Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус эпид.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
454 Кб
Скачать
☆

4) Оқу қабілеті немесе оқуға қабілеттілігі – әлеуметтік, этикалық және ғылыми ойларды ескере отырып, пікір қалыптастыру үшін ақпаратты жинау және түсіндіру:

  • эпидемиологиялық зерттеулер әдістерін жоспарлау және таңдау, баяндамашыға байқалған фактілер мен құбылыстарды, олардың себеп-салдар байланысын түсіндіру;

  • пәннің материалын өздігінен меңгеру үшін қажетті ақпаратты іздеудің негізгі әдістерін түсіндіре білу;

  • арнайы оқу, анықтамалық және ғылыми ақпараттың қажетті көздерін таңдай білу (каталог, ғылыми әдебиеттер, электрондық базалар, интернет);

  • әртүрлі дерек көздердегі мәселе бойынша мәліметтерді жинақтай білу;

  • өздерінің жеке пікірлерін көрсете отырып, қоғамдық тыңдаулар туралы есептерді жасау, зерттелетін саладағы ақпаратты талдау және синтездеу;

  • әр түрлі ақпарат көздерімен, соның ішінде электрондық материалдармен жұмыс жасау;

  • ғылыми мақалаларды және олардың ғылыми негізділігі, сенімділігі мен дәлдігі үшін жүйелі бейнелерді талдау;

  • тақырып бойынша ғылыми жарияланымдарға сыни талдау жүргізе білу;

  • үлгілік және үлгілік емес жағдайлық есептерді шеше білу, презентация, баяндама, рефераттарды жазу барысында әдеби дереккөздерге шолу жасай білу;

  • реферат, аннотация, резюме жаза білу;

  • өзінің зерттеу нәтижелерін онлайн тәртіпте және электрондық конференцияларды ұсына білу дағдыларына ие болу;

  • студенттік ғылыми конференцияларда өзінің жұмысын ұсына білу дағдыларына ие болу: жоғарғы оқу орны аясында, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі конференциялар аясында;

  • пікірталас пен оппоненцияға қатыса білу дағдыларына ие болу;

  • кәсіби қызметте тәжірибе жасай отырып, кәсіпке индивидуалды шығармашылық үлес қосу жайлы түсінікке ие болу;

  • өзінің кәсіптік қызметінің нәтижелеріне деген қоғамның қызығушылығы мен жаңа талаптарын икемді есепке ала отырып, өз мамандығының дәрежесін көтеру әдістері жайлы түсінікке ие болу;

  • оқу проектілерін презентация жасау барысында алынған білімді жалпылау және талдау жасай білу дағдысына ие болу.

5) Коммуникативті дағдылар - мамандар және оған қатысы жоқ адамдарға ақпараттар, идеялар, мәселе мен оның шешімдерін жеткізу:

  • кәсіби қарым-қатынас және қызметтің құндылықтары мен нормаларын білу;

  • мамандықтың негізгі этикалық мәселелері жайлы түсінікке ие болу;

  • түрлі аудиторияларға арналған қарым-қатынастың ауызша және жазбаша формасын тиімді қолдану;

  • пәннің мәселелері бойынша ақпарат құрып және оны жеткізе білу дағдысына ие болу;

  • әріптестермен және бақылау асты объектілердің еңбектестермен қарым қатынас құруға тиімді тәсілдерді қолдана білу;

  • вербальді және вербальді емес қарым қатынас құралдарын дұрыс қолдану дағдысына ие болу;

  • түрлі құжаттар мен зерттеу нәтижесінің мазмұнын сауатты рәсімдеу дағдысына ие болу.

2.5 Реквизитке дейінгі: жалпы гигиена, биостатистика, ақпараттық коммуникациялық технологиялар, қоғамдық денсаулық сақтау.

2.6 Реквизиттен кейінгі: мемлекеттік санитарлы-эпидемиологиялық бақылау.