Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қалыпт 7-сын..docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

Тақырып Ойын әдісін жақсарту

Оқу мақсаты 7.2.4.1 Дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді

оңтайландыру және балама түрлерін құруға қажетті ережелер мен құрылымдық тәсілдерді көрсете білу

Бағалау критерийі Білім алушы

• Допты қабылдау барысында түрлі іс-әрекеттерді

қолданады

• Допты жанынан құлап қабылдау әдісін түсіндіреді

және көрсетеді

Ойлау дағдыларының Білу және түсіну

деңгейі Қолдану

Тапсырма

Екі-екіден жұптарға бөлініп, доппен жұмыс жасаңыз.

Волейбол добын астынан қабылдау кезінде, жанға немесе алға құлап қабылдау әдісін үйреніңіз.

Дескриптор Білім алушы

− әдістер арасындағы айырмашылықты айтады;

− допты құлап қабылдауда, дене мүшелерімен (қолмен, аяқпен және кеудемен) жұмыс жасауда, іс-әрекеттерді айтады.

12

ЖОБА

Тақырып Спорт ойындарындағы тактика және тактикалық іс- әрекеттер

Оқу мақсаты 7.1.2.1 Қимыл-қозғалыс комбинацияларын және

олардың кейбір дене жаттығуларындағы реттілігін жетілдіру мен қорытындылау

Бағалау критерийі Білім алушы

• Қимыл-қозғалыс комбинацияларының реттілігін

көрсетеді

Ойлау дағдыларының Білу және түсіну

деңгейі Қолдану

Тапсырма

Білім алушылардың өздеріне жеке-жеке жұмыс жасауға мүмкіндік беріңіз, яғни әрбір білім алушыға бір-бірден волейбол добын беруді және допты астынан ойынға қосу әдісін үйретіңіз.

Дескриптор Білім алушы

− тапсырманы орындауда қателіктер жібермеуге тырысады; − өз жоспарымен серіктесімен бөліседі; − комбинацияларды орындауда аяқ-қол реттілігін дұрыс

орындайды.

13

ЖОБА

Тақырып Спорт ойындарындағы тактика және тактикалық іс-әрекеттер

Оқу мақсаты 7.1.5.1 Бірқатар дене жаттығуларының қарапайым

тактикаларын, стратегияларын және композициялық идеяларын құру және бағалай білу

Бағалау критерийі Білім алушы

• Әдістерді орындауға қатысты идеяларды,

стартегиялар мен жоспарларды ұсынады

• Жеке жұмыс жасау барысында өзінің

қателіктерін түзетеді

Ойлау дағдыларының Білу және түсіну

деңгейі Қолдану

Тапсырма

Білім алушылардың өздеріне жұмыс жасауға мүмкіндік беру, яғни волейбол добын беріп, допты жоғарыдан ойынға қосу әдісін үйреніңіз және өзіңіздің стартегияларыңызбен жоспарларыңызды ұсыныңыз.

Дескриптор Білім алушы

− өз жоспарымен серіктесімен бөліседі;

− өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін қолданады; − қателіктерін түзете алады.

14

ЖОБА

Тақырып Командадағы көшбасшылық дағдыларын дамыту

Оқу мақсаты 7.2.2.1 Көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында

жұмыс істей білуді талқылау және көрсете білу

Бағалау критерийі Білім алушы

• Серіктестерінің идеясын тыңдайды және өз ойын

ашық айтады

• Топта бірлесіп жұмыс жасайды және өзінің

көшбасшылық қабілетін көрсетеді

Ойлау дағдыларының Білу және түсіну

деңгейі Қолдану

Тапсырма

Білім алушыларды тең екі немесе үш командаға бөліңіз . Командалар волейбол ойынының ережесімен ойнап, жарысыңыздар. Білім алушылардың бұған дейінгі меңгерген әдістері ойын барысында бағаланады. Яғни, ойыншылардың орын алмасуына, допты ойынға қосуына, допты қабылдау әдістерінің орындалуына мән беріңіз.

Дескриптор Білім алушы

− топта бірлесіп жұмыс жасайды;

− өзін көшбасшылық қырынан көрсетеді;

− орындалатын іс-әрекеттер арқылы мақсатқа жетеді.

15

ЖОБА