- •Өзін - өзі тану сабағының жоспары.
- •Өзін - өзі тану сабағының жоспары.
- •Өзін - өзі тану сабағының жоспары.
- •Өзін - өзі тану сабағының жоспары.
- •Өзін - өзі тану сабағының жоспары.
- •Өзін - өзі тану сабағының жоспары.
- •Өзін - өзі тану сабағының жоспары.
- •Өзін - өзі тану сабағының жоспары.
- •Өзін - өзі тану сабағының жоспары.
- •Өзін - өзі тану сабағының жоспары.
- •Өзін - өзі тану сабағының жоспары.
- •Өзін - өзі тану сабағының жоспары.
Өзін - өзі тану сабағының жоспары.
Мектеп: «Белгілі Е.Зікібаев атындағы Өрнек негізгі мектебі» КММ
Мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Парыз – азаматтық арқауы. № 11-12 сабақ.
Құндылық: «Дұрыс әрекет» Қасиеттер: өз
Мұғалімі: Рахимова Замзагуль Талапкеровна
Сынып – 11
Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: Топтық жұмыс, тыныштық сәті, дәйексөз, әңгімелесу, шығармашылық жұмыс.
Модульдердің кіріктірілуі: Сыни тұрғыдан ойлау, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ-ны пайдалану.
Оқып үйренудің нәтижесі: оқушылар нағыз азаматқа тән қасиеттің не екенін ұғынады.
Сабақтың мақсаты: - «Парыз» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту; өзінің азаматтық міндеті мен парызын адал атқаруға тәрбиелеу. Сабақтың міндеттері: : - азаматқа тән мінез, оның нар көтермес алып ісі өмірілік парызы туралы білім беру; - оқушының эмоциясына ықпал ету сезімін оятып дамыту, ой толғамын жетілдіру; - азаматтық, оның парызы туралы ұғымдарын нақтылай келе, азаматтық биік саналылыққа тәрбиелеу. |
Плакат, маркер, үлестірме қағаз. |
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі. - оқушылармен сәлемдесу. - сынып тазалығына көңіл бөлу. - оқушыларды түгендеу. Түстер арқылы топтарға бөлу. Тыныштық сәті. «Баяу әуен тыңдау» 2. Үй тапсырмасын тексеру: «Адамның да ішінде адам бар» атты өлеңді жатқа сұрау және талдау. |
Сабақ барысын талқылау, топқа бөлінеді. (Тәртіп, талап, тазалық, тыныштық, татулық) сақтау керектігін еске түсіру. |
3. Дәйексөз: «Ел үмітін ер ақтар, Ер атағын ел сақтар.» деген халық мақалына оқушылардың назарын аударту. Жеке оқыту және жаттатып айтқызу. - Азаматтық дегенді қалай түсінесіңдер? - Қазақта «мәрт» деп қандай адамды айтады? |
Халық мақалын оқи отырып оның мағынасын аша түседі. |
4. Әңгімелесу (сұхбат) «Біздің жігіттер» атты өлеңін мәнерлеп оқып таныстыру. Қорыту: - Кімдерді өзіңе үлгі тұтасың? - Сендердің орталарыңда осындай жігіттер бар ма? - «Қасқайып олар тұрғанда, Биіктер сенің тұлғаңда»- дегенді қалай түсінесіңдер? |
Т. Айбергеновтың өлеңін мәнерлеп оқып талқылау. |
5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында оқулықта берілген Б. Момышұлының парыз туралы бір топ ойы берілген. «Отан үшін отқа түскін - күймейсің» атты тақырыпта шағын шығарма жазу ұсынылады. |
Баяу әуен қойылады.
|
6. Топпен ән айту. «Қазағымның байлығы» әні-сөзі: Ж. Тұрлыбеков Өмірдің аяқ – ақпаны, Жүректен сая таппады, Мейірімнің аптабы, Ақылы, Ары – мақтаны. Жалынын жастық шақтағы, Ұрпаққа сый ғып сақтады, Қазағымның қарттары. Қарашы, досым, тұр- дағы Ауылға әсем қырдағы. Махаббат тұнған гүл бағы, Қызғалдақ өскен қырлары. |
АКТ-ны пайдалану арқылы әнді бірге шырқау. |
7. Үй тапсырмасы. № 1 «Шығыс ұлына хат» тақырыбындағы мәтінді оқып келу. Келесі сабақ. № 2 «Арман» атты өлеңді мәнерлеп оқып келу. |
М. Шахановтың өлеңін мәнерлеп оқып келу. |
8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен қойылады. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. «Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет» бүкіл әлемде. |
|
|
|
Пайдаланылған әдебиеттер тізім:
1.«Өзін-өзі тану» оқулығы 11-сынып «Бөбек» Алматы, 2010жыл.
2.«Самопознание. kz» №10.2013 жыл.
3.Мұғалімге арналған әдістемелік құрал.
