- •Үлгерімі нашар оқитын оқушылармен жұмыс жүргізуге арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Қосымша 2
- •Қосымша 3
- •Қосымша 4
- •Педагогикалық құжаттардың сызбалары мен түрлерінің үлгілері
- •Оқытушының студент-машықкермен жұмыс жоспарының үлгісі
- •Сабақты талдау негіздері
- •Сабақты талдаудың үлгісі (сұлба)
- •Тәрбиелік іс-шараны талдау үлгісі (сұлба)
- •1. Жалпы мәліметтер:
- •Тәрбиелік шараларды талдау сызбасы
- •Сабақты талдау сызбасы
- •Тәрбиелік іс-шараны талдау үлгісі
- •Жалпы мәліметтер.
- •Тәрбие ортасын ұйымдастыру.
- •Педагогикалық шарттардың сапасы.
- •Сынып сағатын талдау сызбасы
- •Оқушылардың жеке ерекшеліктерін зерттеу бойынша ұсынылатын әдістер
- •Мектеп оқушысының психологиялық-педагогикалық мінездемесі
- •Жеке тұлға туралы жалпы мәлімет
- •Негізгі іс-әрекет түрлеріне жалпы мінездеме
- •Жеке тұлғаның бағытталуына жалпы мінездеме
- •4.Ұжымдағы жеке тұлғаның орны
- •Мектеп ұжымындағы орны
- •13.Тұратын жердегі шағын ортасы
- •Бос уақытын өткізуі
- •Танымдық жан-қуаттары
- •Топқа психологиялық-педагогикалық мінездеме жасау жоспары
- •Педагогикалық іс-тәжірибе есебінің мазмұны
- •Студент- машықкерге естелік
- •«Сыныптан тыс жұмыс технологиясы» педагогикалық тәжірибесінің қорытындылары бойынша конференцияға даярлайтын құжаттар тізімі:
Педагогикалық іс-тәжірибе есебінің мазмұны
Бекітілген сыныптың оқу-тәрбие жұмыстарына сипаттама.
Жеке оқушыларға тұлғалық психологиялық-педагогикалық мінездеме.
Іс-тәжірибе барысындағы сыныптан тыс тәрбие жұмысының жоспары.
Сабаққа немесе сыныптан тыс жұмыстарға өзіндік талдау.
Оқытушылардың және өндірістік оқыту шеберлерінің жұмыс тәжірибелерін талдап қорыту.
Студент-машықкердің педагогикалық іс-тәжірибеден алған әсері (еркін формада).
Оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің іс-тәжірибе өту барысындағы студенттердің жұмысына баға беру мен пікірі.
Студент–машықкерге міндетті түрде қажетті құжаттар:
Күнделікте мыналар көрсетілуі керек:
мектеп әкімшілігі, оқытушылар, өндірістік оқыту шеберлері, іс-тәжірибе жетекшілері туралы мәліметтер; сабақ кестесі; оқу-тәрбие жұмыстарының жеке жоспарлары; орындалған жұмыстарға психологиялық—педагогикалық, сонымен қатар қатысқан сабақтары мен тәрбиелік іс-шараларды талдаулар жасалып күнделікті жазу;
студент-машықкердің жеке жоспары
студент-машықкердің тәрбие жұмыстарының жеке жоспары
орындалған жұмыстың есебі;
мінездеме (ол іс-тәжірибе жетекшісі мен оқытушы-жетекшінің іс-тәжірибе өтудегі студенттердің өзінің міндетін орындау жөніндегі жұмыстарына берген қорытындысы; мінездемеде оқу жұмысы мен сыныптан тыс тәрбие жұмысына баға қойылады);
- сынақтық сыныптан тыс іс-шараларды жасау (онда мыналар көрсетілуі тиіс: тақырыбы, өтілетін іс-шараның мақсаты, өткізетін орны мен уақыты, ұйымдастыру және өткізу жоспары, қолданылатын көрнекі материалдар және өткізу сценарийлары);
- тәрбиелік іс-шараларға талдау;
- сынақтық тәрбие іс-шараларын талқылау хаттамасы;
- сабаққа талдау;
- бір оқушыға немесе топқа психологиялық-педагогикалық мінездеме.
Студент- машықкерге естелік
Студент міндеті: Мектептің жұмыс мерзімін, кестесін сақтау.
Өзінің сыныбына сабақтың басталуына дейін келу, ерекше жағдайлар болмаса (сынып сбаағы, қосымша сабақ, есеп беру т.с.с.) сабақ аяқталғаннан кейін шығу; өз сыныбың балаларын тосып алып, шығарып салу. Өз сыныбындағы істердің жағдайларымен таныс болу ( балалардың сабақ босату себебі, қоңырау кезіндегі жағдайлар).
Мұғалімдерге, студент- практиканттарға аты- жөнін атап сөйлесу, ізет білдіру.
Оқушылармен, мұғалімдермен, ата-а аналарымен, оқушылармен, студенттермен қайырымды, сыпайы болу.
Практика бойынша барлық тапсырмаларды орындау. Жоспар бойынша барлық тапсырмаларды орындау. Жоспар бойынша белгіленген уақыт мерзімінде оқытушыға есеп беру.
Жоспарда көрсетілген барлық қосымша кеңеске, сыныптық шараларға , сабақтарға қатысу.
Сабаққа келе алмай қалған жағдайда ( ауырып қалу, басқа себепті жағдайлар), кешігіп қалған жағдайда алдын- ала оқытушыға студенттер арқылымектепке хабарлау, келген беттепрактиканың басқарушысына себептерін түсіндіру. Өзінің сабақта екендігі туралы мұғалімге ескерту.
Сынып жетекшісімен бірге мектепте болған кезде оқушылардың денсаулығы мен өмірі үшін жауап беру.
Студент практиканттың соңғы күні – соңғы есеп беру күні екенін есте сақтау (қалған күндерде құжаттар да, басқадай ақталушы жағдайлар қабылданбайды).
Талаптарды бұзу, тапсырманың орындалу сапасының төмендігі, практика жоспарын орындамау практиканың бағасын төмендетеді.
Студент:
мектепте сырт және бас киіммен жүрмеу керек;
сыныпқа қоңыраудан кейін кірмеу;
сабақ кезінде сыныптан шықпау;
сабақта сөйлеспеу;
мектептен тыс (саяхат т.с.с.) кезде балаарға өз бетімен басшылық жасау;
күнделіктер мен дәптерлерін тексеру;
мектепте немесе оның айналасында шылым шекпеу;
дөрекі қылықтар мен жат мінездер көрсетпеу;
кезекші мектеп басшылығына ескертпей сыныптан тыс шараларды ұйымдастыру;
жұмыс дәптерін жоғалтпау немесе басқа біреуге бермеу керек.
Студентке жасауға болады:
сынып жетекшісімен бірге оқушының отбасына баруға, мектептен тыс шараларды өткізуге;
бірнеше сыныптарды біріктіріп сыныптан тыс шараларды ұйымдастыруда басқа студенттермен бірігіп өткізуге болады;
мектеп басшылығынан, мұғалімдерден, сынып жетекшісінен, оқытушыдан көмек сұрай алады.
