- •Мазмұны
- •Жобаның концепциясы
- •Өнімнің (қызметтің) сипаты
- •Өндіріс бағдарламасы
- •4. Маркетингтік жоспар
- •5.1 Өндірістік ресурстар
- •5.2 Жобалау және технология
- •7. Жобаны жүзеге асыру
- •5.3 Жабдық сатып алу бағдарламасы
- •6. Ұйымдастыру, Басқару және қызметкерлер
- •8 Капитал мен қаржыландыруға қажеттілік
- •8.1 Жобаның жалпы қаржылық сипаты
- •9. Қауіпті бағалау және сақтандыру
- •10. Экологиялық ахуалы
Жобаның концепциясы
Бұл концепцияда макарон өнімдерін өндіретін типтік компанияның ашылуы қарастырылған. Бұл жоба бизнес-жоба құрамы бойынша макарон өнімдері нарығындағы жаңа ойыншылар үшін көмекші құрал ретінде дайындалған. Бұл даму жолы ұсыныстық сипаты ие және тек жалғиыз дұрыс әдіс теп қарастырылмайды. Жобада жабдықтарға, қызметкерлерге және өнімді алға жылжытуға жұмсалатын шығындар максималды көрсеткіштермен алынған. Нақты жағдайларда әр иелік етуші тұлға оны өзінің қалауы бойынша тиімді етіп өзгерте алады. Сонымен қоса барлық есептеулер қала жағдайларында жұмыс істейтін кәсіпорын үшін жасалған, ал басқа жерлер үшін тиісті өзгертулер енгізу керек. Сипатталған үрдістерде пайдаланылатын барлық жабдықтар, көліктер және жұмсалатын материалдар сапасы бойынша барлық талаптарға сай және қолданысқа ұсынылған.
Жобаның концепциясында қарастырылған:
1. орналасқан жері – Шымкент қаласы;
2. орынның өндірістік қызмет үшін арналуы;
3. өнімнің әлеуетті тұтынушыларына қатысты жақын орналасу;
4. көліктік қол жетімділік;
5. жайды жобалаудың жарамдылығы;
6. 17 жұмыскер, еңбек ақы қоры айына 1 130 000 теңге;
7. жоспарланып отырған көрсеткіштерге қол жеткізгенде компания 4 жыл ішінде 6 228 064 USD көлемінде пайда әкеледі, 11 000 тонна макарон бұйымдарын сатады;
8. өндірістік мақсатта жай (ғимарат) сатып алу, ауданы 300 ш. м.
Жабдық:
1 макарон өндіруге арналған 2 технологиялық тізбек, соның ішінде:
a. тығыздаушы;
b. кептіретін шкаф;
c. елеуіш;
d. тасымалдау
2. қосалқы жабдықтар;
3. жиһаз;
4. ұйымдастыру техникасы.
Жобаның негізгі міндеттері
1. орын таңдау;
2. жеткізу келісім-шарттарын жасау, кәсіпорынды тіркеу, рұқсаттау құжаттарын алу;
3. жабдық сатып алу және орнату;
4. жұмыскерлер іріктеу және қабылдау;
5. реттеу-іске қосу жұмыстары;
6. лицензиялау;
7. өнімді сертификаттау;
8. макарон өндіруді бастау.
Өнімнің (қызметтің) сипаты
Осы жоба бойынша жалғыз өнім шығарылатын болады – әр түрлі макарон өнімдері.
Макарон өнімдері дегеніміз я кептрілген тығыз қамыр, бидай ұны мен судан дайындалады, түтікше тәрізді қалыптандырады немесе басқа пішінде болады, бұл өнімдер қалдық ылғалдылығы 13% аспайтын шамаға дейін кептіріледі, қалыпты жағдайда сапасын жоғалтпастан бір жыл бойы сақталады. Олардың шала фабрикат ретінде де шығарылуы мүмкін, ылғалдылығы 19% болады және ол 24 сағаттан бастап 3 тәулікке дейінгі уақыт аралығында өткізіледі.
Макарон бұйымдары басқаларға қарағанда біршама басымдылыққа ие, аса маңызды тағамдық өнім:
1. сақтау ұзақтығы -1 жыл, сапасын жоғалтпастан;
2. дайындау тез және қарапайым;
3. тағамдық құндылығы аса жоғары (100 г құрғақ өнімнен дайындалған тағам – адам ағзасына бір тәулік бойы қажетті ақуыз бен көмірсулардың 10% қанағаттандырады);
4. макарон өнімдерінің тағамдық заттарының, ақуыздары мен көмірсуларының көп екендігі анықталған.
Өндіріс бағдарламасы
Кесте 6. Өткізу жоспары
Өткізу жоспары |
Номиналд ы мөлшер |
2013 |
2014 |
2015 |
2016
|
Макарон бұйымдары, түртүрмен |
312000 |
50% |
100% |
100% |
100% |
Өндірістің орташа коэффициенті |
|
50% |
100% |
100% |
100% |
Кесте 7. Өткізу мөлшері
Өткізу мөлшері (бірлікпен) |
2013 |
2014 |
2015 |
2016 |
Барлығы
|
Макарон бұйымдары, түр-түрмен
|
1 600 |
3 200 |
3 200 |
3 200 |
11 200 |
Кесте 8. Сатудан табыс
Сатудан табыс, $ |
2013 |
2014 |
2015 |
2016
|
Барлығы
|
Макарон бұйымдары, түр-түрмен
|
752 000 |
1 654 400 |
1 819 840 |
2 001 824 |
6 228 064
|
Барлығы |
752 000 |
1 654 400 |
1 819 840 |
2 001 824 |
6 228 064 |
