- •Ауылдық байланыс кәбілдерінің сипаттамалары
- •Әуе байланыс жолы тізбектеріндегі өзара әсерді азайту
- •Әуе байланыс жолының құрылымы мен сипаттамалары
- •Бағыттаушы жүйелердегі қолданылатын құрылғылар.
- •Бағыттаушы жүйелердегі өзара әселердің біріншілік параметрлері
- •Бағыттаушы жүйелердегі өзара әселердің екіншілік параметрлері
- •Бағыттаушы жүйелердегі өзара әсерлер
- •Бағыттаушы жүйелердегі сыртқы әсерлердің түрлері
- •Бағыттаушы жүйелердің түрлері
- •Бағыттаушы жүйелермен таратылатын ақпараттың түрлері
- •Бағыттаушы жүйелердегі тарату режимдері
- •Байланыс жолдарын жобалау
- •Байланыс жолдарын өзара әсерлерден қорғау шаралары
- •Байланыс жолдарын сыртқы электромагниттік әсерден қорғау шаралары
- •Байланыс жолдарына қойылатын негізгі талаптар
- •Байланыс жолдарындағы техникалық жұмыстар
- •Байланыс жолдарының даму кезеңдері
- •Байланыс жолдарының жіктелуі
- •Байланыс жолдарының сымдарына найзағайдың әсері
- •Байланыс жолындағы сыртқы әсерлер және олардан қорғау шаралары
- •25 . Байланыс кәбілдерін ораудың (скрутка) түрлері
Бағыттаушы жүйелердегі сыртқы әсерлердің түрлері
Байланыс жолдарын сыртқы электромагниттік әсерден қорғау шаралары әсер тигізетін электромагнит көздерінде де байланыс жолдарында да жүргізіледі.
Жоғары кернеу жолдарында қолданылатын шаралар.
1) Қысқа тұйықталған токтың шамасы және оның өтетін уақытын азайту. Ол үшін автоматты ажыратқыштар қосып, энергия тарату жүйесінің орталық нүктесінің жермен қосылған түйіспесін ажыратады. Қазіргі қолданылып жүрген құрылғылар зақымданған жердің қашықтығына байланысты 0,15 ...0,6 секундта ажырата алады.
Кейбір станциялар мен кіші станциялардағы бейтарап нүктенің (орталық нүкте) жерге қосылған нүктесін ажырату бір полюсті қысқа тұйықталған токты азайтады.
2)Симметриясыз режимде жұмыс істеу уақытын азайту. Кейбір жағдайларда (мысалы, фазалық сымдардың біреуі дұрыс болмағанда) бейтарап нүктесі жерге жалғанған схемада симметриясыз (екі сым мен жер) режимі қолданылады. Мұндай режимде энергия аз беріледі (бұрынғы режиміне қарағанда), бірақ әсер етуші ток өте күшейіп кетеді. Сондықтан мұндай режиммен істейтін уақытты мейлінше азайту керек.
3)Бейтарап нүктесі жерге қосылған энергия тарату жолындағы нөлдік ток тізбегін аазйту. Үш фазалы энергия тарату жолдарының дұрыс режимде жұмыс істеп тұрғанда фазалық токтардың магнит өрістерінің теңестірілуімен және жер арқылы өтетін нөлдік ток тізбегінен бөгеулік әсер туғызады. Осындай әсерді азайту үшін сымдардың орындарын ауыстырып отырады.
4)Айнымалы токты жоғары кернеу жолдарында тегістегіш құрылғылар қосылады. Түзеткіш қолданылатын тұрақты токпен электрленген темір жолдағы таратушы станцияларды қоректендіретін үш фазалы ЖКЖ және түзеткіштері электровоздағы айнымалы токпен электрленген темір жолдағы таратушы станцияларда фазааралық кернеулер мен токтар болып, олардың формалары бұзылады. Осыдан болатын әсерді азайту үшін қоректендіруші станциялардың үш фазалық жолдар жағынан тегістегіш құрылғылар қосылады. Тегістегіш құрылғылар – резонанстық контурлар, электр сүзгілер түрінде қолданылып барлық керексіз гармоникаларды өткізбей қояды.
Сыртқы әсер етушілерге жататындар: электр энергиясын жолдар; электрленген темір жолдар; атмосфералық әсерлер (найзағай); радиостанциялар; электр қуатымен істейтін өндірістік-тұрмыстық қондырғылар т.б. Осылармен бірге кабелді байланыс жолының салынған мақайының әсерінен кабель қабығының тотығып бұзылуы да болуы мүмкін.
Әуе байланыс жолына сыртқы электрлік және магниттік әсер етілсе, жер астына салынған немесе металдық қабығы бар кабель байланыс жолына тек қана магниттік әсер етиеді. Өйткені электр өрісінің күш сызықтары жерге немесе кабелдің металл қабығына тіреліп (экрандалып) өте алмайды.
Кейбір жағдайларда сыртқы әсерден байланыс жолдарында пайда болған токтармен кернеулердің шамаларының үлкен болуы соншама, олар қызмет етуші адам өміріне және сол байланыс жолына қосылған, құрал қондырғыларға қауіп туғызуы мүмкін. Мұндай әсерді қауіпті әсер дейді. Сыртқы әсерден байланыс жолында пайда болған ток пен кернеу шамалары қауіп туғызарлықтай көп болмай бірақ сигнал таратып жеткізуге бөгеулік жасайтындай болса оны бөгеулік әсер дейді.
Электр энергиясын тарататын жолдар мен найзағай қауіпі әсер туғызады. Басқалары бөгеулік әсер туғызады. Байланыс кабелі салынған жердегі қыдырма токтар кабель қабығын тотықтырып бұзылуына себеп болады.
