- •Мазмұны
- •Жобаның концепциясы
- •Өнімнің (қызметтің) сипаты
- •Өндіріс бағдарламасы
- •4. Маркетингтік жоспар
- •5.1 Өндірістік ресурстар
- •5.2 Жобалау және технология
- •7. Жобаны жүзеге асыру
- •5.3 Жабдық сатып алу бағдарламасы
- •6. Ұйымдастыру, Басқару және қызметкерлер
- •8 Капитал мен қаржыландыруға қажеттілік
- •8.1 Жобаның жалпы қаржылық сипаты
- •9. Қауіпті бағалау және сақтандыру
- •10. Экологиялық ахуалы
5.1 Өндірістік ресурстар
Шикізат және жеткізу
Негізгі шикізат – ұн, Қостанай қаласында өзіндік қаражат есебінен сатылып алынады. Сонымен қатар айырбастық шикізат. Ұн сатып алу қажеттілікке байланысты жүзеге асырылып отырады, бірақ үш күндік қор міндетті деп қарастырылған. Өндірістік үрдістің инфрақұрылымында электр қуатын, ауыз суын, газ, бу пайдалану қарастырылған. Технологиялық үрдістер үшін ауыз суы қала желісінен алынады.
Цех территориясында орналастырылған бу генераторы технологиялық үрдістерді бумен толық қамтамасыз ете алады.
Электр қуатын жұмсау өнімнің 1 тоннасына 225 кВт/сағаттан бастап 250 кВт/сағатқа дейін – жыл мезгіліне байланысты.
Қаптау материалдары, ыдыс. Өнімді қаптау үшін ыдыстың мынадай түрлері қолданылады: 1. ұсақ ыдыс (қаптайтын үлбірлер және қима қораптар); 2. ірі ыдыс (полипропилен қаптар, крафт-қаптар және гофро-қораптар). Ыдыс пен қаптамаларарасында, қажет болған кезде сатылып алынады. Шикізатқа қойылатын талап – иленімдігі 26-28% болатын наубайханалық ұн, өнімнің түріне байланысты. Ыдысқа қойылатын талап: үлбір, қалыңдығы 40 микроннан аспайды, екі қабаттық полипропилен – қабаттар арасында суретпен; гофро-қорап, беріктігі 180 келіге дейін; төрт қабатты қағаз крафт-қаптар, арнайы сіңірілімімен. Ыдыстардың барлық түрлеріне тағам өнеркәсібі саласында пайдалану үшін жарамдылығы туралы гигиеналық қорытынды қажет.
Шикізат пен ыдыстың негізгі жеткізушісі «Мотив» ЖШС болып табылады, Қостанай қаласы.
5.2 Жобалау және технология
"Buhler AG" (Швейцария) фирмасының ұзын болып кесілетін өнімдерді өндіру бойынша тізбегінің қуаттылығы 3 200 т./жылына. Аталған тізбекті қолданысқа енгізу халықтың сұранысына ие болатын жоғары сапалы өнім алуға мүмкіндік береді. Өндірісте кесілген макарон өнімдерінің өндірісі бойынша 2 ағымдықмеханикаландырылған тізбек орнатылатын болады, жалпы қуаттылығы жылына 3200 т. Жабдық бойынша келісім-шарттың жалпы құны -360 мың АҚШ долларын құрайтын болады.
"Buhler AG" (Швейцария) фирмасының тізбегі заманауи жабдық болып табылады, сенімді және пайдалану күрделі емес, электр қуатын көп тұтынбайды және қызметкерлер көп қажет емес. Мұндай тізбектерде шикізат белгілеуіштерін электрондық бақылайтын жабдықтар қарастырылған, қамыр терең вакуумдық әдіспен 30 минутта иленеді. Кептіру үздік технология бойынша аса жоғары температурада жүзеге асырылатын болады. Мұндай технологиялық үрдіс өнімнің алтындай сары түсін сақтап қалуға мүмкіндік береді. Оларға пісіру барысында беріктік және төзімділік береді.
Кәсіпорын макарон өнімдері бойынша нарықытағы бәсекелестікке төзе алады және облыс бойынша өнімге деген сұранысты толық қанағаттандыра алады, соған қоса мынадай мүмкіндіктерге ие болады:
1. Шымкент қаласында өндірілетін наубайханалық ұнды пайдалану;
2. шығарылатын өнім сапасын жақсарту;
3. бәсекеге қабілетті өнім түрлерін шығару;
4. жұмыс жағдайын жақсарту;
5. барлық технологиялық үрдістерді механикаландыру және автоматтандыру;
6. өнім шығаруға жұмсалатын шығынды азайту;
7. сатып алушылар сұранысын толық қанағаттандыру.
Қосалқы өндірістік алаңдар:
ұн сақтау қоймасы;
материалдар қоймасы.
Макарон өнімдерін өндіру технологиясы
Ұн сақтау. Кәсіпорындардың қоймаларында ұн сақатаудың екі амалы бар: ыдыста сақтау – ұн қаптарда сақаталады, ыдыссыз сақтау – ұн бункерлерде (үймеде) сақталады. Ұнды тасымалдау мен ыдыссыз сақтау әдісі қолайлы, себебі бұл әдісті таңдаған кезде қолша атқаратын жұмыс біршама азайады және ұнның шашылуына, салынған қап түптерінде қалуына қатысты қосымша жоғалуы болмайды, қап дайындау үшін жұмсалатын матаға қосымша шығын жұмсау керек емес.
Ұнды дайындау оны елеуден, одан металл магниттік қосыныдыны ажыратудан, қыздырудан (ұнның температурасы кемінде 10оС болуы керек),
ұнның бір партиясының сапасының көрсеткіштерін жақсарту мақсатында онда аталған көрсеткіштер жақсы болып табылатын ұнның басқа партиясымен араластырудан тұрады. Макарон қамырын дайындау және өнімді жасау. Қамыр илейтін бункерге ұнның белгілі мөлшері салынады және ауыз суы немесе қосындылары (жұмыртқа және т.б.) бар су құйыылады, құрамына сәйкес. Қамыр 8-10 минут бойы иленеді. Содан соң ол шанақ арқылы матрицаға беріледі, оның саңылаулары арқылы басылады. Матрицадан шығатын өнімдер орнатылған желдеткіштің көмегімен ауамен үрленеді. Тиісті ұзындыққа жеткенде өнім автоматты түрде кесіледі және жаймаға салынады, содан кейін жайма тығыздаушы-автомат үстелінің сөресіне орналастырылады – алдын ала кептіру үшін, содан соң кептіретін шкафқа салынады.
Макарон өнімдерін кептіру. Кептіру шкафына 30 жайма орналастырылады, оларға 1,5-2,0 келіден макарон өнімдері салынады. Кептіру ұзақтығы өнімнің түріне байланысты 50 минуттан бастап 60 минутқа дейін жалғасады. Макаронның ылғалдылығы 19% дейін жетеді. Содан кейін өнім картон ыдыстарға салынады. Ылғалдылығы 13% дейін кептіру табиғи түрде жүзеге асырылады, температура 2425 0С болғанда желдетілетін жерде 12 -15 сағат кептіріледі.
Дайын өнімді қалтақаптарға салу. Дайын өнімді полипропилен қалтақаптарға салу бойынша жұмыстар салу-қаптау бойынша жартылай автоматты түрде жұмыс істейтін жабдықтың көмегімен орындалады.
