- •Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
- •Тақырып Қауіпсіздік ережесі Қысқа қашықтыққа жүгіру
- •Тақырып Орта және алыс қашықтыққа жүгіру
- •Тақырып Орта және ұзақ қашықтыққа жүгіру
- •Тақырып Секіру және оның түрлері
- •Тақырып Әртүрлі құралдарды лақтыру
- •Тақырып Эстафеталық жүгіруді түрлендіру
- •Тақырып Ойын әдісін жақсарту
- •Тақырып Ойын әдісін жақсарту
- •Тақырып Ойын әдісін жақсарту
- •Тақырып Командадағы көшбасшылық дағдыларын дамыту
- •Тақырып Командадағы көшбасшылық дағдыларын дамыту
- •Тақырып Қауіпсіздік ережесі. Саптық жаттығуларды оқып үйрену
- •Тақырып Акробатикалық элементтер кешені
- •Тақырып Акробатикалық элементтер кешені
- •Тақырып Гимнастикалық қондырғылардағы жаттығулар түрлері
- •Тақырып Гимнастикалық қондырғылардағы жаттығулар түрлері
- •Тақырып Орындауды құрастыру процесі және топта бағалау
- •Тақырып Қазақтың ұлттық ойындары
- •Тақырып Қазақтың ұлттық ойындары
- •Тақырып Қазақтың ұлттық ойындары
- •Тақырып Зияткерлік ойындар
- •Тақырып Зияткерлік ойындар
- •Келтіру әдістері
- •Тақырып Кедергілерді өтуге арналған арнайы жаттығулар
- •Тақырып Баламалы ойын жағдайын құру
- •Тақырып Баламалы ойын жағдайын құру
- •Тақырып Топтарда шытырман оқиғалы ойындар құру
- •Тақырып Топтар да шытырман оқиғалы ойындар құру
- •Тақырып Өздерінің ойындарын құрастыру және өткізу
- •Тақырып Сауықтыру жүгірісі
- •Тақырып Белгілерге тез жауап қайтару ойындары
- •Тақырып Денені қыздыру және қалыпқа келтіру құралдары
- •Тақырып Қозғалыс белсенділігі арқылы денсаулықты нығайту
Тақырып Қазақтың ұлттық ойындары
Оқу мақсаты 7.2.3.1 Қолайлы оқу-үйрену ортасын қалыптастыру бойынша
біріккен, әрі тиімді жұмыс дағдыларын талқылау және көрсете білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қазақтың ұлттық ойыны асық ойнауда шеберлік қабілеттерін
көрсетеді
• Асық ату, бес тас ойындарының ережесін, ойнау тәсілін
көрсетеді
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі Қолдану
Тапсырма
«Асық ату» және «Бес тас» ойынының ережесін түсіндіріңіз және білім
алушыларды топқа бөлу арқылы ойындарды ережесімен ойнатыңыз. Асық ойыны — қазақ халқының дәстүрлі ойыны. Асық ойыны күндіз де, түнде де ойналады. Күндізгісі – мергендікке, түнгісі – ептілікке баулиды. Иіргенде түскен қалпына қарай асық – алшы, тәйке, бүк , шік деп, ал атуға арнап арнайы қорғасын құйылып жасалғаны – сақа, жақсылары – оңқы аталады.
Дескриптор Білім алушы
ұлттық ойындардың бірі-асық ату мергендікке, ептілікке баулитындығын айтады;
асықтың атауларын дұрыс атайды;
топта бірлесіп жұмыс жасайды.
25
ЖОБА
Тақырып Қазақтың ұлттық ойындары
Оқу мақсаты 7.3.5.1 Басқа адамдардың дене жаттығуларының
тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды анықтай білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қазақтың ұлттық ойыны қыз қуу ойынында икемділік
дағдыларын дамытады
• Қыз қуу ойынының ережесін, ойнау тәсілін көрсетеді
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі Қолдану
Тапсырма
Қыз қуу ойынының ережесін түсіндіріңіз, ережені бұзбай ойнаңыз.
Дескриптор Білім алушы
ұлттық ойындардың бірі-қыз қуу ойыны жылдамдылықты және ұлттық рухты көтеретін ойын екенін анықтайды;
қыз қуу ойынын ойнау барысында ұлдар мен қыздар арасында ептілік, икемділік қабілеттерінің шамасы байқалатынын өздері байқайды.
26
ЖОБА
Тақырып Зияткерлік ойындар
Оқу мақсаты 7.2.6.1 Жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін қолдана
білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қазақтың ұлттық топтық және зияткерлік ойындарында
түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді қолданып, көрсетеді
• Тоғызқұмалақ ойынының ержесімен бөліседі
• Жарыс барысында төрелік ету ережелерін қолданады
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі Қолдану
Тапсырма
Зияткерлік «Тоғызқұмалақ» ойынын ойнаңыз.
Ойын кезінде қарсыласын жеңу мақсатында ойынға қарапайым тактикалық
әрекеттер құрыңыз. «Қазан», «Отау», «Тұздық», «Атсырау» терминдерінің мағынасын түсіндіріңіз. Әр отаудың аттарын тоғызқұмалақ тақтасы арқылы атаңыздар.
Мысалы:
отау - арт,
отау - тектұрмас,
отау - ат өтпес,
отау - атсыратар,
отау - бел,
отау - белбасар,
отау - қандықақпан,
отау - көкмойын,
отау -маңдай.
Дескриптор Білім алушы
тоғызқұмалақ ойынын ережесімен ойнайды;
тұздық алу мақсатын ұғынады және ойында қолданады;
қарсыласын «атсырау» жағдайына дейін жеткізеді;
ойында түрлі әдіс-тәсілдерді қолданады;
9 отаудың аттарын атап, ажыратады;
төрелік ету ережелерін қолданады.
27
ЖОБА
