- •Сұрақ: «Түркі» этносы және этнониміне анықтама беріңіз.
- •Сұрақ: Түркі этносы және халықтары, олардың территориялық орналасуын көрсетіп жазыңыз
- •Сұрақ: Түркі қағандығының қалыптасуына ықпал еткен факторларды атаңыз
- •Сұрақ: Түркілердің жазба-тарихи ескерткіштерін сипаттап жазыңыз
- •Сұрақ: Ғұндар тарихы бойынша тарихи деректерді атап көрсетіңіз
- •Сұрақ: Түрік қағанатының екіге бөлінуінің себептерін атаңыз
- •Сұрақ: Ғұндардың алғашқы географиялық орналасу территориясы атаңыз
- •Сұрақ: Шығыс және Батыс түркі қағанаттарының сыртқы саясаттарын сипаттап жазыңыз
- •Сұрақ: Қарлұқ қағанатының саяси құрылысын сипаттама беріңіз
- •Сұрақ: Хазарлар қағандығының саяси-әлеуметтік даму ерекшеліктерін атаңыз
- •Сұрақ: Кіші Азиядағы Салжұқ мемлекетінің ішкі және сыртқы саясатындағы басымдықтарын атаңыз
- •Сұрақ: «Хазар» этнониміне анықтама беріңіз және этникалық құрамын атаңыз
- •Сұрақ: Көктүрік мемлекетінің құрылуының алғышарттарын атаңыз
- •30 Баллдық емтихан сұрақ
- •Сұрақ: Атлақ шайқасының тарихын сипаттап көрсетіңіз
- •50 Баллдық емтихан сұрақ (қолданады)
Сұрақ: «Хазар» этнониміне анықтама беріңіз және этникалық құрамын атаңыз
Жауап: «Хазар» этнонимін ешқандай тілде толығымен түсіндіру мүмкін емес. Ғылыми əдебиетте «хазар» атауы араб жəне Византия деректері арқылы енгізілген. Хазариямен байланысты көне еврейлік құжаттарда да дəл осы атау көрініс тапқан. Көне армян авторлары «хазирлар» десе, орыс жазбаларында «козарлар» деген атау кездеседі. Көне грузин тілі араб жəне Византия тіліне ұқсас болғандығын ескерсек, армян формасын жалпы кавказдық деп есептеуге болмайды. Сонымен қатар, хазарлардың Армениямен жəне Көне Руспен таныстығын ескерсек, «хазир» жəне «козар» формалары, сəйкесінше, Кавказ жəне Русь территориясына тіл, үстеу арқылы, яғни «хазар» атауы «хазир» жəне «козар» болып өзгерген. IV ғасырда Ғұн бірлестігімен қатар Шығыс Еуропаға Сібірден жəне басқа да алыс аймақтардан (Алтай, Моңғолия) фин-угор жəне түркілік тайпалар басып кіреді. Олар Шығыс Еуропаның далалық аймақтарында ирандық (сарматтар) тұрғындармен араласып, этникалық қатынастар құрады. IV-XI ғасырлар бойына Еуропаның бұл бөлігінде үш этностың араласу процесі болды: иран, угор жəне түркі халықтары. Нəтижесінде соңғысы басым болып, ұзақ уақыттан кейін басты халыққа айналды. Жоғарыда атап өтілген процестер хазарлардың қалыптасуына өз əсерін тигізді.
Сұрақ: Көктүрік мемлекетінің құрылуының алғышарттарын атаңыз
Жауап: V ғ. түрік тайпаларының ешқайсысының мемлекеттілігі жоқ кезеңде, Ұлы далада жужандар үстемдік құра бастайды. Жужандар əскери демократия түрінде өз ордаларын құрып, хан сайлады. Олар барлық көршілерін қатыгездікпен ығыстырып, түркі тайпаларының көтерілістер ұйымдастыруына түрткі болып отырды. Ашина басқарған хун тайпалары Алтай тауы бөктерін паналап, орналасқан жерлерін «Ергенекүн» – «ежелгі Отан» деп атады. Онда олар басқада түркі тайпалары сияқты мал бақты, аңшылық құрды, алайда олардың ең басты кəсібі металл өндіру жəне өңдеу болды. Олар химиялық қоспаларды қолдану арқылы алған өнімі – темірдің сапасы өте жоғары болды. Түркі мемлекетінің құрылуына мынадай факторлар әсер етті: жужандардың үстемдігінен құтылу, жайлымдық жерлерді иелену, «Мәңгілік ел» құруға деген құштарлық.
Сұрақ: Шыңғысхан империясының ыдырауы себептерін көрсетіңіз
Жауап: Моңғолдар жаулап алған елдерінде өздерінің ұлыстық әскери-бюрократтық билік жүйесін орнатты. Осыған байланысты ұлыс билеушілері өздерін орталықтан дербес, жеке билік иесі ретінде сезіну үшін жергілікті ақсүйектермен жақындасып, солардың салт-дәстүрлерін қабылдады. Бұл өз кезегінде империяның ыдырауын тездетті. Дегенмен, Шыңғыс хан империясы арқылы Батыс пен Шығыс арасындағы қарым-қатынастар дамып, Ұлы Жібек жолы қайта жандана бастады. Сонда да жаулап алынған әрбір халық, әрбір аймақ мүдделерін бір орталықтан реттеп отыру мүмкін болмады. Империя астанасы Кайпинге көшірілгеннен кейін онда бір-бірімен терезесі тең үш ортаға: Юань, Жошы-Қыпшақ және Ирандағы ильхандар мемлекеттері пайда болды. Юань билігі 108 жылға, ильхандар билігі 120 жылға созылса, Жошы-Қыпшақ державасы 240 жылға жуық өмір сүрді. Кейіннен бұл державалардың орнында көптеген ұлттық мемлекеттер өсіп шықты. Солардың бірі Алтын Орда, Ақ Орданың тікелей мұрагері – Қазақ хандығы болып табылады.
Сұрақ: Күлтегін ескерткіштері бойынша түркілердің сыртқы саясатына аныңтама беріңіз.
Жауап: Күлтегін жыры, париоттық рух беретін батырлық жыры. Мәтінінің негізі Түркі ұлтының тек тарихы ғана емес Күлтегіннің батырлдығы мен ерлігін бейнелейді. Кіші жазудың 27-ші бөлімінен арғы қарайғы жазулары тек Күлтегіге арналған. Осы 27-ші бөлімінде Күлтегіннің ағасы Білге қағанның "Інім Күлтегінмен, екі уәзірімен өліп-тіріліп құрадым. Сонды құрап, біріккен халықты от-су қылмадым. Мен өзім қаған болғанда" сөздері жазылған. Күлтегін жыр жазуы 53 бөлімнен тұрса, соның 27-ден 53-ке дейінгі жазулары, Күлтегіннің батырлығын және оның соғыстарда мол табыстарға жетіп отырғандығынан мағлұмат береді. 551–552 жылдары Бумын өздерін билеп төстеп отырған жужандарға қарсы соғыс ашып, оларды талқандайды. Бумын тарихқа Түрік қағанатын орнатушы жəне «Елхан» лауазымымен белгілі болады. Елхан деген лауазыммен Бумын түрік тарихына енеді. Көне түрік дəстүрінде танымал тұлғаға халық қамы үшін жасаған еңбегіне, жеке басының ерлігіне арналып берілген лауазым оның атына айналып, бала кезінде қойылған есімі ұмытылады. VІ ғасырдың 60 жылдарының соңында Түрік қағанаты сол замандағы қуатты мемлекеттер мемлекеттер — Византия, сасанидтік Иранның, Қытай империясының саяси жəне экономикалық қарым-қатынас жүйесіне еніп, Қытайдан батыс елдеріне қатынайтын Ұлы Жібек жолына бақылау орнату үшін күрес жүргізеді.Күлтегін бітік тасында Бумыннан кейін айтылатын Істеми қаған Түрік империясын құрудағы жорықтарға басынан аяғына дейін қатысып, айтулы жеңістерге жетіп, түріктерді біріктіріп тұтас мемлекет етуге елеулі үлес қосқан қайраткер. Ол Түрік қағанатын нығайту жолындағы табанды күресте батыс жорығын басқарып, қысқа мерзім ішінде Сырдария мен Əмудария бойына, Ташкент аймағына, Еділ өзеніне дейін жетіп, үлкен жеңістерге жеткен. Осындай тəжірибелі, білікті басшының көмегімен түріктер аз уақытта Орталық Қазақстанды, Жетісу мен Хорезм жерлерін бағындырды. Елді біріктірудегі зор жетістіктеріне орай Түрік халқы оған Істеми қағанға (есті, ақылды) деген лауазым берді.Күлтегін ескерткішіндегі қатар жазылған екі қағанның мемлекет үшін атқарған саяси қызметіне жəне қайраткерлік қасиеттеріне берілген баға осындай.
Сұрақ: Ғұндардың батысқы қоныс аударуыны ықпал еткен факторларды атаңыз
Жауап: Ұлы Хун қағандығы ыдыраған соң хундар бірнеше бөлікке бөлініп кетті. Бір бөлігі Сяньбилерге бағынып, бүгінгі күнгі Моңғолияда сяньби атауымен қалып қойды. Екінші біреулері Қытайға шегінсе, үшінші бір тобы Хазар (Каспий) теңізі жаққа жылжып отырып, Арал жəне Хазар теңіздері аралығына орналасты. Төртінші бір бөлігі соғыса отырып Еділ (Волга) өзеніне қарай жылжыды. Еділ жəне Жайық маңына орналасқан хундар 200 жылдай дерлік бейбіт өмір сүрді. Тек 360 жылы Еділ мен Днепр аралығында өмір сүретін аландармен (түркі тайпалары) соғысуларына тура келеді. Соғысты алғашқы болып аландар бастайды. Алайда, аландардың соғысқа дайындығының басымдығы жəне əскерлер санының көптігіне қарамастан 370 жылы хундар жеңіске жетеді. Ендігі жерде хундардың атты əскерлері Солтүстік Кавказдан Азов теңізіне дейінгі аралықты бақылайтын болды. Əрі қарай король Германарих құрған гот патшалығы басталатын. Бұл мемлекет Балтық теңізінен Азовқа дейін, Тиссадан Донға дейінгі аралықта созылып жатты. Готтарға Қырымның далалы алқаптары, Солтүстік Кавказдың Қара теңіз жағалаулары тиесілі еді. Ғұндардың батысқа жылжуына мынадай факторлар ықпал етті: өзара қырқысу соғыстары, жаға жайлым іздеу, көрші мемлекеттердің ірекеттері.
Сұрақ: Түрік қағанатының екіге бөлінуінің себептерін көрсетіңіз
Жауап: Мұқан қаған 572 жылы қайтыс болды. Ол өзінің артына 10 мың шаршы шақырымды қамтитын əлемдік мемлекетті тастап кетті. Мұқан қағанның орнына інісі Табо (572-581 ж.ж) отырды. Оның ішкі жəне сыртқы саясатта жіберген қателіктері Түркі қағандығының бірлігі мен ұлттық мəдени өміріне үлкен өзгерістер алып келді. Өлкеде буддизм тарады, Көктүріктер мемлекеті будда дінін өз қорғауына алды. Бұл əрекеті, əрине ұлттық болмысқа зиян келтірді. Салт-сана өзгеріп, оған наразылар жасаған ішкі көтерілістер мемлекет өміріне қауіп төндірерліктей дəрежеге жетті. Осы тұста мемлекеттің батыс бөлігін басқарып отырған Истеми жабғу да қайтыс болды (576 ж.). Оның орнына ұлы Тарду отырды. Тарду Шығыстағы наразылықтарды пайдаланып, өзін қаған деп жариялады. Осылайша, Көктүрік тарихында шығыс пен батыстың тартыс кезеңі басталды.
Сұрақ: Ғұн –Қытай қатынастарына сипаттама беріңіз
Жауап: Б.з.д. ІV ғ. Чжань-го кезеңінде (б.з.д. 403-221 ж.ж.) маңызды өзгерістер мен оқиғалар орын алды. Бұл уақытта Қытай территориясында Цинь, Хань, Вей, Чжоу, Янь, Ци, Чу деп аталатын, өзара қырқысу соғыстарын жүргізіп отырған жеті патшалық өмір сүрді. Нəтижесінде, б.з.д. 221 ж. Қытай тарихында алғашқы рет орталықтанған Цинь мемлекеті құрылды. Мұнан кейінгі жылдары Қытай тез қарқынмен дамуының арқасында өзінің солтүстіктегі басты жауы – хундардың жерін жаулап ала бастады. Қытайлықтардың Хун жерлерін көптеп басып алуындағы басты жетістігі олардың мыңжылдыққа созылған мемлекеттілігі тарихымен тікелей байланысты еді. Ал хундар да, аты аңызға айналған ру басшысы Шунвейден бастап шаньюй (тəңірқұты) Тұмынға дейін (б.з.д. 209 ж.) мемлекеттілігі болмады. Олар бірде бірігіп күшейсе, енді бірде ыдырап əлсіреп отырды. Қытайлықтар Ордосты жаулап алғаннан кейін Хундар мен соғыс үдейе түсті. Ордос өзені мен оның маңындағы далалардың хундар шаруашылығы үшін маңызы ерекше болатын. Сондықтан, олар Қытайға үнемі шабуыл жасап отырды. Ордос маңының қорғанын күшейту мақсатында Қытай императоры Ши-Хуанди ұзындығы 4 мың шақырымға созылған Ұлы қорған салуға бұйрық берді. Ұлы Қытай қорғанының құрылысы б.з.д. 212 жылдан б.з. 2112 жылына дейін созылды. Мұндай алып қорғаныстың салынуы көрші хун тайпалырыры тарапынан төнген қауіптің де зорлығын көрсететіндігі даусыз.
Сұрақ: Түргештердің сыртқы саясатына сипаттап жазыңыз
Жауап: Түргеш қағандығы Орта Азияның оңтүстік-шығысында Шаш (Ташкент) қаласынан, Шығыс Түркістандағы Бесбалық, Турфан қалаларына дейінгі аралықты қамтыды. Ал қағандықтың негізгі өзегі Іле өзенінің алқаптары болды. Орталығы – Суяб қаласы. Батыс көктүріктерінің (он оқтардың) бір бөлігін құрайтын түргештер, Талас, Шу, Ыстықкөл маңында өмір сүрді. 711 жылы Сұлу Жетісуға қайтып оралып, өзін Түркеш қағаны етіп жариялады. Сөйтіп Түркеш мемлекеті қайта жаңғырып, өмірге келді. Бірақ қағанат жағдайы өте ауыр еді. Оған екі бағытта қажырлы күрес жүргізуіне тура келді. Батыста арабтардың үсті-үстіне жасаған жорықтарына тойтарыс беру керек болса, шығыста Тан империясынан төнген қауіпті залалсыздандыру болды. Алайда түркештерге ол кезеңде негізгі қауіп арабтар тарапынан төнген еді. Сондықтан түркештер VII ғасырдың 20-50 жылдарында Орта Азия халықтарының арабқа қарсы күрестеріне белсене қатысты. 720-721 жылдары Сұлу қағаннның əскер қолбасшыларының бірі Кул Чар соғдыдағы араб басқыншыларына қарсы сəтті əскери жорықтар жасады. 728-729 жылдары Самарқан мен Бұхара тұрғындары, сондай-ақ соғдылықтардың арабтарға қарсы күресі күшейеді. Олар түркештерден көмек сұрады. Түркештер көмекке келіп, арабтарға қатты соққы берді. Нəтижесінде Самарқаннан басқа жерлердің бəрі арабтардан тазартылды. Тек 732 жылдың аяғында Товавис қаласы түбінде түркештер араб билеушісі Жунейд Абдуллахтан жеңіліс тапқаннан кейін ғана арабтар Бұхараға кіре алды. 737 жылы Сұлу қаған арабтарға қарсы тағы жорыққа шығып, Тохарстанға дейін жетеді, бірақ əскер санының аздығынан арабтардан жеңіліп қалады.
