- •Сұрақ: «Түркі» этносы және этнониміне анықтама беріңіз.
- •Сұрақ: Түркі этносы және халықтары, олардың территориялық орналасуын көрсетіп жазыңыз
- •Сұрақ: Түркі қағандығының қалыптасуына ықпал еткен факторларды атаңыз
- •Сұрақ: Түркілердің жазба-тарихи ескерткіштерін сипаттап жазыңыз
- •Сұрақ: Ғұндар тарихы бойынша тарихи деректерді атап көрсетіңіз
- •Сұрақ: Түрік қағанатының екіге бөлінуінің себептерін атаңыз
- •Сұрақ: Ғұндардың алғашқы географиялық орналасу территориясы атаңыз
- •Сұрақ: Шығыс және Батыс түркі қағанаттарының сыртқы саясаттарын сипаттап жазыңыз
- •Сұрақ: Қарлұқ қағанатының саяси құрылысын сипаттама беріңіз
- •Сұрақ: Хазарлар қағандығының саяси-әлеуметтік даму ерекшеліктерін атаңыз
- •Сұрақ: Кіші Азиядағы Салжұқ мемлекетінің ішкі және сыртқы саясатындағы басымдықтарын атаңыз
- •Сұрақ: «Хазар» этнониміне анықтама беріңіз және этникалық құрамын атаңыз
- •Сұрақ: Көктүрік мемлекетінің құрылуының алғышарттарын атаңыз
- •30 Баллдық емтихан сұрақ
- •Сұрақ: Атлақ шайқасының тарихын сипаттап көрсетіңіз
- •50 Баллдық емтихан сұрақ (қолданады)
30 Баллдық емтихан сұрақ
(ТҮСІНЕДІ)
Сұрақ: Ұлы жібек жолының түркі мәдениетінде алатын орнын сипаттаңыз
Жауап: Ұлы Жібек Жолы - Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып, Шинжәң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Ұлы Жібек жолы-адамзат өркениеті жасағын тарихи ескерткіштердің бірі. Біздің дәуірімізден бұрынғы II ғасырдан басталған бұл жол Еуропа мен Азияның-Батыс пен Шығыстың арасын жалғастырғын көпір болғын.Оның Қазақстан жерін кесіп өтетін тұсында VI ғасырдан бастап, екі бағыт: Сырдария және Тянь-Шань жолдары бағыттары кең өрістелген. Бірінші жол Қытайдан басталып,Шығыс Түркістан Қашғар арқылы Жетісуға, содна Сырдарияны жағалап, Арал маңынан әрі қарай Батыс елдеріне өткен. Ұлы жібек жолының түркі мемлекеттері территорияларынан өтуы көшпелі мәдениеттің отырықшы мәдениетпен ұштасуына, сауданың, елдердің өзара қарым-қатынастарының, ақша-тауар қатынасы мен бәсекелестіктің дамуына, сауда жолы бойында гүлденген қалалардың пайда болуына ықпал еткендігі сөзсіз.
Сұрақ: Ғұндар империясының құрылу тарихын баяндаңыз
Жауап: 374 ж. хундардың басшысы болып Еділдің бойынан шыққан Баламир сайланды. Əскер жинаған Баламир готтарға – шығыс-герман
дық тайпаларға қарсы жорыққа аттанады. Алғашқыда олар готтармен соғысып, мықты жауды жеңуге қол жеткізеді. Готтардың бір бөлігі хундарға бағынса, екінші бөлігі вестготтарға қарай кетуге мəжбүр болады, ал остраготтардың патшасы Германарих өз-өзіне қол салады. Остраготтарды жеңген Баламир əрі қарай жылжи отырып, 375 жылы Днепр өзені маңында Вестгот əскерлеріне соққы береді де, олар- ды Днепрге қарай шегінуге мəжбүр етеді. Готтардың басым бөлігі Дунайға қарай қашып, шығыс Рим императоры Валентиннің пана болуын өтінеді. Осылайша хундар ақырындап болса да Батыс Европаға ендеп кіре бастайды. 378 жылы Рим империясы шекарасына жақындады. Ендігі жер- де хундардың ордасы Еділден Қара теңіз далаларына көшірілді. Еуропада хундар – ғұндар деп аталды. 400 жылы Баламир қайтыс болып, билік Жұлдыз ханның қолына өтті. 409 жылы оның əскерлері Дунайдан өтіп Византияға қарсы соғыс ашты. 434 жылы Хун тағына 40 жастағы Аттила отырды. Аттиланың үнемі түрі қаһарлы болды, аз сөйлеп, ой үстінде жүреді. Оның қол астындағы əртүрлі деңгейдегі басшылары алтынмен апталып, қаруларын бағалы тастармен көмкеріп жүретін. Ал Аттиланың өзі өте қарапайым киінді. Ол мейірбан жəне əділ болғандықтан, оны ғұндармен бірге барлық қол астындағы ел жақсы көрді. Онда қыз-метте көптеген византиялықтар, германдықтар, славяндар жəне т.б. болды. Аттила өзінің батырлығымен, кең пейілділігімен ерекшеленетін. Аттила тарихта Ұлы əскери қолбасшы, Ұлы саясаткер есімімен қалды. Ол Еуропалық Хун қағандығын нығайтты, мемлекетті Еуропадағы ең ықпалды жəне ең мықты елге айналдырды. Қағандық 375 жылдан 454 жылға дейін өмір сүрді.
Сұрақ: Еуропалық ғұндардың тарихи роліне сипаттама беріңіз
Жауап: б.з. басындағы І ғасырда Хун одағы екіге бөлініп, бірі – Шығыс Хун мемлекеті, екіншісі Солтүстік Батыс хун мемлекеті деп аталды. Солтүстік Хун мемлекеті шығыс Еуропаға қарай жылжып отырып Азов теңіз бойындағы аландарды, мың жылдық тарихы бар Керч бұғазы мен Қырымдағы Боспор патшалығын, өзде рін Рим империясы мен байлығының мұрагерлеріміз деп есептеген Вестготтарды кері шегіндірді, Остготтарды талқандай отырып Еділ мен Дунайға дейінгі мекендеген түрлі халықтар мен тайпаларды өздеріне бағындарды. Еуропалық Хун империясының гүлденген кезі – Еділ (Аттила) патша тұсына сəйкес келеді. Аттила мемлекеттік құрылысты жетілдіре отырып, ежелден хун тайпаларында қалыптасқан мықты əскери тəртіптің негізінде Днестірден Римге дейінгі, Балтық теңізінен Қара теңізге дейінгі алып территорияға əмірін жүргізді. Батыс жəне Шығыс Рим империялары Атилла билігін мойындады. Еуропалық Хун державасы мұнда үстемдік құрып келген құлдық қоғамды құлатты, герман тайпаларын кері шегіндірді, мұндағы мəдениеттің дамуына елеулі үлес қосты.
Сұрақ: Ежелгі орта ғасырлардағы түркі мемлекеттерінің ортақ ерекшеліктерін анықтаңыз
Жауап: Ежелгі орта ғасырларда түркілердің Көктүріктер мемлекеті, Шығыс және батыс түркі қағандықтары, Ұйғыр, Қырғыз, Түргеш, Оғыз, Қарлұқ, Хазар, Қарақан, Қимақ, Салжұқ мемлекеттері өмір сүрді. Ортақ ерекшеліктері: мемлекеттерді қаған басқарды, оң және сол қанат болып бөлінді, әскерде ондық жүйе үстемдік етті, шаруашылықтарында көшпелі және жартылай көшпелі тұрмыс өмір сүрді, басым көпшілігінің діні тәіңіршілдік кейңнен ислам дінін қабылдады, жазуы –руна болды.
Сұрақ: Сұлу қағанның сыртқы саясаттағы ұстанымдарына баға беріңіз
Жауап: 711 жылы Сұлу Жетісуға қайтып оралып, өзін Түркеш қағаны етіп жариялады. Сөйтіп Түркеш мемлекеті қайта жаңғырып, өмірге келді. Бірақ қағанат жағдайы өте ауыр еді. Оған екі бағытта қажырлы күрес жүргізуіне тура келді. Батыста арабтардың үсті-үстіне жасаған жорықтарына тойтарыс беру керек болса, шығыста Тан империясынан төнген қауіпті залалсыздандыру болды. Алайда түркештерге ол кезеңде негізгі қауіп арабтар тарапынан төнген еді. Сондықтан түркештер VII ғасырдың 20-50 жылдарында Орта Азия халықтарының арабқа қарсы күрестеріне белсене қатысты. 720-721 жылдары Сұлу қағаннның əскер қолбасшыларының бірі Кул Чар соғдыдағы араб басқыншыларына қарсы сəтті əскери жорықтар жасады. 728-729 жылдары Самарқан мен Бұхара тұрғындары, сондай-ақ соғдылықтардың арабтарға қарсы күресі күшейеді. Олар түркештерден көмек сұрады. Түркештер көмекке келіп, арабтарға қатты соққы берді. Нəтижесінде Самарқаннан басқа жерлердің бəрі арабтардан тазартылды. Тек 732 жылдың аяғында Товавис қаласы түбінде түркештер араб билеушісі Жунейд Абдуллахтан жеңіліс тапқаннан кейін ғана арабтар Бұхараға кіре алды. 737 жылы Сұлу қаған арабтарға қарсы тағы жорыққа шығып, Тохарстанға дейін жетеді, бірақ əскер санының аздығынан арабтардан жеңіліп қалады. Сол жорықтан қайтып келе жатып Нева кент қаласының түбінде Сұлу қаған өз қолбасшысының Кул Чар қолынан 738 жылы қаза тапты.
Сұрақ: Ұйғыр қағанатының ішкі сыртқы саясатына сипатама беріңіз
Жауап: VIII ғасырдың ортасында құрылған іргелі Ұйғыр қағандығы Орталық жəне Шығыс Азияның, оның ішінде Тань империясының тарихи тағдырына елеулі əсер етті. Ғұн мен Көктүрік мемлекеттерінің тірегі болған үлкен халық шоғырын құрайтын төле топтарының негізінде тарихи маңызды рөл ойнаған ұйғырлар 9 тайпа болып, мемлекет құру кезеңінде басмыл мен қарлұқтардың да қосылуымен 11 тайпа болып, Ұйғыр мемлекетін басқарған. Ұйғыр əміршісі Құтлық білге күл қағанның өзі Иоблақтар тайпасына кіретін. Құтлық білге күл қағанның өлімінен кейін орнына ұлы Баян-Чу (Мойен Чар) қаған келеді. Баян-Чу қаған заманында Қытай империаторлары өз мемлекетіндегі үкіметке қарсы бас көтерулерді басу үшін ұйғыр қағандарынан көмек алып отырды. Қытай мемлекеті қымбат сыйлықтар мен жылдық салық беру арқылы Ұйғыр мемлекетінің көңілін аулап, достық орнатты. 759 жылы Баян-Чу қаған қайтыс болып, орнына ұлы Бөгі таққа келді. Бұл қағанның заманында да Қытайдағы ішкі шайқастар бітпеген болатын. Егер ұйғырлар қаласа, бұл кезде бүкіл Қытайды өзіне бағындыруға болатын еді. Алайда, түркілік түсінік бойынша Қытайды Қытайда отырып басқару билеуші мемлекетке қауіп төндіруі мүмкін деген сенім бар еді. Сондықтан, Ұйғыр қағаны солтүстік Қытайды ғана өзіне бағындырды. 762 жылы Ұйғыр қағандығының ордасы Ордабалыққа Соғдының жəне Шығыс Қытайлық Түркістанның саудагерлері мен миссионерлері келді. Сол тұста ұйғырлардың манихей діні қабылдануы түркі тарихына үлкен өзгерістер алып келді. Ең алғашында түркілер шамандықтардың айтуынша: «өлімнің өзі адамның болашақ өміріне пайда əкеледі» деген қағидамен таныс еді. Содан соң олар жануарлардың етін пісіріп жеуге тыйым салған манихей дінімен таныс болды.
Сұрақ: Оғыз тайпаларының Қазақстандағы географиялық орналасу териториясын анықтаңыз
Жауап: Оғыздар (ежелгі түрікше – оғуз; қазақша – оғыз) — орта ғасырларда Орталық Азияда өмір сүрген түрік тілдес тайпалар. Шығыс Моңғолияны мекендеген Оғыздар шамамен 8 ғасырдың орта шенінде Жетісудан Қаратау бөктері мен Сырдарияның төменгі ағысы алқаптарына жылжи бастаған. 9 ғасырдың соңы мен 10 ғасырдың ортасында Арал теңізі, Каспий теңізі және Сырдарияның төменгі алқаптарында Оғыз мемлекеті құрылды. Мемлекет орталық Янгикент (Жаңакент) қаласы болды. Махмұт Қашқари оғыздардың Сабран (Сауран), Сіткун (Сүткент), Суғнақ (Сығанақ), Қарнақ, т.б. қалалары болғандығын айтады. 11 ғасырдың ортасында шығыстан келген қыпшақтар оғыздар мемлекетін талқандады. Оғыздардың бір бөлігі батысқа кетіп, оңтүстік орыс далаларына қоныс тепті, салжұқтар басқарған басқа бір бөлігі алдыңғы Азия елдерін жаулап алды. Оғыздардың солтүстік-батыстағы бөліктері бертін келе Еділдің төменгі бойындағы татарлармен, оңтүстік Оралдағы башқұрттармен сіңісіп кетті. Сырдария, Арал алқаптары мен Солтүстік Каспий маңын мекендеген Оғыз тайпалары қазақ тарихында айтарлықтай із қалдырған. Оғыздардың 11 – 13 ғасырларда Кавказ бен Кіші Азияға өтіп кеткен оңтүстік тобы әзірбайжан, түрік, гагауз халықтарының этногенезінде маңызды рөл атқарды.
Сұрақ: Қараханиттер мемлекетінің түркілер тарихынағы алатын орнын сипаттап жазыңыз
Жауап: Қарахан мемлекеті – ортағасырлық мемлекет. Өмір сүрген уақыты мен шекарасы әлі дәл анықталмаған. 10 ғ-дың ортасы – 13 ғ-дың басы; кейбір деректерде 10 ғ-дың 90-жылдарында болды деп көрсетіледі. Құрамына Шығ. Түркістан, Жетісу, Мауераннахрдың едәуір бөлігі кірген. Мемл. билеушілер әулетіне байланысты аталған (қ. Қарахан әулеті). Мемлекеті түркі тайпаларынан тұрған, әсіресе, қарлұқ, қаңлы, шігіл, яғма тайпалары үлкен рөл атқарған. Билеушілер яғма тайпасынан шыққан. Ол тайпалар Іле, Шу өзендерінің бойын, Тараз аймағын мекендеген. 992 ж. Харун боғра хан Бұхара қ-н басып алды, оның мұрагері Насыр І 996 – 999 ж. бүкіл Мауераннахрды бағындырды. Бұрынғы қалаларда сауда-саттық күшейіп, жаңа қалалар салынды. 10 ғ-да қазіргі Қазақстан жері арқылы маңызды сауда жолдары өтті. Солардың бірі Шу өз. алқабын бойлап, Іле Алатауының сілемдері мен Талғарға дейін жетті де, одан әрі тармақталып кетті. Бір тармағы Шелекті басып өтіп, Шығыс Түркістанға дейін, екіншісі Іле өз. мен Алакөлден өтіп, Моңғолияға дейін созылды. 960 ж. Қ. м-нде ислам ресми мемл. дін ретінде қабылданды. Мәдениеті дамыды. Түркі тілінде шығармалар жазылды. Солардың бірі – Жүсіп Баласағұнидың “Құтадғу білік” (1069), Махмұт Қашқаридың “Диуан-и лұғат ат-түрк” атты туындылары. Архитектура мен сән өнері өріс алды. Мыс., Үзгендегі айшықты ою-өрнекті, порталды кесенелер.
Сұрақ: Шыңғыс хан әскерлерінің Орталық Азияға қарсы соғысының барысы және нәтижесіне мысал келтіріңіз
Жауап: Шыңғыс ханҚазақстан мен Орта Азияға жорықты Жетісу арқылы жүргізбекші болды. Өз басының жауы болған найманның ханы Күшлік ханды талқандап, бай қалалары бар Жетісуды өзіне қарату үшін оған Жебе ноян бастаған әскер жіберді.Жетісуды Шыңғыс хан көп қарсылықсыз басып алды. Оны бағындырғаннан кейін Шыңғыс ханның Мәуереннахрға, сол кезде Орта Азияны билеп отырған Хорезм мемлекетіне қарсы жол ашылды. 150 мың адамдық қол Орта Азияны бағындыруға аттанды. моңғолдарОтырарға таяп келгенде моңғолдардың басшысы Шағатай мен Үгедей бастапан бірнеше түменді қаланы қоршау үшін қалдырып, әскерлердің Жошы бастапан басқа тағы бір шоғыры Сыр бойымен төмен бағыттады. Үшінші шоғырға Сырдарияның жоғарғы ағысы бойындағы қалаларды бағындыру міндетін жүктеді. Шыңғыс хан ұлы Төлемен бірге әскерімен Бұхарға беттеді. Хорезм шахы Мұхаммед моңғолдарға қарсы тұруға дайын емес еді. Ол әскери күштерді әр қалаға бөліп ұстап отырды. Мұның өзі Шыңғыс ханға қалаларда тұрған шағын шоғырды оңай құртып жіберуге мүмкіндік берді. 1219 ж. күзінде Шыңғыс хан зор армияны Жетісу арқылы Мәуереннахрға аттандырды. Оңтүстік Қазақстан халқы қатты қарсылық көрсетті. Мысалы Отырар 6 ай бойы (1219 ж. қыркүйек — 1220 ж. ақпаны) қарсыласты. Алайда әскер басыларының бірі Қараджа түн ішінде қақпаны ашып жіберіп, моңғолдарға өтіп кетті. Әскер осы қақпа арқылы қалаға кіріп, оны талқандады. Сөйтіп Отырар қамалын жермен-жексен еткен Шағатай мен Үгедей бастапан әскер Шыңғыс ханға қосылды. Бұл кезде Шыңғыс хан Бұхара мен Самарқанд арасындағы жолда болатын Сығанақ қаласы да, ашнас та ерлікпен қорғанды. 1220 ж. 4 сәуірде моңғолдар Жентті алды. Сыр бойындағы қалаларды жеңгеннен кейін Шыңғыс әскерлері Орта Азияның ішіне кірді. Халық ерлікпен қорғанды. Бұхар, Самарқанд, Үргеніш үлкен қарсылықпен алынды. 1219—1221 жж. Шыңғыс хан әскері Орта Азияны ойрандады. 1221 ж. көктемінен бастап соғыс хорасан, Ауғанстан және Солтүстік Үндістан мемлекеттерінің жеріне ауысты.
Сұрақ: Османдардың сыртқы саясатындағы жетістіктеріне мысал келтіріңіз
Жауап: ХVІ ғасырдың қарсаңында Осман империясы өзінің қол астына Балқан түбегін түгелдей дерлік бағындырды. Енді түрік сұлтандары 1501 ж. Əзербайжанда бұрынғы Ақ Қойлылар мемлекетінің орнында құрылған Сефевилер мемлекетімен күресе бастады. Шешуші шайқас 1514 ж. тамыз айында Шалдырған жазығында (Маку қаласының маңында) болды. Осман түріктерінің əскері жеңіске жетті, Тавризды басып алды. Сұлтан Селим І Исмаил Шахтың қазынасын, бала- шағасын Стамбулға алып кетті. Сондай-ақ Тавризден 700 ұста- шеберлердің отбасы да Стамбулға көшірілді. 1515 жылғы бітім шарты бойынша Туркияға Батыс Армения Эрзерум қаласымен, Ирактың Мосул қаласына дейінгі солтүстігі қосып алынды. Арменияның жартысы, Күрдістан, Ирактың көп жері жəне Əзербайжан сефевилер мемлекеті құрамында қалды. Туркия мен сефевилер мемлекеті арасындағы Закавказье үшін күрес 1555 жылға дейін толастамады. Бұл күрес суннит түріктердің шиит қызыл бастарға қарсы күресі ретінде жүрді.Арабтармен күрес. Түріктер ХVІ ғасырда көптеген араб елдерін басып алды. Ең алдымен /1516—1517 жж./ сұлтан І Сəлимнің кезінде бостандығынан құрамында Ливан мен Палестина бар Сирия жəне Египет айырылды. Түрік үстемдігіне дейін онда мамлюктердің əскери-феодалдық кастасы билік құрды, оны мамлюк сұлтаны басқаратын. Мамлюктер астанасы Каир болды. 1515—1517 жылдары түрік сұлтаны І Сəлимнің əскері Сирия мен Египетті басып алды. Түрік армиясы оқ-дəрімен атылатын қару- жарақпен қаруланған еді. Мамлюктер қылыш, найза, садақпен ғана қаруланған болатын. Түрік зеңбіректерінің гүрсіліне шыдай алмай, кейін қарай жосылған мамлюктердің сұлтаны аттан құлап өлді. Түріктер Сирияның астанасына жақындай бергенде жергілікті халық мамлюктерге қарсы көтеріліске шықты. Түрік сұлтаны І – Сəлим Дамаскке салтанатты түрде келіп кірді.
Сұрақ: Қоқан хандығының Қазақстанның оңтүстігінде жүргізген саясатына сипаттама беріңіз
Жауап: Қоқан хандығы (1710 – 1876) – Ферғана жазығында 18 – 19 ғасырларда болған мемлекет. Астанасы – Қоқан қаласы Қоқан хандары өздерін Шыңғыс ханның ұрпағымыз деп санаған. 19 ғасырдың 1-жартысындағы билеушісі Әлім хан (1800 – 1809), Омар (1809 – 1822) және Мұхаммед Әлі (Мәделі, 1822 – 1842) тұсында Қоқан хандығы дәуірлеп тұрды, саяси жағынан нығайып, территориясы ұлғайды. Ташкент, Ходжент, Қаратегін, Дарбаза, Куляб, Алайды өзіне қаратып алды.
1808 – 1815 жылдары Қоқан хандығы жойқын ұрыстардың нәтижесінде Абылай хан тұқымының қарамағындағы Шымкент, Түркістан қалаларын жаулап алды. Түркістан қаласын жаулап алуы Қоқан хандығы мен Бұхара әмірі арасындағы қарым-қатынасты одан әрі ушықтыра түсті. Түркістаннан қашқан Тоқай төре Бұхара әміріне барып паналады. 19 ғасырдың 20-жылдары қоқандықтар Ұлы, Орта және Кіші жүз қазақтары қоныстанған Арал тенізінен Шу, Іле өзендеріне дейінгі аралықты жаулап алды. Соның нәтижесінде Қоқан хандығы ның шекарасы батыста Хиуа, Бұхар хандықтарымен, шығысында Шығыс Түркістанмен, оңтүстікте Қаратегін, Дарбаза және Кулябпен шектесіп жатты, солтүстікнде Шудың орта ағысын бойлай отырып Балқашқа дейін жетті. Қоқан хандығы билеушілері Сырдария бойында Дінқорған, Қошқорған, Жаңақорған, Күмісқорған,Шымқорған,Жүлек,Шудың бойында Тоқмақ, Пішпек, Меркі, Сарысуда Қаражар, Төртқұман, Ұлытау бекіністерін Қорағаты өзенібойында Иткешу бекінісін салдырды. 1826 жылы Әулиеата бекінісінің негізі қаланды. Қоқан бекіністері төңірегінде көшіп-қонып жүрген қазақ қауымдары жылына түндік басы 6 қой, 24 қап көмір, 4 өгіз арба сексеуіл, 100 бау қамыс тапсыруға міндетті болды. Ал егіншілер егіс өнімінің үштен бірін Қоқан хандығы қазынасына төлеуге тиісті еді. Оның үстіне соғыс кезінде қару ұстауға жарайтын әрбір қазақ Қоқан бектерінің қол астында әскери қызмет атқаратын. Осындай езгіге қарсы қазақ халқы талай рет бас көтерді (1821, 1858). Бұл қозғалыстар жақсы ұйымдастырылмай жеңіліске ұшырады.
Сұрақ: 17-19 ғғ. Осман империясының әлеуметтік-экономикалық дамуы ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз
Жауап: Осман мелекеті XVII ғасырда аса үлкен территорияда үстемдік құрды. Əлемдегі ең мықты мемлекеттердің бірі болып қала берді. Бірақ мемлекет ішінде кейбір ыдырау белгілері байқала бастады. Сол себепті бұл ғасырды кейбір зерттеушілер тоқырау кезеңі деп те атайды.19 ғасырдың 70 жылдары Осман империясының шетел державаларына тәуелділігі ұлғая түсті. 1870-71 ж. Франция-Прусс соғыстарынан кейін, Түркияның халықаралық жағдайы қиындай түсті. Англиямен Францияның Осман империясының территориясын жаулап алу әрекеті күшейді. Түркия мен Балқанды басып алу күресіне Германия қосылды. 1870 ж бастап патшалық Ресей өзінің түріктерге қарсы саясатын күшейтті. Ел экономикасының негізгі салалары ауылшаруашылығы күйзеліске ұшырап, қала тұрғындарының жағдайы нашарлады. Феодалдық тәртіппен шетел тауарларының бәсекелестігі капиталистік қатынастың дамуына кедергі келтірді. Сұлтан үкіметі үнемі-ақ қаржы тапшылығын басынан өткерді. Шетел банкирлерінен тиімсіз жаңа қарыздар ала бастады. 1870-74 ж. түрік үкіметі шамамен 3 млрд. франк көлемінде шет ел несиесін алу туралы келісімге қол қойды. Ашара салығы өсті. Осылайша, 19 ғасырдың 70 жылдарында Осман империясының ішінде дағдарыс күрт шиеленісті. Империя территориясында халық наразылығы туды.
Сұрақ: Хиуа хандығындағы саяси тұрақсыздықтың себептерін негіздеңіз
Жауап: Хорезмде 1511 жылы ирандық “Қызылбастыларға” қарсы астыртын қарсылық басталды. Кезінде Əбілхайыр ханға қарсы шыққан Хорезмдік өзбек тайпалары осы Дешті Қыпшақта Шайбанийлермен жақын өмір сүрген жəне олармен достық қатынаста болмаған Берке сұлтанның екі ұлын Эльбарсхан мен Бильбарсханды Хиуа тағына жасырын шақырды. Аға-інілер шақыруды қабыл алып Хиуаға келді. Хиуа халқы “қызыл бастыларды” құлатып, Эльбарсты хан етіп көтерді. Эльбарсхан тез арада Хорезм жерлерін солтүстік Хорасанның үлкенірек жерлері, Амударияның оң жағалауындағы жерлер жəне Түркістанның оңтүстігіне дейінгі жерлер есебінен кеңейттірді. Осы өңірлерде Хиуа хандығының негізі қаланды. Хандықтың астанасы алғашқыда Уəзір қаласы, кейіннен Үргеніш жəне Хиуа болған. Хиуа хандығына Эльбарс негіз салса да, оның кезінде хандық бірнеше феодал иеліктерге бөлінген болып, оларды басқарып жатқан ханзадалар арасында үздіксіз соғыстар болып тұрды. Əсіресе, бұл соғыстар, 1538 жылы Эльбарсхан өлген соң оның мирасқорлары арасында күшейді. Оның үстіне Хиуа хандығына қарсы Шайбанийлерден Убайдуллахан (1538) жəне Хиуа ханы Аванешті өлтіріп, орнына өз ұлы Абдулазизді отырғызды, бірақ феодалдық соғыстар тоқтамады. Əсіресе, Хиуа тағында Араб Мұхаммед (1602-1643) отырған кезде шырқау шегіне жетті. Қысқасы, ХVІ ғасырдың 40-жылдарынан бастап Хиуа хандығында өзара күрестер, əсіресе хандықта өзбектер мен түрікмен тайпалары ортасында қайшылықтар, одан басқа айналасындағы қазақтар жəне қалмақтардың шабуылдары хандықты əлсіретті.
Сұрақ: Бұхара хандығының құлауының себептері мен салдарын бөліп жазыңыз
Жауап: Бұхара ресми хандық ретінде ІІ Абдулла кезінде 1557 жылы қалыптасты. Ол 1557-1598 жылдары билік құрды. ІІ Абдулла өз алдына бұрынғы, яғни Мұхаммед Шайбани дəуіріндегі Шайбанилер мемлекетінің құдіретін қалпына келтіру мақсатында Ташкент əкімдері, Хисар əмірлері, Самарқант сұлтандарымен тоқтаусыз соғыс алып барды. Осы қанды соғыстар себепті өлкеде болып өткен қорқынышты оқиғалар Хафиз Таниш Бухарийдің “Абдулланома” шығармасында баяндалған. ІІ Абдулла өз билігі кезінде тынымсыз алып барған соғыстар нəтижесінде 1573 жылы Ферғана, 1574 жылда Шахрисабз, Қарши, Хисар, 1578 жылда Самарқанды өзіне қаратқан соң, 1582 жылы Дешті Қыпшақ билеушісі Барақханның үстіне жорық жасап, жеңген соң Шохрухия, Сайрам, Ахаңгаран қалаларын иеленді. Ең соңында 1595 жылы Хорезмді басып алды. Осылайша ІІ Абдуллахан ХVІ ғасырдың 90-жылдарының басына дейін бүкіл Орталық Азия жерлерін өз иелігіне қаратты. Ол Бұхараны мемлекеттің астанасы ретінде барынша дамытты. Оның мемлекеті əлеуметтік, əскери жəне мəдени құдіреті бойынша өз кезеңінің ең күшті мемлекетіне айналды. Сондықтан бірқатар əлем мемлекеттерінің ІІ Абдулла хан мемлекетіне деген көзқарасы мен қызығушылығын арттырды. Соның арқасында ол басқа мемлекеттермен түрлі салаларда байланыс орнатуына мүмкіндік туды. 1558 жылы Москва князы Иван Грозный Антоний Женкинсон басшылығындағы өз елшілерін Бұхараға аттандырды. Өз кезегінде ІІ Абдуллахан да өз елшілерін Иван Грозный жəне оның ұлы Федорға жіберді. Бұдан басқа ол 1572, 1576 жылдарда өз елшілерін Үндістан патшасы Акбаршах сарайына аттандырды жəне Акбаршахты Иран шахы Аббасқа қарсы бірге күресуге тартуға əрекет жасады. Акбаршах та өз сыйлықтарын беріп жіберді. Бірақ ІІ Абдулла ханның соңғы жылдары Бұхара үшін ауыр болды. Қазақ ханы Тəуекел хан Мəскеу патшасы Федор Иванович вассалдығына өтіп, оның көмегімен ІІ Абдуллаханға қарсы соғыс бастап, тез арада Ташкент, Түркістан, Самарқант жəне Андижан қалаларын иеленді. 1598 жылы өз ұлы Абдумомынның ІІ Абдулла ханды өлтіруі Шайбанилер мемлекетінің құлдырауын тездетті.
Сұрақ: Патша үкметінің Кавказдағы отарлық саясатының ерекшеліктерін сипаттап көрсетіңіз
Жауап: Ресей империясының Кавказ халықтарын бағындыру үшін 18 – 19 ғасырларда жүргізген соғыстары. 18 ғасырдың бас кезінен бастап Ресей үкіметі Кавказдағы өзара қырқысып жатқан халықтардың ішкі істеріне араласа бастады. 1722 – 23 жылы парсы жорығы кезінде Ресей әскерлері Дербент пен Бакуді басып алды және Солтүстік Кавказда әскери бекіністер тұрғыза бастады. 1768 – 74 жылы орыс-түрік соғысы кезінде Кавказдағы кейбір халықтар (ноғай, кабарда-черкес, шешен, т.б.) Ресейге қарсы түрік-татар әскерлері жағында соғысты. Бірақ, 1774 жылы Түркия жеңіліп, Кабарда мен Солтүстік Осетия Ресейге қосылды. Ресей үкіметі Грузия соғыс жолының құрылысын бастап, оның бойында бірнеше бекіністер, соның ішінде Владикавказ қорғанын (1784) салды. 1785 жылы Шешенстан мен Кабарда жерінде отаршыларға қарсы ұлт-азаттық көтерілісі басталып, бірден көрші аймақтарға тарап кетті. Көтеріліс басшысы Шейї Мансур Кавказ халықтарын ғазауат соғысына шақырды. Мансурмен соғысу үшін және Түркия тарапынан қауіптенген Ресей Шығасыр Грузиядағы әскерін кері шақырып алуға мәжбүр болды. Шешенстан мен Дағыстандағы көтерілістер діни сипат алып, 19 ғасырдың бас кезінде одан әрі күшейді. Олар Кавказдағы Ресей армиясына (қолбасшысы А.П. Ермолаев) бірнеше күшті соққылар берді. Патша әскерлері көтерілісшілерді қатты жазалап, Шекин, Шерван, Карабах хандықтарын жойып жіберді де, жаулап алған жерлерге Внезапная (1819), Бурная (1821) бекіністерін тұрғызды. Ал көтерілістер толастау орнына одан әрі күшейе түсті. Азаттық қозғалысы ислам дінінің жауынгерлік ағымы мүридшілдікті бетке ұстады. Бұл көтерілістерді Иран және Түркия үкіметтері өз мүдделеріне пайдалануға тырысты, бірақ орыс-иран (1826 – 28), орыс-түрік (1828 – 29) соғыстары Ресейдің жеңуімен аяқталды. 19 ғасырдың 30-жылдары Шешенстан және Дағыстан жерінде шешен, авар тайпаларынан тұратын жаңа мемлекет – имамат құрылды. Бұл мемлекет 3-имам Шамиль басқарған кезде нағыз дәуірлеу шағына көтерілді (қ. Шамиль). Шамиль имамат аймағын 2 есе ұлғайтып, Лазарев, Вельяминов, Николаев, Михайлов бекіністерін басып алды. Көптеген жазалаушы отрядтарды талқандап тастады. Осыдан кейін 1840 – 50 жылы Ресейге қарсы адыгейлер, абхаздар, Оңтүстік Осетия, Грузия, Кабарда, Дағыстан халқы түгелімен көтерілді. 1853 – 56 жылы Қырым соғысы кезінде Шамиль Түркия мен Англиядан көмек алуға ұмтылды. Бірақ ұзаққа созылған соғыстардан көтерілісшілер қажып, қатарлары сирей бастады, әрі Кавказ халықтары Ресей бекіністерін талқандағанымен, Түркияға да бағынғылары келмеді. 1856 жылы Париж бітімінен кейін Ресей үкіметі көтерілісшілерді басуға 200 мың әскер шығаруға мүмкіндік алды. 1859 жылы патша әскерлері көтерілістің негізгі ошағы Шешенстан мен Дағыстанның таулы аудандарын жаулап алды. 1859 жылы 25 тамызда Шамиль қолға түсіп, ішкі Ресейге жер аударылды. Сөйтіп, Ресей империясы орасан зор күш жұмсаудың арқасында Кавказ халықтарын бағындыруға қол жеткізді.
Сұрақ: Ұлы жібек жолының түркі елдеріндегі тармақтарын көрсетіңіз
Жауап: Егер Жібек жолымен батыстан шығысқа қарай жүрсек, оның Қазақстандағы учаскесі Шаштан (Ташкент) шығып, Тұрбат асуы арқылы Исфиджабқа, Сайрам (Сарьямға) келеді. Исфиджабтан құлдарды, бөз маталарды, қару-жарақты, семсерлерді, мыс пен темірді әкетіп жатқан. Испиджабтан шыққан керуендер шығысқа қарай бет алып, Шараб және Будухкент қалалары арқылы Таразға барады екен. Қырмыраудан жол салдырып отырып, Жетісудың ең ірі қаланың бірі — Науакентке (Қытайша Синчен) апаратын. Бұл екі атау да Жаңа қала деп аударылады. Науакент түрік қағандарының сарайы және соғдылардың қаласы болған.Жол Науакенттен шыққасын Пенджикент (Бунджикет) арқылы Жетісудың аса үлкен қаласы, Батыс Түріктерінің астанасы (кей түргештер, қарлықтар астанасы) Суябқа келеді. Суяб қаласынан керуен жолдың не солтүстік, не оңтүстік тармақтарымен жүріп, Ыссық көлдің жағалауына шығады. Ал керуен жолы Ыссық көл қазан шұңқырынан Санташ асуы арқылы Қарқара жайлауына барып, төмендеп Іле алқабына түседі де, өзеннің оң жағалауын бойлап отырып, Үсек пен Хоргос алқаптарынан өтіп, Алмалық қаласына барады, ал сосын Такла-Макан шөлінің солтүстік жиегін айналып, Хами мен Тұрфан көгал аймақтарын басып, Дунхуан мен Қытайға жететін болған.X—XII ғғ. Жібек жолының бір тармағы күллі Іле алқабын оңтүстік-батыс жағынан көктей өтіп, солтүстік шығысқа қарай кетеді екен. Бұл тармақ Науакенттен басталып, Бунджикен және Қастек асуы арқылы жүріп, Іле Алатауының теріскей жоталарына әкелген. Тәлхизден Жібек жолы екіге айрылады: оңтүстік желісі Есік пен Түрген, Шелек үстімен жүріп, Іленің Борохудзир маңындағы өткелінен өтіп, оның оң жағалауын қуалап, Хорғос арқылы Алмалыққа жетеді де, осындағы Ыссық көл жақтан келген жол тармағымен қосылады. Испиджаб қаласынан шығатын керуен жолы Арыс бойындағы Арсубаникетке, содан Отрар-Фарабқа иек артып, Сырдария бойымен жүріп, Арал өңіріне барған. Жібек жолының Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу арқылы өтетін негізгі арқауынан жол тарамдалып, терістік пен шығысқа қарай, Орталық және Шығыс Қазақстан аудандарына, кейін Сарыарқа атымен мәлім болған Дешті-Қыпшаққа, Ертіс жағалауы мен Алтайға, Моңғолияға асып кетеді екен. Осы арамен атты көшпелілер тайпалары жүретін дала жолы өткен. Сөйтіп малға, жүн мен теріге, металға бай Орталық Қазақстан аймағы сауда-саттық байланыс жүйесіне, оның ішінде халықаралық жүйеге тартылып, көптеген керуен сүрлеулері арқылы Жібек жолы торабымен тоғысады. Теріскей-Іле жолының бір желісі Алакөлді батыс жағынан айналып өтіп Тарбағатай арқылы Ертіске, қимақтар мемлекетінің жеріне жеткен. Тарбағатайда, Ертіс жағалауында Қимақтың Банджар, Ханауыш, Астұр, Сисан секілді қалалары және айналасы бекіністі қамалмен қоршалған, қақпалары темірмен құрсалған орасан зор қала — «қағандар астанасы» орналасқан еді. Қимақтың қалалары сауда жолдары арқылы Енисейдегі қырғыз, Моңғолиядағы ұйғыр қалаларымен, Шығыс Түркістанның көгалды аймақтарымен байланысып отырған.
Сұрақ: Салжұқ империясының құрылу тарихын сипаттап көрсетіңіз
Жауап: Салжұқ сұлтандығы — 11 ғасырдың соңы мен 14 ғасырдың басында Таяу және Орта Шығыс елдерінде билік құрған мемлекет. 11 ғасырдың 30-жылдары салжұқтар Ғазнауи әулетіне бағынышты болып, Хорасаннан жер алды. 1040 ж. ғазнауилерге қарсы шығып, Данденакан түбіндегі ұрыста жеңіске жетті. Иран таулы үстіртін жаулап алып, аймақтағы бытыраңқы ұсақ иеліктерді бір орталыққа бағындырды. Сол кездегі мұсылман әлемі үшін маңызы ерекше бір орталыққа бағынған қуатты ислам мемлекеті осы салжұқтар кезінде орнады. Алғашқы салжұқ билеушісі Тоғрылбек (1038 — 63) тұсында салжұқтар Хорезм, Хорасан, Иран, Әзірбайжан, Күрдістан, Ирак жерлерін жаулап алып, 1055 ж. Бағдатқа басып кірді. Халифа оған “батыс пен шығыстағы мемлекеттер дінінің сүйеніші” атағын беріп, “ұлы сұлтан” деп жариялауға мәжбүр болды. Салжұқ сұлтандығы бастапқыда екі негізгі иеліктерден тұрды.Рум сұлтанаты мен оны қоршаған мемлекеттер, Жоғары билеуші Тоғрылбек билігіне мемлекет астанасы болған Рей қаласының батысы мен оңтүстігіндегі елдер және ағасы Шағрыбекке Солтүстік Хорасан мен Орталық Азия аймағы қарады. Оның орталығы Мерв қаласы болды. Алп-Арслан тұсында (1063 — 72) салжұқтар Арменияны жаулап алып (1064), Манцикерт түбінде Византия әскерлерін жеңді (1071). 1071 — 81 ж. Кіші Азияны және басқа да аумақтарды жаулап алды. Мәлік шаһ (1072 — 92) Грузия мен Қарахан мемлекетін бағындырды. Бұл тұста Салжұқ сұлтандығының шекарасы Сырдариядан Нілге дейін, Каспийден Жерорта теңізіне дейін созылды. Мемлекет астанасы Исфаһан қаласы болды. Бірақ көшпелі оғыз және басқа да түркі тайпаларының әскери шонжарлары мен ақсүйектері байтақ аумақтарды иемденіп, орталығы өкімет билігіне тәуелсіз болуға ұмтылды.
Сұрақ: Атилланың Еуропадағы жорықтарының нәтижесіне баға беріңіз
Жауап: Еуропалық Хун империясының гүлденген кезі – Еділ (Аттила) патша тұсына сəйкес келеді. Аттила мемлекеттік құрылысты жетілдіре отырып, ежелден хун тайпаларында қалыптасқан мықты əскери тəртіптің негізінде Днестірден Римге дейінгі, Балтық теңізінен Қара теңізге дейінгі алып территорияға əмірін жүргізді. Батыс жəне Шығыс Рим империялары Атилла билігін мойындады. Еуропалық Хун державасы мұнда үстемдік құрып келген құлдық қоғамды құлатты, герман тайпаларын кері шегіндірді, мұндағы мəдениеттің дамуына елеулі үлес қосты.
Сұрақ: Алтын Орда мемлекетінің орнына пайда болған түркі мемлекеттерінің ортақ байланысын табыңыз
Жауап: Алтын Орданың ыдырауы себептері: Этникалық құрамы әр түрлі халықтар бір мемлекетте тұра алмады; Шаруашылығының өркендеуі нашар болды;Билік үшін талас күшейді;Езілген халықтың азаттық күресі күшейді.Алтын Орданың тәуелсіз иеліктерге бөлінген кезі – XIV ғасырдың екінші жартысы. Ақ Орда, Хорезм, Еділ бұлғарлары, Астрахань хандығы, Қазан хандығы, Сібір хандығы т. б.дербес мемлекеттер пайда болды. Бұлардың барлығы бұрын Алтын Орданың құрамында, кейіннен Алтын Орданың қазақстандық бөлігінде Ақ Орда, Моғолстан, Әбілқайыр хандығы, Ноғай Ордасы сияқты мемлекеттер билік жүргізген. Бұл мемлекеттердің ортақ белгісі: негізгі тұрғындары салты, дәстүрә және тілі бір түрік тайпаларынан құралған халықтар, негізгі діні –ислам, руашылығы мал және егін шаруашылығы, билік түрі хандық болды.
