- •Мазмұны
- •Жобаның концепциясы
- •Өнімнің (қызметтің) сипаты
- •Өндіріс бағдарламасы
- •4. Маркетингтік жоспар
- •5.1 Өндірістік ресурстар
- •5.2 Жобалау және технология
- •7. Жобаны жүзеге асыру
- •5.3 Жабдық сатып алу бағдарламасы
- •6. Ұйымдастыру, Басқару және қызметкерлер
- •8 Капитал мен қаржыландыруға қажеттілік
- •8.1 Жобаның жалпы қаржылық сипаты
- •9. Қауіпті бағалау және сақтандыру
- •10. Экологиялық ахуалы
5.3 Жабдық сатып алу бағдарламасы
Келесі кестеде техникалық – экономикалық есептеулер орындалған тізбектің (кешеннің) сипаттамалары берілген.
Кесте 10. Тізбектің техникалық сипаттамалары.
Біздің жоба үшін неғұрлым тиімдісі - №3 тізбек.
Жабдық сатып алу бағдарламасы
Кесте 11. Жабдық сатып алу бағдарламасы
Атауы |
Күні |
Бағасы, USD |
Мерзімі |
Технологиялық жабдықты сатып алу және орнату |
01.2018 бастап |
360 000 |
4 ай |
Жабдықты орнату 2018 жылдың ақпан-сәуір айларына жоспарланған. Жабдықтың дайындаушысы: "Buhler AG" фирмасы (Швейцария). Жабдықты жеткізуші: «Вектор» ЖШС, Алматы қаласы.
6. Ұйымдастыру, Басқару және қызметкерлер
Басқарудың келтіріліп отырған құрамын сызықтық түрге жатқызуға болады. Ол директорға кәсіпорынның жұмысын жедел түрде басқаруға және барлық оқиғалардан дер кезінде хабардар болуға мүмкіндік береді.
Кесте 12. Кәсіпорынның шаттық кестесі
Лауазымы |
Саны |
Еңбек ақысы (теңге) |
Басқару |
||
Директор |
1 |
150000 |
Бас есепші |
1 |
120000 |
Барлығы |
2 |
270000 |
Өндіріс |
||
Өндіріс бастығы |
|
|
Бірінші ауысымның өндірістік жұмыскерлері 1 |
4 |
60000/240000 |
Екінші ауысымның өндірістік жұмыскерлері 2 |
4 |
60000/240000 |
Барлығы |
8 |
480000 |
Қосымша жұмыскерлер |
||
Қосымша жұмыскерлер |
1 |
50000 |
Электрші |
1 |
80000 |
Жинаушы |
1 |
50000 |
Күзетші |
2 |
50000/100000 |
Жүргізуші |
2 |
80000/160000 |
Барлығы |
7 |
440 000 |
Қорытынды |
17 |
1 190 000 |
Әр жұмыскермен жеке-жеке еңбек келісім-шарттары жасалады, онда олардың құқықтары мен міндеттері көрсетіледі, жұмыс күні мен ішкі тәртіп, жұмыс орнының жабдықталуы жазылады. Жұмыскерлердің жалпы штаты 17 адамды құрайтын болады. Жұмыскерлерді қабылдау барысында аталған сала бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар білікті мамандар таңдалатын болады.
7. Жобаны жүзеге асыру
Инвестициялық жобаның инвестиция алдылық кезеңі – 2018 жылдың 1-тоқсанына дейін.
Инвестиция алдылық кезеңге қызметтің келесі түрлері енеді:
тауар тарату нарығын зерттеу, өнім, жұмыс, қызмет нарығын зерттеу (әрі қарай өнім) және олардың сегменттерін, шикізаттық аумақтарын, өндіріс баланстарын және тұтынылуын қадағалау, мүмкін алармандарды анықтау және алармандар базасын қалыптастыру;
инвестициялық жобаның қаржылық-экономикалық есептеулерін жасауға қажетті бастапқы деректерді анықтау;
инвестициялық жобаны қаржыландыру көзі мен жүйесін анықтау;
инвесторлар іздеу.
Инвестиция алдылық кезеңде инвестициялық жобаны жүзеге асырудың негізділігі мен бизнес-жоспар дайындау туралы нақты шешім қабылданатын болады (тапсырыс беруші, инвесторлар және басқа да мүдделілер қабылдайды).
Барлау жұмыстары жүргізіледі, жобалық-жобақаржылық құжаттар дайындалады, жабдық жеткізу және өнімді сату бойынша келісім-шарттар жасалады.
Инвестициялық жобаның инвестициялық кезеңі: Жабдықты сатып алу және тасымалдау, құрылыс-жөндеу жұмыстарын, жабдықтарды орналастыру жұмыстарын, іске қосу және өндірісті қолданысқа тапсыру 2018 жылдың қаңтарынан бастап 2018 жылдың ақпан айына дейін орындау жоспарланып отыр.
Инвестициялық жобаның қолдану кезеңі: Макарон өнімдерін өндіру бойынша зауттың жұмысын бастау уақыты 2018 жылдың сәуір айы деп жоспарланған.
