктері. Қандай да бір педагогикалық міндеттерді шешу үшін педагогикалық теорияны, оны практикада қолдана білу қажет болады.

Мұғалімнің педагогикалық біліктілігі деп педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыру үшін оның теориялық және практикалық дайындығының бірлігін түсінеміз.

Психологиялық-педагогикалық білімнің мазмұны жоғары педагогикалық білім берудің Қазақстан Республикасы мемлекеттік жоғары кәсіптік білім стандартымен анықталады да, тиісті оқу бағдарламалары мен олардың оқу жоспарларымен нақтыланады.

Психологиялық-педагогикалық және арнайы (белгілі бір пән бойынша) білім – мұғалімнің біліктілігі үшін маңызды, бірақ жеткіліксіз шарт, өйткені көптеген теориялық-практикалық және әдістемелік білім мен дағдының тек алғы шарты ғана болады.

Кәсіби біліктіліктің құрылымы қабылданған педагогикалық білік арқылы түсіндіріледі, ал ол білік теориялық білімге негізделген және педагогикалық міндетті шешуге бағытталған бірнеше іс-қимыл жиынтығы арқылы ашылады. Ғалымдар кәсіби тұлғаны «біліктілік» және «шеберлік» ұғымдары тұрғысынан сипаттауды ұсынады. Олар педагогтың кәсіби біліктілігінің мынандай компоненттерін көрсетеді: тұлғалық-адамгершілік бағдар, педагогикалық шындықты жүйелі түрде қабылдай білу және онда жүйелі іс-әрекет жасау, қазіргі заманғы технологияны меңгеру.

Қазіргі заман білім беру жағдайында кәсіби біліктіліктің бұл төрт құрылымдық компоненті тағы үш компоненттен толықтырылады:

1) тәжірибемен ұштастыру білігі, яғни өз іс-әрекетін әлемдік педагогиканың деңгейіне сәйкестендіру қабілеті, әріптестерінің тәжірибесімен алмасу, өзінің тәжірибесін қорытып, басқаларға бере білу білігі;

2) оқыту мен тәрбиенің үнемі өзгеріп отыруы жағдайында педагогтың қажетті нормативтік сапасы ретінде оның кәсібіндегі болмыс тәсілі, әр түрлі білім процесі мен жүйелерінің мазмұны, түрі және әдістері деңгейінде жаңа педагогикалық шындықты туғызу білігі;

3) кәсіби білікті мұғалім рефлексияға, яғни ойлаудың ерекше тәсіліне қабілеті.

Сонымен, педагогтың кәсіби іс-әрекеті мен біліктілігінің (шеберлік деңгейі ) ерекшеліктеріне сәйкес олардың кәсіби біліктілігін қалыптастыру керек болады. Педагогика мен психологияда «білік» ұғымының әр түрлі түсініктемелері бар. Олардың бірінде білік меңгерілген іс-қимыл ретінде, енді біреулерінде бар білімді пайдалану тәсілі ретінде, дағды жиынтығы ретінде немесе әбден қалыптаспаған дағды немесе дағдыны қалыптастырудың маңызды кезеңдерінің бірі ретінде қарастырылады. Білік – іс-әрекетті саналы түрде меңгеру, сол меңгеру нәтижесінде іс-әрекетті тиімді орындау мүмкіндігі туады.

Мұғалімнің кәсіби шеберлігі деңгейінде оны педагогикалық іс-әрекетке даярлау оның педагогикалық білігімен айқындалады. «Білік» ұғымы оқу іс-әрекетінің тұжырымдамасында қазіргі заман талабына сай және болашағы бар аса маңызды ұғым түрінде берілген. Оқу іс-әрекетінің құрамына мынадай компоненттер кіреді: оқу-танымдық есеп; оқу-танымдық есепті шығаруға қажетті амалдар; рефлексия және талдау; оқу-таным іс-әрекетін бағалау және өзін-өзі бағалау амалдары.

В.А.Сластенин барлық педагогикалық білікті төрт топқа біріктіреді:

1) объективті педагогикалық шындықтың, тәрбиенің объективті нақты педагогикалық мақсатқа «көшіру» білігі, яғни жеке тұлға мен ұжымды олардың жаңа білімді меңгеруге дайындық деңгейін анықтау үшін зерттеу (диагностика) және соның негізінде олардың дамуын бейнелеу, алғашқы білімдік, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттарды анықтау;

2) логикалық тұрғыдан аяқталған педагогикалық жүйені жүзеге асыру білігі (білім, тәрбие жұмыстарын жоспарлаудан, білім беру процесінің мазмұнын таңдап алғаннан бастап, оның ұйымдастыру түрлерін, әдістерін және құралдарын анықтағанға дейін);

3) тәрбиенің әртүрлі компоненттері мен факторларының арасында байланыс орнату, оларды іске қосу білігі; қажетті материалдық, психологиялық, ұйымдастырушылық, валеологиялық және басқа жағдайларды жасау білігі, мектепті ортамен байланыстыруды қамтамассыз ету білігі; оқушы тұлғасын белсенділендіру білігі; оның іс-әрекетін тәрбиенің объектісінен субъектісіне айналдыратындай етіп дамыту; бірлескен іс-әрекетті ұйымдастыру білігі және т.б.;

4) педагогикалық іс-әрекет нәтижелерін есепке алу және бағалау білігі, яғни, оқу процесін және басқа мұғалімнің іс-әрекетін талдау және өзін-өзі талдауды жүзеге асыру білігі, сол сияқты педагогикалық мақсаттың алғашқы және келесі кешенін анықтау білігі.

Мұғалімнің теориялық даярлығының мазмұны аналитикалық, прогностикалық, жобалау және рефлексивті білігінен тұрады. Аналитикалық білік мынадай жеке біліктерден тұрады:

  • педагогикалық құбылыстарды талдау, яғни оларды құраушы бөліктерге бөлу (шарты, себептері, уәжі, құралдары, түрлері және т.б.);

  • педагогикалық құбылыстың әрбір элементінің басқа элементтермен байланысын түсіну;

  • педагогикалық теориядағы қарастырылып отырған құбылысқа сәйкес келетін жағдайларды, қорытындыларды, заңдылықтарды табу;

  • педагогикалық құбылысқа дұрыс диагноз қою;

  • педагогикалық мәселелерді шешудің ұтымды тәсілдерін табу.

Прогностикалық білік мұғалімнен модельдеу, болжам қоя білу, ой эксперименті және т.б. әдістерді меңгеруді талап етеді.

Жобалау білігі білім беру процесін жобалау барысында жүзеге асырылады. Рефлексивті білік мұғалімнің бақылау-бағалау іс-әрекетімен байланысты.

Дамытушылық білік: оқушылардың еркі мен сезімін, таным процесін дамыту үшін арнайы жағдайлар мен проблемалық жағдаяттар туғызу; оқушылардың бұрынғы алған білімін қолдануды талап ететін сұрақтар қою; оқушылармен жеке қарым-қатынас орнату.

Бағдарлық білік оқушылардың бейімі мен мүмкіндіктеріне сәйкес олардың іс-әрекетіне ынтасын тұрақты түрде қалыптастырумен, тұлғаның әлеуметтік маңызды сапасын дамыту мақсатында бірлескен шығармашылық іс-әрекетті ұйымдастырумен байланысты.

Мұғалімнің қатысымдық білігі – ол перцептивті, педагогикалық (вербальды) қарым-қатынас пен педагогикалық, техникалық білігі мен дағдысының өзара байланысты тобы. Мұғалімнің перцептивті білігі – қарым-қатынастың алғашқы кезеңінде көрінеді, басқа адамды (оқушыны, мұғалімді, т.с.с.) түсіне білу білігі. Бұл білікті жүзеге асыру үшін басқа адамның талғамын, ынтасын, бейімін, өмірге көзқарасын түсіне білуі.

Мұғалімнің практикалық даярлығының мазмұнын біліктің екі тобы – ұйымдастырушылық және қатысымдық білік арқылы көруге болады. Мұғалімнің ұйымдастырушылық іс-әрекеті оқушыларды әртүрлі іс-әрекетке қатыстыра білуіне және ұжымның іс-әрекетін ұйымдастыруына, оны білім объектісінен білім субъектісіне айналдыра білуіне байланысты. Ұйымдастырушылық білігі тобына жұмылдырушылық, ақпататты дидактикалық, дамытушылық және бағдарлық білігі жатады.

Жұмылдырушылық білік: оқушылардың зейінін аударып, олардың оқуға деген тұрақты ынтасын дамыту; оқуға қызығушылығын қалыптастыру және оқу іс-әрекетін ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру тәсіліне үйрету; оқушылардың өзін қоршаған ортадағы проблемалық жағдаяттарды шешуге белсенді, шығармашылық көзқарасын қалыптастыру. Ақпаратты- дидактикалық білік пәннің ерекшелігін, оқушылардың дайындық деңгейін, өмір тәжірибесін, жас ерекшелігін ескере отырып, оқу материалын түсінікті етіп баяндау; оқытудың әр түрлі тәсілдерін пайдалану (баяндау, түсіндіру, әңгіме, проблемалық оқыту, т.с.с.) және оларды үйлестіре білу; оқу прцесі мен оқу ақпаратын меңгеру процесін логикалық тұрғыдан дұрыс құру; сұрақтарды түсінікті, жинақты түрде қоя білу; оқытудың техникалық құралдарын, көрнекі құралдарды тиімді пайдалану; оқу материалын оқушылардың меңгеруінің диогностикалық сипаты мен деңгейін алдын-ала болжай білуі; мүмкін болған жағдайда оқушылардың логикасы мен тәсілдерін дер кезінде өзгерте білу.

Сонымен, мұғалімнің кәсіби білігі оның іс-әрекетінің тиімді болуының теориялық және жалпы әдіснамалық негізі болып табылады. Жоғарыда баяндалған білікті меңгеру студенттерді жоғары оқу орнында мұғалімдік мамандыққа даярлауда басты міндеттердің бірі болып саналады. Мұғалімнің кәсіби білігі оның практикалық қызметінде іске асырылады, сондықтан ол оның жалпыпедагогикалық, әдістемелік білігімен, дағдысымен тығыз байланысты.

Нарықтық экономикаға өтуга байланысты еңбек нарығында кәсіпті, кәсіби білімді насихаттау объективтік қажеттілікке айналды. Себебі, Қазақстан Республикасы шикізат шығарушы елден технологиялық елге айналу міндетін шешуде. Индустриялық-инновациялық бағдарлама іске асырылуда. Жаңа технологияға негізделген экономиканың барлық саласында кәсіби орындары айлап іске қосылуда. Еліміз аса жоғары дамыған 50 елдің қатарына қосылу тарихи міндетін қойып отыр.

Міне, бұл міндеттер ғылым, техника, техника және технология жетістігін өндіріске енгізуші, сапалы өнім шығаруды іске асыратын бәсекеге қабілетті жұмысшылар мен орта білімді мамандарды талап етеді.

ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша ХХІ ғасыр кәсіптік білім және кәсіби оқыту (дайындық) жылы болып есептеледі, бұған әлемде үлкен көңіл аударылуда.

Кәсіпкер – бұл қазіргі заманға бейімді политехникалық салада жан-жақты дайындалған маман. Кәсіптік білім беру жүйесін жаңа жұмысшы тұлғасында экономикалық кәсіби мүмкіндіктерін қалыптастыра алады. Бәсекеге қабілетті жұмыскерлерді және орта буын мамандарды дайындау экономикалық жүйенің бір саласына айналып отыр.

Кәсіпті таңдаудың нәтижесінде әрбір адам өзінің қоғамдағы орнын, өзінің өмірінің әлеуметтік құндылығын ұғады, анықтайды. Кәсіпті таңдау – бұл бір ғана болашақ кәсіби іс-әрекетті таңдау, қоғамдық өндірістегі өзінің орнын анықтау болып есептелінеді. Бұл тұлғаның қалыптасуының бастамасы.

Мұндай кәсіпкерді дайындау үшін кәсіптің адам және қоғам өміріндегі маңызын, орнын жастарға жан-жақты түсіндіру қажет. Әрбір жас адам өз қабілетіне сәйкес белгілі бір кәсіпті сүю қажет, себебі, кәсіп – адамның сапасы.

Кәсіби оқудың және еңбек тәрбиесінің өткен тарихына көз жіберсек, мұндай идеялар Шығыста туындаған екен. Орта ғасырлық Шығыстың атақты ойшылдары Ибн Сина, Ал Бируни, Ибн Хальдун және басқалардың оқу орындарының оқу тәрбие жұмысының ең құрамды бөлімінің бірі.

Қазіргі уақытта республикамызда 307 кәсіби лицей және 415 колледж жұмыс істейді, оларда 350 мыңға жуық жастар мамандықты игеруде. Жыл сайын 100 мыңнан астам жастар жұмысшы мамандығын алуда. Бұдан басқа жылына 300 мың адам кәсіби білім көтеруде.

Ал кәсіби лицейлерде оқу 132 кәсіп бойынша колледждерде 200 кәсіп бойынша іске асырылып жатыр.

Еліміз 2000 жылдың басында дағдарыстан шығып, экономиканы қарыштап дамытуда. Бірақ экономиканың көптеген салаларында, әсіресе ауылшаруашылығында, құрылыста, көлік, халыққа сервистік қызмет көрсету саласында бәсекеге қабілетті жұмысшылар және орта буын мамандар жетіспей отыр. Оларға сұраным барлық облыстарға тән.

Кәсіби білімге бағыттаудың түрлері мен тәсілдері сан алуан. Кәсіптің жаманы жоқ, мәселе әрбір оқушының сол кәсіп өз қабілетіне сай келсе, маңызды екенін ұғынуында.

Кәсіпті жан-жақты игеруі оның қыры мен сырын білуден адамның болашағы анықталды. Бұл жұмыспен төменнен жоғарыға дейін, яғни мектептен бастап, қала мен облыс әкімшіліктері айналысуда.

Кәсіби лицейлер мен колледждерде өздері тарапынан кәсіби бағдарламаны жүргізіп жатыр, мұндай жұмыс барлық оқу орындарына тән. Бірақ жеткіліксіз. Сондықтан да кәсіби бағдарлама беруді, кәсіби оқуда оқу тәрбие жұмысының бір шешуші саласына айналдыру қоғам талабы екенін ұғынып, ол жұмысты арттыру қоғам талабы.

Мектеп реформасының талаптарына сәйкес мұғалімнің жеке басын жетілдіру міндеті ерекше маңызды болып отыр, өйткені мектептегі бүкіл оқу-тәрбие процесі тиімділігінің табысты болуы көбінесе соған байланысты. Әрбір мұғалім өз басының бағалы кәсіптік сапасын, іскерлігі мен дағдысын жетілдірудің, яғни өзінің кәсіптік тәрбиесімен шұғылдануының айрықша маңызы бар. Кезінде көптеген көрнекі педагогтар өзін-өзі тәрбиелеудің қажеттігін атап көрсеткен болатын. Мұғалім үшін қастерлі міндет «өзінің жеке басының тәрбиесін бүкіл өмірлік міндетіне айналдыруда» – деп есептейді А.Дистервег.

Мұғалім - педагог кәсібі-қазіргі замандағы ең белгілі кәсіп. Өмір сүруге, еңбек етуге, жаңа ұрпақты даярлау мақсатында, бір ұрпақтан екінші ұрпаққа қоғамдық тәжірибені беру қажеттігі оқу мен тәрбие ісін өрбітуге әкелді.

тактикасын анықтаудың негізі болып табылады.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

1.Оқытушы оқушы мен ата- аналар арқылы сауалнамалар жүргізу

2.Оқу жүйесінің сыртқы келбеті

3.Мұғалімдерді аттестациялауды ұйымдастыру

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. О.Е.Лебедева «Заман талабына сай мектептерді тиімді басқару»

  2. М.М.Поташыника «Білім саласын басқару»

  3. .Д.А.Иванов «Білім беру жүйесінің сапасын басқару»

  4. С.Е.Шишов «Мектеп білім сапасының көрсеткіші»

  5. М.Горемыко «Сапалы білім, жоспарлы әдістемені басқару саласында»