- •Ауылдық байланыс кәбілдерінің сипаттамалары
- •Әуе байланыс жолы тізбектеріндегі өзара әсерді азайту
- •Әуе байланыс жолының құрылымы мен сипаттамалары
- •Бағыттаушы жүйелердегі қолданылатын құрылғылар.
- •Бағыттаушы жүйелердегі өзара әселердің біріншілік параметрлері
- •Бағыттаушы жүйелердегі өзара әселердің екіншілік параметрлері
- •Бағыттаушы жүйелердегі өзара әсерлер
- •Бағыттаушы жүйелердегі сыртқы әсерлердің түрлері
- •Бағыттаушы жүйелердің түрлері
- •Бағыттаушы жүйелермен таратылатын ақпараттың түрлері
- •Бағыттаушы жүйелердегі тарату режимдері
- •Байланыс жолдарын жобалау
- •Байланыс жолдарын өзара әсерлерден қорғау шаралары
- •Байланыс жолдарын сыртқы электромагниттік әсерден қорғау шаралары
- •Байланыс жолдарына қойылатын негізгі талаптар
- •Байланыс жолдарындағы техникалық жұмыстар
- •Байланыс жолдарының даму кезеңдері
- •Байланыс жолдарының жіктелуі
- •Байланыс жолдарының сымдарына найзағайдың әсері
- •Байланыс жолындағы сыртқы әсерлер және олардан қорғау шаралары
- •25 . Байланыс кәбілдерін ораудың (скрутка) түрлері
Байланыс жолдарындағы техникалық жұмыстар
Байланыс жодарының барлық уақытта тоқтаусыз жұмыс істеуі үшін оны пайдалану тобы (пайдалану қызметі) ұйымдастырылады. Бұл топтың алдына қойылатын міндеті байланыс жолын ақаусыз жұмыс істету.
Байланыс жолдарын қайта құру жұмыстары байланыс жолдарының кейбір жерлерін алмастыру қайта жасау, аударып салу, қосалқы құрылғылар қосу және басқа жұмыстардан тұрады.
Байланыс жолдарының біріншілік параметрлерін өлшеу. Байланыс жолындағы өлшенетін біріншілік параметрлер: тізбек сымының кедергісі, оқшаулау (изоляция) кедергісі, электрлік сыйымдылық және сымдар кедергілерінің айырмашылығы (асимметриясы).
Тізбек сымдарының кедергісін өлшегенде келесі станцияда тізбек сымдарын қысқа тұйықтап қосады да содан кейін омметрмен (жуық шамамен), ал егер дәлірек өлшегісі келсе, онда көпірлік әдіспен өлшейді.
Оқшаулау (изоляция) кедергісін мегаомметрмен немесе салыстыру әдісімен өлшейді.
Байланыс жолындағы зақымданған жерге дейінгі қашықтықты тұрақты токпен немесе айнымалы токпен оның (сымның) кедергісін немесе электрлік сыйымдылығын көпірлік әдіспен өлшеп анықтайды.
Егер
тізбектегі сымның біреуінен жерге ток
өтіп тұрса, оған дейінгі қашықтықты (
)
арнайы бекітілген сұлбамен анықтайды.
Егер тізбектегі екі сымның арасындағы
ток бірінен біріне өтіп тұрса, онда
үшінші зақымданбаған сым керек
Сымның үзілген жеріне дейінгі қашықтықты тізбектің электрлік сыйымдылығын көпірлік немесе балистикалық әдіспен (басқа көрші сымдаржы жерге қосып қойғанда) өлшенеді
Зондалаушы
импульс зақымданған жерден шағылысып
кейін қайтады (
).
Сонда,
мұнда,
-
тізбектің зақымданған жеріндегі жүктеме
кедергісі;
-
тізбектің толқындық кедергісі.
Зақымданған жерге дейінгі қашықтық
мұнда,
-
электромагнит толқының таралу жылдамдығы;
-
экранда көрсетілетін зондалау импульсінің
зақымданған жерге дейінгі барып қайту
уақыты.
Байланыс жолдары мен құрылғыларында техникалық пайдалану қызметіне мыналар жатады:
1)кабельді байланыс жолын қорғау жұмысы;
2)техникалық қызмет көрсетіп күнделікті жөндеу (профилактика) жұмыстары;
3)техникалық жағдайын тексеру;
4)жөндеу жұмыстар;
5)апаттық жағдайлардағы байланыс жолдарын қалыпқа келтіру жұмыстары;
6)кейжерлерін қайта жасау (реконструкция);
7)параметрлерін өлшеу;
8)байланыс жолдарымен құрылғыларын сыртқы әсерден және тотығудан қорғау;
9)кабельді тұрақты түрде артық қысымда ұстау.
Кабельді байланыс жолын қорғау үшін оны барлық уақытта бақылап, трасса маңайында құрылыс жұмыстарын жүргізетін мекемелерді ескертіп, олардың жұмыстарын бақылап тексеру жұмыстары жүргізіледі.
Байланыс жолдарының даму кезеңдері
Техника құрал-жабдықтарының сипатына қарай Байланыс почта және электрлік Байланыс болып бөлінеді. Почта Байланысы арқылы хат, газет, журнал, бандероль, т.б. жеткізіп беру және ақша аудару қызметтері атқарылады. Бүгінде почта корреспонденцияларын іріктеудің автоматтандырылған жүйелері қолданылады. Электрлік Байланыс құрылымы бойынша сым арқылы және радиотолқын арқылы таралатын байланыс болып, ал ақпарат түрі бойынша телефон, телеграф, фототелеграф, телевизия, т.б. болып бірнеше түрге бөлінеді. Телеграф аппараттары бағанадағы сым, жер асты кабелі, радиорелелік желілер арқылы жалғасады. Телеграф техникасының жетілдірілген түрі — факсимильді байланыс (фототелеграфия). Онымен газет беттерінің көшірмесі, фотография, сурет, қолжазба, сызба, сондай-ақ, Байланыстың басқа түрімен қабылданбайтын құжаттар беріледі. Телефон Байланысы: халықаралық, қалааралық және жергілікті болып бөлінеді. Қалааралық телефон-телеграф Байланыссы көбінесе, симметриялық және коаксиальдык кабельдерден тұратын магистралдық желілер арқылы жүргізіледі. Жергілікті жердегі (қаладағы) телефон байланысы автоматты телефон стансалары (АТС) арқылы жұмыс істейді. Онда бір абонентті екінші абонентке стансадағы автомат-аспаптар жалғайды. Қалааралық байланыс телеграф, фототелеграф, телевизия және радиорелелік желілері арқылы да беріледі. Радиобайланыс қазіргі заманда өте кең тараған.
Байланыс құралдары қазіргі кездегі ең басты қажеттіліктердің бірі болып табылады. Ол өте маңызды экономикалық және әлеуметтік қызмет атқарады. Осы заманғы байланыс құралдарының көмегімен Жер шарының ең шалғай орналасқан аудандарымен, тіпті ғарышпен де байланыс жасалады. Бірақ дүниежүзінде байланыс жүйесі біркелкі таралмаған, тіпті адамзаттың тең жартысына жуығы "телефон" дегеннің не екенін де білмейді.
Байланыс жүйесі өте күшті дамыған ел — АҚШ. Оның үлесіне дүниежүзінлегі телефон жүйелерінің 2/5-сі, ең жаңа байланыс жүйелерінің 9/10-ы тиесілі. Оған нақты мысал ретінде мынаны айтуға болады: Нью-Йорктің Манхаттен ауданындағы телефон желісінің саны бүкіл Африка материгіндегі желілер санымен бірдей.
Қазақстанда қазіргі кезде байланыс құралдарының ең жаңа үлгілері іске қосылуда. Республикамыздың байланыс жүйесінде сандық телефон стансылары, ұялы телефон, арнайы карточка көмегімен байланысқа шығуға мүмкіндік беретін таксофондар, факс және пейджинг, Жердің жасанды серіктері арқылы байланысу елеулі орын ала бастады. 1994 жылдан бері Қазақстан әлемдік интернет жүйесіне тұрақты қосылды.
