- •1. Әлеуметтік жұмыстың кәсіби-этикалық негіздерінің анықтамалары мен принциптері
- •2. Этиканың пайда болуы және жетілуі, этиканың тарихы
- •4.Әлеуметтік жұмыстың кәсіби-этикасының мақсаты мен міндеттерін атаңыз:
- •5.Әлеуметтік қызметкердің кәсіби-этикалық кодексі туралы айтыңыз
- •8.Объективті және субъективті уақыт анықтамасы және Парето әдісі.
- •5. Жалпы көңіл-күй сферасына кіреді:
- •9.Эмоциональды интеллектінің моделін сызып, оны түсіндіріп беріңіз.
- •1. Ішкі тұлғалық сфера мыналардан тұрады:
- •2. Тұлғааралық қатынастар сферасына жатады:
- •3. Бейімделу сферасы:
- •10. Әлеуметтік жұмыстағы шиеленістік жағдайларды шешу әдістерін атап, оларға анықтама беріңіз
- •11. Әлеуметтік жұмыстың деонтологиясы нені зерттейді?
- •12. Кәсіби шеберлікті жоғарылатудағы акмеологияның маңызын айт.
- •13 Әлеуметтік қызметкердің этикеті клинтпен өзара қарым қатынас этикасы
- •15. Әлеуметтік жұмыс мамандығының профессиограммасы.
- •16. Әлеуметтік жұмыс этикасының негізгі категориялары, олардың сипаттамалары.
- •19. Әлеуметтік қызметкердің адамгершілік қасиеттері: моральдық нормалары мен принциптері.
- •20. Әлеуметтік қызметкердің біліктілігіне қойылатын негізгі талаптарды түсіндіріңіз.
- •21) Қазақ және шетелдегі әлеуметтік қызметкерлерге қойылған талаптарды салыстырып ұқсастыған және айырмашылығын шығарыныз.
- •22) Әлеуметтік қызметкердің жеке стресстерінің факторларын және оны шешу жолдарын атаңыз.
- •23. Уақытты жұтқыштар
- •24. Эмоцияны басқару әдістері
- •25.Әлеуметтік жұмыстағы шиеленістік жағдайды реттеудегі психо-әлеуметтік ерекшеліктері
- •26. Әлеуметтік қызметкердің клиент, жұмыс орны, мемлекет алдындағы міндеттері мен жауапкершілігімен мазмұнын атаңыз.
- •27. Әлеуметтік акмеология қандай қызмет аймақтарын қамтиды?
- •28. Әлеуметтік қызметкердің парызы мен жауапкершілігі: тұлғалық және қоғамдық аспектілері
- •30. Әлеуметтік қызметкердің кәсіби құзіреттілігінің түрлерін атап, оларды түсіндіріп беріңіз
9.Эмоциональды интеллектінің моделін сызып, оны түсіндіріп беріңіз.
Р. Бар-Онның эмоциялық интеллект моделіндегі құрылымдар сипаты келесідей:
1. Ішкі тұлғалық сфера мыналардан тұрады:
- эмоциялық өзіндік талдау – өз сезімдерін және өз қылықтарының себебін түсіну қабілеті, сонымен қатар олардың айналаға ықпалы. Адам аталған қабілетті меңгермесе, өзге адамдардың қолында қуыршақтай күйде болады;
- ассертивтілік – тұлғаның өз сезімдерін, көзқарастарын және ой-пікірлерін білдіріп, қорғай алуы. Бұл адамдардың қызығулары мен реакцияларын ескере отырып, ашық, нақты қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді;
- тәуелсіздік – тұлғаның шешімді өз бетінше қабылдап, өзгелерден эмоционалды тәуелсіз болу қабілеті. Бұл адамның алға мақсат қою, оларға жету жолдарын табу, оларға өзін бағыттау ептілігі;
- өзін-өзі бағалау, өзін-өзі құрметтеу – тұлғаның өзінің күшті және әлсіз жақтарын құрметтеу және қабылдау қабілеті. Өзін-өзі құрметтеу – адамға кез келген жағдаятта өзін сенімді ұстауға мүмкіндік береді;
- өзіндік актуализация – бұл тұлғаның алға мақсат қою және өз мүмкіндігін жүзеге асыру қабілеті. Өзіндік актуализациясы жоғары деңгейде дамыған адамдарға өз жұмысы аса ұнайды.
2. Тұлғааралық қатынастар сферасына жатады:
- эмпатия – тұлғаның дүниені өзге адамдармен көзімен қарау қабілеті. Бұл өзге адамға жанашырлық, түсіністік танытуы. Мұндай мінез-құлық кез келген жанжалдың ынтымақтастыққа ұласуына мүмкіндік береді;
- әлеуметтік жауапкершілік – тұлғаның топ, ұйым, біртұтас қоғам игілігі үшін ынтымақтастыққа даярлығын көрсету қабілеті, бұл тұлғаның жеке пайдасы үшін жасалмайды;
- тұлғааралық қатынастар – тұлғаның өзге адамдармен пайдалы әрі жағымды қарым-қатынас орната білу қабілеті.
3. Бейімделу сферасы:
- мәселелерді шешу ептілігі – тұлғаның отбасындағы және жұмыс орнындағы жеке және тұлғааралық сипаттағы проблемаларды анықтау және шешу қабілеті;
- шындықты бағалау – тұлғаның ағымда болып жатқан жағдайларды сол қалпында көре білуі, шынайы бағалауы;
- икемділік – тұлғаның бейімделу қабілеті және жаңа ақпараттарға өз ойын, мінез-құлқын, сезімін бейімдеуі. Икемді адамдар өзгермелі талаптарға оңай төтеп бере алады. Икемділіктің болуы нәтижеге қол жеткізу кепілі.
4. Стрессті басқару сферасы келесі субкомпоненттермен сипатталады:
- стресске толеранттылық – тұлғаның қолайсыз жағдайларға қарсы тұра алуы және оларды конструктивті шешу қабілеті. Стрессті жеңе алмайтын адам шындықты дұрыс бағалай алмайды, дұрыс шешім қабылдай білмейді;
- ырықсыздықты бақылау – тұлғаның ниет күшін тоқтата алу немесе кейінге қалдыру қабілеті, алдау немесе әрекетке ұмтылу. Бұл жерде бейсаналы реакция мен саналы таңдау арасындағы айырмашылықты көруді үйрену қажет, орындалатын әрекеттің салдарын ойлап, өзіне өзі есеп бере алуы керек.
5. Жалпы көңіл-күй сферасына кіреді:
- өмірге қанағаттану – тұлғаның өзімен, өзгелермен, өмірмен үйлесімді қатынаста болу қабілеті. Бақытты адамдар жеке өмірінде де, жұмысында да табысқа жете алады, себебі олармен қарым-қатынасқа түсу ұнамды, қолайлы;
- оптимизм – жарқын болашаққа үміт арту. Оптимистер біліміне және өз ептіліктеріне, проблемаларды белсенді шешу икемділігіне және өзінің бұрынғы табыстарын есте ұстау қабілетіне сүйенеді.
Шетелдік психолог-зерттеушілер пікірінше, «эмоциялық интеллект» - өзінің және өзгелердің эмоциясын тани білу, оларды басқара алу; эмоцияны басқару мүмкіншілігі – адамдардың тұлғааралық өзара әрекеттесуіне анағұрлым тиімді бейімделуге көмектеседі [3,4].
Эмоциялық интеллект әлеуметтік және эмоциялық қабілеттердің, соның ішінде өзінің және өзге адамдардың эмоцияларын түсіну, басқару қабілеттерінің жиынтығынан тұрады. Эмоциялық интеллект - тұлғааралық қатынастар үрдісінде әртүрлі эмоциялық күйлерді дұрыс түсінуге, өзгелердің эмоциялық күйіне орай икемделуге мүмкіндік береді. Тұлғаның бейімделу қабілетін, ортамен үйлесімді қарым-қатынасын арттырады.
