- •Өзін - өзі тану сабағының жоспары.
- •Өзін - өзі тану сабағының жоспары.
- •Өзін - өзі тану сабағының жоспары.
- •Өзін - өзі тану сабағының жоспары.
- •Өзін - өзі тану сабағының жоспары.
- •Өзін - өзі тану сабағының жоспары.
- •Өзін - өзі тану сабағының жоспары.
- •Өзін - өзі тану сабағының жоспары.
- •Өзін - өзі тану сабағының жоспары.
- •Өзін - өзі тану сабағының жоспары.
- •Өзін - өзі тану сабағының жоспары.
- •Өзін - өзі тану сабағының жоспары.
Өзін - өзі тану сабағының жоспары.
Мектеп: «Белгілі Е.Зікібаев атындағы Өрнек негізгі мектебі» КММ
Мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Мамандық – жетістік мерейі. № 15-16 - сабақ.
Құндылық: «Дұрыс іс -әрекет» Қасиеттер: сүйіспеншілікпен және шынайылықпен жұмыс істеу.
Мұғалімі Рахимова Замзагуль Талапкеровна .
Сынып – 11
Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: Топтық жұмыс, тыныштық сәті, дәйексөз, әңгімелесу, шығармашылық жұмыс.
Модульдердің кіріктірілуі: Сыни тұрғыдан ойлау, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ-ны пайдалану, бағалау, жас ерекшеліктеріне қарай оқыту және оқу.
Оқып үйренудің нәтижесі: оқушылардың мамандықты дұрыс таңдай білу қабілеттері дамыды.
Сабақтың мақсаты: - оқушылардың «мамандық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Мамандық таңдау, оның нәтижесіндегі еңбек қуанышы туралы ұғым беру. Сабақтың міндеттері: : - мамандық таңдаудың негізгі шарттарын таныту; - мамандық таңдауда оң шешім қабылдауға, еңбек қуанышын сезінуге, өзінің бойындағы қасиетін тануға жетелеу; - еңбекқорлыққа, еңбекті қадірлей білуге, табысты болуға тәрбиелеу. |
Плакат, маркер, үлестірме қағаз. |
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі. -оқушылармен сәлемдесу. - сынып тазалығына көңіл бөлу - оқушыларды түгендеу. ( 4- топқа бөлу.) Тыныштық сәті. «Баяу әуен тыңдау» 2. Үй тапсырмасын тексеру: «Мен таңдаған мамандық» атты эсселерін тыңдау. |
Сабақ барысын талқылау, топқа бөлінеді. (Тәртіп, талап, тазалық, тыныштық, татулық) сақтау керектігін еске түсіру.
|
3. Дәйексөз: «Еңбек атаулының бәрі де бағалы, өйткені ол адамды ізгілендіреді» деген сөзіне оқушылардың назарын аударту. Жеке оқыту және жаттатып айтқызу. - Сен қандай маман болуды армандайсың? - Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады? |
Л. Н. Толстой |
4. Әңгімелесу (сұхбат) «Шабыт» атты шығармасынан алынған үзіндіні оқу. Қорыту: - Сен қандай маман болуды армандайсың? - Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсың? |
І. Есенберлин |
5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында отбасы мүшелерінің қандай кәсіппен айналысатынын ескере отырып, «Отбасылық кәсіп» шежіресін жазу ұсынылады. |
Баяу әуен қойылады.
|
6. Топпен ән айту. «Сыған серенадасы » әні: Ш. Қалдаяқов сөзі: Қ. Мырзалиев Тулаған қаны бар Тұлпар да табылар, үміт болса. Күн туса басыңа, Мойыма, жасыма, жігіт болсаң! Қайырмасы: Толқысын шартарап, тасышы, тебіренші, Ей, гитара! Оу, жан серігім, Төгілсін күй тарап! Жаның тарықпасын, Ән шарықтасын! Қайран басың, ғаріп басың, Көзіңді жұмбай қамықпасын. |
|
7. Үй тапсырмасы. № 1 «Мұрап» - деген әңгімені оқып келу. Келесі сабақ. № 2 «Мен таңдаған мамандық» - атты тақырыпта эссе жазу. |
|
8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен қойылады. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. «Дұрыс іс -әрекет, дұрыс іс -әрекет бар жерде, дұрыс іс -әрекет, дұрыс іс - әрекет» бүкіл әлемде. |
|
|
|
Пайдаланылған әдебиеттер тізім:
1. «Өзін-өзі тану» оқулығы 11-сынып «Бөбек» Алматы, 2010жыл.
«Самопознание. kz» №10.2013 жыл.
Мұғалімге арналған әдістемелік құрал.
