- •Сұрақ: «Түркі» этносы және этнониміне анықтама беріңіз.
- •Сұрақ: Түркі этносы және халықтары, олардың территориялық орналасуын көрсетіп жазыңыз
- •Сұрақ: Түркі қағандығының қалыптасуына ықпал еткен факторларды атаңыз
- •Сұрақ: Түркілердің жазба-тарихи ескерткіштерін сипаттап жазыңыз
- •Сұрақ: Ғұндар тарихы бойынша тарихи деректерді атап көрсетіңіз
- •Сұрақ: Түрік қағанатының екіге бөлінуінің себептерін атаңыз
- •Сұрақ: Ғұндардың алғашқы географиялық орналасу территориясы атаңыз
- •Сұрақ: Шығыс және Батыс түркі қағанаттарының сыртқы саясаттарын сипаттап жазыңыз
- •Сұрақ: Қарлұқ қағанатының саяси құрылысын сипаттама беріңіз
- •Сұрақ: Хазарлар қағандығының саяси-әлеуметтік даму ерекшеліктерін атаңыз
- •Сұрақ: Кіші Азиядағы Салжұқ мемлекетінің ішкі және сыртқы саясатындағы басымдықтарын атаңыз
- •Сұрақ: «Хазар» этнониміне анықтама беріңіз және этникалық құрамын атаңыз
- •Сұрақ: Көктүрік мемлекетінің құрылуының алғышарттарын атаңыз
- •30 Баллдық емтихан сұрақ
- •Сұрақ: Атлақ шайқасының тарихын сипаттап көрсетіңіз
- •50 Баллдық емтихан сұрақ (қолданады)
Сұрақ: Хазарлар қағандығының саяси-әлеуметтік даму ерекшеліктерін атаңыз
Жауап: Хазар қағандығы — Батыс түркі қағандығының, ыдырауынан кейін төменгі Еділ бойы мен Солтүстік Кавказдың шығыс бөлігінде ҮІІ ғасырдың ортасында құрылған алғашқы феодалдық мемлекет. Астанасы — Семендер (Дағыстанда). Кейін Итил қаласы болды (Төменгі Еділде). Хазар қағандығы Солтүстік Кавказды, Еуропадан Днепрге дейінгі жерлерді иелеңці. Хазарлар — түркі тегінен шыққан халық, олар Шығыс Еуропада ІҮ ғасырдағы хундар заманында пайда болды. ҮІ ғасырда хазарлар Бірінші (Батыс) Түркі қағандығының құрамына кірді, олар түркі тілінде сөйледі. Ол туралы Орхон-Енисей жазуларында айтылады. Хазар тілі бұлғар және чуваш тілдерімен тығыз байланыста.Саяси-әлеуметтік ерекшеліктері: Қағанның жоғарғы билігі. Түрақты армияның болуы. Түрік жазбасы сияқты, мемлекеттік тіл — түрік тілі. Араб-хазар соғыстары. Шаруашылығы: отырықшы-егіншілік. Егіншіліктің дамуы, әсіресе жүзім шаруашылығы, бау-бақша, атақты хазар қарбыздары. Дамыган, бай балық аулау шаруашылығы. IX г. басында биліктің хазарларға көшуі, иудаизмді қабылдау, азамат соғысы, қағанның қасиетті түлғаға айналуы, биліктің екі жақтылығы. Хазарлардың Византиямен, Киев Русымен қарым-қатынастары. Халықаралық саудадағы Хазарияның ролі. Этнос пен мемлекеттің бірте-бірте жойлуы.
Сұрақ: Кіші Азиядағы Салжұқ мемлекетінің ішкі және сыртқы саясатындағы басымдықтарын атаңыз
Жауап: Салжұқ мемлекеті - түрік оғаздардың үрім бұтағынан таралып, Салжұқ есімді басшыларының есімімен аталған, сондай-ақ салжұқ мұсылман әулетінен құрылған мемлекет. ХІ ғасырдағы 30 жылдары Салжұқтар Ғазнауи мемлекетінен васалдық жағдайда Хорасаннан жер алды. Кейінен Ғазнаиулерге қарсы шығып, 1040 жылы Данденакан түбіндегі ұрысқа жеңіске жетті. Сұлтан лауызымын қабылдаған Тоғрұлбек (1038-1063 жылдары) тұсында Салжұқтар Хорезм, Иран, Әзірбайжан, Курдистан, Иракты жаулап алып, 1055 жылы Бағдадқа басып кірді. Тұрұлбек мемлекетінің астанасы Рей қаласы ағасы Чағрыбек иеліктірінің орталығы Мерв болды. Алп- Арслан тусында (1063-1072 жылдар) Арменияны жаулап алып (1064 жылы), Манцикерт түбінде Византия әскерлерін жеңді (1071 жылы). 1071 жылы және 1081 жылы аралығында Кіші Азия және басқада жерлерді жаулап алды. Сұлтан Мәлік шаһтың (1072-1092 жылдары) тусында Грузия мен Орта Азиядағы Қарахан мемлекетін бағындырды. Салжұқ мемлекеті саяси жағынан мықтап күшейді. Сонымен Мәлік шаһ тусында Салжұқ мемлекетінің шекарасы Сырдариядан Нілге дейін, Каспийден Жерорта теңіз]]іне дейін созылды. Мемлекет астанасы Исфаһан қаласы болды. Көшпелі оғыз және басқа да түркі тайпаларының әскери шонжарлары мен ақсүйектері байтақ территорияларын иемдеу құқығын алып, орталық өкімет билігінен тәуелсіз болуға ұмтылды. Сұлтандар ішкі саясатта күшті сұлтан өкіметінің билігіне мүдделі болған Иран ақсүйектеріне ие артты.[2] Бұл топтың мүддесін көздеуші Низам әл-Мүлк болды. Салжұқтар – көшпелі түрік оғыз ордаларының бірі. Қолбасшысы салжұқ есімімен сондай-ақ олар құрған әулеттің аталуына байланысты аталды. құрамына қынық тайпасы басшылығымен әр түрлі оғыз тайпаларының бөлігі енді. Салжұқтар Женттіде мекендеп кейін (985 жылы шамалы) Нұрата тау маңында қоныс аударды. 1038 жылы Салжұқ Нишапур қаласынан кейін Хорасанды (1040 жылы) жаулап алды. Осы кезден бастап Салжұқтың саяси тарихы Салжұқ мемлекетті тарихмен тығыз байланысты болды. ХІ-ХІІІ ғасырларда басқа да оғыз ордаларымен және Иран, Әзірбайжан, Кіші Азияның байрығы араласып, түркімен, Әзірбайжан, және түрік халықтарының қалыптасуына ықпал болды.
