Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Etika.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
408 Кб
Скачать
☆

11. Әлеуметтік жұмыстың деонтологиясы нені зерттейді?

Әлеуметтік жұмыстың деонтологиясы - әлеуметтік қызметкердің (әлеуметтік қорғау институтының еңбек ұжымының) қоғамға және мемлекеттің алдындағы жауапкершілігіне, мамандық және әлеуметтік мекеме ретінде әлеуметтік жұмысқа, әріптестеріне және әлеуметтік қызмет көрсету клиентіне қатысты нормалар, нормативтік-құқықтық актілер жиынтығы.

Әлеуметтік жұмыстың деонтологиясы белгілі бір принциптерді қамтиды:

  • тағайындалған бизнес үшін заңды және моральдық жағынан жеке жауапкершілік;

  • маманның біліктілігі;

  • міндеттерді шешудегі ұтымды тәсіл;

  • өкілеттіктер мен жауапкершіліктің сәйкестігі;

  • қызметті құқықтық реттеу;

  • есеп берушілік;

  • бастама және шығармашылық;

  • ұйымдастыру және тәртіп;

  • орындалуын бақылау және тексеру;

  • өнімділікті, клиенттердің мүмкіндіктерін бағалауға сыни көзқарас;

  • сенім мен әрекет ету бостандығы;

  • көтермелеу және жазалау және т.б.

Деонтология – парыз туралы ғылым.Әлеуметтік деонтология – әлеуметтік қызметкердің парызына адалдығы мен кәсiбiне сәйкес саналы әдеп және құқықтық ұстанымдар мен ережелер кешенiн зерттейтін ғылым.

Әлеуметтік қызметкердің деонтологиялық даярлығы – бұл оның білімінің, дағдыларының, іскерлігінің адам жанын тануға, оның қажеттігіне сәйкесті әрекет жасауға, кәсіби парызын біліп, соны мүлдірпей орындауды қамтитын сананың күйі.

Әлеуметтік қызметкердің деонтологиялық даярлығын, iс-әрекетiнiң саналы, адамгершiлiктi компонентiн сипаттайтын көрсеткіштер:

- “Зиян келтірме” ұстанымын сақтауға, жоғары кәсіптік мәдениет құруға ынталылық;

- Кез-келген жағдайды әділ бағалау, өзінің және бөгде біреудің көзқарасын дұрыс түсіне білу, өзінің қарым- қатынас әрекеттеріне сыни қарауға икемділік;

- арнайы-кәсіптік интеллекті қалыптастыруда тек қана қоршаған ортасынан ғана емес басқа да аумақтардан жедел толық ақпараттар алуға, жалпы сауаттылығын арттыруға, пассионарлы индукцияны игеруге (басқа адамдардың көзқарасына өз ойын жұқтыру) қажетті білімділік, ептілік;

- әлеуметтік қызметтің ерекшелігін, этикасы мен біртұтастығын ескеріп, ұстануы;

- мамандығының құндылығын қорғауы, сыни тұрғысынан баға бере білуі;

- жоғары дәрежеде мәдениетті және адамгершілігі мол, социологияның, медицинаның, психология мен педагогиканың заңдылықтарын, теориясы мен тәжірибелерінің негіздерін жетік білуі.

«Кәсіби қалыптасу күрделі үдеріс, осы үдерістен өту барысында адам талай қиындықтарға кездеседі, жас ерекшеліктік және тұлғалық сипаттың дағдарыстарынан шығу жолдарын табады, осылайша сыртқы және ішкі жағдайлардың арқасында түрлі қабілеттерді игереді, өзін жақсы жаққа қарай өзгертеді немесе басқа бір адамды рухани-бағалауыштық тұрғыдан демей біледі», деген Т. И. Волкованың пікіріне толықтай қосыламыз. [2].

Сондықтан да, қамқорлық, қайырымдылық жасау, демеушілік көрсету әлеуметтік қызметкердің деонтологиялық дамуының жетекші факторлары мен шарттары болып табылады.

Әлеуметтік қызметкерді білім беру саласында кәсіптік дайындаудың басты міндеті – деонтологиялық сана-сезімін тәрбиелеу, яғни әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық қызмет субъектілерінің саналылық тұрғысынан қабылдауға үйрету, соған парыздандыру.

Деонтологиялық сана - өзіндік ойлау, кез-келген іске шығармашылықпен қарау, жалпы адамзаттық құндылықтарды түсіне білу, қарама-қайшылықтарды жоюда болжамдар құра білу, білімге деген белсенді құштарлықпен оны сауатты игеру мүмкінділігімен сипатталатын тұлғаның интеллектуалдық мәдениетін қамсыздандырады. Болашақ маманның деонтологиялық санасын тәрбиелеу ұғымы кәсіби білім беру жүйесінің саналы тұтынушысын тәрбиелеу ұғымымен сабақтас, ойткені саналы түрде болашақ қызметтік іс-әрекетке дайындалу қажеттігі оны ізденіске, талпынысқа, кеңестемелерге т.с.с. білімдену көздеріне жетелейді, емтихан, сынақ нәтижелерінің құны өзгереді. Онда ол тек баға алу үшін бар күш-қаражатын салмайды – қөздейтіні құзырлық, білімділік болады. Сондықтан аралық мемлекеттік бақылау (ПГК), түрлі тексерістер сияқты ерекше күш қажеттігі болмайды.

Педагогикада сана тәрбиелеу әдістемесі жұқтыру, сендіру және еліктетуарқылы іске асатын тәрбиелік әсер ету жолдарына негізделеді.

Жұқтыру – эмоционалдық әдіс. «Бойда не бар, соны басқаға жұқтыруға болады, өзіңде жоқты қалай жұқтырасың» демекші жұқтыру үшін оқу орнының профессор-оқытушы құрамының бойында талапқа сай қабілет-қасиеттер болу керек.

Сендіру – бұл ақпараттық әсер ету әдісі, онда дәріс оқу, ақыл айту, әңгімелесу, бағалау, т.с.с. әрекеттердің мазмұндық сипатының ролі басым. Сендіру бәрінен бұрын адамның ақыл-ойына әсер етіп, ой-өрісін белсендіреді. Сонымен қатар ол дәлелденген жағдайларды қабылдауға жәрдемдес ойларды тудырады, сезімдерді де қозғайды. Сендіру әсерін асыру үшін қажетті талаптар тізімін төмендегідей үш бапқа топтауға болады:

- басқаны сендіру үшін өзі соған сенімді болуы қажет;

- сендіру ақпаратының мазмұны әртүрлі ой-түйіндерді оятатындай толыққанды болу керек;

сендірушінің тілі бай, түсінікті, заманауи, өркендетуші, өркениетті, әсерлі, сәйкесті пантомимикалы болуы керек

Еліктету-шексіз сенімге тәуелді. Егер сенім болса, адам болып жатқан іс-әрекетке, қимыл-қозғалысқа, жүріс-тұрысқа еліктейді. Сондықтан барлық көзге түсер әрекеттерді (қоршаған ортадағы адамдардың тәлім-тәрбиелік қимылдары, қарым-қатынастық үлгілері, мінез-құлық көрсеткіштері, дағды-ғадеттері, т.с.с.) мақсатқа сәйкестендіруді ойластырып, іске асыру, арнайы тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастыру қажет.

Осы тұрғыда болашақ әлеуметтік қызметкердің деонтологиялық даярлығын қалыптастыруға қатысты төмендегідей бағыттарды бөліп көрсетуге болады:

Біріншіден,деонтологиялық сана тәрбиесіне сәйкес келетін білім беру ортасынқұру мақсатында жоғары оқу орнының барлық тәрбиелік жағдайы және профессор-оқытушы құрамының сипатын аталмыш сапаға сәйкестендіру амалдарына ерекше көңіл бөлу.

Екіншіден,білімдендіру мазмұныныңдеонтологиялық құрастырушы бөлігін күшейту және технологиялық тұрғыдан қамсыздандыру.

Ол үшін әрбір пәнді оқыту тәртібі төмендегідей мақсаттарға негізделуі қажет:

- теориялық материалды мазмұндауда ғылым мен білімдендірудің диалектикасының себеп-салдарлық байланыстарын аша отырып, алынған білімнің даму өрісін, әрекет өнімдерін жетілдіруге қажетті жаңашыл көзқарастарды игеруге жағдай жасау;

- теориялық білім ғылыми ізденіс және ұтымды кәсіптік әрекетке жетелейтін ақпарат ретінде ұсынылуы керек.

Үшіншіден, студенттің кәсіптік құзыреттілігін арттырумен қатар тәрбиелік әлеуетін шыңдау және парыздылық сана-сезімін қалыптастыру үшін:

- деонтологиялық нормалар, ұстанымдар мен ережелер туралы рационалды біліммен санаға әсер ету, білімдерді деонтологиялық нанымға айналдыру

- болашақ қызмет аясында болатын іс - әрекеттің, қарым - қатынастың шынайы тәжірибесін сезіндіру, мамандығы бойынша практикасына деонтологиялық мән беру;

- осының бәрін сабақтан тыс тәрбиелік, қоғамдық іс-шараларда ескеріп, арнайы көңіл бөліп, диплом алар рәсімінде ант беруді ұйымдастыру.

Қорыта келе, әлеуметтік, психологиялық, медициналық, педагогикалық (т.б. «адам-адам» жүйесіндегі мамандықтар бойынша)деонтология ұстанымдарына орай:

- жоғары және орта маман дайындайтын оқу орындарына талапкерлерді жүйке жүйесінің, адамгершілікті қасиеттерінің, ынта-ықыласының болашақ кәсібіне бейімділігіне қарай қабылдау;

- әлеуметтік деонтология қағидаларын барлық «адам-адам» жүйесіндегі мамандардың іс-тәжірибесінен орын алу мәселелерін шешу;

- жоғары және орта маман дайындайтын оқу орындарының сәйкес кафедраларында әлеуметтік, психологиялық, медициналық, педагогикалық деонтология іліміне басты мәселе ретінде көңіл бөлініп, барлық оқу пәндерінің теориялық, зертханалық, тәжірибелік курстарын тиісті дәрежеге жеткізу;

- әлеуметтік деонтологияға арналған дәрістер жинағын қалыптастыру, басып шығару, кең қолдануға тарату;

- әлеуметтік деонтология мәселелерін жүйелі ғылыми зерттелуін ұйымдастыру жоғары оқу орындарының ғылыми кеңестерінің күн тәртібінен орнықты орынға ие болатын мәселесіне айналдыру;

- әлеуметтік деонтология және оны оқу орындарының тәжірибесіне ендіру мәселесі бойынша ғылыми-теориялық, ғылыми-әдістемелік (халықаралық, республикалық, аумақтық, университеттік, облыстық, қалалық, т.б.) конференциялар, семинарлар өткізуді жоспарлап, жүзеге асыру.

Бұл әрекеттер студенттердің мамандығының болашағын болжап, бойында соған қатысты қажеттіліктерді болдырудың қамын білім беру кеңістігінде қамытуға жетелейді. Сонда олар жүйелі түрде өзін-өзі тануға, рефлексияны қолданып, кәсіби дамуға ынталанады және болашақ қызметіне сәйкес өзінің жеке тұлғалық, психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, білімденуге белсенді қатысады.

«Адам-адам» жүйесіндегі мамандардың деонтологиялық даярлығын қалыптастыруға арналған, көп болмаса да, бірнеше диссертациялық зерттеу жұмыстары қорғалды, жоғары оқу орындарына ендіру концепциясы да бар. Әзірше бұл еңбектер ғылыми жаңалық шеңберінен шыға қойған жоқ. Бүгін міне интеллектуалды ұлт идеясын іске асыру үшін осылардың нәтижелерін кәсіптік білім беретін оқу орындарының оқу-тәрбие үдерісіне ендірудің кезі келген сияқты. Еліміздің ендігі 20 жылда әлеуметтік-экономикалық өсуі кәсіби білім беру сапасына тәуелді екені айдан анық.

Осыған орай «адам-адам» жүйесіндегі маман даярлауда батыл бетбұрыс керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]