- •Оңтүстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы
- •Силлабус
- •2017-2018 Оқу жылы
- •Оқытушы туралы мәліметтер
- •Хабарласу ақпараты
- •2.2 Пәннің мақсаты
- •2.3 Міндеттері:
- •2.4 Дублиндік дескриптордағы оқудың ақырғы нәтижелері
- •3) Дәйектемені қалыптастыру - зерделеленетін салада мәселелерді шешіп және аргументтерді қалыптастыру:
- •2) Білімділік пен түсіністіктің қолданылуы – осы білім мен түсіністікті кәсіби деңгейде қолдану:
- •4) Оқу қабілеті немесе оқуға қабілеттілігі – әлеуметтік, этикалық және ғылыми ойларды ескере отырып, пікір қалыптастыру үшін ақпаратты жинау және түсіндіру:
- •5) Коммуникативті дағдылар - мамандар және оған қатысы жоқ адамдарға ақпараттар, идеялар, мәселе мен оның шешімдерін жеткізу:
- •2.7 Пәннің қысқаша мазмұны
- •2.8 Сабақтың тақырыптық жоспары:
- •Тәжірибелік сабақтардың тақырыптары
- •Оқытушының жетешілігімен студенттің өз бетінше атқаратын жұмысы
- •2.9 Әдебиеттер:
- •2.10 Сабақ беру және оқыту әдістері
- •2.10 Әріпті жүйедегі баллды-рейтингті бағалау
- •Оқушылардың білімін бағалаудың тәртібі
2.2 Пәннің мақсаты
Халық арасында аурудың пайда болуы мен таралуы себептерінің, зерттеулерді ұйымдастыру мен жүргізу дағдыларының, олардың сенімділігі мен дәлелдемелерін бағалаудың, аурудың таралуы мен пайда болуының қауіп деңгейін ескере отырып, басқарушылық шешімдерді қабылдау кезінде құзыретті қалыптастырудың, жүргізілген профилактикалық шаралардың тиімділігін бағалаудың теориялық білімін және тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру.
2.3 Міндеттері:
қоршаған орта факторларының жағдайына байланысты тұрғындардың жұқпалы және жұқпалы емес сырқаттанушылығының көрсеткіштеріне талдау жүргізу туралы қазіргі заманғы білімді қалыптастыру;
табиғи-ошақтық инфекциялар аймағында және жұқпалы аурулар ошағында алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды жоспарлау мен жүргізуді үйрету;
мемлекеттік бағдарлама аясында жұқпалы сырқаттанушылықтың пандемиялық таралуын ескерту бойынша алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды жоспарлау мен жүргізуді үйрету;
емдеу-профилактикалық мекемелерінде дезинфекциялық-стерилизациялық тәртіптің сақталуына бақылау жүргізуді үйрету;
жұқпалы және паразитарлық ауруларға эпидемиологиялық қадағалаудың теориялық, әдістемелік және ұйымдастырушылық негіздері бойынша білім беру;
мемлекет аймағын жұқпалы аурулардың енуі мен таралуынан санитарлық қорғау жөнінде шараларды ұйымдастыруға үйрету.
2.4 Дублиндік дескриптордағы оқудың ақырғы нәтижелері
1) Білімділік және түсіністік - оқу барысында бұл ғылымдағы білімнің элементтерін қолдана отырып, білімділік пен түсіністік таныту:
эпидемиологияның пәнін, мақсатын, тапсырмаларын және басқа ғылымдармен байланысын нақтылай білу;
эпидемиологиялық ойлаудың тарихи тамырын және олардың ғылыми әдіс-тәсілдерге үлесін қысқаша түсіндіре білу;
эпидемиологиялық зерттеулердің стратегиясын білу;
эпидемиологиялық зерттеулерге этикалық принциптердің әсерін түсіне білу;
сипаттамалық зерттеудің әдіс-тәсілдерін білу;
аналитикалық зерттеудің әдіс-тәсілдерін білу;
аурудың таралуы туралы және әсер ету мен әсердің арасындағы байланыстардан хабардар болу;
стандартты емес, жеке категориялар үшін арнайы және стандартты көрсеткіштерді білу;
байланыстардың орнығуы үшін негізгі статистикалық және эпидемиологиялық бағаның, шешімнің, реттеудің концепцияларын түсіндіру;
гипотезаларды тексеру үшін, байланыстардың (ассоциациялардың) анықталуы және себептің нақтылануы үшін негізгі эпидемиологиялық зерттеулердің сызбаларын білу;
әсердің, әсер етуге тәуелді екенін түсіну («доза-әсер» типті тәуелділік);
жағдайдың эпидемиологиялық зерттеулердің нәтижесіне әсер ететінін түсіндіру;
жүйелік қате және бұрмалаушы факторларының рөлін түсіндіру;
бұрмалаушы факторлардың мүмкін болатын әсерін есепке ала отырып ақпаратты талдау;
Матчинг жағдайындағы талдаудың ерекшеліктерін білу;
стратифицирленген және көп факторлы талдаудың ерекшеліктерін түсіну;
эксперименталды зерттеулердің әдіс-тәсілдерін білу;
рандомизирленген клиникалық сынақтардың және қоғамдастық деңгейдегі зерттеулердің ерекшеліктерін білу;
ауру немесе жарақаттың этиологиясын және араласудың жағымды және жағымсыз тұстарын түсіну;
араласудың дәлелдемелі бағасы ретіндегі араласудың жетістігі мен тиімділігін түсіндіру;
эпидемиологиялық әдістердің базисті және клиникалық ғылымдарда қолданылуын түсіндіру;
саясат шығарылымы үшін зерттеулердің және талдаудың нәтижелерінің қолданылуын түсіндіру;
диагностикалық зерттеулердің тиімділігін білу;
молекулярлы және генетикалық эпидемиология, қоршаған орта қауіпсіздігі мен гигиенасы, қасақана жарақат және зорлық-зомбылықтың алдын алу және мінез-құлық ғылымының арнайы эпидемиологиялық қолданылуын білу.
