- •Сұрақ: «Түркі» этносы және этнониміне анықтама беріңіз.
- •Сұрақ: Түркі этносы және халықтары, олардың территориялық орналасуын көрсетіп жазыңыз
- •Сұрақ: Түркі қағандығының қалыптасуына ықпал еткен факторларды атаңыз
- •Сұрақ: Түркілердің жазба-тарихи ескерткіштерін сипаттап жазыңыз
- •Сұрақ: Ғұндар тарихы бойынша тарихи деректерді атап көрсетіңіз
- •Сұрақ: Түрік қағанатының екіге бөлінуінің себептерін атаңыз
- •Сұрақ: Ғұндардың алғашқы географиялық орналасу территориясы атаңыз
- •Сұрақ: Шығыс және Батыс түркі қағанаттарының сыртқы саясаттарын сипаттап жазыңыз
- •Сұрақ: Қарлұқ қағанатының саяси құрылысын сипаттама беріңіз
- •Сұрақ: Хазарлар қағандығының саяси-әлеуметтік даму ерекшеліктерін атаңыз
- •Сұрақ: Кіші Азиядағы Салжұқ мемлекетінің ішкі және сыртқы саясатындағы басымдықтарын атаңыз
- •Сұрақ: «Хазар» этнониміне анықтама беріңіз және этникалық құрамын атаңыз
- •Сұрақ: Көктүрік мемлекетінің құрылуының алғышарттарын атаңыз
- •30 Баллдық емтихан сұрақ
- •Сұрақ: Атлақ шайқасының тарихын сипаттап көрсетіңіз
- •50 Баллдық емтихан сұрақ (қолданады)
Сұрақ: Түркілердің жазба-тарихи ескерткіштерін сипаттап жазыңыз
Жауап: V-ІХ ғасырларда түркі қағандықтары қоныстанған Алтай, Сібір, Орта жəне Орталық Азия территориясында жазу, сызу, əдебиет, сəулет өнері, тарих ғылымдары, діни сенімдері қалыптасқаны белгілі. Оған əрине Орхан-Енесей жəне Талас өзендері аңғарларынан табылған ескерткіштер дəлел бола алады. Олар VII-VIIІ ғғ. түркі ру-тайпаларының іргелі елі Түркі қағандығының тұсында тасқа қашалған Білге қаған (хан) ежелгі түркі мемлекетінің көрнекті қолбасшысы, сол дəуірдің белгілі қоғам қайраткері Құтлұқ қағанның кенже ұлы, Білге қағанның інісі Күлтегін (əскербасы), Тоныкөк (ақылшы, кеңесші) сияқты атақты адамдарға арнап тұрғызылған құлыптастағы жазулар. «Орхан-Енесей жазуы» аталып кеткен тас ескерткіштер биіктігі – 3,15, ені – 1,25 қалыңдағы 0,41 метр болып келген мəрмəртас. Онда Түрік қағандығы дəуірінде қолданылған түркі жəне Қытай жазуларымен екі тілде тас бетіне ойып жазылған. Шын мəнінде Орхан жазбаларын дəл əрі толық аударған ғалым С. Е. Молов болды. 1893 ж П. М. Мелиоронский Орхан жазбалары жайындағы жеке зерттеулерге бірінші болып түркі ханы Елтеріс (Құтлық) династиясы кезіндегі тарихи, географиялық этнографиялық жазбаларға жəне VII-VIIІ ғғ. түркілердің ішкі ахуалына терең шолу жасайды.
Сұрақ: Ғұндар тарихы бойынша тарихи деректерді атап көрсетіңіз
Жауап: Ежелгі Хундар туралы алғашқы мағлұматтарды да біз қытай тарихшыларының еңбектерінен аламыз. Олардың біріншісі – Қытай тарихшыларының атасы саналатын Сыма Цянның (б.з.д. 155-88 жылы) 130 бөлімнен тұратын «Ши Цзи» («Тарихи жазбалар», «Тарихнама») атты шығармасы. Онда Хундардың ежелгі ата бабалары б.з.д. II мың жылдықта Шиа династиясынан шыққан Шун Ви деп көрсетеді. Аталмыш еңбекте Сыма Цян Хундар мен қатар оғыздар, қаңлылар, үйсіндер, қырғыздар жəне тағы да басқа Орта Азия халықтары жайлы жазған. Мұнан бөлек Қытай тарихшылары Бань-Гудің «Цян Ханьшу» («Батыс хан мемлекеттерінің құжаттары») жəне «Фай-Е-нің «Хоу Хань-Шу» («Шығыс хан мемлекеттің құжаттары») атты еңбектерінде ежелгі Хундар жайында құнды мағлұматтар жазып қалдырған. Қытай деректері Хундарды «бірде үлкейіп, бірде кішірейіп отыратын мемлекет» деп сипаттады.
Сұрақ: Түрік қағанатының екіге бөлінуінің себептерін атаңыз
Жауап: Мемлекеттің алып көршісі Қытай императоры қағанаттың əлсіреуін пайдаланып, өз билігін жүргізгісі келді, оның ішкі істеріне араласа бастады. Көктүріктердің қытай тілінде сөйлеуін, қытай дəстүрінің орындалуын жəне т.б. міндеттердің атқарылуын талап ете бастады. Ишбара бұған қарсы болды. Ишбара 587 жылы қайтыс болғаннан кейін таққа отырған Чуло қаған (587-589 ж.ж.), Тулан қаған (590-600 ж.ж.), Кимин қаған (600-609 ж.ж.), Шиби қаған (609-619 ж.ж.), Чуло қаған (619-621 ж.ж.), Киелі қаған (621-630 ж.ж.) кездерінде мемлекетте жүйесіздік жалғаса берді, сеператизм күшейе түсті. Бұл жағдайды Қытай ұтымды пайдаланды. Соңғы қағанның тұтқындалып, 630 жылы Қытайға жіберілуімен қағанаттың шығыс бөлігі өз тəуелсіздігінен айырылды.
Сұрақ: Ғұндардың алғашқы географиялық орналасу территориясы атаңыз
Жауап: Түркі халықтарының тарихын зерттеуші əйгілі ғалым К. Р. Аманжоловтың пікіріне сүйенсек, хундар жұрты үш бөлікке бөлінген. Біріншісінің ішінде сюннулар болды, олар біздің заманымыздан бұрынғы бір мың жылдықтың ортасынан бастап Хуан-хэе өзенінің орта тұсымен төменгі ағысындағы қазіргі Қытай жерін жəне Орталық Азияның көп бөлігін қамтып, Шығыс Түркістанның Оңтүстік Манчжурияға дейінгі аумақты алып жатты. Екіншісі – б. з. д. бір мың жылдықта сыртқы Моңғолияда, солтүстік Манчжурияда түркі-моңғол тілінде сөйлеген сəнбилер. Кейінен сəнбилер солтүстікте Вэй əулетін құрған (386 – 534 жж.). Үшіншісі – түркі тілінде сөйлеген тайпалар қоныстанған орта. Мұнда ішкі Моңғолияда, Байкалда, Ордостан Алтай, Тарбағатай, Жетісуға дейінгі жерлерді мекендеген хун тайпалары қалыптаса бастайды.
