- •Емтихан сұрақтары:
- •2.Статистикалық жиынтық түсінігіне анықтама .Жіктемесі
- •3. Графикалық бейнелеу, құрастырғандағы ережелері
- •4.Белгілердің жіктелуі, анықтамасы
- •5.Салыстырмалы өлшемдер, медициналық статистикада қолданылатын салыстырмалы мөлшерлерді жаз
- •6.Дискретті статистикалық таралудың сандық сипаттамалары. Дискретті статистикалық таралудың сандық сипаттамалары.
- •10. Мода, медиана,вариациялық қатар анықтау тәсілдері
- •7.Сапалық белгілерді сипаттап анықтамасын жаз
- •8.Сандық белгілерді сипаттап анықтамасын жаз
- •9. Диаграммалардың жіктелуі
- •13.Таңдама анықтамасы, жіктелуі
- •14. Д исперсия,орташа квадраттық ауытқу, стандартты қате түсініктер., формуласы
- •15.Қиысу кестесі мен орайластық кестесін сипаттап жазыңыз.
- •16. Сандық пен сапалық белгілердің айырмашылығы
- •17.Сапалық белгілерді талдаудағы Хи-квадрат критериі бойынша талдауды түсіндіріңіз.
- •18.Қиысу кестелерін Хи-квадрат критериі бойынша талдауды түсіндіріңіз.
- •19.Статистиккалық болжамдарды тексеру теориясын анықтаныз.
- •20.Параметрлік критерий мен параметрлік емес критерий айырмашылығы.
- •21. Тәуелді және Тәуелсіз таңдамалар арасындағы айырмашылықтарды ашыңыз және мысалдар келтіріңіз.
- •22. Дискретті статистикалық көрсеткіш мода және медиана арасындағы айырмашылықтарды ашыңыз және мысалдар келтіріңіз.
- •23. Дисперсиялық талдау көмегімен тексерілетін статистикалық жорамалдарды түсіндіріңіз.
- •24.Аналитикалық эпидемиологиялық әдістер
- •25.Экспериментальдық эпидемиологиялық әдістер
- •28.Эпидемиологиялық зерттеулерді ұйымдастыру үшін тартылатын негізгі көрсеткіштер
- •29.Сызықтық корреляцияны түсіндіріңіз.
- •30.Сызықтық регрессия.
20.Параметрлік критерий мен параметрлік емес критерий айырмашылығы.
Болжамдарды қабылдау немесе теріске шығару үшін параметрлік және параметрлік емес критерийлер қолданылады.
Параметрлік критерий - белгілер сандық және жиынтық қалыпты тарамдалуға ие болған жайғдайда қолданылады.
Параметрлік емес критерий – белгілер сапалық болғанда, тарамдалу белгісіз және оны тексері мүмкін болмаса, яғни таңдама саны 30 дан жоғары болғанда қолданылады.
21. Тәуелді және Тәуелсіз таңдамалар арасындағы айырмашылықтарды ашыңыз және мысалдар келтіріңіз.
Таңдамалар 2 топқа жіктеледі:
Тәуелді таңдама – бірдей объектілерден тұратын екі топтағы орташаларды салыстыру. Мысалы, спортшылардың физикалық жүктемеге дейінгі және кейінгі АҚ.
Тәуелсіз таңдама – бір-бірінен айырмашылығы бар объектілерден тұратын екі топтағы орташаларды салыстыру. Мысалы, науқас және сау адамдардың гемоглабин көрсеткіштерін салыстыру.
Вариациялық қатар – зерттелетін белгінің сандық көрсеткіштерін өсу немесе кему ретімен орналастыру.
Вариациялық қатардың қарапайым және топтастырылған түрі болады.
22. Дискретті статистикалық көрсеткіш мода және медиана арасындағы айырмашылықтарды ашыңыз және мысалдар келтіріңіз.
Мода (Мо)-кездейсоқ шаманың ең жиі кездесетін мәні. Моданы анықтау үшін таңдаманың барлық мәндері ранжирленген қатарға(өсу немесе кему ретімен) орналастырылады. Моданың бірнеше мәні болуы мүмкін.
Ранжирленген қатардан медиананы (Ме) табамыз-бұл таңдаманың қақ ортасынан бөлетін кездейсоқ шаманың мәні. Егер таңдама объектілерінің саны жұп болса, онда медиана екі көршілес мәндердің орташасына тең.
23. Дисперсиялық талдау көмегімен тексерілетін статистикалық жорамалдарды түсіндіріңіз.
Дисперсия – орташа мәнге қатысты кездейсоқ шама мәнінің шашырауының сипаттамасы.
Қандай да бір бөлігін көпдеңгейлі фактор әсерін бағалауда, топаралық дисперсияның топішілік дисперсияға қатынасын есептеу қажет. Топаралық дисперсия – зерттелетін фактор, топішілік дисперсия - қандай да басқа фактор. Дисперсиялық талдауда Фишер критерийін есептейміз.
Егер, Фишер критерийінің есептелген мәні критикалықтан кем болса нольдік болжам, қарсы жағдайда альтернативті болжам қабылданады.
24.Аналитикалық эпидемиологиялық әдістер
Аналитикалық эпидемиологиялық зерттеулердің мақсаты – эпидемиологиялық тексеру мен қадағалау барысында жұқпалы аурулардың пайда болу мен таралуы туралы диагностикалық болжауды бағалау үшін тексеру жүргізу.
Аналитикалық эпидемиологиялық зерттеу әдісінің екі түрі бар:
а) «оқиға-бақылау» түрінде зерттеу;
б) когортты зерттеу
«Оқиға-бақылау» түрінде зерттеу екі топтағы адамдар туралы мәліметті салыстыру нәтижесіне негізделеді. Бірінші топ – жұқпалы аурумен науқасталған адамдар (оқиға), екіншісі – осы инфекциямен ауырмаған адамдар тобы (бақылау), бірақ осы екі топтағы адамдар қауіп-қатер факторының әсеріне бірдей ұшырайды. Мысалы, ет комбинатының мал сою цехы жұмысшыларының арасында 60% шамасында бруцеллез ауруы айқындалды.
Когортты зерттеу (бақылау) – бұл эпидемиологиялық белгілері бар топтарды білу. Когортты зертеу – белгілі бір зерттеу уақытында қауіп-қатер факторының әсер еткен және әсер етпеген топтарында (когортта) сырқаттанушылықтың интенсивті көрсеткішін анықтау. Мысалы, ет комбинатының ауырған малдарды соятын (санитарлық) цехының 35-55 жастағы жұмысшылар тобын 5 жыл бақылау кезінде олардың ішінде бруцеллезбен сырқаттанушылықтың көрсеткіші (1000 жұмысшыға шаққанда) – 115,5 болды, ал колбаса жасайтын цехтың жұмысшылар тобында (осы жас мөлшері және осы уақыт кезеңінде) – 11,5. Статистикалық талдау осы көрсеткіштер айырмашылығының кезейсоқ емес екенін көрсетеді. Бірақ, зерттеудің дәл осы нұсқасында бағаланатыннан басқа, топтарды барлық белгілері бойынша салыстыру үшін дәлелдеудің тең жағдайлары қажет.
