Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
biostat_ekzamen.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
63 Кб
Скачать
☆

13.Таңдама анықтамасы, жіктелуі

Таңдамалар 2 топқа жіктеледі:

Тәуелді таңдама – бірдей объектілерден тұратын екі топтағы орташаларды салыстыру. Мысалы, спортшылардың физикалық жүктемеге дейінгі және кейінгі АҚ.

Тәуелсіз таңдама – бір-бірінен айырмашылығы бар объектілерден тұратын екі топтағы орташаларды салыстыру. Мысалы, науқас және сау адамдардың гемоглабин көрсеткіштерін салыстыру.

14. Д исперсия,орташа квадраттық ауытқу, стандартты қате түсініктер., формуласы

Дисперсия (D)-орташа мәнге қатысты кездейсоқ шама мәнінің шашырау сипатттамасы

Орта квадраттық ауытқу (стандарттық ауытқу) - сол сияқты өлшеу бірлігінің квадраттынан құтылу үшін енгізілген, қалыпты бірлікте шашыраудың сипаттамасы болып табылады

Орташаның стандартты қатесі. Орташа мән генералды жиынтықтан емес, шектелген таңдама бойынша анықталғандықтан, ол ақиқат (генеральды) орташадан ерекшеленеді, яғни қандай да бір орташаның стандартты қатесі деп аталатын анықталған қателігі болады.

15.Қиысу кестесі мен орайластық кестесін сипаттап жазыңыз.

Сапалық белгілерді талдау үшін өлшеуге қиын немесе мүлдем мүмкіндік туғызбайтын белгілер,құбылыстар өте көп.Мысалы,мамандық немесе патологияның түрі.Мұндай белгілер таңдау үшін қиысу кестесі қолданылады.Қиысу кестесі 2 бағаннан және 2 жлдан тұрады.Кесте бағандары 1 белгінің градациясын,жолдар басқа белгінің градациясын көрсетеді.

а

в

а+в

с

d

C+d

A+c

В+d

N=a+в+c+d

Бірінші таңдама тәуелсіз болған жағдайда Персонның Х2 критериі бойынша есептейміз.Таңдама тәуелді болғанда Мак Неймар Х2 критериі бойынша есептейміз.

Персон.Х2=

Мак Неймар.Х2

Екі сапалы белгілер арасындағы байланыс өлшемін есептеу үшін Юла коэфициенті қолданылады.

Q=

Егер Юла коэфиценті 1-ге жақын болса,байланыс күшті,0-ге тең болса,байланыс жоқ.Юла коэфиценті тәуелсіз таңдамада қолданылады.

16. Сандық пен сапалық белгілердің айырмашылығы

Кез-келген биообъект қандай да бір белгілермен сипатталады, мысалы бой, салмақ, артериалды қысым және т.б. Белгілер сандық және сапалық белгілер болып жіктеледі, сандық белгілер санмен өрнектеледі, үздіксіз және дискретті болып 2 ге бөлінеді.

Дискретті белгілер – ең кем дегенде бір өлшем бірлікке ерекшеленетін белгілер, мысалы жанұядағы адам саны, төсек – күн.

Үздіксіз белгілер – бір – бірінен қанша болса да кез-келген аз шамаға ерекшелене алатын белгілер, мысалы бой, адам салмағы.

Сапалық белгілер категориялармен өрнектеледі, ординалды және номиналды болып жіктеледі. Номиналды белгілер – жыныс (әйел, еркек), көз түсі (қоңыр, қара, көк).

Ординалды белгілер мағынасы реттелген бола алады, яғни өсу немесе кему бойынша орналаса алады. – өмір сүру сапасы (нашар, қанағаттанарлық, жақсы, өте жақсы), дене қызуы (қалыпты, көтеріңкі, жоғары, өте жоғары).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]