Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қалыпт 7-сын..docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

Тақырып Акробатикалық элементтер кешені

Оқу мақсаты 7.1.2.1 Қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір дене жаттығуларындағы реттілігін жетілдіру мен қорытындылау

Бағалау критерийі Білім алушы

  • Акробатикалық жаттығу жиынтығын құрастырып оны қолданады

  • Жаттығуды орындау барысында жетілдіру тұстарын анықтайды

Ойлау дағдыларының Білу және түсіну

деңгейі Қолдану

Тапсырма

Акробатикалық жаттығулардың 3-4 түрінен жаттығу кешендерін көрсетіңіз. «Қарлығаш» әдісіне тұру, алға домалау, артқа домалау барысында жартылай шпагатқа отыру, көпірше жасау, баспен тұру т.б

Дескриптор Білім алушы

  • акробатикалық жаттығулардың кешенін көрсетуде реттілікпен орындайды;

  • жаттығулардың техникасын дұрыс көрсетеді;

  • жаттығуларды жетілдіруде қажеттіліктерді анықтайды.

19

ЖОБА

Тақырып Гимнастикалық қондырғылардағы жаттығулар түрлері

Оқу мақсаты 7.1.5.1 Бірқатар дене жаттығуларының қарапайым

тактикаларын, стратегияларын және композициялық идеяларын құру және бағалай білу

Бағалау критерийі Білім алушы

• Гимнастикалық жабдықтарда жаттығу түрлерін

орындау

Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі

Тапсырма

Ағаш аттан тізені бүкпей, тіреліп, аяқты кең ашып, секірудің орындалу техникасын көрсетіңіз және жүгіріп келіп, кіші ағаш аттан секіру әдісін орындаңыз:

  • екпінмен жүгіру;

  • серпіліске қос аяқпен түсіп, серпілу;

  • қолмен ағаш аттан ұстап, екі аяқты ашып ауада ұшу;

  • қолды жіберіп, жерге қос аяқпен түсу.

Дескриптор Білім алушы

  • екпіндей жүгірудегі қадам алысын орындайды;

  • көпірден (мостик) серпілісін сәтті және екі қолын дер кезінде тірейді;

  • ұшу кезіндегі дене ұстанымын дұрыс орындайды;

  • секіргеннен кейінгі жерге түсу сәтін дұрыс орындайды.

20

ЖОБА

Тақырып Гимнастикалық қондырғылардағы жаттығулар түрлері

Оқу мақсаты 7.1.4.1 Қимыл-қозғалысты орындау кезіндегі өзінің және

өзгелердің біліктілік сапасын жақсарта білу

Бағалау критерийі Білім алушы

• Гимнастикалық бөрененің үстінде акробатикалық жаттығу түрлерін орындап көрсетеді

Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі

Тапсырма

Гимнастикалық бөрененің үстінде тепе-теңдік сақтап жүру, 180 градусқа бұрылу, қарлығаш әдісіне тұру, жартылай шпагатқа отыру, қос аяқпен секіріп түсу тәсілдерін көрсетіңіз.

Дескриптор Білім алушы

  • тепе-теңдік сақтап жүруде қадам алысын орындайды;

  • тепе-теңдік жаттығуларын орындау барысында аяқ-қол алысын қатесіз орындайды;

  • секірген кезде жерге түсу сәтін дұрыс орындайды.

21

ЖОБА