- •Үлгерімі нашар оқитын оқушылармен жұмыс жүргізуге арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Қосымша 2
- •Қосымша 3
- •Қосымша 4
- •Педагогикалық құжаттардың сызбалары мен түрлерінің үлгілері
- •Оқытушының студент-машықкермен жұмыс жоспарының үлгісі
- •Сабақты талдау негіздері
- •Сабақты талдаудың үлгісі (сұлба)
- •Тәрбиелік іс-шараны талдау үлгісі (сұлба)
- •1. Жалпы мәліметтер:
- •Тәрбиелік шараларды талдау сызбасы
- •Сабақты талдау сызбасы
- •Тәрбиелік іс-шараны талдау үлгісі
- •Жалпы мәліметтер.
- •Тәрбие ортасын ұйымдастыру.
- •Педагогикалық шарттардың сапасы.
- •Сынып сағатын талдау сызбасы
- •Оқушылардың жеке ерекшеліктерін зерттеу бойынша ұсынылатын әдістер
- •Мектеп оқушысының психологиялық-педагогикалық мінездемесі
- •Жеке тұлға туралы жалпы мәлімет
- •Негізгі іс-әрекет түрлеріне жалпы мінездеме
- •Жеке тұлғаның бағытталуына жалпы мінездеме
- •4.Ұжымдағы жеке тұлғаның орны
- •Мектеп ұжымындағы орны
- •13.Тұратын жердегі шағын ортасы
- •Бос уақытын өткізуі
- •Танымдық жан-қуаттары
- •Топқа психологиялық-педагогикалық мінездеме жасау жоспары
- •Педагогикалық іс-тәжірибе есебінің мазмұны
- •Студент- машықкерге естелік
- •«Сыныптан тыс жұмыс технологиясы» педагогикалық тәжірибесінің қорытындылары бойынша конференцияға даярлайтын құжаттар тізімі:
Сабақты талдау сызбасы
Күнi_____________________________________________________________________
Сынып___________________________________________________________________
Пәні_____________________________________________________________________
Мұғалiмнiң аты-жөнi_____________________________________________________________________
Сабаққа қатысу мақсаты__________________________________________________________________
Сабақ тақырыбы:________________________________________________________________
Сабақтың мақсаты:_________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
Сабақтың жабдықталуы:_____________________________________________________________
Сабақтың типі_____________________________________________________________________
Тәрбиелік іс-шараны талдау үлгісі (сұлба)
1. Жалпы мәліметтер:
іс-шараны өткізу уақыты, тақырыбы, қатысушылар, кім жүргізеді;
тақырыпты таңдау және оның мағынасы;
тәрбиелік мақсаты мен міндеттері;
өткізу формасы;
тәрбиелік іс-шара жоспарының болуы.
2. Іс-шара дайындығын талдау:
оқушылар қызығушылығын ескеру; олардың тапсырмаларды орындауға қатысы, өз бетімен орындауы, белсенділігі;
іс-шараны дайындау және өткізу барысындағы жаңа ұғымдар мен түсініктердің қалыптасуы;
3. Іс–шара өтуін талдау:
іс–шаранының мазмұны мен өткізу әдістемесі;
өткізілген іс-шараның нәтижелілігі.
4. Іс-шараны жалпы бағалау:
қойылған мақсат пен міндеттерге жету дәрежесі;
жетістік, сәтсіздік және қателерінің себептері;
жеке тұлғаның дамуына арналған жұмыстардың мәні, топта тұлғааралық қатынастарды жетілдіру, іс-шараларға арналған жұмыстарға қызығушылық туғызу;
қорытындылар мен ұсыныстар.
Кесте 1 - Сабақтағы бақылау
Сабақ № |
Қатысу мақсаты |
Сабақ барысы |
Бақылау және қорытынды |
||
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушылардың іс-әрекеті |
||||
|
|
|
|
- ұйымдастырылуы; - психологиялық жай-күй; - оқушыларды белсендендіру тәсілдері; - оқушылардың жеке ерекшеліктерінің ескерілуі; - педагогтың қарым-қатынас стилі т.б.
|
|
Тәрбиелік шараларды талдау сызбасы
1. Іс-шараның мазмұны және мақсаты. Бұл шара сабақтағы педагогтың бастаған жұмысын жалғастыратын оқу-тәрбие үрдісінің бір бөлігі болып табылады. Мұнымен оқыту мен тәрбиенің байланысы тексеріледі..
2. Іс-шараның өзектілігі:
- оның мазмұнының тұлға қажеттілігіне, тапсырысына, қызығушылығына және балалар ортасында болатын проблемаларға сәйкестілігі;
- Балалар ұжымындағы қарым-қатынастың ары қарай дұрыс дамуын қамтамасыз етуі;
- шара мазмұнының мектептің, сыныптың алдына қойған міндеттерді шешуге бағытталғандығы.
Бұл көрсеткіш сынып жетекшісінің педагогикалық және психологиялық сауаттылығын куәландырады.
3. Аталмыш шара мазмұнының сынып жетекшісінің жұмыс жүйесіндегі басқа да іс-шаралармен сабақтастығы. Шараны басқалардан бөлектеп бағалауға болмайды. Тек олармен байланыста ғана берілген шара жақсы, аралық немесе жаман қорытындыға жетуі мүмкін.
4. Іс-шара мазмұнының оны өткізу түріне сәйкестігі, тәрбиелік міндеттерді оның мазмұны мен түрі арқылы шешу ерекшелігі. Мұнда сынып жетекшісінің нақты педагогикалық жағдайда бейімделе білу және жаңа шарттарда бұрынға өз тәжірибесін қолдана алу қабілеті мен зеректігі айқындалады. Яғни педагогикалық шығармашылыққа, жаңашылдыққа қабілеті және педагогикалық шешім қабылдаудағы бірегейлігі тексеріледі.
5. Белсенді қабылдауды қамтамасыз ететін шараның ақпараттылығы мен эмоциялық әсерлілігі. Шараның еліктірушілігі мен қызықтыруы негізінде сынып жетекшісінің жалпы мәдениеті, оның оқушылардың қызығушылығын, жас ерекшеліктерін, талаптарын ескеру білігі туралы айтуға болады.
6. Дайындық кезеңінің қысқалығы. Тек шара ғана емес, сондай-ақ оған дайындық та тәрбиелейтіндігі белгілі. Мұнда мұғалім мен оқушылырдың дайындыққа кетірген уақытының мақсатқа бағытталып, аз жұмсалуы, ал оқушылардың белсенділігінің толық болу маңызды. Іс-шараға дайындық сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық қабілетін көрсетеді. Іс-шараның қалай өткендігі, оған қанша оқушы қатысқандығы туралы ақпаратты тәрбиелік шараны талдау кезінде мұғалімнің өзінен алуға болады.
7. Өткізілген шараға оқушылардың қанағаттанғандығы. Бұл сынып жетекшісінің педагогтық шеберлігінің жалпы көрсеткіші. Жақсы ұйымдастырылып, өткізілген шара нәтижесінде балалар ортасында белгілі бір қайшылықтар шешіліп, оқушылар өздеріне қажетті ақпаратты алып, бекітеді, іскерлік, дағдыларды, пайдалы әдеттерді меңгереді. Оқушылардың қанағаттанғандықтарын олардың көңіл-күйлері, әрекеттері, шараға қатысушыларға қатынастары арқылы білуге болады.
8. Шараның жүргізілу мәдениеті, нақтылығы, жоспардың бірізділігі, кезеңге бөлінуі,оқушылардың сезімдерін еркін көрсетуі, олардың өз бетімен жұмыс жасауы.
9. Шараның нәтижелілігі мен сапасын сынып жетекшісінің өзіндік бағалауы, оның өз ісіне деген талап қоюшылығын көрсетеді.
