Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
biostat_ekzamen.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
63 Кб
Скачать
☆

28.Эпидемиологиялық зерттеулерді ұйымдастыру үшін тартылатын негізгі көрсеткіштер

Эпидемиологиялық зерттеулерде қолданылатын көрсеткіштердің төрт тобын бөлуге болады:

- зерттелетін популяцияның (топтың) қалып көрсеткіштері;

- зерттелетін фактордың сипаттамалары;

- негізгі фактордың әрекетін модульдейтін басқа факторларды сипаттайтын көрсеткіштер (зиянды әдеттер: шылым шегу, дәрі қабылдау, есірткі заттарға бейімділік және т.б., өндірістік жағдайлар: жұмыс сипаты, тұрғылықты орны және т.б.);

- "шатастыратын" факторлар (әлеуметтік тиістілігі, жынысы, жасы, нәсілі және т.б.).

Эпидемиологиялық зерттеулер үшін негізгі бастапқы мәліметтерге науқастылық пен талданатын эффектінің тарамдалуы жатады.

Популяцияда науқастылық аурудың даму қаупінің көрсеткіші болып табылады. Ол популяциядағы нақты уақыт периоды бойында анықталған жаңа науқастану жағдайлар санымен анықталады.

Талданатын эффектінің тарамдалуы – нақты топта зерттеушіні қызықтырған белгісі (ауруы) бар адамдарды немесе қандай белгі (ауру) пайда болғанына қарамастан адамдардың таңдама жиынтығын сипаттайды.

29.Сызықтық корреляцияны түсіндіріңіз.

Кездейсоқ шамалардың арасындағы байланыстың өрнектелу дәрежесі корреляция деп аталады. Корреляция коэфиценті – r деп белгіленеді.Корреляция коэфиценті -1≤ r <1 аралығында жатады.

Егер коррелация коэфиценті 0-ден үлкен болса тура,0-ден кіші болса кері байланыс деп аталады.

0-ге тең болса байланыс жоқ.

r = -1 кері пропорционалды

-1 мен -0,7 кері күшті

-0,7 мен -0,5 кері орташа

-0,5 мен 0 кері әлсіз

0 мен 0,5 тура әлсіз

0,5 мен 0,7 тура орташа

0,7 мен 1 тура күшті

r = 1 тура пропорцияналды,

Статистикада корреляцияның параметрлік және параметрлік емес коэфиценті қолданылады.

Параметрлік – Пиронның коэфиценті;

Параметрлік емес – Спирмен коэфиценті қолданылады.

30.Сызықтық регрессия.

Регрессия – тәуелді у шамасын,тәуелсіз х шамасымен байланыстыратын функция.Ол х өзгергенде у қалай өзгергенін көрсетеді.Сызықтық регрессия теңдеуі: у = в0 + в1х;

Мұндағы у-тәуелді айнымасы ;

Х-тәуелсіз айнымасы;

Регрессияны қолданар алдындағы шарттар:

1.Тәуелді шама (у) – үздіксіз сандық,

Тәуелсіз шама (х)-сандық немесе сапалық болуы керек;

2.Бақылау саны көп болуы керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]