Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қалыпт 7-сын..docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

Тақырып Кедергілерді өтуге арналған арнайы жаттығулар

Оқу мақсаты 7.1.3.1 Арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі

дағдылар мен реттілікті жетілдіру және қорытындылау

Бағалау критерийі Білім алушы

• Арнайы спорттық жұмыстарды орындау барысында икемділік

дағдыларын жетілдіреді

• Кедергілерден секіріп жүгіру жаттығуларын орындау барысында

қозғалыс координациясын дамытады

Ойлау дағдыларының Білу және түсіну

деңгейі Қолдану

Тапсырма

Кедергілерді (су, барьер, бөрене т.б) еңсеріп жүгіру жаттығуларын орындаңыз.

Орындау барысында күштің қандай бұлшық еттерге түсетінін анықтаңыз.

Дескриптор Білім алушы

  • кедергіден секіріп жүгіру кезінде икемділік қабілетін көрсетеді;

  • кедергіден секіру кезінде аяқ-қол қимылдарының үйлесімді қозғалуын сезінеді;

  • қауіпсіздік техникасын сақтайды.

33

ЖОБА

Тақырып Кедергілерді өтуге арналған арнайы жаттығулар

Оқу мақсаты 7.3.3.1 Түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау,

олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен

байланысын ішкі және сыртқы белгілері бойынша анықтау

Бағалау критерийі Білім алушы

• Түрлі дене жаттығуларын орындауда дене бітімінің

қалыптасуын анықтайды

• Жаттығулардың реттілігін, жүйемен орындалуын көрсетеді

Ойлау дағдыларының Білу және түсіну

деңгейі Қолдану

Тапсырма

Дене жаттығуларын орындау кезінде ағзадағы өзгерістерді және белгілерді атап айтыңыз. Кедергілерден секіріп жүгіру кезінде бұлшық еттердің қызметін анықтаңыз.

Дескриптор Білім алушы

  • кедергіден секіріп жүгіру кезінде ептілік қабілетін көрсетеді;

  • кедергіден секіру кезінде аяқ-қол қимылдарының үйлесімді қозғалуын сезінеді және бұлшық ет қызметтерін анықтайды.

34

ЖОБА

6-бөлім. Шытырман оқиғалы ойындар және команда құрушы ойындар Тақырып Ойындар кезіндегі көшбасшылық және командалық іс- әрекет

Оқу мақсаты 7.3.4.1 Денсаулықты нығайтуға бағытталған дене жаттығулары кезіндегі болуы мүмкін қауіп-қатерлерді анықтай білу

Бағалау критерийі Білім алушы

  • Командада іс-әрекет барысында өзін көшбасшылық қырынан көрсетеді

  • Баскетбол ойынының техникасын орындау барысында спецификалық қозғалыс әрекеттерін тиімді қолданады

Ойлау дағдыларының Білу және түсіну

деңгейі Қолдану

Тапсырма

Жұптарға бөлініп, жұппен жұмыс жасаңыз. Баскетбол ойынының ережесін (допты қағып алу, допты беру, қадам жасау т.б ) жұбымен талқылап, допты алып жүру әдісінің бір-екі түрін көрсетіңіз.

Дескриптор Білім алушы

  • допты қағып алу, беру әдістерін орындайды;

  • допты алып жүрудің кем дегенде жеңілдетілген бір түрін көрсетеді.

35

ЖОБА

Тақырып Ойындар кезіндегі көшбасшылық және командалық іс-әрекет

Оқу мақсаты 7.2.2.1 Көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында

жұмыс істей білуді талқылау және көрсете білу

Бағалау критерийі Білім алушы

• Командада көшбасшылық қабілетін көрсетеді

• Допты кәрзеңкеге лақтыру әдісін түсіндіреді, қозғалыс

әрекеттерін тиімді қолданады

Ойлау дағдыларының Білу және түсіну

деңгейі Қолдану

Тапсырма

Топтарға бөлініп, әр топ өздеріңізше жұмыс жасаңыздар. Яғни, допты кәрзеңкеге лақтыру әдісінің түрлерін көрсетіңіз (жүгіріп келіп лақтыру, бір орыннан лақтыру, бір қырынан лақтыру, екі қолмен лақтыру т.б).

Дескриптор Білім алушы

  • көшбасшылық қабілетін көрсетеді;

  • допты кәрзеңкеге лақтыру әдістерін орындайды;

  • допты кәрзеңкеге лақтырудың кем дегенде жеңілдетілген бір түрін көрсетеді.

36

ЖОБА

Тақырып Ойындар арқылы мәселелерді шешу дағдыларын жетілдіру

Оқу мақсаты 7.2.8.1 Түрлі қимыл-қозғалыс негіздерімен рөлдерді қолдана білу

Бағалау критерийі Білім алушы

• Қимыл-қозғалыс түрлерін қолдана отырып, мәселелерді

шешеді

• Жаттығуларды тиянақты әрі сапалы орындайды

Ойлау дағдыларының Білу және түсіну

деңгейі Қолдану

Тапсырма

Топтарға бөлініп, топта баскетбол ойынындағы қорғаныста ойнау әдісін көрсетіңіз. Қорғаныс түрлерін көрсетуде ойыншының қызметін, допқа тосқауыл қоюын, яғни рөлді дұрыс орындауына мән беріңіз.

Дескриптор Білім алушы

  • допқа тосқауыл қою түрлерін орындайды;

  • қимыл-қозғалыс түрлері арқылы қорғаныста ойнайды.

37

ЖОБА

Тақырып Ойындар арқылы мәселелерді шешу дағдысын жетілдіру

Оқу мақсаты 7.1.4.1 Қимыл-қозғалысты орындау кезіндегі өзінің және

өзгелердің біліктілік сапасын жақсарта білу

Бағалау критерийі Білім алушы

• Жаттығуларды жасауда өзінің қателіктерін атайды және

қателіктермен жұмыс жасайды

• Топта жұмыс жасау барысында өзінің біліктілік сапасын

жақсартады

Ойлау дағдыларының Білу және түсіну

деңгейі Қолдану

Тапсырма

Топтарға бөлініп, баскетбол ойынындағы шабуыл жасау әдістерін көрсетіңіз, топпен бірлесе жұмыс жасаңыз. Шабуыл жасау кезінде спорттық алдау тәсілдерін қолданыңыз, доппен қорғаушыларды алдап өту әдістерін орындап көріңіз.

Дескриптор Білім алушы

  • шабуыл жасау түрлерін орындайды;

  • қимыл-қозғалыс түрлері арқылы алдау тәсілдерін көрсетеді.

38

ЖОБА