- •Ауылдық байланыс кәбілдерінің сипаттамалары
- •Әуе байланыс жолы тізбектеріндегі өзара әсерді азайту
- •Әуе байланыс жолының құрылымы мен сипаттамалары
- •Бағыттаушы жүйелердегі қолданылатын құрылғылар.
- •Бағыттаушы жүйелердегі өзара әселердің біріншілік параметрлері
- •Бағыттаушы жүйелердегі өзара әселердің екіншілік параметрлері
- •Бағыттаушы жүйелердегі өзара әсерлер
- •Бағыттаушы жүйелердегі сыртқы әсерлердің түрлері
- •Бағыттаушы жүйелердің түрлері
- •Бағыттаушы жүйелермен таратылатын ақпараттың түрлері
- •Бағыттаушы жүйелердегі тарату режимдері
- •Байланыс жолдарын жобалау
- •Байланыс жолдарын өзара әсерлерден қорғау шаралары
- •Байланыс жолдарын сыртқы электромагниттік әсерден қорғау шаралары
- •Байланыс жолдарына қойылатын негізгі талаптар
- •Байланыс жолдарындағы техникалық жұмыстар
- •Байланыс жолдарының даму кезеңдері
- •Байланыс жолдарының жіктелуі
- •Байланыс жолдарының сымдарына найзағайдың әсері
- •Байланыс жолындағы сыртқы әсерлер және олардан қорғау шаралары
- •25 . Байланыс кәбілдерін ораудың (скрутка) түрлері
Әуе байланыс жолының құрылымы мен сипаттамалары
Ауа байланыс жолының сымдарына қатып қалған мұздың қарқындылығына байланысты бұл желілер төрт түрге бөлінеді: О – жеңілдетілген, Н – қалыпты; У – күшейтілген және ОУ – аса күшейтілген. О түріне жататын желілер мұз қатпайтын және аз қататын аудандарда, сымдағы мұз қабырғасының эквивалентті қалыңдығы 5мм аспайтын аудандарда тұрғызылады. Мұздың қату қарқындылығы орташа болатын, мұздың қабырғасының қалыңдығы 10 мм дейін болатын Н түрдегі желілер тұрғызылады. Мұз қатты қататын, мұздың эквивалентті қалыңдығы 15 мм-ге жететін аудандарда У түрге жататын желілер, ал 20 мм-ге жететін аудандарда – ОУ түрге жататын желілер тұрғызылады.
Бағыттаушы жүйелердегі қолданылатын құрылғылар.
Бағыттаушы жүйе (БЖ) – бұл берілген бағытқа электромагнитті энергияларды тасымалдауға арналған құрылғы. Осындай арна тартушы қасиетті сымдар, диэлектрик және кез келген әртүрлі электрлік қасиеті бар орта шегінің бөліктері (металл – диэлектрик, диэлектрик –ауа) иеленіп отыр. Сондықтан БЖ ролін металдық желі, (кабель, толқынша), диэлектриктік өтімділігі ε > 1 бар материалдан жасалған диэлектрлік желі (диэлектрлік толқын, талшықты жарықша), сонымен қатар металдиэлектрикалық желі (толқын үстіндегі желі) атқара алады.
Жоғарғыжиілікті энергиялар тарататын қазіргі заманғы бағыттаушы жүйелер ау байланыс жүйесі (АБЖ), симметриялық кабельдер (CК), коаксиальды кабельдер (КК), жоғарыдан өткізгіш кабельдер (ЖӨК), толқыншалар (Т), оптикалық кабельдер (ОК), толқын үстіндегі желілер (ТҮЖ), диэлектрлік толқыншалар (ДТ), ленталық кабельдер (ЛК), жолақты желілер (ЖЖ), радиожиілікті кабельдер болып өз ішінен бөлінеді. Әртүрлі бағыттаушы жүйелердің конструкциясы схема түрінде.
Байланыс құралдары қазіргі кездегі ең басты қажеттіліктердің бірі болып табылады. Ол өте маңызды экономикалық және әлеуметтік қызмет атқарады. Осы заманғы байланыс құралдарының көмегімен Жер шарының ең шалғай орналасқан аудандарымен, тіпті ғарышпен де байланыс жасалады. Бірақ дүниежүзінде байланыс жүйесі біркелкі таралмаған, тіпті адамзаттың тең жартысына жуығы "телефон" дегеннің не екенін де білмейді.
Байланыс жүйесі өте күшті дамыған ел — АҚШ. Оның үлесіне дүниежүзінлегі телефон жүйелерінің 2/5-сі, ең жаңа байланыс жүйелерінің 9/10-ы тиесілі. Оған нақты мысал ретінде мынаны айтуға болады: Нью-Йорктің Манхаттен ауданындағы телефон желісінің саны бүкіл Африка материгіндегі желілер санымен бірдей.
Бағыттаушы жүйелердегі өзара әселердің біріншілік параметрлері
Тізбектер арасындағы электрлік және магниттік әсерлердің сипаттамаларын электрлік және магниттік байланыс шамаларымен анықтауға болады.
Электрлік байланыс әсер етуші тізбектегі бөгеулік токтың I2п әсер етуші тізбектегі потенциалдар айырымының U1 қатынасына тең болады.
,
См (6.1)
Магниттік байланыс бөгеулік ЭҚК-нің Е2п әсер етуші тізбектегі ток күшінің І1 қатынасына тең болады.
,
Ом (6.2)
Жалпы түрде қарағанда К12 мен М12 кешенді мәнде жазылуы керек:
мұнда, g12 мен r12 өткізгіштік пен кедергінің нақтылы құрамдары да, k1 – сыйымдылық байланыс, m1 – индуктивтік байланыс.
