Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
11сынып.doc.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
446 Кб
Скачать
☆

Өзін - өзі тану сабағының жоспары.

Мектеп: «Белгілі Е.Зікібаев атындағы Өрнек негізгі мектебі» КММ

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Арман – жарқын болашақ бейнесі. № 13- 14 сабақ.

Құндылық: «Дұрыс іс әрекет» Қасиеттер:

Мұғалімі: Рахимова Замзагуль Талапкеровна

Сынып – 11

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: Топтық жұмыс, тыныштық сәті, дәйексөз, әңгімелесу, шығармашылық жұмыс.

Модульдердің кіріктірілуі: Сыни тұрғыдан ойлау, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ-ны пайдалану, талантты дарынды балаларды анықтау.

Оқып үйренудің нәтижесі: оқушылар адам баласына арманның керектігін ұғынады.

Сабақтың мақсаты: - «Арман» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту; Арманның мәні, жету жолы туралы өзіндік пікірін қалыптастыру.

Сабақтың міндеттері: : - арман туралы, оның әлеуметтік, қоғамдық сипаты, арманға жету жолдары туралы ұғымдар қалыптастыру;

- жеке бастың ісін қоғамдық ортақ тілекпен ұштастыра білуге үйрету, өмірге, өзіне деген сезімін арттыр, өмірге құштарлыққа баулу;

- оқушылардың талдау, сараптау дағдыларын дамыта отырып, тұшымды ойдан ләззат табуға бағыттау, сезімін жетілдіру.

Плакат, маркер, үлестірме қағаз.

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі.

- оқушылармен сәлемдесу.

- сынып тазалығына көңіл бөлу.

- оқушыларды түгендеу. Кескін карталар арқылы топтарға бөлу.

Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену» баяу әуен арқылы.

2. Үй тапсырмасын тексеру: «Шығыс ұлына хат» атты мәтінді сұрау және талдау.

Сабақ барысын талқылау, топқа бөлінеді.

(Тәртіп, талап, тазалық, тыныштық, татулық) сақтау керектігін еске түсіру.

3. Дәйексөз:

«Арман деген көп белес – біріне шықсаң, бірі бар» деген нақыл сөзіне оқушылардың назарын аударту. Жеке оқыту және жаттатып айтқызу.

- Армансыз адам бола ма?

- Арманның үлкен, кішісі бола ма?

Ғ. Мұстафиннің нақыл сөзін талдайды.

4. Әңгімелесу (сұхбат) «Арман» атты өлеңді мәнерлеп оқу арқылы таныстыру.

Қорыту:

- Екі жастың бойында қандай ортақ қасиеттер бар?

- Ой алшақтығы нені меңзейді? Әлеуметтік сипаты қандай?

- Арманның адам болашағына әсері қандай?

М. Шахановтың өлеңін оқу және талқылау.

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында оқулықта берілген «Арманым – асыл мұратым» тақырыбында жоба, мақсат, әрекет, құрал, уақыт, нәтиже құру ұсынылады.

Баяу әуен қойылады.

6. Топпен ән айту. «Бағалайық бақытты»

әні: Б. Жолдасқызы сөзі: Қ. Жүнісіов

Балғын дәурен, балауса кезің қайда,

Гүл бағында балқиды сезім балдай.

Құрбым, осы бақытты сезіне алмай,

Кейін налып жүрмейік, кезіге алмай.

Қайырмасы:

Жүрегімде махаббат ән тербейтін,

Бағалайық бақытты, жан тербейтін.

Мұңға батып қалмасын,көңіл бекер,

Оралмайды, жан құрбым, өмір өтер.

Арманның мекені алыстап кетеді,

Жастығың өтеді қас қағымда...

Бақ нұры таймасын, көңілің сайрасын,

Өмірің жайнасын жас шағыңда.

Акт-ны пайдалану. Әнді бірге шырқау арқылы көңіл – күйлерін көтеру.

7. Үй тапсырмасы. № 1 «Үмітімді үзгім келмейді» тақырыбындағы мәтінді оқып келу.

Келесі сабақ. № 2 Дәптердегі жұмыстарды аяқтап келу.

Н. Келімбетовтің өлеңін мәнерлеп оқып келу

8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен қойылады. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. «Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет» бүкіл әлемде.

Пайдаланылған әдебиеттер тізім:

1.«Өзін-өзі тану» оқулығы 11-сынып «Бөбек» Алматы, 2010жыл.

2.«Самопознание. kz» №10.2013 жыл.

3.Мұғалімге арналған әдістемелік құрал.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]